Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сұрақтар тізбесі

Сұрақтар тізбесі:

Тұрғын үйлерін жария етуге мүдделі жеке тұлғалар қандай құжаттар ұсынады?

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213 Заңының 7 бабына сәйкес Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, салық органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
      1) арнайы нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi

      2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi, олар:  Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға қосымша мынадай құжаттарды:
      1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
Сонымен қатар:     Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері осы Заңның 10-бабының сай қосымша комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

 

Берілген өтінішті қарау мерзімі  қанша уақыт?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданған өтініштердің қаралу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаралып, мүлікті жария ету жөнінде немесе мүлікті жария етуден бас тарту жөнінде шешімді өтініш иесіне береді. Егерде мүлікті жария етуден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне бас тарту себебі көрсетіле отырып, арнайы хат жолданады.

Мүлiк (ақшадан басқа) комиссияның, салық органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілдi деп есептеледі және
мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiк жария етiлген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтiнiші негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.

Жария ету шаралары ақылы түрде жүргізіледі ме?

Ия, қолданыстағы заңнамаға сәйкес       Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді. Яғни әзірлеуге тапсырыс берілген құжаттардың шығыстарын өтініш беруші өз есебінен жүргізеді.

Мүлікті жария ету мерзімі ?                                                                                        

      Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау туралы айтсаңыз ?

Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды делінген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №959 қаулысына сәйкес құрылысы бұрын аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдей отырып, мемлекеттік тіркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін белгілейді.

2. Мыналар:

1) мүлікті жария етуді өткізу жөнiндегi комиссияның шешімі;

2) ғимараттар мен құрылыстарға объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.

 


 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент