Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң     
2014 жылғы 29 мамырдағы
 № 574 қаулысымен  
 бекiтiлген     

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидалары

 

   1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қандай да бір аудан тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оны өзге аудандар арасында облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемінің шегінде осы субсидиялау бағытына қайта бөле алады.
      3. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
      ВАК-тың құрамына:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) мәслихатының;
      3) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының;
      4) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы филиалының (бар болса);
      5) аграрлық бейіндегі қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді.
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      4. Бөлiм жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады.
      5. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.
      6. Облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады.
      7. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер (бұдан әрi – тыңайтқыштар өндiрушi) өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден (бұдан әрі – шетелдік тыңайтқыш өндірушілер) сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiнің жобасын уәкілетті органға келісуге ұсынған кезде белгіленген субсидия нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алқапқа ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген тиісті тыңайтқыштар түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі.

 

   2. Субсидиялар төлеу шарттары

 

      8. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар:
      1) ағымдағы жылы тыңайтқыш өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;
      2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыштар берушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;
      3) тыңайтқыштарды өткен жылғы 4-тоқсанда тыңайтқыштар өндiрушiден және (немесе) берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
      9. Мыналар:
      1) өндiрушi – «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;
      2) тыңайтқыштар берушi – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын өткізуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
      3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушi тыңайтқыш сатушылар болып табылады.
      10. Тыңайтқыштар құнына қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.
      11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:
      1) отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатылған тыңайтқыш құнының 50 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде өндірушіге төленеді;
      2) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.
      Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тыңайтқыштар түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің тыңайтқыштарына арналған субсидия мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келуі тиіс.
      12. АШТӨ бөлім белгiлеген мерзiмде бөлімге субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм береді.
      Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
      Өтінімді қабылдаған күні АШТӨ өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат береді.
      Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.
      13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар құнын АШТӨ мен тыңайтқыш сатушы арасындағы сатып алу-сату шартында белгіленген мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.
      14. Субсидиялар осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған, өтінім тиісті түрде ресімделмеген не оны ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайларда берілмейді.

 

   3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

 

      15. Бөлім өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады.
      16. Бөлім ұсынған құжаттарды ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштардың көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi.
      Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда, бөлім АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.
      17. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.
      18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады.
      19. АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы тыңайтқыштар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.

 

   4. Субсидиялар төлеу тәртібі

 

      20. Бөлім тізім ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
      1) арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін;
      2) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін;
      3) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.
      21. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн:
      1) басқарма арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өндiрушiге ұсынады.
      Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қосымша өтінімдер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде басқарма өндiрушiге арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң қосымша жиынтық тiзiлiмiн ұсынады;
      2) өндiрушi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде басқармаға:
      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ бөлiнiсiнде тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
      сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүкқұжаттардың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
      өндiрушi мен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол үш данада жасалады: бiрiншiсi – өндiрушi үшiн, екiншiсi – АШТӨ үшiн, үшiншiсi – басқарма үшiн;
      3) өндiрушi құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқарма:
      ұсынылған құжаттарды тексередi, өндірушіге тиесілі субсидия көлемін айқындайды;
      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жібереді;
      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн өндiрушiге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
      22. Мыналардан:
      1) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден;
      2) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерiнің негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
      23. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Бұл ретте тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.
      24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына  
 1-қосымша          

 

_____________________ облысы ________________________________________
(аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

 

Өтінім

 

_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
                                          (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
                                          (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде______________________________
                                          (тыңайтқыш түрi)

 

тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) сатып алу
(өтеу) үшiн субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң тiзiмiне енгiзудi сұраймын.

 

 

Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі

барлық алқап, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

4.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң анықтамасы

ЖСК


Кбе


Банктің деректемелері:

банктің атауы


БСК


К/Е


БСН


Кбе


5.

Шот-фактура (инвойс) (тыңайтқыштарды шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiден ағымдағы жылы және алдыңғы жылғы 4-тоқсанда сатып алған АШТӨ үшiн)*

шот-фактураның нөмірі


берілген күні


тыңайтқыш сатушының атауы


тыңайтқыш сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тыңайтқыш сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тыңайтқыш атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


6.

Кедендiк жүк декларациясы (тыңайтқыштарды шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiден ағымдағы жылы және алдыңғы жылғы 4-тоқсанда сатып алған АШТӨ үшiн)*

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыш сатушының атауы


тыңайтқыш сатушы орналасқан жердің мекенжайы


7.

Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификаты*

сертификаттың нөмірі


сертификаттың қолданылу мерзімі


сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)



өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


кім берді


8.

Шығу тегі сертификаты/ сапа сертификаты (шетелдік өндірістің тыңайтқыштары үшін)*

нөмірі мен берілген күні


тауардың атауы


экспорттаушы/жүк жөнелтуші


импорттаушы/жүк алушы


9.

Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік*

куәлік нөмірі


химиялық өнімнің толық атауы

өндіруші фирма


куәліктің қолданыс мерзімі


тіркеу күні


кім берді


 

      Ескертпе:
      *Аталған құжаттардағы мәліметтер тыңайтқыштың әрбір түріне толтырылады.

 

Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі

 

 

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алқабы, гектар

Тыңайтқыштарды 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары

Тыңайты-латын алқап, гектар

Тыңайтқыш түрі, (килограмм, литр)

1

2

3

4

5

6

7















 

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.

 

Басшы _________ _____________________________________________________
       (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                              құжатта бар болса)

 

      М.О

 

      20 __ жылғы «___» ______________

 

Өтiнiм 20 __ жылғы «___»____________ қарауға қабылданды
____________ ________________________________________________________
(қолы)        (өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,
            әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда) 
 субсидиялау қағидаларына    
 2-қосымша            

 

  «Бекiтемiн»        
 Аудан (қала) әкiмi   
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__ жылғы «___» _______________

 

Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң тiзiмi

 

1) тыңайтқыш өндiрушiден 20__жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

 

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Жеткiзу (жiберу) пунктi

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынатын тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм, литр)

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны:







 

2) тыңайтқыш берушіден 20__ жылы сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм, литр)

Тыңайтқыш тоннасының (килограмының, литрінің) құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/ БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограм м, литр)

1 тонна (килограмм, литр) тыңайтқыш құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

4) тыңайтқыш өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш берушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/ БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограм м, литр)

1 тонна (килограмм, литр) тыңайтқыш құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

ВАК төрағасы __________ ____________________________________________
             (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                             куәландыратын құжатта бар болса)

 

ВАК мүшелері _________ ____________________________________________
             (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                              куәландыратын құжатта бар болса)
             _________ ____________________________________________
             (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                            куәландыратын құжатта бар болса)

 

      М.О.

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда)   
 субсидиялау қағидаларына    
 3-қосымша            

 

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң
жиынтық тiзiлiмi

 

1) тыңайтқыш өндiрушiден 20 __ жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

 

 

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/ БСН

Ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiнiңағымдағы шоты

Жеткiзу (жiберу) пунктi

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынатын тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм, литр)

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

2) тыңайтқыш берушiден 20 __ жылы сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi нiң атауы

ЖСН/БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм , литр)

1 тонна (килограмм , литр) тыңайтқыш құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиыны:









 

3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi  нiң атауы

ЖСН/БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм , литр)

1 тонна (килограмм , литр)тыңай тқыш құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиыны:









 

4) тыңайтқыш өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш берушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

 

 

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

ЖСН/БСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты

Тыңайтқыш түрi

Сатып алынған тыңайтқыш көлемi, тонна (килограмм, литр)

1 тонна (килограмм , литр) тыңайтқыш құны, теңге

Өтелуi тиiс сома, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиыны:









 

Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                           құжатта бар болса), қолы)

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
 4-қосымша           

 

Субсидияланған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда) іс жүзінде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiм
___________________________
(сатушының атауы)

 

 

Тыңайтқыш түрi

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы

Өлшем бірлігі (тонна, килограмм, литр)

Жасалған шарттар

1 тоннасының (килограмының, литрінің) құны, теңге (тиесiлi 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидияның тиесілі нормасын шегергенде)

Тиеп-жөнелтiлген тыңайтқыштар көлемi

сатып алу-сату шартының күнi, №

көлемi, тонна (килограмм, литр)

көлемi, тонна (килограмм, литр)

субсидиялар сомасына, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

Ескертпе: көрсетiлген тiзiлiмге сапасыз тауар жеткiзу себебi не басқа
да себептер бойынша сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартқан және
сатып алынған тыңайтқыштар үшiн ақша қаражатын қайтаруды талап еткен
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер енгiзiлмейдi.

 

Тыңайтқыш сатушы (бiрiншi басшы) _______  ___________________________
                                  (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
                                            (жеке басын куәландыратын
                                             құжатта бар болса)

 

М.О.

 

Тыңайтқыш сатушының бас бухгалтерi _______ __________________________
                                  (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
                                            (жеке басын куәландыратын
                                               құжатта бар болса)

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
 5-қосымша             

 

«Бекiтемiн»
_______________ облысының (қаласының)
басқарма басшысы __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__жылғы «____» __________________

 

_______________________ облысы (қаласы) бойынша тыңайтқыштардың
органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) iс жүзiнде сатылған көлемi
жөнiндегi актi

 

 

Атауы

Тыңайтқыш түрi

ЖСН/БСН

Сатып алу-сату шартының күнi, №

Өлшем бiрлiгi, тонна (килограмм, литр)

тыңайтқыш сатушының

тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң

1

2

3

4

5

6







Жиыны:






 

кестенің жалғасы

 

 

Сатылған тыңайтқыштардың мөлшерi, тонна (килограмм, литр)

1 тоннасының, килограмының , литрінің бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге (7-б. х 8-б.)

1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Субсидиялар сомасы, теңге (7-б. x 10-б.)

7

8

9

10

11











 

Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                   құжатта бар болса), қолы)

 

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
 тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
 6-қосымша          

 

«Бекiтемiн»
_______________ облысының (қаласының)
басқарма басшысы __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__жылғы «____» ___________________

 

20__ жылғы «__» _________ - «__» _________ аралығында субсидиялар
төлеуге арналған ведомость

 

1) тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн тыңайтқыш өндiрушiге

 

 

Аудан атауы

Отандық тыңайтқыш өндiрушi зауыттардың атауы

Тыңайтқыш түрi

Сатылған күнi

Тыңайтқыштар сатудың жылдық квотасы

Квота шегiнде бюджеттiк субсидиялауға іс жүзінде берiлген құжаттар, тонна (килограмм, литр)

тонна (килограмм, литр)

сомасы (теңге)

жыл басынан

20__ жылғы «__» - «__» аралығында

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны:








 

кестенiң жалғасы

 

 

Сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған бюджеттiк субсидиялар нормасы, теңге

Жыл басынан бастап тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ жылғы «__» ___ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

9

10

11

12

13











 

Төленетін сома _________ (санмен) _______________(жазбаша) теңге.

 

2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге

 

 

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң атауы

Тыңайтқыш түрi

Тыңайтқышты сатып алған күн

Сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығындарды өтеуге іс жүзінде берiлген құжаттар, тонна (килограмм, литр)

Жыл басынан бастап

20__жылғы «__» - «__» аралығында

1

2

3

4

5






Жиыны:





 

кестенiң жалғасы

 

 

1 тоннасына (килограмына, литріне) бюджеттiк субсидиялар нормасы, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ жылғы «__» ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

6

7

8

9

10











 

Төленетін сома ___________ (цифрмен) _______________ (жазбаша) теңге.

 

Басқарманың қаржы
бөлiмінің басшысы _________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                  құжатта бар болса), қолы)

 

Басқарманың ___________ бөлiмінің
басшысы ___________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                  құжатта бар болса), қолы)



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент