Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Хаттамалары

 

 Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №2 хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                      28 сәуір 2017 жыл

 

Төрағалық еткен:   М. Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері:  Н. Қарашолақ, Т.Татенов, 

М.Байғабылов, Р.Бегалиев, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, С.Маханбетқұлов, Қ. Бүрлібаев, Ж. Тоғанбаев.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2017 жылдың 1 тоқсанында Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

 

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс  

бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуовтың хабарламасы назарға    алынсын.

Жамбыл ауданының Аса ауылдық округ әкімі және Жамбыл ауданы әкімдігінің «кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» хабарламасы назарға алынсын.

2. Аудан әкімінің аппараты, барлық әкімдік бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):

- азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауларды тұрақты жүргізсін;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың, жоғарғы органдардан келген хаттамалық тапсырмалардың, Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

- сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жағдайларын белгiлеп, бiлiктi мамандарды тарта отырып бағдарламалармен және стратегияларға қатысты қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, мекеме, ұйымдарда дәрістер оқып, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын;

- мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығына сәйкес «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен» (бұдан әрі-қағидалар) айқындалған тәртіпте мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, олардың нәтижелерін және оларды жою үшін бұйрыққа сәйкес ішкі талдау жұмыстары жүргізілсін;

-  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 21-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуі тәртібі бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді жою үшін бұйрыққа сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілсін;

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын іске асыруға оның ішінде жастар тәжірибесі, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту, еңбекақыны ішінара субсидиялауға, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, ашықтықты қамтамасыз ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жүргізілсін;

- Білім бөлімі балабақшаға кезекке тұру және кезекті қарау, халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырлатындығы, ата-аналар Ғаламторға кіріп, кезек номері мен оның жылжығанын көре алатындығы және кезегінде тұрған азаматтардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап, тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру ұйымдастырылсын.   

3. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясы:

- тіркелген заң бұзушылық фактілерге алдағы уақытта қайталануына жол берілмеу үшін қосымша шаралар қабылдасын;

- «Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орнату, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған сенім жәшігі жұмыс істеуін жалғастыру;

- әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат тақтасын орналастыруды (фотосурет) қамтамасыз ету (құқық бұзушылық туралы мәлімет) және әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақапарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бақылауды өткізуі жүргізілсін.

4. Барлық әкімдік бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлық бағытында 2017 жылдың 1 тоқсанындағы жүргізілген зерделеу жұмыстары бойынша анықталған кемшіліктерді 10 (он) күн ішінде жойып мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесіне жолдансын және тоқсандық атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесіне уақтылы ұсынсын және осы хаттамалық шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін. Жауапты қызметкерлерінің тиісті атқарылған жұмыстарын тоқсандық мәліметтерді уақытылы жолдамаған болмаса сапасыз болған үшін жауапкершілікке олардың тікелей басшылары тартылсын.

5. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын  бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Бекбосынға жүктелсін.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                             М. Мұсаев

 

         Комиссия хатшысы                                                    Е. Қалисаев

 

 

 

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №1 хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                      01 ақпан 2017 жыл

 

Төрағалық еткен: М. Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері: Н.Қарашолақ, Т.Татенов, Б.Төленбаев, Р.Бегалиев, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, С.Маханбетқұлов, Қ.Бүрлібаев, Ж.Тоғанбаев.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2016 жылдағы Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

2.   Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

_______________________________________________________

 

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс  

бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуовдың хабарламасы назарға    алынсын.

         Жамбыл ауданының Қаракемер ауылдық округ әкімі және Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» хабарламасы назарға алынсын.

2. Аудан әкімінің аппараты, барлық әкімдік бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):

- азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауларды тұрақты жүргізсін;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың, жоғарғы органдардан келген хаттамалық тапсырмалардың, Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

- сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жағдайларын белгiлеп, бiлiктi мамандарды тарта отырып бағдарламалармен және стратегияларға қатысты қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, мекеме, ұйымдарда дәрістер оқып, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын;

- сыбайластық көріністерге қарсы көзқарасты қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихаттық билбордтар орнату, плакаттар ілу жұмыстарын жалғастырсын, олардың тематикасының дұрыс жазылуын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен зерделей отырып жасасын;

- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін нақтылы пысықтап, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар өткізу ұйымдастырылсын;   

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялығын арттырып, соның ішінде сенім телефондарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды, интернет-ресурстағы ресми сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы бөлімнің дұрыс жұмыс істеуін, оның әрдайым материалдармен, атқарылған іс-шаралар жайлы ақпараттандырумен толықтырылып жаңартылып отыруын  жандандырсын;

- барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды анықтау туралы талдау жүргізу ұйымдастырсын;

- ауылдық округ әкімдері жер учаскесіне кезегінде тұрған азаматтардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруды ұйымдастырылсын.   

3. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясы:

- тіркелген заң бұзушылық фактілерге алдағы уақытта қайталап жол берілмеуіне қосымша шаралар қабылдасын;

- сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда дәрістер оқып, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын;

4. Барлық әкімдік бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесіне уақтылы ұсынсын және осы хаттамалық шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.

5. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

6. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын  бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Бекбосынға жүктелсін.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                             М. Мұсаев

         Комиссия хатшысы                                                             Е. Қалисаев

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №1 хаттамалық

ШЕШІМІ

 Аса ауылы                                                                                 15.02.2016 жыл

 

Төрағалық еткен: М.Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері: Р.Бегалиев, Н.Қарашолақ, Т.Жаңабаев, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, Е.Қыдыралыұлы, Н.Құлманова, Е.Жолбай, Ж.Тоғанбаев, С.Махамбетқұлов.

Шақырылғандар: аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

1.     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2015 жылдағы Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

2.     Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

_______________________________________________________

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Е.Жолбайдың хабарламасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы, оның алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы талқыланған мәселелерге қатысты сөз сөйлегендердің ақпараты назарға алынсын.

2. Аудан әкімінің аппараты, барлық әкімдік бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):

- азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауларды тұрақты жүргізсін;

- қызметкерлердің құқықтық білімі мен кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңын оқытуға, түсіндіруге бағытталған жұмыстарды ұйымдастырсын;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың, жоғарғы органдардан келген хаттамалық тапсырмалардың, Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын.

- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін нақтылы пысықтап, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар өткізу ұйымдастырылсын.   

- сыбайластық көріністерге қарсы көзқарасты қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихаттық билбордтар орнату, плакаттар ілу жұмыстарын жалғастырсын, олардың тематикасының дұрыс жазылуын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен зерделей отырып жасасын;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялығын арттырып, соның ішінде сенім телефондарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды, интернет-ресурстағы ресми сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы бөлімнің дұрыс жұмыс істеуін, оның әрдайым материалдармен, атқарылған іс-шаралар жайлы ақпараттандырумен толықтырылып жаңартылып отыруын  жандандырсын.

3. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясы:

- тіркелген заң бұзушылық фактілерге алдағы уақытта қайталап жол берілмеуіне қосымша шаралар қабылдасын;

- сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда дәрістер оқып, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын;

- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға байланысты  мәселелер бойынша зерделеу жүргізу үшін жұмыс тобын құруды ұйымдастырсын; 

4. Барлық әкімдік бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесіне уақтылы ұсынсын және осы хаттамалық шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.

5. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

6. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын  бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Қыдыралыұлына жүктелсін.

  

 Комиссия төрағасы                                                       М. Мұсаев

 Комиссия хатшысы                                                          Е. Қалисаев

 

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №2хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                          25 сәуір 2016 жыл

 

Төрағалық еткен: М. Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері: Н.Қарашолақ, Т.Жаңабаев, Н.Несіпбеков, Е.Қыдыралыұлы, Е.Жолбай, С.Маханбетқұлов.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

1.           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2016 жылдың 1 тоқсанында Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Жамбыл ауданының Ақбұлым және Қаратөбе ауылдық округ әкімдерінің хабарламасы назарға алынсын.

2. Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша):

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кезең-кезеңімен іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар.

         -   Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу.

          -   Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту.

-  орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына үнемі бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін.

-  Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін. 

-  сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда семинар-кеңестер ұйымдастырсын;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жалғастырып, азаматтардың арыз-шағымдарын жан-жақты объективті қаралуын қамтамасыз етіп, жеке қабылдау жұмыстарын жандандырсын.

3. Барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппаратына уақытылы ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 21-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуі тәртібі бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді жою үшін бұйрыққа сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілсін:

-  барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті аумақтағы органдар мен мекемелерге (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген жұмыстар туралы тоқсандық мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына уақтылы ұсынсын.

5. Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша):

-  құқық қорғау органдарымен (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдармен (келісім бойынша) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізсін. 

-   сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және тағы басқа іс-шаралар өткізуді жандандырсын, жоспарларында көрсетілген тармақтардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жүзеге асырсын.

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын.

- жауапты қызметкерлерінің тиісті атқарылған жұмыстарын тоқсандық мәліметтерді уақытылы жолдамаған болмаса сапасыз болған үшін жауапкершілікке олардың тікелей басшылары тартылсын.    

6. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Қыдыралыұлына жүктелсін.

        

         Жамбыл ауданының әкімі,

        комиссия төрағасы                                                             М. Мұсаев

 

        Комиссия хатшысы                                                         Е. Калисаев

 

 

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №3 хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                       27 шілде 2016 жыл

 

Төрағалық еткен: М. Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері: Н.Қарашолақ, Н.Несіпбеков, Е.Қыдыралыұлы, С.Маханбетқұлов.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

1.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2016 жылдың 2 тоқсанында Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімше басшысының міндетін атқарушы Е.Калисаев хабарламалары назарға алынсын.

Жамбыл ауданының Қарой және Қызылқайнар ауылдық округ әкімдерінің хабарламасы назарға алынсын.

2. Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша):

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кезең-кезеңімен іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар;

         - мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскер) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;  

         - еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мәліметтерге мұқтаж азаматтарды есепке алу мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін;

          - аудан әкімдігінің және ауылдық округтердегі өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімінің кезегінде тұрған азаматтардың тізімін зерделеу жұмысы жүргізілсін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй берілген азаматтардың тізімдерін зерделеп, еркін қолжетімділікті қамтамасыз етсін. 70-пәтерлік коммуналдық тұрғын үйге азаматтардың тіркелген тізімі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізілуін қамтамасыз етсін; 

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын;

- тиісті жоспарларда көрсетілген тармақтардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жүзеге асырсын;

-   мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және оны өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін нақтылы пысықтап, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар өткізу ұйымдастырылсын;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін; 

-   сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда семинар-кеңестер ұйымдастырсын;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жалғастырып, азаматтардың арыз-шағымдарын жан-жақты объективті қаралуын қамтамасыз етіп, жеке қабылдау жұмыстарын жандандырсын.

         4. Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығына сәйкес «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен» (бұдан әрі-қағидалар) айқындалған тәртіпте мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, олардың нәтижелерін және оларды жою үшін бұйрыққа сәйкес ішкі талдау жұмыстары жүргізілсін.

 -  барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті аумақтағы органдар мен мекемелерге (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген жұмыстар туралы тоқсандық мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына уақытылы ұсынсын.

5.  Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша):

-   құқық қорғау органдарымен (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдармен (келісім бойынша) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізсін; 

- қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмыстарды жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдансын.

6.   Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Қыдыралыұлына жүктелсін.

        

 

        Жамбыл ауданының әкімі,

        комиссия төрағасы                                                            М. Мұсаев

 

        Комиссия хатшысы                                                        Е. Калисаев

 

 

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №4 хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                         26 қазан 2016 жыл

 

Төрағалық еткен: М. Мұсаев - аудан әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері: Н.Қарашолақ, Т.Татенов, Б.Төленбаев, Р.Бегалиев, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, Е.Қыдыралыұлы, С.Маханбетқұлов, Қ.Бүрлібаев, Ж.Тоғанбаев.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2016 жылдың 3 тоқсанында ауданда орындалуы туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуов хабарламасы назарға алынсын.

2. Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша):

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың толық орындалуын қамтамасыз етсін;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясат туралы және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы халықты тұрақты түрде хабарландыру, насихаттау жұмыстарын жалғастыру жандандырылсын;

- алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына үнемі бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін; 

- сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда семинар-кеңестер ұйымдастырсын;

         - тетігін жетілдіру мақсатында квазимемлекеттік сектордың сатып алу олардың ашықтығын арттыру, оның ішінде жариялау жолымен толық ақпарат туралы тендерді ұтып алған тұлға, баға, егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тауар немесе қызмет, сондай-ақ өндіруші туралы ақпарат қамтамасыз етсін;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялығын арттырып, соның ішінде сенім телефондарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жалғастырып, азаматтардың арыз-шағымдарын жан-жақты объективті қаралуын қамтамасыз етіп, жеке қабылдау жұмыстарын жандандырсын.

3. Барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппаратына уақтылы ұсынсын.

4. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

 

        

        Жамбыл ауданының әкімі,

        комиссия төрағасы                                                            М. Мұсаев

 

        Комиссия хатшысы                                                        Е. Калисаев

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент