Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ХҚКО хабарландырулары

 

Мемлекеттік корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жоба іске қосылды

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет барсаңыз жеткілікті. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге  2 факті -  қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін  қайта жоспарлаған  жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Бірақ, Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргізу жағдайларын жеңілдетуге арналған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі

e-mail: pressa_nao@goscorp.kz

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалған

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылымемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруда олардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Фронт-офистерді Брайль мәтініндегі ақпараттық тақталармен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, жақын арада көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметтерін  1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік корпорацияның фрот-офистеріне бармай-ақ ала алады. Мобильдік топты шақыру үшін олар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары қажет. Мемлекеттік корпорация қызметкері оған 72 сағат ішінде  барады.Жыл басынан бері мобильдік топ 20 499 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 28619 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп болды.

Мүгедектер үшін композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мәселен, азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан өткенде, оның басқа еш жерге баруының қажеті жоқ. Оның құжаттары он-лайн  режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі белгіленіп, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министрлігінің  ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік мәліметтер базасын ықпалдастырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Өтініш қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы болмайды, ал жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуітуралы мәліметтердіэлектрондық үкімет шлюзі арқылы жеке азаматтардың мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіненалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн.

Қазақстанда 571 685 мүгедек тіркелген, оның 293 665-і - I жәнеII топтағы, 210 421-і –IIIтоптағы мүгедектер,  67 579-і - мүгедек балалар. Оларды әлеуметтік жағынан мемлекет қамтамасыз етіп отыр, жәрдемақалар мен әлеуметтік төлемдерді өз уақытында аудару мен төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Естеріңізге салсақ, 1993 жылғы маусым айындаҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мүгедектер күні белгіленген.Ол жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде аталып өтеді.

 

Азаматтарға арналған үкіметтің қызметкерлері

Қазақстан бойынша 425 ағаш отырғызды

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында орталық аппарат пен облыстық филиалдардың қызметкерлері 425 ағаш отырғызды, оның ішінде қайың, қарағай, жөке, шетен, тіпті боз арша ағаштары бар. Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап басшыларына дейін белсенді ат салысты.

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Баскарма төрағасының орынбасары Медет Кұмарғалиевтің мәлімдеуінше, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған кең ауқымды                   «25 игілік іс» акциясы шеңберінде өткізілуде. «Бүгін біз ел болып атап өтіп отырған айтулы мерекеге өз үлесімізді қосудамыз. Қалалық саябақтар, аллеялар, ботаникалық бақтар, жағажайлар 400-ден астам ағашқа толықты. Ал Астанада мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының қызметкерлері ғашықтар аллеясында 25 шаған ағашын отырғазды», - деп хабарлады Құмарғалиев.

            Құмарғалиевтің айтуынша, Өскеменде - қылқанды ағаш түрлері, Петропавлда – жөке және шетен ағаштары, Алматы қаласында – боз арша, Ақтөбеде – терек, Алматы облысында – алма ағаштары отырғызылса, Павлодарда Жеңіс саябағы тағы 25 қайыңға толықты.

            Естеріңізге салсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізіп отырған мұндай шара бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған республикалық спартакиада және  мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбында республикалық байқау, ал шілде айында – «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу байқауы өтті.  

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында

 

Бірыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанның өсімдіктер әлемінің 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы, арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесінде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жоспарлы жүргізілуде, ол Қазақстанның өсімдіктер әлеміндегі мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына негізіне гербарий кіретін геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіргендіктен, біз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргізіп отырамыз. Қазіргі кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтіп, өсімдік түрлерімен танысады, оларды жүйелейді, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийді жаңа өсімдік түрлерімен толықтырады», - деді Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсімдіктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелілігін зерттеу; кез-келген аумақтағы өсімдік әлемінің құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсімдіктердің жеке түрлерін (аймақтарға) тарату; белгілі бір кезеңде өсімдіктің өзгеруі жайлы толық мәліметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда Энглер жүйесі бойынша сандық гербарий құрылып,  қораптарда орналасқан өсімдіктерді тез табу үшін каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийді облыстар бойынша цифрландыру жүргізілетін болады және жемдік, бал-шырынды, дәрілік және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсімдіктер іріктеліп алынады.

Бірыңғай гербарий қорындағы өсімдіктердің толық флористикалық тізімін құру үшін Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткізілген және аллдағы уақытта солтүстік аймақтағы өсімдіктер түрлерімен толықтырылатын болады. Келешекте Бірыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлік деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының гербарийлерін магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлері жаңа жиналған өсімдік даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргізу үшін қолдануда.

Қазан айында мемлекеттік корпорацияның біріңғай гербарий қорын құру «Мәңгілік мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздгінің 25 жылдығы құрметіне өтіп жатқанын атап айтамыз. 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға                   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты -  сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту.

 «Бүгінде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзушілік атмосферасын құру мәселесі тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді», - дейді Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік корпорацияның барлық аумақтық департаменттерінде жүйелі түрде өткізілетін болады.  

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі

 

 

 

                                      

                                             

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1-ші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департаменттері арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Ал футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды.

Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзінің жұмыскерлері арасында 8-10 қыркүйек аралығында 1-ші республикалық спартакиада өткізді. Шараға 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының 17 команда құрамасы қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, өңірлік деңгейдегі  іріктеу турларында департаменттердің 18 мыңға жуық қызметкерлері қатысқан, бірақ Алматы қаласына бірінші командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жас және перспективті дамып келе жатқан ұйым. Ол 4 мекеменің бірігуі арқылы құрылғандықтан, қазіргі уақытта ұжымның бірігуі мен ынтымақтасу қажеттілігі бар, ал спорт адамдарды жақындастырмайды ма? Бүгін тек біз ғана емес, барлық Қазақстан оған үлкен көңіл бөлуде», - деп атап өтті.

Медаль үшін күрес 5 спорт түрі бойынша өтті, бұл мини-футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. Бастапқы кезеңде қатысушылар сегізден бір финалға, одан кейін ширек финалға өту үшін күресті.

«Барлық қарсыластар өте күшті болды, дайындық республикалық спартакиадаға кім қатысатындығы белгілі болғаннан дейін жүргізілді. Соңына дейін біздің жеңетіндігімізге сенген жоқпын, міне бүгін еркін демалуға болады, себебі  спартакиаданың «алтыны» Оңтүстік Қазақстанға барады», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы құрама командасының капитаны, Оңтүстік Қазақстан бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық төлеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Басынбек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сәуірінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Жер кадастры ғылыми-зерттеу орталығы»            4 РМК базасында құрылғандығын еске саламыз. Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорацияда әртүрлі лауазымдарда 21 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

 

        

                                

 

 

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

 

Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткізілген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшінші орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы Айжан Баялиева, екінші орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің маманы – Дархан Болатов, ал бірінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы  - Пернехан Досан ие болды. Ол мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі  туындысымен әділ қазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды.

«Біздің конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл – дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайындау. Өйткені біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету. Барлық үміткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңіске жетті», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен және т.б. тұрды.

«Бүгінгі күні мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын республикадағы негізгі мекемелердің біріне жатқызамын, себебі сіздер қызметтер көрсету кезінде адамдармен үнемі қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тілі саласындағы маманы ретінде аталған конкурсты – маңызды және өте дұрыс іс-шара деп айта алам. Меніңше, осы іспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, үкіметтік емес ұйымдарда, тіпті мемлекеттік органдар да өткізіп тұрудың пайдасы зор, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова.

Бұл орайда, конкурстың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілгендігін атап өту керек. 

«Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүргеніме және Оңтүстік Қазақстан облысының атынан осыны тағы бір мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын» дейді конкурстың жеңімпазы Пернехан Досан.

 «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда               ҚР Тілдер күніне орайластырылып өткізілгендігін еске саламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда

өз тәжірибелерімен бөлісті

 

Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерінің зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер» тақырыбында конференция өтті. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ білдірді. Біздің еліміз үшін басқа елдердің халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды.

Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі әрекет етеді, ал жинақтаушы компонент - тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердің күрделі экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудің барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды.  

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетілді. Басқа өңірлер үлгі ретінде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған  зейнетақы төлеуді тағайындау тәжірибесін алып, қазір оны зерделеуде. 

Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, кәсіподақ қаражаты есебінен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбір өңірде психологиялық жеңілдену бөлмесі, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудиті жүргізіледі. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесі міндетті түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжірибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкін.

Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік қызет көрсетудің бірыңғай провайдерінің тәжірибесімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атынан мемлекеттік корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры  Әлия Оспанова бөлісті. Ол ағымдағы жылғы сәуірде көп сұралатын мемлекеттік қызметтерді біріктірген және құрамына төрт мемлекеттік кәсіпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіретін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияға еліміздің аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы халыққа, оның ішінде шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекетік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған міндеттерді орындау шеңберінде, мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін, халыққа мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 70 Мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді әртүрлі ноу-хаулармен бөлісті. «Ауылдарға бару кезінде тұрғындар тек мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелері бойынша кеңестер  алады», - деп атап көрсетті Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердің тұрғындарына мобильді ХҚКО құру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәжірибесі форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Конференцияда мемлекеттік корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттік корпорацияны құру тәжірибесін енгізу және тәжірибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтік пен әдістемелік қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігі атап көрсетілді.

Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елінің және Грузияның мекемелері кірді. Форумда Ресейдің, Белорусьтің, Бурятияның, Молдованың, Тәжікстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттік емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлігінің еңбек және әлеуметтік сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының өкілдері қатысты. 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

баспасөз қызметі

 

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

 

 

Осыдан тура 25 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы  және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. 

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі.

Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген.

Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

Қазір республика көлемінде қызу талқыланып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы - осының кепілі. Оның үстіне, Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен. 

Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар.

 Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.

Мысалы, прокуратура саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар  мемлекеттік  тілде орындалады.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. 

Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас.  Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.

Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында.

 Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

Өмірге келген сәбиге қазіргі таңда мемлекет пен біздің тарапымыздан қандай көмек қолы созылуда? Әртүрлі атқарушы органдарға жүгіру, оның табалдырығын тоздырып, қажетті анықтама алу үшін неше мәрте барудың шешімін қазіргі таңда үйде отырып немесе «бір терезеден» алу мүмкіндігі туралы ата-аналар хабардар ма? Балаға туғанда тағайындалатын жәрдемақылар туралы не білеміз? Оны тағайындау ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап беріп көрсек. Ол үшін келесі қызметті талқылап көрейік. Ол - «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі.

Көрсетілетін қызметті қолдану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына

1) жеке басын куәландыратын құжат (оралмандар үшін - оралман куәлігі);

2) баланың туу туралы куәлігі немесе тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжаттарыңызды алып келіп, өтініш толтыру қажет.

Ал егер қызмет алушының электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болған жағдайда, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны алуға болады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» да болады.

Қызмет алушы жәрдемақы туралы хабарламаны тегін және 7 жұмыс күні ішінде ала алады. Егер бұл қызмет жайлы толығырақ кеңес қажет болса, бірыңғай байланыс орталығына 1414 қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін.

Азаматтарға паспорт пен жеке куәлік алу тәртібі

 

«ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінен Паспорт, жеке куәлік қалай алу тәртібі жеңілдетілді. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ХҚКО мына құжаттарды ұсынады:

Құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.

жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу

паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу

Төмендегі құжаттардың бірі:

туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);

ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);

iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);

Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi).

Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 

Мекенжай анықтамасын алу

 Аталмыш мемлекетті қызмет түрін «Электронды үкімет» порталы арқыла алу мүмкіндігі бар. Ол үшін тұтынушыға ЭЦҚ болса болғаны.

1. Порталда авторлану және  «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

*Порталында мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде жазылған баланың тууы туралы жазба кесімі бар азаматтар үшін қолжетімді

Сонымен қарар бұл қызметті ХҚКО-да алу (қажетті құжаттар)

1. Жеке тұлғалар - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат.

2. Заңды тұлғалар - сенімхат немесе алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімі.

Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін:

1. туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасы;

2. осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын алушыға беру үшін алушының жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайлары) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі.

Ескерту. Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе тіркеуге тұрған күн көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну қажет.

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру

 Сізде шикізат немесе қандай да бір өнім бар. Алайда оны Қазақстанда өңдейтін орын жоқ. Не істеу керек? Ол үшін ХҚКО-ға келіп, «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алыңыз. Өніміңізді өңдейтін орын басқа елдерде бар екенін білсеңіз, Өнімді ҚР аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат қағазын алсаңыз болғаны. Ол үшін ХҚКО-ға өзіңіз немесе сенімхат бойынша өкіліңіз келіп,төмендегі құжаттар тізбесін ұсынса болады:

сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат;

дара кәсiпкер үшiн – көрсетілетін қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өнiмдi өңдеуге арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;

салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi;

ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегiн көрсетiледi.

ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөмірінен білуге болады.

Спорт шеберлігіне құжаттар тапсыру мүмкіндігі

Халықтың дене белсенділігінің жоғары дәрежесі мен саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін қолдау арқылы оларды спорт пен дене шынықтыруға жұмылдырудың өзектілігі айқын. Бұған өз кезегінде спорттың ұлттық және дәстүрлі түрлерін дамыту барысында қол жеткізуге болады. Өйткені, ұлттық спорт – спорттың олимпиадалық түрлерінің өкілдері үшін үздік селекциялық қор немесе «қызық үшін қатысатын үйірмелердің» бірі ғана емес, ол біздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға және дамытуға қажет мәдениетіміздің атаулы бөлігі. Бір жағынан спорттың бұл түрлерін сақтап, дамыту барысында мемлекет адамдарға таңдаудың мол мүмкіндіктер мен қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Осы орайда, ХҚКО арқылы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы» мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 1,2,3 спортшы разрядын беру үшін төмендегідей құжаттарды орталыққа тапсыруы қажет.

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;

3) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 Үйде мемлекеттік қызмет көрсету

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.

Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:

1) сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

4) психологиялық-медициналық педагогикалық консультацияның қорытындысы;

5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты – 1414 нөмірінен білсеңіз болады.Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру  

Сізде шикізат немесе қандай да бір өнім бар. Алайда оны Қазақстанда өңдейтін орын жоқ. Не істеу керек? Ол үшін ХҚКО-ға келіп, «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алыңыз. Өніміңізді өңдейтін орын басқа елдерде бар екенін білсеңіз, Өнімді ҚР аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат қағазын алсаңыз болғаны. Ол үшін ХҚКО-ға өзіңіз немесе сенімхат бойынша өкіліңіз келіп,төмендегі құжаттар тізбесін ұсынса болады:

сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат;

дара кәсiпкер үшiн – көрсетілетін қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өнiмдi өңдеуге арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;

салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi;

ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегiн көрсетiледi.

ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөмірінен білуге болады.Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

 

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

Өмірге келген сәбиге қазіргі таңда мемлекет пен біздің тарапымыздан қандай көмек қолы созылуда? Әртүрлі атқарушы органдарға жүгіру, оның табалдырығын тоздырып, қажетті анықтама алу үшін неше мәрте барудың шешімін қазіргі таңда үйде отырып немесе «бір терезеден» алу мүмкіндігі туралы ата-аналар хабардар ма? Балаға туғанда тағайындалатын жәрдемақылар туралы не білеміз? Оны тағайындау ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап беріп көрсек. Ол үшін келесі қызметті талқылап көрейік. Ол - «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі.

Көрсетілетін қызметті қолдану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына

1) жеке басын куәландыратын құжат (оралмандар үшін - оралман куәлігі);

2) баланың туу туралы куәлігі немесе тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжаттарыңызды алып келіп, өтініш толтыру қажет.

Ал егер қызмет алушының электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болған жағдайда, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны алуға болады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» да болады.

Қызмет алушы жәрдемақы туралы хабарламаны тегін және 7 жұмыс күні ішінде ала алады. Егер бұл қызмет жайлы толығырақ кеңес қажет болса, бірыңғай байланыс орталығына 1414 қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін

 «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау ХҚКО арқылы жүзеге асырылады «Болашақ» бағдарламасының степендиянттарына арнамақпыз. Әрбір ҚР азаматы шет елге оқуға түскен кезде бірқатар құжаттарды жинап, конкурстарға қатысуына тура келеді. Ал Астана қаласының ХҚКО-сы «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Сонымен, сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер болсаңыз ХҚКО-ға қандай құжаттармен келуіңіз керек?

Егер сіз мемлекеттік қызметкер, ғылыми-педагог қызметкер, өз бетінше оқуға түскендер санаттарына жататын немесе мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан, философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға үміткер болсаңыз, онда сізге:

1. жұмыс орныңызды сақтау шарты мен жұмыс берушінің маман даярлауға өтініші;

2. жұмыс органы бекітетін шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі;

3. таңдап алған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

4. «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырған сауалнама;

5. жеке куәлігіңіз бен төлқұжатыңыз;

6. дипломыңыз (тағлымнан өтуге үміткерлерге қатысы жоқ), сондай-ақ, егер шетелдік біліміңіз бар болса, оны тану және ностификациялау туралы куәліктің көшірмесі;

7. денсаулығыңыз жайлы медициналық анықтама;

8. еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

9. бар болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесі тапсырылады.

Сондай-ақ жоғарыда айтылған құжаттарға қоса төмендегі санатты үміткерлер үшін қосымша құжаттар тапсырасыз;

10. Конкурсқа өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушінің ұсыным хаты, оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттар және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, оқу курсы, нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама. Осы санаттағы үміткерлер мен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары;

11. Жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінімі;

12. Егер сіз тағлымнан өтпек болсаңыз мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, тағлымнан өту мерзімдері, құны көрсетілген тағлымға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз шақыртуын растайтын құжаттар, жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы;

Осы құжаттарды толықтай өткізген жағдайда ХҚКО қызметкері сізге құжаттың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған күнді есептемегенде екі жұмыс күні ішінде қаралады.

Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру қызметі

«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» жайлы болмақ. Жер кадастры дегеніміз не? Ол ақпарат бізге не береді? Кадастрлы ақпаратты қайдан және қалай алуға болады? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау жер учаскесінің кадастрлық дерегін береді, яғни мемлекет аумағындағы

жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер жүйесін - жер кадастры деп атаймыз.

Ол үшін өзіңізге жақын орналасқан ХҚКО – ға қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатымен келіп, нысан бойынша өтініш жазу керек.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

Мемлекеттік қызмет тегін және «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

Сондай – ақ бұл қызметті электронды сандық қолтаңбаңыз болса, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» порталы арқылы да жүзеге асыруға болады. Электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.

МҰРАҒАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛАР АЛУ

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Сонымен қатар, «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет түрі құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 күн ішінде орындалады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілі мен еңбек ақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталуын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері, мүліктік құқықтар туралы растау.

Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мына құжаттарды орталыққа ұсынуы тиіс.

1. Жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтініш.

Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәліметтерін ХҚО-ның қызметкерi мемлекеттік органдардың уәкiлеттi адамдарының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық деректер нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

 

Толық ақпараттық матіметтерді, қажетті құжаттар тізілімін www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Мекенжай анықтамасын алу

Аталмыш мемлекетті қызмет түрін «Электронды үкімет» порталы арқыла алу мүмкіндігі бар. Ол үшін тұтынушыға ЭЦҚ болса болғаны.

1. Порталда авторлану және  «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

*Порталында мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде жазылған баланың тууы туралы жазба кесімі бар азаматтар үшін қолжетімді

Сонымен қатар бұл қызметті ХҚКО-да алу (қажетті құжаттар)

1. Жеке тұлғалар - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат.

2. Заңды тұлғалар - сенімхат немесе алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімі.

Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін:

1. туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасы;

2. осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын алушыға беру үшін алушының жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайлары) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі.

Ескерту. Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе тіркеуге тұрған күн көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну қажет.

                             Мемлекеттік тіл – татулық тірегі  
          Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Тіл – адамдық белгісінің бірі.Тілсіз мемлекет болмайды. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі.                Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады. Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түиініне тоқталатын болсақ, Ата- бабамыздың қан мен терімен жеткен Тәуелсіздігіміздің айғағы  бұл біздің ана тіліміз. Ана тілімізге деген сый құрмет ешқашан таусылмауы қажет.

Спорт шеберлігіне құжаттар тапсыру мүмкіндігі

Халықтың дене белсенділігінің жоғары дәрежесі мен саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін қолдау арқылы оларды спорт пен дене шынықтыруға жұмылдырудың өзектілігі айқын. Бұған өз кезегінде спорттың ұлттық және дәстүрлі түрлерін дамыту барысында қол жеткізуге болады. Өйткені, ұлттық спорт – спорттың олимпиадалық түрлерінің өкілдері үшін үздік селекциялық қор немесе «қызық үшін қатысатын үйірмелердің» бірі ғана емес, ол біздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға және дамытуға қажет мәдениетіміздің атаулы бөлігі. Бір жағынан спорттың бұл түрлерін сақтап, дамыту барысында мемлекет адамдарға таңдаудың мол мүмкіндіктер мен қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Осы орайда, ХҚКО арқылы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы» мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 1,2,3 спортшы разрядын беру үшін төмендегідей құжаттарды орталыққа тапсыруы қажет.

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;

3) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру

 «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алды. Ал, сіз бұл қызметті білесіз бе?

Мемлекетік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға немесе Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет құжаттар топтамасы ХҚКО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ұсынылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

белгіленген нысан бойынша өтініш;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;

салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;

салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі ұсынылады.

Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсырыс берген жағдайда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;

техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;

коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;

энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде кеңес қажет болса бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін (1414).

Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру

Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған туризм саласы тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Сондықтан парақшамыздың оқырмандар назарына келесі қызметімізді ұсынамыз: «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру».

Бұл қызметті қолдану үшін келесі құжаттар топтамасымен орталыққа келіп өтініш жазу қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік; дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік.

2) заңды тұлға үшін - жарғының көшірмесі;

3) заңды тұлғаның салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) біліктілік талаптарына сәйкес: қалыптастырылған туристік өнімнің және қалыптастырылған туристік өнімге кіретін, жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге үшінші (екі немесе одан көп) тұлғалармен жасасқан шарттардың мәліметі; туристік ваучер (жолдама) үлгісінің; туристік білімі және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір қызметкердің; кеңсе үшін меншікті немесе жалға алынған үй-жайдың; туристік өнімге кіретін туризм инструкторы көрсететін қызметті, жол жүру, қонақ үйде тұру жөніндегі қызметтерді туроператор дербес көрсеткен жағдайда меншікті немесе жалға алынған материалдық базаның; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт жобасының; туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының мәліметтері мен құжаттары;

Осы құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде ақылы түрде (10 АЕҚ) лицензияны алып, өз ісіңізді бастауыңызға жол ашық дейміз.

Сондай-ақ, аталған қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қызмет туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, біріңғай байланыс орталығының 1414 телефонына хабарласуға болады.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент