Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұражай

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 07.02.2003 жылғы XXI-сессияның  № 30/21 шешімімен аудандық мәдениет үйі жанынан ашылды. 2008 жылдың қараша айында ауданның 80 жылдық мерей тойына байланысты «Жастар орталығы» ғимаратынан аудандық тарихи – өлкетану мұражайына үлкен бір зал берілді. Аудандық мәдениет үйі жанындағы тарихи-өлкетану мұражайында  4 қызметкер  жұмыс  атқарады. Жамбыл аудандық мұражайы Аса ауылы Абай көшесі 101 ғимаратында орналасқан.

                2003 – 2007 жылдар  аралығында «Мәдени мұра» бағдарламасында жасалған жоспарлар бекітіліп, сол бойынша жұмыс жасалды. Жамбыл ауданында қылқалам шеберлері де өте көп, сол шеберлердің еңбегін халыққа насихаттау мақсатында «Бояулар сыр шертеді» деген тақырыппен көрме ұйымдастырылды. Тарихи – мәдени құндылықтарды насихаттау барысында Ақбұлым селолық округінде «Тарих қойнауы – баға жетпес байлығымыз» атты Бесбаев орта мектебінде көрме ұйымдастырылды. Дәл осындай «Сен ауыл тарихын жете білесің бе?» деген тақырыпта Тастөбе ауылында мектеп оқушыларымен тарихи – танымдық кеш өткізілді. Ал Бесағаш ауылында «Қазақ халқының дәстүрлі өнерлері» атты қолөнер шеберлері көрмесі ұйымдастырылды.

2008 жылы аудандық бюджеттен мұражайға 140 мың теңгеге құнды тарихи жәдігерлер сатып алуға, 735 мың теңгеге жәдігерлер қоятын тұғырлар мен сүрелерге қаржы бөлінді.140 мың теңгеге тарихи маңызы бар зергерлік қолөнер бұйымдары сатып алынды. Атап айтқанда шашбаулар, алқа, қапсырма, алаша, сырмақ т.б .Ал сүрелер мен тұғырларға тапсырыс беріліп жасалды. Облыстық тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясы әр ауданда орналасқан тарихи – мәдени ескерткіштер жиынтығы бойынша салыстырмалы сараптама жұмыстар жүргізіп, ескерткіштер тізімін жасап таратқан. Сол тізім бойынша шілде айында аудандық тарихи - мәдени ескерткіштердің 47-не ескертпе тақтайшалар қойылды. Бұл ескертпе тақтайшаларда ескерткіштердің қай ғасырда және олардың мемлекеттік қорғауда екені белгіленген.  Мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи – мәдени ескерткіштердің сақталуын, қорғалуын өз міндеттеріне алатындығы туралы жергілікті ауылдық округ әкімдерімен келісім шарт ескерткіштердің ғылыми құжаттары (паспорттары) есепке алынғандығын білдіретін есеп карточкалары жасалынып, облыстық әкімиятқа бекітуге ұсынылды. 2003 -2008 жылдар аралығында 474 жәдігер экспонат жинақталды. Оның ішінде құжаттайы 102, қосымша қорда 113 жәдігер бар.2008 жылдан бастап жыл сайын 18 мамыр халық аралық мұражай күніне орай «Шебердің қолы ортақ» атты аудан қолөнер шеберлерінің, зергер, ағаш, темір ұсталарының, мүсіншілердің көрмесі ұйымдастырылады.

 

                2009 жылы экспонаттар алуға 1.млн бөлінді. Жаңадан экспонаттар сатылып алынып, мұражайдағы жәдігерлер саны 589-ға жетті. Ауданда «Мәдени мұра» бағдарламасында қаралған іс-шараға сәйкес орталық кітапханада «Мәдени мұра – ұлт болып ұйымдасуымыздың темірқазығы» атты кітап көрмесі, Ерназар ауылдық кітапханасында «Мәдени мұра – қазақ тарихының темірқазығы» атты дөңгелек үстел, Өрнек ауылдық кітапханасында «Мәдени мұра – достық кепілі» тақырыбында көрме шолу, Пионер ауылдық кітапханасында «Тарихтың тереңіне сыр тартқан» атты дөңгелек үстел, Шайқорық ауылдық кітапханасында «Тарихи – мәдени мұрамызды сақтау мұратымыз» тақырыбында дайджест, Бектөбе ауылдық кітапханасында «Мәдениетті дамыту ел болашағы» атты дайджест, т.б. іс – шаралар өткізілді.

                16 ақпан аудандық «Шұғыла – Радуга» газетіне «Құндылықтар қорғалуы қажет» атты мақала жарияланды.

18 ақпан Жыр алыбы Ж.Жабаевтың 165 жылдығына орай, аудандық кітапханамен бірігіп «Жыраудан қалған жауһар сөз» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды, «Бала Жамбылға Сүйімбайдың бата беруі», «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы», «Жамбылмен Динаның кездесуі» көріністері көрермендерге ұсынылды.

Мұражайда «Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа 165 жыл» атты көрме ұйыдастырылды. Бұл көрмеге аудандағы мектептерден оқушылар қатысты.

18 мамыр мұражай күніне орай «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» атты Ашық есік күні өткізілді.

30 тамыз ҚР Конституция күніне байланысты қылқалам шеберлерінің «Менің елімнің Ата заңы» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

 Қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясы мен «Алтын Ғасыр» МЕҰ - мен бірге аудандағы орта ғасырлық  Ақыртас пен Бектөбе қалашықтарына мұражай қызметкерлері экскурссияға шықты.

22 қазанда «Ежелден келе жатқан ескерткіштерді ертеңге сақтап берейік» атты «дөңгелек үстел» өтті. Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясы мен «Алтын - Ғасыр» МЕҰ – ның қолдауымен өткен жиын мақсаты – мәдени ескерткіштерді сақтап қалу болып табылады.Бұл дөңгелек үстелге ауданымыздан 9 мектеп қатысып, олардың арасында байқау жарияланды.

6 желтоқсан «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында «Киелі мұрамызға тағзым» атты акция өтті. Акцияға келгендер аудан қолөнер шеберлерінің жұмыстарымен танысты. Ең үздік қолөнер шебері Аудан әкімінің дипломымен марапатталды. Акция соңында «Алтын Ғасыр» МЕҰ – ның жариялаған байқауы өз мәресіне жетіп, байқауға қатысқан 9 мектептен 14 оқушы «Алтын Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.

                 2012 жылдың 14 қаңтар күні көрнекті қоғам және мемлекет қайреткері ғалым, Қазақстан  ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Соц. Еңбек Ері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына байланысты «Алып адам» атты көрме ұйымдастырылды. Д.А.Қонаевтың өмір және еңбек жолдарына арналған деректі фильм, бейнеслайдтар көрсетілді. Ю.Гагарин мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Д.А.Қонаевтың өмір жолы жайында баяндама жасады. Көрме соңында оқушыларға Д.А.Қонаев өмірінің тарихи тізбесі және ұлы тұлға есімін мәңгі сақтау туралы Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысы жазылған кітапшалар таратылды.

28 ақпан күні Ж.Жабаевтың 166 жылдығына орай, «Жыр алыбы Жамбыл» атты сурет, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге аудан мектеп окушылары  катысып Жамбыл  Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылып, өлендері оқылды.

                Қаңтар айында Жамбыл аудандық мәдениет үйінде облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясы кызметкерлері, аудандық архитектура және жер қатынастар бөлімі мамандары қатысуымен ескерткіштердің аумақтык шекарасын белгілеу тәртібі жөніндегі дөнгелек үстел өтті. 19-21 наурыз мерекесіне орай мұражайда «Ашық есік» күні өтті. Балабақшалардан, мектептерден оқушылар келді, оларға мұражай жайында кеңінен түсіндіріліп, таныстырылды.

24 сәуір күні «Киелі мұрамызға тағзым» Республикалық акциясы аясында «Өнер көзі халықта» атты тақырыбында қолөнер, қыл қалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы жеңістің 67 жылдығына орай мұражайда «дөңгелек үстел» өткізілді,оған мектеп оқушылары мен ауданымыздың ардагерлері қатысты.

6 шілде Астана күніне орай 4 шілде күні мұражайда «Ару қалам - Астанам» атты  жас қылқалам шеберлерінің байқауы  ұйымдастырылды.                                        

    

Аудан тарихын тереңірек зерттеп, насихаттап, халық қолындағы бағалы, ескілікті заттарды сатып алып, мұражай қоры толықтырылуда. Қазіргі таңда мұражайда 845 жәдігерлер сақталған. Оның ішінде құжаттайы 102, қосымша қорда 115 жәдігерлер жинақталған және 139 рухани мәдениет ескерткіштері есепте тұр. Соның ішінде республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелері, Ақыртас сарайы, Адахкес,Бектөбе (Жувикат), Дех – Нуджикес, Жікіл, Атлах орта ғасырлық қалашықтары орналасқан.Мұражайдағы жәдігерлер б.д.дейінгі І – ғасырдағы петроглифтерден (тастағы таңбалар, тастағы суреттер) басталады. VІ – ХІІ ғасыр аралығында хумдар (қыш ыдыстар, тас диірмендер, құмыралар) тегене, адалбақан, ағаш астау – табақтар, ХVІ – ХІХ ғ.ғ. ұлттық зергерлік бұйымдар (күмістен жасалған шашбау, өңіре жиен, сырға, жүзік, білезік, қапсырма, белбеу).ХІХ ғасырдығы таза қайысқа күміспен зерленген ат – әбзелдері ХV – ХVІІІ ғасырларға жататын құран кітап, ХІХ ғасырға жататын ерлердің қайыстан жасалып, күміспен зерленген белдіктері, 1874 жылы шиті мылтық. Қолөнер бұйымдары (сырмақ, түскиіз, тықыр кілем, алаша, құрақ көрпеше, жапқыштар). ХХ ғасырдың І – жартысына жататын келі – келсап, күбі, жүн түтетін, жүн иіретін құралдар. Қараханид дәуірінен бастап осы кезеңге дейінгі әр елдің теңгелері, соғыс және еңбек ардагерлерінің деректі  құжаттары, аудандағы ұлт пен ұлыстардың (Орыс, Дүнген, Татар, Түрік) тұрмыстық салт – дәстүрлеріне арнайы бұрыштар жасалған.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент