Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Субсидия қағидалары

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1.Жалпы ережелер

1.Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өндімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін мал азығының құнын арзандату мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі тауар өндірушілер), бірінші және екінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарынан мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, бордақылау үшін біріншідеңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды жеткізуді жүзеге асыратын дайындау ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге (бұдан әрі жеткізушілер) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және іс-шаралар есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымпар пайдаланылады:
1) тұқымдық түрлендіру – аналық мал басын тұқымдық және өнімділік өсімін молайтуда асыл тұқымды аталықтарды пайдалану жолымен сапасын жақсарту;
2) селекциялық карточка – селекциялық жануарларды есепке алушы саны;
3) сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану туралы келісім – тиісті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) басшысы және тауар өндіруші арасында қол қойылған, сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малды нысаналы пайдалану бойынша тауар өндіруші қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжат;
4) аналық мал басы – жыныстық жетілген, төл алу үшін пайдаланылатын аналық мал басы;
5) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы жануардың өсімін молайту кезеңі;
6) жалпы табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны;
7) малды бордақылау бойынша көрсетілетін қызметтер – жеке меншігінде бордақылауға арналған бұқашықтары бар жеке және заңды тұлғаларға бірінші және екінші деңгейлі өндірістегі брдақылау алаңдары ұсынатын мал бордақылау бойынша ақылы қызмет.
3. субсидиялауға жататын бағыттар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;
отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі нысандарды 100%-ға дейін өтеу;
асыл тұқымды орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтарын сатып алу;
2) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға:
бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу;
сиыр етін, жылқы етін, қой етін (қозы еті), түйе етін, шошқа етін, құс еті және күрке тауық етін (бұдан әрі – құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнін (бұдан әрі – биязы жүн) өндіру құнын арзандату;
ірі, шырынды, құрама жемшөппен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату;
4. Бюджеттік субсидиялар нормативтері осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.
Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтардың құнын арзандатуды, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал арасы ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері, сондай-ақ өлшемдер мен талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері 20 қаңтардан кешіктірмей жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жыл сайын Министрлікпен келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

2. асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау тәртібі
6. Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының қажетті шарты осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген тиісті бағыттарға, сонымен қатар облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
7. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру құнын арзандатуға субсидиялар тауар өндірушілерге:
1) есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (пункттерінде) және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) өткізілген немесе өңделген сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, түйе еті, сүт және биязы жүннің;
2) құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, қымыз және шұбаттың өткізілген нақты көлеміне төленеді.
8. субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемдер мен талаптарға, сонымен қатар облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген өлшемдер мен талаптарға сәйкес келмейтін тауар өндірушілердің малы мен мал шаруашылығы өнімдері;
2) шағылыстыру маусымы бойында өз төлінен өсіріп-өндіру және етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды (асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды) ротациялауда зоотехникалық нормативтерге сәйкес (шағылысытыру контингентінің 30 басына бір бұқадан (қошқардан) кем болмауы, бір бұқаны (қошқарды) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) талаптарын ұстанбауда тауарлы шаруашылықтарды ірі қара малдың (қойлардың) барлық аналық мал басы, сондай-ақ Ресей Федерациясынан, Беларуссия Республикасынан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды тұқымдық бұқаны пайдаланғанда;
3) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрі – АТЖ) және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында (бұдан әрі – АЖС) өтінім берген сәтте тіркелген мал басының саны бойынша ауытқуларға ие шаруашылықтағы ірі қара малдың және қойдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;
4) бұрын субсидияланған, сондай-ақ айырбас бойынша өздері есеп айырысу есебінен сатып алынған немесе өнімділікті мұңайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал, асыл тұқымды қой, жылқы, түйе, шошқа, марал, асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімі;
5) ағымдағы жылы ағымдағы шағылыстыру кезеңінде мынадай бағыттар бойынша субсидияланған жануарлар: селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған жалпы табында өз төлінен өсіріп-өндіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
6) шетелден әкелінген (Ресей Федерациясы, Беларуссь Республикасы және Украинадан әкелінген асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда), индекстік жүйе бойынша бағаланбаған асыл тұқамды ірі қара мал; шетелден әкелінген, өзінің өнімділігі немесе ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған асыл тұқымды бұқалар;
7) тұқымсыз өз төлінен өсіріп-өндіру үшін пайдаланатын және асыл тұқымды өндірушілер бағаламаған асыл тұқымды аналық мал басы;
8) тауар өндірушілер одан әрі қайта өткізу және (немесе) қайта өңдеу үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың сатып алған өнім;
9) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебінен өткізілген немесе бұрын субсидияланған өнім;
10) жеке аулада сойылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, түйе еті, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
11) жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде, сондай-ақ жіті инфекциялық аурулар бойынша карантиндік және шектеу іс-шараларының әрекет ету кезеңінде тауар өндурішелір алған өнім;
12) етті құс шаруашылығының жанама өнімдері аяқтары, бастары, сондай-ақ ішкі органдары;
13)жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін өткізілген және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа.
9. Тауар өндірушілерге субсидиялар бағыттардың мынадай басымдылықтарына сәйкес төленеді:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарын жүргізу:
қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарын жүргізу;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
асыл тұқымды қойларды сатып алу;
асыл тұқамды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған басқа да бағыттар;
2) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға:
бұқашықтарды бірінші деңгейлі бордақылау алаңдарына өткізу;
сиыр еті өндірісінің құнын арзандату;
сүт өндірісінің құнын арзандату;
салқындатылған құс еті өндірісінің құнын арзандату;
мал шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері өндірісінің құнын арзандату.
Бұл ретте асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыты басым болып табылады.
Алынған бұқашықтардың кем дегенде жартысын бірінші және екінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына және/немесе дайындау ұйымдарына өткізген, ірі қара малдың аналық мал басымен асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын тауар өндірушілер басымдылық тәртіппен субсидияланады.
10. Облыс әкімі облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.
11. Комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия отырысы айына бір реттен кем емес жүргізіледі. Комиссияның құрамына басқарманың, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, жергілікті өкілетті органдар депутаттары, сондай-ақ Кәсіпкерлердің өңірлік палаталары мен мал шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің саны комиссияның жалпы құрамынан жартысынан кем болмауы керек. комиссияның жұмыс органы ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады (бұдан әрі – басқарма).
12. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша тиесілі субсидиялар көлемін анықтау, облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастыру, субсидиялау бағыттары бойынша қаражатты қайта бөлу және субсидиялар көлемін өзгерту жөніндегі ұсыныстарды енгізу кіреді.
13. Жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарына субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
14. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге субсидиялар алуға өтінімдерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімге банк шотының нөмірін көрсете отырып, оның болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторы анықтамасын қоса ұсынады.
Тұқымдық түрлендірілген ірі қара мал мен қойдың аналық мал басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге субсидия алу үшін, тауарөндірушілер кейін қағазға шығарып, қол қойып және бөлімге беріп, АТЖ арқылы субсидия алуға өтінімді қалыптастырады.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуді субсидиялау бағыты бойынша АТЖ арқылы субсидия алуға өтінімді қалыптастырған кезде, тауар өндіруші субсидия алуға өтінімде банк деректемелері мен банк шотының нөмірін көрсетеді. Мұндай жағдайда шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе  Ұлттық почта операторы анықтамасын қоса берудің қажеті жоқ.
15. Тауар өндірушілер субсидиялау бағыттарына сәйкес субсидиялар алу үшін өтінімге қосымша төмендегі құжаттарды қоса береді:
1) асыл тұқымды шаруашылықтарда және асыл тұқымды зауыттарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың түпнұсқасы және көшірмесі;
2)асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;
Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді;
3) асыл тұқымды шаруашылықтарда араның балұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу:
Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе бал ұясының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді;
4)асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
жануарларды сатып алу өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
жануарларды сатып алу өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
тауарөндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (шетелден асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алған жағдайда);
осы қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісім;
ДНК-куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда);
5) асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алған жағдайда;
асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;
6) асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын, төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаның асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құсты кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
құстарды еденде және торлы жағдайда ұстап-бағуға арналған технологиялық құрылғылардың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;
7) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары-малдардың иелері жиынының шешімі;
осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды келістіру туралы, ауылдық округке бекітілген ветеринариялық дәрігер берген анықтама;
8) жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жеткізушіге 100%-ға дейін өтеу:
жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
осы қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
9) бұқашықтарды бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізу;
бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алы-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі;
осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
10) сиыр еті, жылқы еті, қой еті (қозы еті), түйе еті, шошқа еті, құс еті, тағамдық жұмыртқа, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүн өндірісінің құнын арзандату;
өнімді өткізуді және өнімнің толық төленгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланғанда малды сою алғашқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) түпнұсқалары мен көшірмелері;
өнімді өткізуге тауар-көліктік жүк құжаттардың тізілімі, өнімді жекеменшік өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда өнімге берілген жүкқұжаттардың көшірмелері;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді, АЖС-дан үзінді;
ірі қара малды бордақылау бойынша қызметтерді сатып алғанда, қосымша ұсынылады:
ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық сатып алу;
ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көішрмесі;
тауарлардың құнын төлеу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі;
12) ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату;
шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе ауыл шаруашылығы мал басының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді;
осы қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын дайындауға шығындардың анықтама есебі;
жер учаскелерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық жайылымдық алқаптарға бөліп беру туралы актінің түпнұсқасы және көшірмесі және/немесе ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарт.
16. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырудан кейін көшірмелерімен бірге тауар өндірушіге қайтарылады.
17. Тауар өндірушілер субсидия алынатын өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Құс фабрикалары құс өнімінің өткізілген көлеміне алынатын субсидиялардың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында субсидия алуға өтінімдер «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберіледі, ол субсидиялар алуға өтінім берілген өнім көлемінің қолда бар қуаттылыққа сәйкестігін тексергеннен кейін кәсіпорынның технологиялық картасына сәйкес өтінімдерді облыстық Комиссияның жұмыс органына жібереді.
18. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алу үшін өтінім беруші тауарөндірушілер өлшемдерінің өнімділік деңгейі бойынша сәйкестігін растаушы құжаттарды бір рет ұсынады. Өндірістің жоғарғы деңгейіне ауысқан жағдайда тиісті растаушы құжаттар ұсынылады.
19. Бөлім асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау және мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға өтінімдерді нөмірленген, тігінделген және мөрмен бекітілген арнайы журналдарға тіркейді.
20. Бөлім осы Қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдан аспаған, осы Қағидалардың 3-тармағының 2)тармақшасында көрсетілген бағыттар бойынша үш айдан аспаған өтінімдерді қабылдайды.
21. Бөлім субсидияға арналған өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің құжаттар топтамасын осы Қағидаларға 6, 7, 8-тармақтарындағы көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексереді.
Мынадай жағдайларда бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын (малдың қозғалысы туралы есепті, өнім өндіру журналын қоса алғанда) салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады.
1) жеке бағыт бойынша алғашқы рет субсидия алуға өтінім беру;
2) өндіріс деңгейін арттыру өткен айда субсидия алу өтінімін салыстырғанда;
3) жеке бағыт бойынша берілген өтінім көлемдерінің өткен айдың өтінімдерінен жиырма пайыздан аса артық болғанда.
Осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкес еместігі анықталған, сондай-ақ субсидиялар алуға берілген өтініш құжаттарының топтамасы толық емес ұсынылған жағдайда екі жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге ілеспе хат арқылы барлық сәйкессіздіктерді көрсетіп дәлелді негіздемемен қайтарады.
Тауар өндірушілер түетілген немесе толықтырылған субсидия алу өтінімін қайта енгізе алады.
22. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген өлшемдермен талаптарға сәйкес келген және өтінімдерді беруге негіздер болмаған жағдайда, бөлім тауар өндіруші субсидия алуға өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде тексереді: АТЖ-де мал басын тіркеу туралы, АЖС мен АТЖ-де мал басы санын салыстыруды жүргізеді. АТЖ-де ғылыми-консалтингтік сүйемелдеу туралы шартының болуы, АЖС-де асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малға асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) немесе селекциялық карточканың болуы.
23. Бөлімтауар өндірушілердің субсидия алуға өтінімдерін субсидиялау бағыттары бойынша төмендегі құжаттармен толықтырады:
1) ірі қара және қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (АТЖ-ден) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу туралы үзінді;
2) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды/қойды сатып алу – осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (АТЖ-ден) селекциялық және асыл тұқымды малдарды сатып алғаны туралы үзінді;
3) жалпы табында етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (АТЖ-ден) жалпы табындағы етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу туралы үзінді;
4) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу – осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу туралы, осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (АТЖ-ден) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу туралы үзінді және АЖС-ден жануарлардың шығуы туралы есеп;
5) сиыр еті, жылқы еті, қой еті (қозы еті), түйе еті, шошқа еті өндірісінің құнын арзандату – АЖС-ден жануарлардың шығуы туралы есеп.
24. Бөлім тауарөндірушінің осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өндірістің тиісті деңгейіне сәйкестігін айқындайды және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан бойынша жиынтық актіні құрайды және аудан әкімімен бекітіледі. Аудан бойынша бекітілген жиынтық акті субсидия алуға өтінімдер болған жағдайда екі аптада бір реттен сирек емес басқармаға ұсынылады. Бөлім субсидия алуға өтінімдерді растау құжаттарының көшірмелерін және сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық жануарларды пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасын үш жыл бойы сақтайды. Бөлім басқармаға берілетін құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
25. Басқарма асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша жиынтық актілерін жеке журналдарға тіркейді.
Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған аудан бойынша жиынтық актілерді осы Қағидалардың өлшемдері мен талаптарына тауар өндірушілердің сәйкестігін қарастырады. Сәйкес келмеген жағдайда басқарма оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудан бойынша жиынтық актілерді қайтарып беру себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін бөлімге қайтарып береді. Бөлім бес жұмыс күні ішінде түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні басқармаға қайта енгізеді, ал мүмкін болмаған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде қайтарып беру себептерін көрсете отырып, субсидия алуға өтінімді тауар өндірушіге қайтарады.
26. Сәйкес болған жағдайда, басқарма аудандар бойынша жиынтық актілерді комиссия өткізілетін күні комиссияның қарауына жібереді.
27. Комиссия отырыстың қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялардың көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
28. бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған өтінімдерді қоса алғанда, басым бағыттардың біреуі бойынша өтінімдерді қанағаттандыру үшін қаражат толық көлемде жетіспеген жағдайда комиссия жетпеген қаражатты осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген басымдылығы кемірек бағыттардан жетіспейтін қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Комиссия субсидиялау бағыттары бойынша субсидия алуға өтінімдерді басымдылығы жоғарырақ бағыттар бойынша қайта бөлу үшін қажетті қаражатты есепке ала отырып, қанағаттандырады.
Комиссия бағыттардың бірі бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия алу үшін бірнеше өтінімдерді қарастырған кезде деңгейі жоғарыларға жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдеріне басымдылық беріледі. Қаражатты бір деңгейге жатқызылған тауар өндірушілердің арасында бөлген кезде басымдылық тәртібі бойынша өнімді еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін заманауи технологиямен өндіруді жүзеге асыратын тауар өндірушілер субсидияланады.
Қалған қаражат берілген өтінімдердегі тиесілі субсидиялардың көлемдеріне сәйкес пропорционалды бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы бар болған жағдайда келесі ай(лар)дың бос қаражатынан төленеді.
29. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда субсидиялау бағыты бойынша қаражат жетпеген жағдайда, комиссия мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарынан қаражаттарды қайта бағыттау туралы ұсыныс енгізеді.
30. Тауар өндірушілер мен жеткізушілер берген өтінімдердегі субсидиялар көлемдері тиісті жергілікті бюджетте көзделген сомадан артқан жағдайда, комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы маслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу арқылы бағыттар арасында қаражатты қайта бөлу мүмкін.
Асыл тұқамды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда Министрліктің келісімі бойынша облыс әкімінің қаулысына тиісті өзгерістер енгізіледі.
31. Комиссия төрағасы комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық ектіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
32. Басқарма тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарын үш жұмыс күні ішінде беруі арқылы жүзеге асырады.
33. Басқарма ай сайын комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы есепті Министрлікке жолдайды, сондай-ақ тоқсан сайын облыс бойынша жиынтық акт бекітілген күннен кейін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде бөлімге облыс бойынша төленген субсидиялардың көлемі туралы ақпаратты жолдайды.
34. Сатып алынған ірі қара мал мен қойлардың төліне алынған субсидиялар, жүргізілген селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар (ірі қара мал үшін 2014 жылдың 15 шілдесінен, содан соң ағымдағы жылдың 1 маусымнан және қой үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап) жалпы табында ұсталатын етті, сүтті және қос тұқымды тұқымдық бұқалар, бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашықтар туралы мәліметті басқармадан тауар өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемдері туралы ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бөлім АЖС-ға енгізуі тиіс.                    


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент