Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ХҚКО жаңалықтары

 

Тіл- ел байлығы

 

 

       Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз,халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін, Оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi. Ұлттық  тілінен айырылған жан әлібетте басқа тілде сөйлейді өз тілін ысырып қойған бұндайлар,өз бөлтірігін өзі жейтін қорқау қасқырдай өз тіліне өте мейрімсіз көңілмен қарайды. Ол айытпасада түсінікті ғой олар бойындағы таза адами құндылықтарды жоғалтумен бірге жаңадан мінез әрекет қалыптастыра бастайды.Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі. Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі.Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін де аз саналмайды. Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Қазыргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтерумен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады.         

         Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түиініне тоқталатын болсақ, Ата- бабамыздың қан мен терімен жеткен Тәуелсіздігіміздің айғағы  бұл біздің ана тіліміз.

 

 

Жамбыл аудандық «ХҚКО»

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.

«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, композит «Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу», «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою» қызметтеріне қатысты болып табылады.   

Дайын болған туу туралы куәлікті ата-аналар, құжат тапсырған күнді есептемегенде, 2 жұмыс күні ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына                 sms-хабарландыру арқылы түседі. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегін egov.kz  электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі  «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулеріне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлік беру болып табылады.

 

«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай  ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Бұған дейін, 2016 жылғы сәуірде құрылған мемлекеттік корпорацияның құрамына кірген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудің бөлек-бөлек жүйесі және лауазымдар тізбесі болған.

«Азаматтарға арналған үкімет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтің айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберінде жүргізілген. «Төрт мекеме біріктірілгеннен кейін біз құрылымдық бөлімшелер құрамына және әрбір бағыт аясындағы қызметтің бөлінуіне талдау жасадық. Жалақы деңгейінің тек кәсіпорындардың өзінде ғана емес, басқа өңірлерде де айырмасы болды», - деді Әбенов.

Сондай-ақ, біріздендіру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бірде бір қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлеріне олардың мамандықтарына, кәсібі мен біліктілігіне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін бірыңғай құрылымға біріктіріп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлімшелердің басшылық әкімшілік штатын оңтайландыру бізге мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергіден арылуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуде үлкен жүктемесі болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейін босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді» - деп түсіндіре отырып, қатардағы қызметкерлердің айлықақысының көтерілуі  20%-ды құрайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөніндегі жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесі, жүктемесі, сондай-ақ жұмыс өтілі ескеріле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлі үстемеақылар болады.



 

Қазақстандықтар үшін мүгедектігі бойынша

төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді

 

Жаңа композиттік қызмет мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлесіп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақыларды алуды жеңілдетуге бағытталған.  

«Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін жүгінген адам алдымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне баратын. Осы рәсімнен кейін ғана әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін ЗТМО-ға жүгінетін еді,» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Енді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті, мұнда мүгедектік белгіленгеннен кейін азамат үш мемлекеттік қызметке: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге бір өтініш бере алады. Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберіледі», - деп атап өтті Сабыржанов.

Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі және мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесінде өтінішті қабылдау кезінде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ғана тиесілі екендігін естен шығармау керек.

Осылайша, жылдың басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға  16 989 өтініш және республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға 17 590 өтініш қабылданған, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабілеттінен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтік төлем тағайындалды.

 

«Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында

мемлекеттік  қызмет көрсету оңтайландырылды

 

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.   

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.  

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

 

 

Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

 

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула  арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы                      24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 - кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЭК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін  31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы 116 мың бала тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалған, оның ішіндегі 656 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

 

Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты

төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдеді

 

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді есептеуге қажетті құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Енді, өтініш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салықтары бойынша салыстырып тексеру акті қажет болады.

«Бұрын мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтік аударымдарды жұмыс орнынан берілген анықтамада көрсетілген сомалармен салыстырып тексеру жүргізетін және сәйкес болмаған жағдайда өтініш берушіге нақтылау үшін құжаттар қайтарылатын», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Қазір, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін тағайындау қағидасына енгізілген өзгерістердің арқасында жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктілігіне және босануына байланысты төлемдердің мөлшері есептелген және аударылған әлеуметтік аударымдардың дұрыстығына жауапкершілік көтеретін жұмыс берушіге тікелей байланысты екендігін есте сақтау қажет», - деп түсіндірді Сабыржанов.

Сонымен қатар, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнінің санын отыз күнтізбелік күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнінің саны коэффициентіне көбейтумен айқындалады.

Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен 12 ай ұйымда жұмыс істеді. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күні санының коэффициенті 4,2 тең. Демек, жүктілігіне және босануына байланысты біржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусіз 399 000 теңгені құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөніндегі кез келген мәселе бойынша консультацияны қазақстандықтар 1411 тегін нөміріне қоңырау шалып алуына болады және сұрақтарын қоя алады.

Барлығы мемлекеттік корпорация арқылы жылдың басынан бері 97,5 мың жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындалды.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

 

 

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.   

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «ЖМО» дирекциясының директоры Бахыт Әбішев. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік. Біздің Республикамыздың астанасында отырғызылған 100 ағаш «100 қадам» бағдарламасының орындалуын, атап айтсақ жүзінші қадам – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанын білдіреді».

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, 2 395 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді. Ал астаналық филиалдың қызметкерлері тіпті Есіл өзенінің жағалауында бірлескен флешмоб жасады.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді «ХҚКО» департаментінің Жамбыл аудандық бөлімінің қызметкері Ербол Оразбекұлы – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

 

БАСПАСӨЗ  БАЯНЫ

 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады

  «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін  қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады.

     Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі  корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады.

      Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі, барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Біріктірілген кәсіпорындарға  ХҚКО-лардың  қолданысындағы  қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді  мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.

        Корпорацияның көрсететін қызметтер санының едәуір артуына байланысты, корпорация құрамына кірген барлық кәсіпорындардың 3 600 қызметкеріне оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бекітілді (КРІ).

       Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі -  қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.

      Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі арналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы,  сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.

 

ҚР ИДМ  БААК

Баспасөз қызметі

Тел.: 74-03-43ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

Госкорпорация «Правительство для граждан» начала свою работу

 

Созданная путем реорганизации РГП «Научно-производственный центр земельного кадастра», РГП «Центр по недвижимости», РГКП «Государственный центр по выплате пенсий» и РГП «Центры обслуживания населения» госкорпорация «Правительство для граждан» начала свою деятельность 11 апреля 2016 года.

Министерством по инвестициям и развитию РК завершены все организационные работы по созданию корпорации, включающие разработку внутренней документации, планов развития корпорации, анализ и оптимизацию инфраструктуры и другие мероприятия. Заинтересованными уполномоченными органами принято более 140 подзаконных нормативно-правовых актов, регламентирующих деятельность корпорации и порядок предоставления госуслуг.

На первом этапе через госкорпорацию будет оказываться 522, а на втором этапе – более 700 госуслуг. Отличительной особенностью «Правительства для граждан» станет оптимизация и автоматизация всех бизнес-процессов. В объединяемых предприятиях внедрены единые стандарты оказания госуслуг, действовавшие в ЦОНах, среди которых безбарьерное обслуживание, сервисы бронирования очереди, СМС-уведомления и новые инструменты мониторинга и оценки качества оказания услуг. Время оказания услуг также продлено с 9.00 до 20.00 часов, включая субботу.

В связи со значительным ростом количества оказываемых корпорацией услуг, проведено обучение 3 600 работников фронт-офисов всех предприятий, вошедших в состав корпорации. Для определения результативности работы сотрудников госкорпорации установлены ключевые показатели эффективности (KPI).

Одним из новшеств в работе госкорпорации станет то, что кроме приема заявок на оказание услуги и выдачи готовых документов, сотрудники будут выполнять их обработку. Благодаря информационной системе, которая внедрена во всех ЦОНах республики, существенно сократятся сроки предоставления услуг и пакет запрашиваемых документов.

Доступ граждан к госуслугам обеспечивается по различным каналам, в городах и районных центрах через центры обслуживания населения, а также через электронное и мобильное правительство, посредством секторов самообслуживания. Для обеспечения доступа к услугам граждан, проживающих в отдаленных сельских населенных пунктах, работают мобильные ЦОНы.

 

Пресс-служба КСИИ МИР РК

Тел.: 74-03-43

Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде

Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы  төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай  елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік  ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213   қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері  –  184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады

 Кәсіпкерлерге арналған ақпарат. Кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ,  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні.

Патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес. 

ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс:  патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі.

Сондай-ақ, бұл қызметті «Электрондық Үкімет» порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз компьютеріңізде отырып алуға да болады. Ол үшін ғаламторға кіріп порталға тіркелесіз және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек.  Құжаттар тізімі ХҚКО-ға ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат 

Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет.

Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады.

Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын «Электрондық Үкімет» порталында кезекті онлайн брондауға болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

    Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады.

    Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер  қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-ға өткізу қажет. Кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде бірнеше мәрте алуға шек қойылмайды. Сонымен қатар дербес несиелік есепті ХҚКО-нан басқа www.myth.kz. www.egov.kz» электрондық үкімет порталында немесе почта арқылы   алуға болады.

   

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Атқарылған жұмыстар баяндалды

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда.

Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 085 қызмет көрсетілді.

Әр бөлімде азаматтарға өз бетінше дербес электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы «Электронды үкімет» порталының көмегімен, қызмет алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында, арнайы кеңес беретін қызметкерлер бекітілген. 2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436 тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам. «Connection Point» орындары арқылы 2015 жылы алынған электрондық анықтамалар саны - 474 333. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді.

Бұдан өзге шалғай елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс колемінде мобильдік топтар құрылды. Жамбыл облысы бойынша 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елдімекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

Брифинг соңында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Д.Медетбеков журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 Жаңа ғимараттың жайлылығы жоғары

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 16 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Жеке тоқталып айтқанда  4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде.  Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы  Отар ауылында  2 сектор ашылған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі жылдан жылға жақсарып келеді. Соның жарқын мысалы биылғы жылы Меркі аудандық бөлімінің жаңа ғимаратқа орналасқанын айтуға болады.

Меркі ауылындағы бұрын автобекет болған еңселі ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне ұсынылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы талапқа сай жаңа қондырғылармен және жиһаздармен жабдықталған. Жарық, жылы әрі кең күту залдарына жағалай орындықтар қойылған.

Ескі орталық тар болғандықтан, тұтынушылар күту залына сыймай, ара-тұра наразылық туындап жататын. Ал, енді  жаңа ғимаратта 20 инспектор күніне 600-700 адамға қызмет көрсете алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жасақталған.

-2015 жылы Қордай аудандық бөлімінің ғимараты кеңейтіліп, қайта жаңғырды. Бұрын бұл ғимараттың ауданы 201 шаршы метр болатын. Қазіргі таңда ол 369 шаршы метрге  ұлғайды. Сол сияқты  биылғы  жылдың басында Меркі аудандық бөлімі заман талабына сай толықтай күрделі жөндеуден өткен 317 шаршы метр  көлемдегі еңселі ғимаратқа орналасты.  Ал, бұрынғы ғимараттың ауданы  131,28 шаршы метр ғана  болатын,-дейді «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков.

Ендігі кезекте Шу және Жуалы аудандық бөлімдерінің ғимараттарын кеңейту міндеті тұр. Бұл мәселелердің де оң шешімін табатын күні алыс емес.

 «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Электрондық цифрлық қолтаңба

 

Қазақстан Республикасының “Электрондық үкіметін” пайдаланушыларға кейбір мемлекеттік қызмет  түрлеріне электрондық цифрлық қолтаңба керек. Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Қарапайым ғана мысал, кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба –қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. Тағы бір айта кетерлігі, ЭЦҚ тегін беріледі және мерзімі 1 жыл уақытқа жарамды.

2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436  тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Жүйелі жұмыстың  жемісі

Татулығы мен достығы жарасқан, тұрақтылық пен рухани келісімнің алтын бесігіне айналған  жас Қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Төл тәуелсіздігінің жиырма бес  жылында еліміз   өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті.

Тәуелсіздіктің тәтті дәмінің бірі де бірегейі-тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың қарым-қатынас тіліне айналды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін өзге ұлт өкілдерінің қатарында  мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді қалайтын азаматтардың көбейгендігі қуантады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы 2015 жылдың қорытындысына сәй»кес, мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңіп алды. Байқаудың 16 филиалдың арасында өткендігін ескерсек, бұл үлкен нәтиже.  Әрі жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың жемісі. Барлық талаптар бойынша өзгелерден озық шыққан облыстық филиалға  Құрмет грамотасы мен сыйақы табыс етілді.

 «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,  тіліміздің тұғырына қонып,  тынысын кеңейткені  баға жетпес байлық емес пе?  Бір сөзбен айтқанда,  мемлекеттік тіл-баршамыздың мерей-мақтанышымыз. Мемлекеттік тіл-елдігіміздің  ең басты ерекшелігі. Мемлекеттік тіл-құтты құндылығымыз. 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 «Электронды үкімет» порталы

 

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға  қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден,  қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді».

         Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 Қызмет алу қолжетімді

 

«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар е-қызметін өз бетінше алып, салықтар мен айыппұлдарды жабу, коммуналдық қызметтер төлемі және тағы да басқа электрондық сервистерді қолдана алады. 2015 жылы «Connection Point» секторында 474 333 электрондық анықтамалар берілді. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128  анықтама берілді.

Сонымен қатар азаматтарға жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктің бірі ретінде  «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді.

Бөлімдерде азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде қоғамдық қол жеткізу орындары бар. 

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Жайлы жағдай жасалуда

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына баса мән берілген.  Әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды. Облыстық  филиал,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.

Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жыл басынан бері  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 260 тапсырыс қабылданып, 385 құжат қолға берілді.

Сонымен қатар, ыммен сөйлесуді қажет ететін мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы 15 қызметкерлермен оқыту жұмыстары жүргізіліп сертификат берілді. Өткен жылдың қыркүйек айында тағы да  25 қызметкер  оқу курстарынан өтті. Халық игілігіне бағытталған жұмыстар ары қарай да жүйелі жалғасын таба беретін болады.

 «ХҚКО» РМК Жамбыл облылы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 «Мәңгілік Ел» пойызы-Жамбыл жерінде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осыдан бір ай бұрын ел ордасы-Астана қаласынан жолға шыққан  «Мәңгілік Ел»  пойызы 30 елдімекенді  артқа тастап, облысымыздың Жаңатас және  Тараз қалаларына да аялдады.

Делегация мүшелері бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі мекеме-кәсіпорындарда кездесулер өткізді. Құрамында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Әлібек Есенқұлов, облыстық филиалдың директоры Данияр Медетбеков бар  топ  кәсіпорынның облыстық филиалына қарасты №1 Тараз қалалық бөлімінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті кеңестер берді. Толғандырған мәселелері бойынша нақты жауаптар қайтарды.

Мысалы, жеке кәсіпкер Талғат Сүйіндіковтың  тұрғылықты мекенжайы  Астана қаласында екен. Еңбек демалысын Тараз қаласында өткізіп жатқан ол шұғыл шетелге шығу қажеттілігіне  байланысты   «Төлқұжатты Астанаға бармай-ақ, осы жерде рәсімдеуге бола ма?» деген сұрақ қойды. Азаматқа төлқұжатты рәсімдеу үшін Астанаға барудың қажет еместігі, оны кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында  рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.

Бұл күні ауыл шаруашылығы саласы бойынша  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы білгісі келгендер де көп болды. Тұтынушылардың барлығына да мәнді мәліметтер берілді.

         Жамбыл облысында екі күн аялдаған  «Мәңгілік Ел» пойызы  келесі кезекте Алматы облысын бетке алды.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды

Үстіміздегі  жылдың  қаңтар айынан бастап  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыс бойынша филиалының №1 Тараз қалалық бөлімінде   «Инвесторларға қызмет көрсету секторы» ашылып, жұмыс атқаруда.   Жаңа  секторда ағылшын тілін меңгерген 3 инспектор қызмет көрсетеді.

Сектор жұмысын жандандыру мақсатында  облыс  әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту басқармасы  мен  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесулер өткізіліп,  шетелдік және отандық инвесторларға бірлесе  қолдау көрсету туралы шешім қабылданған. Бұған қоса, инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысын күшейту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп Ынтымақтастық меморандумын бекіту жоспарланған.  Қазір бұл құжаттың жобасы талқылану үстінде.

Енді инвесторларға қажетті мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді алу үшін әртүрлі мекемелерге барудың қажеті жоқ. «Бір терезе» көмегі арқылы, бюрократиялық және әкімшілік жүктемелер біршама қысқартып, барлық рұқсаттарды және лицензияларды алуға мүмкіндік туды.

Кез-келген инвестор өзінің бизнесін кеңейткісі келсе, барлық рұқсат құжаттарын рәсімлеу немесе кеңес алу үшін жолығуына болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

 

Білім туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.

            «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнінен кейін ала алады, ал басқа өңірлердің тұрғындары үшін бұл мерзім күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Білім туралы құжаттарды апостильдеу ақылы – 0,5 АЕК. Оған ақы төлеуді екінші деңгейлі банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргізуге болады. Өтінішті портал арқылы ресімдеу кезінде ақы төлеу электрондық үкімет шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшін ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек болуы керек.

Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметті ұсынудан бас тартылуы мүмкін.

 

ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Экстернат нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім берумекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары білдіреді», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. – Айтпақшы, уақытыңыз шектеулі болса, ХҚКО-ға кезекті электрондық үкімет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегі де жоқ. ЖСН-ды енгізіп, қызметті алғыңыз келетін ХҚКО-ны көрсетсеңіз жеткілікті».

Қызметті алу үшін өтінішті толтыру керек, сол сияқты өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болсын: дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы;1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі және көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшін түпнұсқа. Қажет болған жағдайда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкін.

 15 жұмыс күнінен кейін сіз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды ала аласыз. Айта кетейік, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берілді.

Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімдей алады.  Бұрын осы қызметтерді ресімдеу үшін белгілі бір кесте бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгіну талап етілсе, енді қазір қызметтер ХҚКО арқылы қолжетімді болып отыр, оның ішіндегі үшеуіне электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бойынша қабылдайды – аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін.

                «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрін алуға болады, олардың ішінде – а/ш өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын; а/ш өнімдерін өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі әр түрлі – күрделілігіне қарай 6 жұмыс күнінен бастап 41 жұмыс күніне дейін созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейтіндігін есте сақтаған жөн.

Қажетті құжаттар туралы электрондық үкімет порталының con.gov.kz  ресми сайты және 1414 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Субсидиялау жөніндегі қызметтер тегін көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтінен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттік қызметтер спектрі 212-ге дейін көбейді, ал бизнес-процесстерді оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресімдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мерзімдерін азайтуға мүмкіндік берді. Бүгін елімізде 270 ХҚКО бөлімі жұмыс жасайды.

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталығы 2015 жылды қорытындылады

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы 2015 жылды табысты аяқтады.

Қазіргі таңда облыста  16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 2 сектор және 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс атқаруда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары сегіз жыл жұмыс барысында өз дамуында қызметкерлердің кәсіби деңгейінен бастап заманауи инфрақұрылымға дейін үлкен өзгерістерге қол жеткізді.

 Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да артуда, мысалы, 2007 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен, қазіргі таңда бұл сан 212  қызметке дейін елеулі өсіп отыр.

Өткен жылы тұтынушыларға  1 550 899  қызмет көрсетілсе,  биыл бұл сан 2 миллион 26 мың 85-ті құрап отыр.  Яғни, биылғы жылы көрсетілген қызмет саны едәуір жоғарылаған. Оның ішінде 1 миллион 450 мың 759 құжат электрондық негізде көрсетілді.

- Биылғы жылы қол жеткен жетістердің бірі- Қордай ауданындағы Отар стансасында халыққа қызмет көрсету секторының ашылуы болды. Мұның алдында ғана дәл осындай сектор Мойынқұм ауданындағы  Шығанақ елдімекенінде де ашылған болатын. Бұл құрылымдар аудан орталығынан шалғайда жатқан  тұрғындар үшін өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Осы секторлар арқылы биыл 14551 құжат қабылданды.   Сонымен қатар Қордай аудандық бөлімінің ғимараты да едәуір кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың барлығы да тұтынушылар игілігіне бағытталған,-дейді «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Данияр Медетбеков.

Сондай-ақ  шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, халықтан 42 706 құжат қабылданды.

Баршаға белгілі, 2013 жылдың 20 желтоқсанында  Тараз қаласында Мамандандырылған ХҚКО өз жұмысын пилоттық режимде бастаған болатын.  Бұл бөлімде де көрсетілетін қызмет саны жыл санап арту үстінде. Биылғы жылы мамандандырылған ХҚКО  арқылы 70936 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, барлық бөлімдерде өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. 2015 жылы ХҚКО арқылы халыққа 162436   электронды цифрлық қолтаңба  берілген. Орталыққа  келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны  474334-ке  жетті. Азаматтарға электрондық Үкіметтің төлем шлюзі арқылы банк карточкасымен мемлекеттік төлемдер төлеу мүмкіндігі ұсынылып келеді. Қазіргі таңда төленген төлем сомасы 83 782 222  теңгені  құрап отыр, ал 2014 жылы төленген төлем сомасы 50 714 298 теңге болған.  

 

 «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының  баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты

 

            ХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметті көрсетуді бастады. Бұған дейін ХҚКО-лар аталған ведомствоның                      17 қызметін ұсынған болатын. Енді қызметтер тізбесі кеңейтілді және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ХҚКО-ға берген қызметтер саны               25-ке келіп жетті.

            Атап айтсақ, енді ХҚКО-ларға салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушіні тіркеу есебіне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттігін растау және т.б. үшін жүгінуге болады.

            Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Енді оларды мемлекеттік органдар және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ға дүйсенбіден бастап сенбіні қоса, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жүгінуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердің басым бөлігі толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкімет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетінше алуға болады. «Бұл үшін электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткілікті. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлікке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседі», - деп атап өтті ол.

Балташева қазіргі уақытта көрсетілетін қызметтердің стандарттары келісу үстінде екендігін айтып өтті. Олар бекітілісімен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негіздерде көрсетілетін бо

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

В ЦОНах увеличился перечень услуг налоговых органов

 

            ЦОНы в пилотном режиме начали оказывать еще 8 услуг по линии налоговых органов.  До этого ЦОНы уже предоставляли 17 услуг данного ведомства. Теперь перечень услуг расширился, и количество переданных услуг комитета госдоходов Министерства финансов в ЦОНы достигло 25.

В частности, теперь в ЦОНы можно обратиться за  регистрацией налогоплательщиков,  регистрационным учетом налогоплательщика, справкой о суммах полученных доходов из источников в РК и удержанных (уплаченных) налогов, а также подтвердить резидентство РК и т.д.

            Раньше данные услуги казахстанцы могли получить только в территориальных органах Комитета государственных доходов Министерства финансов РК. Теперь они оказываются на альтернативной основе госорганом и центрами обслуживания населения. Обратиться за оформлением услуг в ЦОНы можно с понедельника по субботу  с 9 утра до 20.00 вечера без перерыва на обед.

По словам генерального директора РГП «ЦОН» Асемгуль Балташевой большинство пилотных услуг полностью автоматизировано и их можно получить самостоятельно на портале электронного правительства, а также  в секторах «Connection Point» ЦОНов. «Для этого нет необходимости брать талон электронной очереди, достаточно иметь электронную цифровую подпись, чтобы получить услугу онлайн. В случае отсутствия ЭЦП инспекторы ЦОН помогут клиенту записать ее на удостоверение личности либо на флеш-карту», - отметила она.

Балташева также рассказала, что в настоящее время стандарты услуг находятся на стадии согласования. Как только их утвердят, пилотный проект будет завершен, и услуги будут оказываться в ЦОНах  на общих основаниях.

 

 

 

Пресс-служба РГП «ЦОН»

 

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

ҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкі сағат 20.00 минутке дейін жүгінуге болады», - деп қосып өтті Балташева. Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері – 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек. Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тізімін http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негізде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы – электрондық нысанда көрсетілді.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық бөлімі

 Болашақшылар кепіл хатын ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттары ретінде оқуға кеткендер үшін кепіл хатын беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Бұл қажетті құжатты алу жолдарын әлдеқайда жеңілдетеді, себебі ХҚКО-ға құжаттарды аптаның алты күнінде сағат таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асыруға болады. Аталмыш кепіл хатын алу үшін келесі құжаттар қажет: толтырылған өтініш; жеке басын куәландыратын құжат, ЖОО-да бағалары қойылған соң қызмет берушінің атына транскриптің көшірмесі. Ал, тілдік дайындық, академиялық оқуға және тәжірибеден өтуге бірінші рет бара жатқандар үшін – мамандығы, оқу бағдарламасы, оқуға қабылдау мерзімі көрсетілген шақырту хатының көшірмесі қажет. Егер тәлімгер өзі ХҚКО-ға келе алмайтын жағдайлар болса оның атынан келетін адамда нотариалды куәланған сенімхаты болуы шарт. Астана қаласының тұрғындары кепіл хатты 15 күнтізбелік күн ішінде алса, басқа өңірлерде бұл хат 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Осы ретте, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған күн есепке алынбайды. Егер ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондау қажет болса, оны электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ-сыз да жүзеге асыруға болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық бөлімі

 Тиімді сектор Бүгінде «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты барлық бөлімдерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік беру. Айта кету керек, биылғы жылы ХҚКО арқылы халыққа 157 528 ЭЦҚ берілген. Орталыққа келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Сондықтан, «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының» құрылу идеясы болашақта өзін-өзі ақтайды деп сенеміз, себебі қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны 408 330 –ға жетті. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде орналасқан қоғамдық қол жеткізу орындары арқылы 903 415 қызмет көрсетілген. «ХҚКО» Жамбыл аудандық бөлім инспекторы С.Ағайдаров

Қамқорлық құшағында Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына аса мән берілген. Мұқтаж адамдар үшін әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылған. Биыл Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 25 қызметкер арнайы ыммен оқудан өтіп, сертификаттарға ие болды. Облыстық филиал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 1186 тапсырыс қабылданып, 2023 құжат қолға берілді. «ХҚКО» Жамбыл аудандық бөлім инспекторы А.Абаев

АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНІҢ АЛҒЫСТАН БАСҚА АЙТАРЫ ЖОҚ Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі түзелген сайын елімізде «темір тұлпарлардың» саны да арта түсуде. Бұл орайда жүргізуші куәлігін алу, көлік құралын тіркеу сияқты қызметтерге жүгінетіндердің де көбейетіндігі сөзсіз. Осындай оңды тенденцияны Тараз қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының тыныс-тіршілігінен де айқын аңғаруға болады. Тарихи шаһарда орналасқан мамандандырылған ХҚКО 2013 жылдың 20 желтоқсанында пилоттық режимде жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда мұнда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Құжат қабылдауға арналған реттеу залы, кеңес беру өзіне-өзі қызмет көрсету, дайын құжаттарды беру секторлары, «электронды үкімет» бұрышы, банк кассалары, салық пен айыппұлдарды төлеуге арналған терминалдар, күту орны бәрі-бәрі тұтынушылар үшін тиімді болып тұр. Сонымен қатар кең залда кедендік бақылау, әкімшілік тәжірибе, мемлекеттік кірістер салаларының өкілдері де қызмет атқарады. Өткен жылдың мамыр айынан жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу үшін психиатр және нарколог дәрігерлердің бөлмелері де ашылып, іске кірісті. Жалпы, биылғы жылдың 10 айында мамандандырылған ХҚКО тарапынан 60819 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 48615-і көлік құралын тіркеуге қатысты өтініштер болса, 12204 тұлға жүргізішу куәлігін алуға құжат өткізген. Сонымен қатар жоғары сұраныстағы 158 мемлекеттік нөмір белгісі 41 миллион 177 мың 254 теңгеге сатылған. Ал, «Электронды үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы 31 миллион 33 мың 581 теңге түскен. Айта кету керек, кейінгі кезеңде автокөлік иелерінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторының мүмкіндігін пайдаланатындардың қатары өсіп келеді. Бұл бағытта 2523 қызмет осы сектор арқылы алынған. Сондай-ақ қоғамдық қолжетімділік орны арқылы 12919 анықтамалар берілген. Бір сөзбен айтқанда автокөлік иелерінің «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеп жатқан заманауи орталыққа алғыстан басқа айтары жоқ. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Алыстағы ағайынның қамы үшін Шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда әкімшілікпен, көші-қон полициясымен, ЗТМО-мен жасалған меморандум негізінде 9 мобильді ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Мобильді топтардың қызметі аудан орталығынан алыста жатқан ауылдардың тұрғындары үшін тиімді болып тұр. қатынау қиындық тудыратын тұрғындар үшін тиімді. Тұтынушылардың көп болуына байланысты әр елді мекен әкімдіктерінің сұраныстарына байланысты жоспардан тыс шығу да болып тұрады. Сонымен қатар мобильді ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 1 және 2 топ мүгедектеріне қызмет көрсететіндігін атап өту керек. Биылғы жылы облыста мобильді топтар елді-мекендерге 818 рет сапарға шығып, халықтан 41 069 құжат қабылданды. «ХҚКО» Жамбыл аудандық бөлім инспекторы Б.Байкатов

Жеке кәсіпкерлерпатентті ХҚКО арқылы ала алады

Енді жеке тұлғаларға жеке кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бару міндетті емес. Патентті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдеуге болады. Патентті ресімдеу бір жұмыс күнінің ішінде дайындалады, бірақ ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейтіндігін ескеру керек. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, ал кімнің уақыты тығыз болса, кезекті электрондық үкімет порталында броньдап алуына болады. Тіпті ЭЦҚ – сы болмасада, клиент өзіне қолайлы ХҚКО-ны және уақытты таңдай алады. ХҚКО арқылы патентті ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: нысан бойынша есеп айырысу, жеке куәліктің түпнұсқасымен көшірмесі, сонымен бірге патент құнын төлеу жөнінде түбіртек. Толық емес құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда ғана құжаттар қабылданбауы мүмкін. Сондай-ақ, электрондық сандық қолтаңбасы бар көрсетілетін қызметті алушы патенті электрондық үкімет порталы, Салық төлеушінің кабинеті және Салық есептілігін өндеу сервистері арқылыда ала алатындығын ұмытпау керек. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Гродеково ауылының инспекторы

Басты мақсат- тиімділікті арттыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясын құруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау. Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтерді іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Қызметтерді мемлекеттік корпорацияға беру шарттарының бірі оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Шалғайдағы шарапат

Өткен жылдың желтоқсан айында «ХҚКО» РМК мен Жамбыл облысы әкімдігінің ортақ келісімен сәйкес шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындары үшін қос бірдей халыққа қызмет көрсету секторы ашылған болатын. Оның бірі Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылынан ашылып, жұмысын бастады. Мұнда қазіргі таңда 4 инспектор еңбек етуде. Жаңа сектор аудан орталығынан 200 шақырымнан қашықтықта жатқан Шығанақ, Мыңарал, Бурылбайтал, Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз ауылдарында тұратын ағайында тиімді қызмет көрсетуде. Сонымен қатар дәл осындай бөлімше Қордай ауданындағы Отар елді мекенінде іске кіріскен болатын. Ағымдағы жылдың 10 айында аталған бөлімшелер арқылы 8 963 қызмет көрсетілген. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент