Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сыбайлас жемқорлық туралы мақалалар

Күш біріктіріп күрескен жөн

   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  заңының  орындау мақсатында Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратында жемқорлықтың алдын алуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедуралары заң аясында өткерілуде. Салық органдарына табыс салығы туралы декларациялар уақытында өткізілді. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арыз – шағымдар жәшігі орнатылған. 2 -75 -01 сенім телефоны жұмыс істейді. 2016 жылдың жарты жылдығында заң бұзушылықтар бойынша сенім телефонына, орнатылған жәшікке арыз шағымдар түскен жоқ.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында ауылдық округ аппаратында ауылдың мекеме басшыларымен, аппараттың қызметкерлерімен жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады. Жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібі, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау жұмыстары заң аясында және нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Тұрғындардың ұсыныс пікірлері мен арыз шағымдарына арналған жәшік ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.

2016 жылдың 7 айында ауылдық округ әкімі аппаратына заңды тұлғадан 13 өтініш түсіп, оның 12 қанағаттандырылып, 1 түсініктеме берілді.

Жеке  тұлғалардан 93 өтініш түсіп, оның 26 қанағаттандырылып, 67 –не түсініктеме берілді. Бүгінгі күнде өтініштердің кешіктірілгені немесе қанағаттандырылмағаны туралы фактілер жоқ. Жеке сұрақтармен 20 азамат ауыл әкімінің қабылдауында болып, тиісті жауаптар алды. Азаматарға жер учаскесін беру бойынша кезекті тізімі жасалынып, арнайы стендіде орналастырылған және аудандық «Шұғыла Радуга» газет бетіне жарияланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында арнайы бұрыш дайындалып, оған қажетті материалдар жинақталып әкімшілік ғимаратының көрнекі жеріне ілінген.

Қорыта айтқанда, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, осы дерттің алдын алған жөн.

                                                                        

Гульдар Айдарбекова

                                                                       Айшабибі ауылдық округі

                                                                       әкімі аппаратының бас маманы

Сыбайлас жемқорлық туралы мақала

 

 Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент