Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық халықты әлеуметтік қорғау қызметінде

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық

халықты әлеуметтік қорғау қызметінде

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің №136-1 Қаулысының негізінде 1997 жылғы 20 маусымда құрылды. ЗТМО халыққа әлеуметтік төлемдерді төлеу және мен есепке алу жүйесіндегі Үкіметтің негізгі операторы болып саналады. ЗТМО еліміздің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес келетін филиалдық жүйеге ие –  16 облыстық және 219 аудандық бөлімшеден құралған. Сонымен қатар, халқы тығыз орналасқан бірқатар аймақтарда бөлімшелердің филиалдары да бар.

ЗТМО аймақтық бөлімшелері күніне әлеуметтік сала мәселелері бойынша шамамен 15 мыңға жуық адамды қабылдайды. ЗТМО қызметін айқындайтын жалпы үрдіс – әлеуметтік төлемдер, қаржы ағымдары мен халыққа көрсетілетін қызмет көлемінің артуы. Жалпы, республика бойынша 4 322 қызметкерден тұратын ЗТМО ұжымы қызмет етеді.

ЗТМО-да мәліметтерді электронды өңдеуді қолдана отырып негізгі және сақтандыру төлемдерін дербес тіркеу мен жүзеге асыру технологиясы енгізілген, жинақтаушы зейнетақы қорындағы төлем алымшылар мен салымшылардың орталықтандырылған мәліметтер қоры, мүгедектер бойынша мәліметтер қоры жасалған, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің электронды тағайындау жүйесі енгізілген, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың электронды мұрағаты қалыптастырылған.

ЗТМО Жамбыл аудандық бөлімшесі 1997 жылдың қыркүйек айында құрылған. Аудандық бөлімшенің тұңғыш басшысы Аужан Мадахметұлы Мамедов болды. 1999 жылдан 2012 жылға дейін Серік Әбілхайырұлы Әсемов бөлімшеге басшылық жасады. Бөлімшені 2012 жылдың тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін Марат Шыңғазыұлы басқарып келеді. М.Үлеков ЗТМО Жамбыл облыстық филиалының құрылуда өз үлесін қосқан, алғашқы басшылық қызмет жасағандар басшылардың бірі болып саналады. 1997-2012 жылдар аралығында ЗТМО облыстық филиалда бөлім бастығы, облыстық филиалдың орынбасары лауазымдарында  болған.

 Ал, алғашқыда бөлімшеде 5 қызметкер болса, көзіргі таңда 12 қызметкерге (бөлімше мұрағатшысын қосқанда) көбейді.  Қызметкерлер арасында 1998-1999 жылдардан осы уақытқа дейін Е.Амалов, Г.Тоқбергенова еңбек етіп келеді.

Бөлімше 7120 зейнеткерге, 2420 мүгедекке, 750 асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушыға, 7080 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыға қызмет көрсетеді, дүниеге сәби әкелуіне байланысты 970 анаға жәрдемақы берілді. Төлемдерге  республикалық бюджеттен айына 450 млн. астам теңге қаржы жұмсалады.

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан еңбекке жарамсыздығына байланысты 190, асыраушысынан айрылуына байланысты 52, жүктілік пен босануына байланысты 60, бала 1 жасқа толғанға дейін күтімге байланысты 745 азаматқа әлеуметтік жәрдемақылар төленеді. Бұл қордан ай-сайын 25,4 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер  қаржыланады.

ЗТМО бөлімшесінде азаматтарды және олардың өтініштерін қабылдау тәртібі үнемі даму үстінде, жаңа жабдықтар мен озық технологиялар енгізілуде. Әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесі қарсаңында «ЗТМО» Жамбыл аудандық  бөлімшесінің қызметкерлері азаматтарға зор денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тілейді.

 

Бөлімше басшысы                            М.Үлеков


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент