Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің мемлекеттік сатып алулары

 

 

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысының  2014 жылғы «9» маусымдағы №__ бұйрығымен бекітілді

 

 

Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді ерекше тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

Тапсырыс беруші: «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индексі 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №123 үй, тел/факс: (8 72633) 2-12-17, email: asa_gkh@mail.ru. БИН: 050340000336, ИИК KZ 79070103KSN2102000, БИК KKMFKZ2A, код 4586508, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.  

Тапсырыс берушінің өкілі: Көбей Мақсат Нұрқасымұлы, байланыс телефоны (8 726 33) 2-12-17

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индексі 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №123 үй, тел/факс: (8 72633) 2-12-17, email: asa_gkh@mail.ru. БИН: 050340000336, ИИК KZ 79070103KSN2102000, БИК KKMFKZ2A, код 4586508

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Көбей Мақсат Нұрқасымұлы,  «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, байланыс телефоны (8 726 33) 2-12-17

  asa_gkh@mail.ru. БИН: 050340000336, ИИК KZ 79070103KSN2102000, БИК KKMFKZ2A, код 4586508

            Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады. asa.zhambyl.kz

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. Конкурс Жамбыл ауданы, Өрнек ауылынан кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді ерекше тәртіп бойынша сатып алуда (бұдан әрі – тауар) өнім берушілерін таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Тауарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауардың тізбесін;

2) сатып алынатын тауардың сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына қоса, осы конкурстық құжаттамаға
2-қосымшаға сәйкес техникалық өзіндік ерекшелікті;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi;

5) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес үлгілік шарт жобасын;

6) Әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсетіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы (бұдан әрі - Заң)
17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы товарды  ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын өтінімнің қолданылу мерзімі (Әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі) конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күнді құрайды.

            Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолдану мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.

           

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2014 жылғы «19» маусым
13 сағ. 00 мин.
кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №123 үй, №112 каб. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурстық құжаттама табыс етілген тұлғаларды тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;

2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет - ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2014 жылғы «20» маусым 18 сағ. 00 мин. кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

            Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде  конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге өтемсіз негізде жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

            Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

            7. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесуді көздемейді.

 

 

3. Конкурстың ерекше тәртібі бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс бойынша  мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің табыс етуі

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;

2) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 

3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттарды ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді рәсімдеу мен ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес.

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен куәландырылады.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

13. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекенжайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді ерекше тәртіп бойынша САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ» 2014 жылғы «24» маусым 15 сағ. 00 мин.» ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

14. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып, 2014 жылғы «23» маусым 18 сағ. 00 мин. дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша береді: 080200, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №112 каб. конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты М. Көбей.

15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін өткізілген барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

16. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

 

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 

18. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.

21. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

 

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

                                                                   

22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2014 жылғы «24» маусым 15 сағ. 00 мин. мына мекен жай бойынша: Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №112 кабинетте өтеді.

 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады және қаралады.

23. Конвертті ашу рәсіміне қатысқалы отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №112 кабинетте, 2014 жылғы «24» маусымда, сағат 14.30-дан 14.55-ке дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

25. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің  сұрау салуларының бар немесе жоқ екендігі;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

  

5. Конкурстың ерекше тәртібі тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу  өтінімдерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігін конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

 

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

28.Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
            Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

29. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.

Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.         

 

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

32. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары 4-қосымшаға сәйкес мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді ерекше тәртіп бойынша САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ» 2014 жылғы « » маусым сағ. 00 мин.» ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру күні, уақыты және орны конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетіледі.

Қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

 

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

 

            34. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронология тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

35. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

36. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

38. Конкурстық комиссия:

         1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

39. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

 

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 

41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарт негізінде товарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

42. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

43. Товар үшін алдын ала төлемдер мен толық төлемдер туралы талаптарды қамтуы тиіс. Бұл ретте толық төлемнің мерзімі аталған шарт бойынша міндеттерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

44. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

45. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент