Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Спорт

 Аудан көлемінде 155 спорт кешені бар. , оның ішінде; 1-1500 орындық стадион, 61- спорт алаңшалары, 53- футбол алаңдары, 28- спорт залдары мен 12- жасалған спорт залдары.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 17095 адам шұғылданады, бұл көрсеткіш- 19,2℅-ды көрсетеді. Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердегі 28 спорт залында 2766 оқушы 81 спорт секциялары мен үйірмелерге қатысады, бұл көрсеткіш 21,3℅-ды көрсетеді.

Аудан аймағында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Аса ауылындағы № 10 БЖСМ-де 614 бала спорттың 13 түрімен айналысса, Түрксіб ауылындағы № 11 БЖСМ-де 492 бала спорттың 15 түрімен шұғылданады, бұл көрсеткіш 8,8℅-ды құрайды. Бұл мектептердегі спорт секциялары әр ауылдарда жұмыс істейді.

Аудандағы «Геккон» спорттық –туристік клубында 44  бала спорттық жартасқа өрмелеуден жаттығады. Клуб мүшелері республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

          Аудан әкімдігі тарапынан аудандық бюджеттен 2012 жылы ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 2500 мың теңге қаралып, бұл салада 1 атшабар алаңы, 4 кіші футбол алаңы, 2 волейбол алаңы ашылып, іске қосылды. Осы алаңдардың іске қосылуы ауыл жастарының күшімен және Жамбыл облыстық футбол федерациясы, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС, ЖК Байұзақов Әділ сияқты демеушілер арқылы жүзеге асырылды.

          Ұлттық спорт түрлерінен 15 іс-шаралар өтіп, бұл іс-шараларға 1402 адам қамтылды.

          Аудан көлемінде спорттық іс-шаралар , кешенді спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізуге 2000 мың теңге қаралып, бұл бағдарлама аясында саламатты өмір салтын насихаттау барысында 26 іс-шаралар өткізіліп, аталған іс-шараларға 21092 адам қамтылды, сондай-ақ,    73 кешенді спорттық           іс –шараларға 11316 адам қамтылды.

Аудан спортшыларының облыстық спартакиадалар мен жарыстарға қатысуға 2 500 мың теңге бөлінді. Осы бағдарлама аясында аудан спортшыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктері айтарлықтай, атап айтқанда, Пионер ауылынан Пернежан  Сағатілда  қол күресінен Әлем біріншілігінің жеңімпазы, Жалпақтөбе ауылынан Муслим Паншаев кикбоксингтен Әлем біріншілігінің жүлдегері, Аса ауылынан Бекболат Абдіғазиев  қазақ күресінен Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Шайдана ауылынан Айбол Айтбек  самбо күресінен жастар арасында Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Өрнек ауылынан Жасұлан Әбішев белбеу күресінен Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Түрнияз Бауыржан, Шернияз Бауыржан  құс бегіліктен Қазақстан Республикасы біріншіліктерінің жеңімпаздары атанды, сондай-ақ, көптеген спортшыларымыз облыстық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Талас ауданы, Қаратау қаласында спорт ардагерлері арасындағы кіші футболдан өткен жарыста аудан командасы жеңімпаз атанды. Тараз қаласында волейболдан ардагерлер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында жүлделі 3 орыннан көрінді.

Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен «Қазақстан Барысы» облыстық жарысында жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында аудан спортшылары алдына жан салмады, барлық жас ерекшеліктерінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, түйе палуан жарысында Өрнек ауылының палуаны Жасұлан Әбішев облыстың «Қазақстан Барысы» атанды.

Аудан құрама командасы ауыл жастары арасындағы спорттық ойындарында жалпы командалық есепте жүлделі II-ші орынды алса, спорттың 19 түрінен өткен мектеп пен колледж оқушыларының YI-шы жазғы облыстық спартакиадасында жалпы командалық есепте жүлделі Ш-ші орыннан көрінді.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент