Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


әлеуметтік қамтамасыз ету

Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың 1-ші мамырына атқарылған

жұмыстары туралы мәлімет

 

1.Жұмыспен қамту мәселесі:

 

     Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен  қамту  секторында 2015 жылдың 1-ші мамырына  413  жұмыссыз тіркеліп тұр. Аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады. Облыс көлемінде жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз.

          2015 жылға «Еңбекпен қамту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатынан  төмендегі шаралар бойынша 51 млн 063 мың теңге қаражат  бөлінді, оның ішінде

-        ақылы қоғамдық жұмыстарға 180 адамға 29млн 950 мың  теңге

-        кәсіптік даярлау және қайта даярлауға  30 адамға 2млн 113 мың теңге

-        әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адамға  6 млн 400 мың  теңге

        -  Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 60 адамға 12 млн 600 мың теңге.

    2015 жылдың 1-ші мамырына 147 жұмыссыз жұмыспен қамтылды оның 64-і  тұрақты жұмыспен қамтылды, «Жастар тәжірибесіне» - 60 азаматқа жұмысқа жолдама беріліп, 4 млн 104 мың теңгеге келісім-шарт жасалып,толығымен игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 азаматқа жұмысқа жолдама беріліп, 122 мың теңге еңбек ақы төленді.

Аудан көлемінде 2015 жылдың 1-ші мамырына 71 жаңа жұмыс орындары ашылды (спорт нұсқаушысы-17 орын, Вет отдел  қарауыл -8 орын, ЖКХ-қараул-13 орын, шағын орталық-27 орын, жеке кәсіпкерлер-6 жұмыс орны). 2015 жылдың 1-ші мамырына  жұмыспен қамту көрсеткіші  49,1  пайызды құрады.

           Ақылы қоғамдық жұмыстарға аудан көлемін санитарлық тазалық жұмыстарына 134  жұмыссыз азамат жұмысқа тартылып, 11 млн 120 мың теңге келісім –шарт жасалып оның 10 млн 120 мың теңгесі  игерілді.

           Кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша газоэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша 4 азаматқа оқуға жолдама берілді.

          2015 жылдың 1-ші  мамырына қылмыстық  атқару жүйесі мекемелерінен 12 азаматтың тізімі жолданған, осы азаматтармен жеке-жеке жұмыстар жүргізіліп, оның 4-і уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелуден жазбаша бас тартты, 3-і өзін-өзі жұмыспен қамтуға жазбаша түсініктеме берді, 2-і денсаулығына байланысты емделуде, 3-мен нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

          Жамбыл аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған  15 азаматтың тізімі жолданған, осы азаматтардың ішінде 6-ы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар,3-і-ұсынылған жұмыстан және уәкілетті орган есепке тұрудан бас тартқандар,2-і денсаулықтары жарамайды, 4-і бойынша нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

         Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылы 19 қарашасында «Квота белгілеу туралы» №529 қаулысы бекітіліп онда жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         2015 жылға пробация қызметімен әзірленген жеке бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту бөлімімен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында 4 азаматты  газэлектродәнекерлеуші мамандығы бойынша үстіміздегі жылдың 15-ші сәурінен оқуға жолдама берілді. Пробация қызметімен әзірленген жеке бағдарлама бойынша 2 азамат «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмысқа орналасты, 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды .

      Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 19 маусымында қабылданған «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №304 қаулысы негізінде мүгедектерді жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.

Жалпы 2015 жылдың 1-ші мамырына 7 азамат оның ішінде 1 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты, 3 адам  ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды, 1 азамат жастар практикасымен тәжірибеден өтуде. Бүгінгі күнге жұмыспен қамту секторында мүмкіндігі шектеулі 3-ші топтағы  барлығы  14 адам тіркеуде тұр.

         2015 жылдың 1-ші мамырына уәкілетті органға қайырылған 2 оралман азамат «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша  жұмысқа жолдама алып, жұмыс атқаруда.

         2015  жылдың 1-ші мамырына   уәкілетті органға 378 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастар саны 178 адам.2015 жылдың 4 ай қорытындысымен жалпы 161 адам  жұмыспен қамтылса , оның 89-ы жастар яғни 55,2 пайызы. Ақылы қоғамдық жұмысқа 134 азамат тартылса оның 45-і 29 жасқа дейінгі жастар. Жергілікті бюджеттен жастар тәжірибесі бойынша 60 азамат жұмыспен қамтылып, оларға 4 млн 104 мың тенге еңбек ақы төленді.Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша 4 адам оқуға жолдама алса, оның 2-і 29 жасқа дейінгі жастар.

      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында  ауылдық округтерде мемлекеттік, салалық, аймақтық бағдарламалар аясында ашылған ваканттық жұмыс орындарына бүгінгі күнге 142 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып,оның ішінде 61 азамат 29 жасқа дейінгі жастар.

Бағдарламаның 3-ші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» «Әлеуметтік жұмыс орындарына» республикалық бюджеттен 23 азаматқа  3 млн 430 мың теңге қаржы бөлінді. 29 жасқа дейінгі жастардың ішінен 6  азаматқа шағын кәсіпкерлерге жұмысқа орналасуға жолдама беріліп, (Аса – 2, Өрнек – 1, Бесағаш – 1, Қызылқайнар – 2, ауылдарының тұрғындары) жұмыспен қамтылды.

      «Жастар тәжірибесі» бойынша республикалық бюджеттен 25  азаматқа  5 млн  350 мың теңге қаржы бөлініп. 29 жасқа дейінгі жастар қазіргі таңда  14  жұмыссыз азаматқа жолдама берілді.  Олар: Аса – 4, Ақбастау - 2, Гродеково - 1, Ерназар - 1, Жамбыл – 2, Тастөбе – 1, Қарой – 1, Өрнек – 1,Қаратөбе - 1 ауылдарының тұрғындары. Өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.

         

2.Әлеуметтік көмектер мәселесі:

 

        2015 жылға - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 4039,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 2539,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен  1500,0 мың теңге).

         -  тұрғын-үй көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 10000,0 мың теңге;

         - 18 жасқа дейінгі балалары  бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақысына -  138470,0 мың теңге   (республикалық  бюджеттен 8275,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен  130195,0 мың теңге);

         - үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен  5835,0 мың теңге қаралған.

      Аудан көлеміндегі ауылдық учаскелік комиссиялардың анықтауы бойынша 18 жасқа дейінгі балалары  бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақысы, табысы азық-түлік себетінен  төмен  2319 отбасындағы  он сегіз жасқа толмаған  7091  балаға  50134,1 мың тенге  тағайындалып, төленді.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 20 отбасындағы 107 адамға 848,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

     Тұрғын-үй көмек көрсету жәрдемақысы табысы аз 413 отбасына 5000,0 мың теңге тағайындалып төленді.

      Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 5835,0 мың теңге қаралып, 100 отбасындағы 102 балаға  1785,0 теңгесі тағайындалып, төленді.

      2015 жылдың 1-ші мамырына аудандағы кедейшілік деңгейі 0,5  пайызды  құрайды.

       «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті төлеуге  87418,0 мың теңге қаралған.

       Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) 67266,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 13500,0 мың теңге  бөлінді.  «Өрлеу» жобасы бойынша қатысушы үміткерлерге  2015 жылдың 1-ші мамырына  2807 адамға 44597,0 мың теңге тағайындалып (жергілікті бюджеттен 8197,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 36400,0 мың теңге)   төленді.

        Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке қаралған  9550,0 мың теңгенің   6367.0  мың теңгесі игерілді; оның ішінде ауған соғысының  63 ардагерлеріне 30000 теңгеден  және қаза тапқан әскери қызметшілердің 2 отбасы мүшелеріне 15000 теңгеден,барлығы  1920,0 мың теңге , өкпе ауруына шалдыққан 32 азаматқа 30000  теңгеден 960,0 мың теңге, аз қамтылған  14 отбасына 10000 теңгеден 140,0 мың теңге;

         ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының 2- ардагеріне республикалық бюджеттен 100,0 мың теңгеден 200,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 150,0 мың теңгеден 300,0 теңге; жалдамалы жауынгер – 1 адамға республикалық бюджеттен 70,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 30,0 мың теңге; ҰОС мүгедектерінің жесірлері – 16 адамға республикалық бюджеттен  25,0 мың теңгеден 400,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 15,0 мың теңгеден  240,0 мың теңге; тыл еңбеккерлері – 580 адамға республикалық бюджеттен 25,0 мың теңгеден 14500 мың теңге, жергілікті бюджеттен 15,0 мың теңгеден 8700 мың теңге, барлығы 24440,0 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.     

     Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және   ветеринар мамандарына отын сатып алуға ҚР заңнамасына сәйкес  838 адамға әрқайсысына 3964 теңгеден 3322,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

3.Мүгедектер мен ардагерлер мәселесі:

 

          Аудан бойынша 2015 жылдың 1-ші мамырына 2359 мүгедектер тіркелді, оның ішінде 1-2 топтағы мүгедектер - 1176 адам, 3 топтағы – 840 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 343 адам.

          ҰОС-ның ардагерлері – 2.

          Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмектермен қамтамасыз ету бағдарламасына 28598 мың теңге қаралған. (республикалық бюджеттен 10698 мың теңге, жергілікті бюджеттен 17900мың теңге). Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен  10698,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2138,0 мың теңгесі игерілді. Жергілікті бюджет есебінен 5242,0 мың теңге қаржы бөлініп, 260,0 мың теңгесі игерілді. Қазіргу таңға 148 мүмкіндігі шектеулі азаматтар міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.  Жергілікті бюджет есебінен бірінші топтағы өздігінен жүре алмайтын 123 мүгедектерге жеке көмекші қызметі үшін  11985,0 мың теңге бөлініп, 5635,5 мың теңгесі игерілді, 14 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне 673,0 мың теңге қаражат қаралып, 122,5 теңгесі төленді.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014-2015 жылдар) жүзеге асыру мақсатында  2015 жылға бейімдеуге 10 мекеме жоспарланды, осы мекеменің 9 мекемесіне жергілікті бюджет есебінен 2705,46  мың теңге қаражат бөлінді.

       Бөлім жанынан құрылған үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшесінде 1 меңгерушісі, 1 нұсқаушы, 1 бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, 16 әлеуметтік қызметкер 78 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 2 әлеуметтік қызметкер 10 жалғыз басты қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

      Әлеуметтік такси қызметімен пайданалатын мүгедектер  психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек –қимыл апппараты бұзылған мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан және 1-2 топтағы  мүгедектер  қамтылады. Қазіргі уақытта тізім бойынша 76 адам тіркелген, өтініш жазған 26 адам. Оларға арнайы тапсырыс бойынша әлеуметтік такси қызметі көрсетіледі.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент