Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бөлімнің мемлекеттік сатып алулары

 

 

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі

саясат бөлімі басшысының 

2015 жылғы «1» сәуірдегі

№ «__» бұйрығымен бекітілді

 

 

 

 

           

Жамбыл ауданы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді 2015 жылы ерекше тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

Тапсырыс беруші: «Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индексі 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №22 үй, тел/факс: (8 72633) 2-16-33, email: asa-ovp@mail.ru. БИН: 050240000124, ИИК KZ 79070103KSN2102000, БИК KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.   

Тапсырыс берушінің өкілі: Төлекова Сауле Құрманбекқызы,  байланыс телефоны (8 726 33) 2-13-69

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индексі 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №22 үй, БИН: 050240000124, ИИК KZ 79070103KSN2102000

БИК KKMFKZ2A, ГУ ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті  

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Маханова Гүлмира Аубакировна.  «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері- байланыс телефондары 8 (72633) 2-19-09. mahanova.1968@mail.ru, БИН: 061240006455, ИИК KZ 79070103KSN2102000, БИК KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.  

            Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады. asa.zhambyl.kz

 

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. Конкурс Жамбыл облысы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі - қызметтер) өнім берушілерін таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 1 800 000,00  (бір миллион сегіз жүз мың) теңге 00 тиынды құрайды, соның ішінде:

 

лот № 1

450 000,00

лот № 2

450 000,00

лот № 3

450 000,00

лот № 4

450 000,00

                                   

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына қоса, осы конкурстық құжаттамаға
2-қосымшаға сәйкес техникалық өзіндік ерекшелікті;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын өтінімнің қолданылу мерзімі (әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі) конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 35 күнді құрайды.

            Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолдану мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.

           

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 6 сәуір
10 сағ. 30 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 080200, Жамбыл обылсы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 22 үй Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 9 сәуір
10 сағ. 30 мин. кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

            Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде  конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге өтемсіз негізде жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

            7. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесуді көздемейді.

 

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;

2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған келесі құжаттарды:

заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс;

Осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындауға беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдері, әдістері суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді рәсімдеу мен ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде) жеке беріледі.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, мөрмен бекітілуі тиіс.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

13. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ 2015 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ ТӘРТІП ӘДІСІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ» және «2015 жылғы 13 сәуір 15 сағ. 00 мин.» ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

14. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып, «2015 жылғы «13» сәуір 13 сағ. 00 мин. дейін (қоса алғанда) мына мекен-жай бойынша береді: 080200, 080200, Аса ауылы, Абай көшесі №22 үй, №1 каб. конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты Г.Маханова

15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін өткізілген барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

16. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

 

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 

18. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.

21. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

 

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия «2015 жылғы «13» сәуір 15 сағ. 00 мин. мына мекен-жай бойынша: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі 22 үй 2 – қабат, жүргізеді. 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады және қаралады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі 22 үй, 2 – қабат,   ашу рәсіміне қатысқалы отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері «2015 жылғы «13» сәуір 14 сағ. 30 мин. 14 сағ. 55 мин. Дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

25. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің  сұрау салуларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

 

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді

олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

 

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
            Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

28. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қоса орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Ереженің 87-1 және 87-2 тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

29. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

32. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін  қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.

Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi және осы Ереженің 305-3-тармағында көзделген  критерийлер бойынша бағалау жүргізеді;

2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.

Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;

3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;

4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.

5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.

Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.

Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары)  кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.

Конкурстық комисияның шешімімен  ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі;

28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстық комиссияның шешімімен ең көп балл санын жинаған жобалық ұсыныс немесе ең жоғары баллдың  бірдей  санын жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне жіберіледі;

6) егер баға ұсыныстары конкурсына бір өтінім жіберілген жағдайда, конкурс өтті деп танылады және өтінімді одан әрі қарау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады;

7) егер баға ұсыныстары конкурсына тең балл санын жинаған бірнеше өтінім жіберілген жағдайда, конкурс жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.

Ұсынылған баға ұсыныстары тең болған жағдайда, осы конкурста сатып алынатын қызметтер көрсету саласында ең көп жұмыс тәжірибесі  бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады;

8) конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау үшін сарапшы (сарапшылар) тартылған жағдайда, жоғарыда тізбеленген іс-қимылдарды сараптау комиссиясы (сарапшы) жүргізеді.

 

 

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

33. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары 5-қосымшаға сәйкес мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

34. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ 2015 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ ТӘРТІП ӘДІСІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ» – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫМЫ – «2015 ЖЫЛҒЫ «___»____________  ____ САҒ. _____ МИН. «____»  ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру күні, уақыты және орны конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетіледі.

Қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

 

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

 

            35. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронология тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

36. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

38. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына – конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

 

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 

39. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

40. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

41. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

42. Қызметтердің отандық өнім берушілерімен шарттар қызметтерді көрсету үшін алдын ала төлемдер мен толық төлемдер туралы талаптарды қамтуы тиіс. Бұл ретте  толық төлемнің мерзімі аталған шарт бойынша міндеттерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

43. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

1) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

 

 

 

 


Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша   

Сатып алынатын қызметтер тізбесі

 

Жамбыл ауданы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді 2015 жылы ерекше тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс

 

Лот

Тапсырыс берушінің аты

Қызметтер атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жабдықтау шарты
(ИНКОТЕРМС
2000
сәйкес)

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету орны

Аванстық төлем көлемі,
%

Конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома (лот № бойынша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бойынша қоғамдық, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып, өткізу;

Қызмет

1

DDP

Шарт жасалған күннен бастап 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

Жамбыл ауданы

50%

450 000,00

2

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу.

 

Қызмет

1

DDP

Шарт жасалған күннен бастап 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

Жамбыл ауданы

50%

450 000,00

3

Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар өткізу;

 

Қызмет

1

DDP

Шарт жасалған күннен бастап 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

Жамбыл ауданы

50%

450 000,00

4

Мәдениет пен өнерді дамыту бойынша іс-шаралар өткізу.

Қызмет

1

DDP

Шарт жасалған күннен бастап 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

Жамбыл ауданы

50%

450 000,00

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

1 800 000,00

 

 * Көрсетілетін қызметтердің толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

 

 

 


Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

 

               Сатып алынатын қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігі

 

Жамбыл ауданы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді 2015 жылы ерекше тәртіп

бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс

 

 

Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес лоттың нөмірі және

көрсетілетін қызметтің атауы

(әрбір лотқа жеке толтырылады)

 

Конкурстық өтінімнің бөлігін құрайтын және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапалық және техникалық сипаттамалары көрсетілген құжаттар жобалар түрінде берілуі және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1.  Жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкес келуінің негіздемесі:         ______________________________________________________________.

2.  Сатып алынатын қызметтің ұйымның миссиясына сәйкес келуінің негіздемесі (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым мақсаттарына): _______________________________.

3.  Ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына келуінің негіздемесі: __________________________________________________________________.

4. Қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары:________________________.

 

Іс-шара

(нысаны мен атауын көрсете отырып)

Өтетін орны (өңірді және елді мекенді көрсете отырып)

Өткізу мерзімдері

Мақсатты топ

 

Жобаны жүзеге асыру аясында болжаулы халықтың қамтылуы

1

2

3

4

5

6

 

БАҚ-тарда жобаның жүзеге асыруын жариялау бойынша медиа-жоспар:

 

Іс-шара немесе сөз сөйлеу тақырыбы

Аты-жөні

БАҚ-тың атауы

Басылымның/репортаждың шығу мерзімінің болжамы

1

2

3

4

5

 

5. Жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары).

6. Әрбір іс-шара бойынша техникалық тапсырысқа сәйкес келетін шығыстар сметасы:

 

а) Қызметтерді көрсетуге арналған, Тапсырыс беруші белгілеген сомадан аспайтын, жоспарланған шығыстар:

 

Шығыстардың түрі

Жоспарланған шығындар

(мың теңге)

Көрсетілетін қызметтердің Тапсырыс беруші белгілеген жалпы құнының %

1

2

3

4

ЖИЫНЫ

 

 

 

б) Іс-шараны өткізуге шығыстар сметасы:

 

Шығыс бабы

Жалпы сома

(теңге)

1

 

 

2

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

ЕСКЕРТУ:смета жоспарға сәйкес әрбір іс-шара бойынша бөлек толтырылады.

 

7. Жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлер қызметтері (сандық көрсеткіштер)

8. Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (пайыздық және сандық білдіру):

 ________________________________________________________________

 

9. Жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет: _____________________________________________________________________.

 

10. Әлеуетті өнім берушінің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы туралы мәлімет:

 ________________________________________________________________

 

1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия
0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;

10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия
0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды.

 

Қызмет көрсетуіне жалпы талаптар:

1. Қызмет көрсетіледі:

тапсырыс беруші белгілеген мерзімдерде;

тапсырыс беруші мақұлдаған іс-шаралар жоспары бойынша.

 2. Қаржылық операциялардың жүзеге асырылуына қойылатын талаптар:

Ұйымдастыру мен шараларды өткізу бойынша қызметтерді үшінші тұлғаларға тапсыруға тыйым салынады.

Іс-сапар шығындарын төлеу қызметтерін үшінші тұлғаларға тапсыруға тыйым салынады.

Жоба шеңберіндегі іс-шаралар шығыстарын басқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында бөлінген қаражат арқылы қаржыландыруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 48-тарауын және оған 100-қосымшаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережесіне сәйкес шығыстар жүргізіледі.

Қызметті орындау үшін қатыстырылатын қызметкерлерге еңбекақы төлеу шартты негізде жүргізілуі және салықтарды есепке алғанда, жобаның жалпы құнының 30%-дан аспауы тиіс, кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерден басқа;

Еңбек шарты бойынша жұмысшылардың төлем ақысы Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес Қазақстан бойынша айлық орта мөлшерден аспауы тиіс www.stat.kz

Полиграфиялық өнімді әзірлеу жөніндегі шығыстар жобаның жалпы құнының 10% аспауы тиіс.

Қызметтік іс-сапарларда авиаұшулар, «Туристтік» және «Бизнес» классты жүргек пойыздарда жүру, «СВ» типті вагондарда және таксилерде (шақырылған шетелдіктерден,
1 және 2 топ мүгедектерінен, зейнеткерлерден және де шет елге іс-сапарға шыққандардан басқа) жүру ақысы төленбейді.

ЖЖМ (жанар-жағар май) сатып алу (ҮЕҰ балансындағы көлік үшін) келісім шарттың жалпы соммасының 1%-нан көп емес (жалға алынған көліктерге жанармай сатып алынбайды).

Қаржыны жұмсау барысында Өнім беруші сапасы ұқсас тауарларды, жұмыс пен қызметтерді көрсететін екіден кем емес тәуелсіздік ұйымдардың нарықтық бағаларын зерттеу керек. Осыған қоса Өнім беруші тәуелсіздік ұйымдардың баға ұсыныстарын ескеріп, ең төмен бағаның негізінде сатып алу жүргізу қажет.

Әдістемелік материалдарды әзірлеу барысында оларды Тапсырыс берушімен келісу міндетті. Аталған материалдардың шығарылуы тек қана Тапсырыс берушімен ресми келісілгеннен кейін қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.

Іс-шараның қатысушыларына жүлделер, сыйлықтар және т.б. өнімдерді табыстау жағдайда Өнім беруші өнім атауы мен алушы туралы (ТАӘ, байланыс телефон) ақпараты бар, алушының қолы мен табыстау актіні растайтын бейнетүсірілімі бар өнім табыстау жөнінде актіні Тапсырыс берушіге ұсыну қажет.

Іс-шара қатысушылардың тамақтандыруын ұйымдастыру жағдайда (кофе-брейк, ресми түскі ас, кешкі ас) Өнім беруші кофе-брейкке, ресми түскі ас немесе кешкі асқа шақырылған адамның санын растайтын фото- немесе бейнематериалды Тапсырыс берушіге ұсыну қажет.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат тек қызметтің іске асырылуымен байланысты іс-шараларға ғана бағытталуы, тиісті құжаттармен бекітіліп, қаржылық есепте көрсетілуі тиіс.

Қызметті орындау факті бойынша қаржы және шығармашылық есептер ұсынылу қажет.

3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қаржы шеңберінде көрсетілетін қызметтерге Тапсырыс беруші тарапынан немесе оның құзыретті өкілімен мониторинг жүргізіледі.

4. Жобаның аясындағы барлық ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар үшін жоба және іс-шараның тақырыбына сәйкес қатысушыларға арналған теориялық және демонстрациялық материалдар әзірленіп, шығарылып, таратылу қажет. Аталған материалдарда жоба Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тапсырысы бойынша іске асырылатындығы туралы ақпарат орналастырылу қажет.

5. Жобаның аясындағы барлық ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар үшін визуалдық ақпараттық объектілер әзірлену қажет (баннерлер, керілер, ақпараттық тіреулер немесе т.б.). Аталған объектілерде жоба Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тапсырысы бойынша іске асырылатындығы туралы ақпарат орналастырылу қажет.

6. Қызмет көрсету нәтижелері Тапсырыс берушіге конкурстың қорытында Өнім берушілермен жасалған қызмет көрсету шартымен бекітілген тәртібі мен мерзімінде берілу қажет.

 

7. Ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетуіне қойылатын талаптар:

 

Іс-шара нысаны

Қатысушылар саны

Аудандық деңгейі

акция

кемінде 70 адам

конференция

кемінде 50 адам

дөңгелек үстел

кемінде 30 адам

семинар

кемінде 25 адам

тренинг

кемінде 20 адам

кездесу

кемінде 70 адам

спорттық жарыс

кемінде 70 адам

 

8. Іс-шаралардың ақпараттандыруына қойылатын талаптар: «БАҚ-тарда ақпараттындыруды жүргізу» жобаға техникалық тапсырыстың аясында көзделген жағдайда, Өнім беруші жарияланатын материалдарды Тапсырыс берушімен келісуді қамтамасыз етіп, жарияланымдардың санын ескеріп, бұқаралық ақпарат құралдарында жобаның аясындағы іс-шараларды ақпараттандыруына байланысты техникалық талаптарынан ұстану қажет. Барлық жарияланымдар 3-тен (үштен) кем емес түрлі атаулы баспа және электрондық БАҚ-тарда, оның ішінде бір мерзімде 1 мың данадан шығатын баспа БАҚ-тарда орналастыру қажет.

 (Жалғасы келесі бетте)


 

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР СИПАТТАМАСЫ

 

Лот №

Қызмет атауы

Қызмет сипаттамасы

1.      

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бойынша қоғамдық, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып, өткізу;

         Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты) тапсырыс берушімен келісу.

«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңын түсіндіру бойынша 2 кездесу ұйымдастыру және өткізу. Кездесуге қатысушылардың жасы 14-тен 29 дейінгі түрлі санаттағы жұмыссыздар, жас мемлекеттік қызметшілер, өнеркәсіп өкілдері,құқық қорғау өкілдері және т.б. Жоба бойынша әлуеттік зерделеу өткізу(ауылдық округтер списогі). Өткізілген сауалнамаға сәйкес тапсырыс берушіге ұсыныстар беру. Бұл бір іс-шараға саналатын болады. Жастар саясатын насихаттау мақсатында түрлі форматтағы барлығы кем дегенде 6 іс-шара ұйымдастыру және өткізу.

Іс-шараның ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету - электронды және баспа БАҚ-да материалдар жариялау, іс-шаралардың өткендігі туралы ақпараттарды, фотоматериалдарды тапсырыс берушінің сайтына орналастыру.

        Тапсырыс берушіге аралық есептер ұсыну және таратпа материалдар, газет, фото, бейнематериалдар қоса тіркелген қорытынды есепті орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде тапсырыс берушіге қағаз және электронды форматта беру.

2.      

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу.

 

         Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты) тапсырыс берушімен келісу.

Жастардың, жергілікті тұрғындардың қатысуымен акциялар, спорттық жарыстар, спартакиадалар, эстафеталар өткізу (8 іс-шарадан кем болмауы тиіс).

Өткізілген іс-шаралар міндетті түрде ауданның ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы тиіс.

Іс-шараның ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету - электронды және баспа БАҚ-да материалдар жариялау, іс-шаралардың өткендігі туралы ақпараттарды, фотоматериалдарды тапсырыс берушінің сайтына орналастыру.

        Тапсырыс берушіге аралық есептер ұсыну және таратпа материалдар, газет, фото, бейнематериалдар қоса тіркелген қорытынды есепті орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде тапсырыс берушіге қағаз және электронды форматта беру.

3.      

Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар өткізу;

 

         Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты) тапсырыс берушімен келісу.

Этникалық топ, жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық, мәдени-көпшілік, ұлттардың мәдениеті мен салт дәстүрлерін насихаттауға бағытталған байқаулар өткізу (8 іс-шарадан кем болмауы тиіс).

Өткізілген іс-шаралар міндетті түрде ауданның ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы тиіс.

Іс-шараның ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету - электронды және баспа БАҚ-да материалдар жариялау, іс-шаралардың өткендігі туралы ақпараттарды, фотоматериалдарды тапсырыс берушінің сайтына орналастыру.

         Тапсырыс берушіге аралық есептер ұсыну және таратпа материалдар, газет, фото, бейнематериалдар қоса тіркелген қорытынды есепті орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде тапсырыс берушіге қағаз және электронды форматта беру.

4.      

Мәдениет пен өнерді дамыту бойынша іс-шаралар өткізу.

 

 

Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты) тапсырыс берушімен келісу.

Жастардың, жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұлтттық мәдениет пен өнерді насихаттауға арналған дөңгелек үстелдер, өнерлі жастарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, өзге ұлт өкілдерінің шығармашылығын қолдауға арналған мәдени-көпшілік шаралар, көрмелер, концерттік бағдарламалар  ұйымдастыру (6 іс-шарадан кем болмауы тиіс).

Өткізілген іс-шаралар міндетті түрде ауданның ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы тиіс.

 Іс-шараның ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету - электронды және баспа БАҚ-да материалдар жариялау, іс-шаралардың өткендігі туралы ақпараттарды, фотоматериалдарды тапсырыс берушінің сайтына орналастыру.

Тапсырыс берушіге аралық есептер ұсыну және таратпа материалдар, газет, фото-, бейнематериалдар қоса тіркелген қорытынды есепті орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде тапсырыс берушіге қағаз және электронды форматта беру

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)

Кімге __________________________________________________________________
           (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
           (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

 

      2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
      3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.
      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
      5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
      6. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
      Толтырылған күні ___________________________________
      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

Біліктілігі туралы мәліметтер
  (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде  толтырады)

      

1. Әлеуетті өнiм берушiнiң атауы _________________________________
2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушiнің көрсеткен қызметтері конкурсында дәл осындай сатып алынатын қызметтердің (олар болған кезде) көлемі, теңгемен______________

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы мен олардың телефондарының нөмiрлерi

Қызметтер көрсетiлген орны және жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Расталатын құжаттардың көшірмесін тіркеп, қызметтер көрсету үшiн әлеуеттi өнiм берушiде мынадай жабдықтар (тетiктер, машиналар) бiрлiгiнiң болуының елеулi мәнi бар. Әлеуеттi өнiм берушi төмендегi кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруі тиiс:

Жабдықтардың (тетiктердiң, машиналардың) түрi

Қолда бар бiрлiктердiң саны

Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар)

Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады (кiмнен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы 

Р/с

Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнiн көрсету)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

Барлығы ҚР азаматтарының еңбекақысы

 

 

 

 

5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы. Төменде санамалау.
_______________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәлімет, олар болған кезде Ұсыным хаттарды, заңды және/немесе жеке тұлғалардың басқа да пікірлері санамаланған және қоса берілген_______________________________________________________.

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
      Қолы____________________

 

 

 

 

 

 

 


Конкурстық құжаттамаға

7-қосымша

 

 

__________________________________ әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)

(лоттың нөмірі көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

 

Р/с

Мазмұны

Тауарлардың, жұмыс- тардың, қызметтердің атауы

1

Қысқаша сипаты

 

2

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)

 

3

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)

 

4

Өлшем бiрлiгi

 

5

_______бiрлiктің бағасы ___________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _________ (межелі орны)

 

6

Саны (көлемi)

 

7

Барлық бағасы =__________ 5-бет х 6-бет,

 

8

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ межелі орны, әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар.

 

 

Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз.

 

 

________________________                                              _______________________

              (Қолы)                                                                     (лауазымы, Т.А.Ә.)

М.О.

 

Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

 

 

 

 


Конкурстық құжаттамаға

6-қосымша

 

 

 

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

 

 

____________________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «___»__________  үлгілік шарт

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________
                                                             (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан____________________________________________________________,
             (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, ____________________________________________________________ атынан
(өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы) ___________________________________________ негізінде әрекет ететін
    (Жарғы, Ереже және т.с.с.)

__________________________________________________________________
                  (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

 

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және ___жылғы «__»_______ өткен ___________________ мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және  төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.

2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы болады:

1) Шарт – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) Шарттың бағасы – Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі тиіс сома;

3) Көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

4) Тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

5) Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленсе, мемлекеттік мекемелер), Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

2. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;

2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.

Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана рұқсат етіледі.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

            9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.

Ақы төлеу нысаны

____________________________________________________________
                           (аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):

10. Төлемдердің мерзімі_________________________________________
(мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін % немесе алдын ала төлем және т.б.).

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________
(шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.

12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

            13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің,  сондай-ақ   техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.

            Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

            14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауы тиіс.

            15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

            16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген  қызметтерді көрсетуі тиіс.

            17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.

            18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды өзгертуге жол берілмейді.

            19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

            Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге  Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.

            20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара ешкімге бермеуі тиіс.

            21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса,  Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.

Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.

            22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

            Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.

23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.

            24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.

25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта  көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде көрсете алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.

26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу  үшін немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды.

27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны білдіреді.

Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.

28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнім беруші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалы әдістерін іздейді.

29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болған жағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұза алады.

Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.

30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады.

Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi жазылуы тиіс.

31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылған кезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты,  бұзылған күндегі iс жүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.

32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуына байланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.

33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.

34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

35. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуі туралы талаптар қамтылуы тиіс.

36. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.

37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.

38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуы тиiс.

39. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.

40. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне ену көрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұл күндердiң қайсысы кеш болатынына байланысты болады.

41. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.

42. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге мiндеттi.

43. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.

44. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде (мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн және Өнiм берушi осы Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.

45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

 

 

Тараптардың деректемелері

 

Тапсырыс беруші:

< Тапсырыс берушінің толық атауы>

< Тапсырыс берушінің толық заңды  мекенжайы>

Тапсырыс берушінің БСН <БСН>

Тапсырыс берушінің БСН<БСН >

Тапсырыс берушінің ЖСК<ЖСК>

<Банктің атауы>

Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны >

<Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>

Өнім беруші:

<Өнім берушінің  толық атауы>

<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>

Өнім берушінің «БСН/ЖСН/ТЕН» 

Өнім берушінің БСН>БСН

Өнім берушінің ЖСК> ЖСК

<Банктің атауы>

Тел.: <Өнім берушінің телефоны>

<Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің Т.А.Ә. >

 

Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________

Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру  процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың түпкілікті  жобасын әзірлеуі тиіс.

Бұл ретте, осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға 

5-қосымша  

 

Конкурста сатып алу мәнi болып табылатын, жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi қоса орындаушылар) туралы мәлiметтер, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (қоса орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi

(конкурстың толық атауын көрсету қажет)

 

Р/с №

Қосалқы мердiгердiң (қоса орындаушы) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгердiң (қоса орындаушының) Т.А.Ә.

Қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) салық төлеушiсiнiң тiркеу нөмiрi, оның толық заңды және почталық мекен-жайы байланыс телефоны

Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) атауы

Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) ақшалай мәндегi көлемi

Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) ақшалай мәндегi көлемi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) бойынша барлығы

 

теңге

 

көлемiнiң %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) бойынша барлығы

 

теңге

 

көлемiнiң %

Барлық қосалқы мердiгерлер (қоса орындаушылар) бойынша жиыны

 

теңге

 

көлемiнiң %

Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтiнiм беретiн әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерi(лерi) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзiнiң хабардар екендiгiн бiлдiредi және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерiне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлiгiнде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi өзiне қабылдайды.

Қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердiгердiң (қоса орындаушының) уәкiлеттi өкiлiнiң Т.А.Ә.

Қолы

 

 

 

Әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерге (бiрлесе орындаушыға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң көлемi жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен екiсiнен аспауға тиiс.

 

.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент