Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚР зейнетақы жүйесін дамытудағы өзекті сұрақтар

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты және жинақтаушы, және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.

Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылауға салынады  және ашық түрде пікірталас жүргізіледі.

Жаңғыртуда қолданылатын жаңа тәсілдердің ерекшеліктері өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленді.

 

 Зейнетақы жүйесін дамытуға жауапты мемлекеттік органдар

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау және заңға енгізілген түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа өзгертулердің енгізілуін бақылауды әзірлеу бөлігіне жауап берін болады

ҚР президентінің жанындағы кеңес

ҚР Ұлттық Банкі

 

Жаңғыртылудың  бағыттары

Талқылаудың қазіргі кезеңінде мынадай бағыттар қаралады:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру;

тұрғындарды ЖЗҚ қызметтерімен қамтуды кеңейту;

зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін өзгерту;

зейнетақы жасын біріздендіру;

еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өту.  

I.  БЖЗҚ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

1-сұрақ. Зейнетақы заңнамасына қандай өзгерістер енгізіледі?

Жауап:

 ҚР Парламентіне жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамытуды көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілді.

 

Салышылардың зейнетақы шоттарын басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады.  Оның міндетіне мыналар кіреді:

-  салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті түрде есепке алу,

- зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына мониторинг жүргізу.

 

Заң жобасындаҚР Президентінің жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген.  Кеңестің дербес құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңестің негізгі функциялары:

- БЖЗҚ зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

- БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыруға арналған рұқсат етілген құралдардың тізбесі жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

 

2-сұрақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ айырмашылығы неде?

Жауап:

БЖЗҚ құру. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы «МЖЗҚ» АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында құрылатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері болады.

 

3-сұрақ. Қазір жұмыс істеп тұрған жинақтаушы зейнетақы қорлары не істейді?

Жауап:

Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ:

- тиісті лицензиясы болған жағдайда зейнетақы активтерін басқару жөніндегі тендерлерге қатысу құқығына ие инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдарға (қолданыстағы бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама шеңберінде),

- азаматтардың ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына өзгертілуі.

- үшінші жол – қордың қызметінің тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін.

 

4-сұрақ.  Азаматтардың Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына не болады? Салымшылардың зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорларынан бірыңғай зейнетақы қорына аудару кезінде олар сақталады ма?

Жауап: 

Жеке ЖЗҚ-лардан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін аудару тәртібі заңнамалық деңгейде регламенттеліп, барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылатын болады.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуы жөніндегі кепілдігі өз күшінде қалады.

 

5-сұрақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру салымшылардың зейнетақы жинақтарын бюджетке аудару (мемлекеттің меншігіне алу) дегенді білдірмейді ме?

Жауап:

Бұл жағдаймен салыстырар болсақ біздің елдегі құрылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жүйесі сақталады, онда жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-лардан азаматтардың жеке жинақтары толық көлемде аударылады.

 

6-сұрақ. БЖЗҚ-ға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін аудару кезінде оларға бағалау жүргізіледі ме?

Жауап:

Иә,активтерді бағалау жүргізілетіндігі сөзсіз.  Бірақ зейнетақы активтерін бағалау рәсіміне біршама уақыт кетеді, бағалау негізіне 2012 жылғы ЖЗҚ қызмет қорытындысы бойынша тәуелсіз компаниялар жүргізген ЖЗҚ аудит нәтижелері алынатын болады. (ҚР Ұлттық Банкі жылдың басында тартылатын тәуелсіз компанияларға тиісті талаптарды бекіткен).

 

7-сұрақ. Зейнетақы жинақтарын Жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға аудару қалай жүргізіледі?

 Жауап:

Салымшылардың дербесзейнетақы шоттарын және олардың жинақтарын БЖЗҚ аудару (Заң қабылданғаннан кейін) барынша қысқа мерзімде және Ұлттық Банк бекіткен кесте бойынша қатаң түрде жүргізілетін болады.

Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді БЖЗҚ берумен байланысты шығыстар ЖЗҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

8-сұрақ. Мемлекет зейнетақы жинақтарының инвестициялық    табыстылығын қалай қамтамасыз ететін болады?

Жауап:

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер бойынша ЖЗҚ активтерінің кемінде 20% - мемлекеттік құнды қағаздарға, ал 40% жуығы шетелде салынған болуға тиіс.

Фактіге сүйенсек: МБҚ үлесі 50,5 %, шетел активтерінің үлесі – 9 % құрайды. ЖЗҚ асыра сақтанып, жинақтарды Қазақстан ішіндегі МБҚ инвестициялаған. Қауіп азайғанымен, табыс әкелуі төмен қалып қойғандығы көрінеді.

 

II. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАСЫН БІРІЗДЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

9-сұрақ. Зейнетақы жасын біріздендіруді немен байланыстыруға болады?

Жауап:

Болжау бойынша, әйелдердің алатынзейнетақы мөлшері бұрынғы орташа айлық жалақының 40 % кем болады.

Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайту үшін ұсынылады, бұл тиісінше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерінің артуына алып келуге тиіс.

 

10-сұрақ. Әйелдердің зейнетақы жасын арттыру қай жылдан бастап жүзеге  асырылады?

Әйелдердің зейнетақы жасын арттыру бір кезде жүргізіледі ме немесе кезең-кезеңімен бе?

Зейнет жасын арттыру барлық әйелдерге қатысты бола ма әлде бір жинақтаушы құрамдас бөліктің қатысушыларына ғана ма?

Жауап:

Әлемдік тәжірибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейін іске асырылған отандық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңімен, жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл ішінде жүзеге асырылады.

Себебі ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын біріздендіру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.

 

11-сұрақ. Әйелдер үшін олардың зейнетақы жасын арттыру кезінде қандай жағдай жасалатын болады?

Жауап:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар әйелдер үшін зейнетақыға ерте шығу құқығы сақталады:

- жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, 5 және одан көп бала тапқан және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста;

- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы  5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемінде 20 жыл жалпы еңбек өтілі бар әйелдерге 45 жаста шығуға.

Сондай-ақ еңбек өтіліне сәбилердің күтімімен жұмыс істемейтін аналардың күтім жасаған уақыты, бірақ әрбір баласы 3 жасқа жеткенге дейінгі уақыты, жалпы 12 жас  шеңберіндегі уақыт есептеледі.

ЖЗҚ қатысушылары үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде ЖЗҚ берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

 

12-сұрақ. Әлемдік тәжірибеде әйелдердің зейнеткерлік жасын арттырудың қандай үлгілері бар?

Жауап:         

Еуроодақтың 18 елінде әйелдердің зейнеткерлік жасы ер адамдардың зейнеткерлік жасына  2020 жылға теңестіріледі, бесеуі оны кейін жасауды жоспарлап отыр.

 

13-сұрақ. Әйелдердің зейнетақы жасын біріздендіруде ең алдымен, ауылды жерлерде тұратын әйелдерге қиындау болады. 

Ауылдағы әйелдер не істейді? Оларды зейнетке шығар алдында жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қалай қамтымақсыздар?

Жауап:

Ауылда тұратын, жұмыс істемейтін  және ЖЗЖ қатысушысы болып табылмайтын әйелдер зейнеткерлікке шығар кезде ең төмен мөлшері 12 жыл еңбек өтілін құрайтын еңбек зейнетақысын, сондай-ақ базалық зейнетақы алуы мүмкін.

 

ІІІ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдардың ерте зейнеткерлікке шығу мәселелері

 

14-сұрақ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдар бүгінгі таңда қандай жәрдемақылар алады?

Жауап:

Қазақстанда қолданылатын еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі мыналарды қамтиды:

 1) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 9 АЕК( №1 Тізім үшін) және 8 АЕК (№ 2 Тізім үшін) мөлшерінде төленетін мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы;

2) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде төленетін базалық зейнетақы төлемі;

3) 63/58 жасқа толғанда және 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 еңбек өтілі болған кезде төленетін ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

4) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) қатысып, қызметкердің жалақысынан ЖЗЖ-ға 10 % мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жүзеге асырған кезде төленетін жинақтаушы зейнетақы;

5) жұмыс берушілер ЖЗҚ-ға өз бастамасы бойынша өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті кәсіптік жарналар (ЕКЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы. ЕКЗЖ мөлшерлемесі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді және қызметкердің ай сайынғы табысының 10 % аспауға тиіс.

6) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

7) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері.

 

15-сұрақ.  Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде қандай өзгерістер болады?

Жауап:

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік схемасы тиісті деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53/55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп жоспарланған. Бүгінгі күні 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы ерікті кәсіптік зейнетақы жинақтарынан міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарына көшу туралы ұсыныс енгізді.

Енді еңбек жағдайлары зиянды  жұмыспен айналысатын адамдардың дербес зейнетақы шоттарына  15 % зейнетақы жарналары түсетін болады, оның 10 %-ы қызметкердің ЕТҚ-нан МЗЖ және 5 %-ы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі.  Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны  (30  жылдан кем емес) және  жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.

 

16-сұрақ.  Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі не дейді?

Жауап:         

Әлемде пайдаланылатын арнайы режимдерді қамтитын зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйелері мынадай схемаларға бөлінеді: жекелеген, аралас, бірлескен.

I.Жекелеген жүйелер экономиканың жекелеген салалары қызметкерлерінің не жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтарының дербес кәсіптік зейнетақы жүйелерінің жұмыс істеуін көздейді.

II. Аралас зейнетақы жүйелері жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтары үшін арнайы ережелерді қамтитын жалпыға ортақ ұлттық мемлекеттік зейнетақы жүйесін білдіреді.

III. Бірлескен зейнетақы жүйелері жалпыға ортақ ұлттық зейнетақы жүйесін білдіреді, мұнда жұмыскерлердің жекелеген топтары жүйеге теңдей қатысқан жағдайда зейнетке ерте шығуға құқықтары болуы мүмкін.

 

17-сұрақ. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарынан міндетті жарналарға өту жұмыс берушілердің өнімінің өзіндік құнына әсері қалай болар екен?

Жауап:

Қолданыстағы заңнамада ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс берушілер салық  жеңілдігіне ие. ҚР Салық кодексінің 110-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушілердің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген шектерде ұстап қалуға жатады.

Ұсынып отырған өзгерістерде аталған нормалар сақталады, бұл жұмыс берушіге жүктеменің көбеюіне алып келмеуге және өнімнің өзіндік құнына әсер етпеуге тиіс.

 

IV. ХАЛЫҚТЫ ЖЗҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

18-сұрақ. Өз бетінше жұмыспен айналысатын тұрғындарды алда не күтеді?

 Жауап:

Қазіргі таңдағы өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың басым бөлігі зейнетақы жарнасын рұқсат етілген шеңберде төлейді, яғни жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 %. Осылайша, жылына ең төменгі жалақының 1,2 еселенген мөлшерін төлейді (немесе биылғы жылды алсақ, кемінде 23 теңгеден).

Егер өз бетінше жұмыспен айналысушылар зейнетақы жүйесіне қатыспаған жағдайда, зейнетақы жасына жеткеннен кейін оларды ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы күтеді.

 

19-сұрақ. Мен келешекте қандай зейнетақы алатын боламын?

Жауап:

Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, зейнетақы жүйесіне қатысушыларды зейнетақы жүйесінің құрамдас бөліктеріне қатысу/қатыспау сипатына қарай топтарға бөлу қажет болады.

Бірінші топқа тек ынтымақты зейнетақы жүйесіне қатысушы болған азаматтар, яғни бұлар 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан және  1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі болған қазіргі таңдағы зейнеткерлер. Олар қазіргі кезде ынтымақты зейнетақы жүйесінен және базалық зейнетақы төлемін алады.

Екінші топқа аралас зейнетақы жүйесінің қатысушысы, яғни ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болып табылатын азаматтар жатады. Оларға 1988 жылдан кейін зейнетке шыққан адамдар да, бүгінгі таңда зейнетке шығып жатқан адамдар да кіреді. Олардың зейнетақы төлемі ынтымақты, жинақтаушы және базалық зейнетақы төлемдерінен тұрады.

Үшінші топ тек жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы болып табылатын азаматтардан тұрады. Оларға 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі жоқ, не өтілі 6 айдан аз адамдар кіреді. Олардың зейнетақы төлемі тек жинақтаушы және базалық зейнетақы төлемінен тұратын болады.

Бұған қоса, ынтымақты жүйенің де, жинақтаушы жүйенің де қатысушы емес адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы сақталады.

 

 20-сұрақ. Қазіргі кездегі зейнеткерлерді алда не күтеді?

Жауап:

Қазіргі кездегі зейнеткерлер үшін инфляция деңгейін 2% ілгерілету арқылы зейнетақыны арттырудың қолданыстағы тәртібі сақталатын болады.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент