Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеу»

 «Нұр Отанның» XV съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді» тапсырған.

Аталған тапсырманы жүзеге асыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жасау мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаты Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына танымал заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері кірді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттері және партия Доктринасы басымдықтары ескерілген Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекеттің және тұтас қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы жұмылдыруға бағытталды. Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін құжатта азаматтық қоғамды, бизнес қауымдастығын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың қызметіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою қарастырылды.

Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру да қамтылған.

Жұртшылық назарына ұсынылған Бағдарламаға сәйкес, жемқорлыққа қарсы іс-шараларда негізінен бастауыш партия ұйымдарының маңызын арттыру көзделген. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жүйесі, партияның Жемқорлықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру  жөніндегі Баяндаманы жариялау сияқты механизмдерді және басқа да жаңалықтарды енгізу қарастырылған.

Бағдарламаның басты міндеті - Қазақстанда маңызды үш элементтен тұратын жүйені құру. Біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол - экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам.

Жамбыл ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қолдайды және оның келешекте жүзеге асырылуына өз тарапынан тиісінше белсене атсалысуға дайын.

 

 

Жамбыл ауданы әкімі аппараты

 мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент