Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ЖАМБЫЛ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Аудандық маслихаттың

2015 жылғы 25 желтоқсандағы

48-3 шешімімен бекітілген


                               

                                                            

                                                                                         

                                                                

ЖАМБЫЛ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ

2016-2020  ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аса  ауылы    

2015 Жыл

МАЗМҰНЫ

I. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ……….……………………………………

3

II. АҒЫМДЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ...…………………………….……….

7

1 БАҒЫТ: Экономика......……………………………………….

7

1.2. Өнеркәсіп...............………………………………………………..

7

1.3. Агроөнеркісіп кешені.........………………………………………

12

1.4. Шағын және орта бизнес, сауда....……………………………….

18

1.5. Инновациялар мен инвестициялар……………………………….

25

2 БАҒЫТ: Әлеуметтік сала.............………………………………………….

29

2.1. Білім беру... ……………………………………………………….

31

2.2. Жастар саясаты...........…………………………………………….

34

2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.........................................................

35

2.4. Мәдениет...…………………………………………………………

39

2.5. Дене шынықтыру және спорт..........................................................

41

2.6. Туризм………………………………………………………………

43

2.7. Үш тілдікті дамыту……..………………………………….…...

44

3 БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп....................

48

3.1. Құқықтық тәртіп....................................................................................

48

3.2. Қоғамдық қауіпсіздік ………………………………………

51

4 БАҒЫТ: Инфрақұрылым....................................................................

54

4.1. Құрылыс...................................................................................

54

4.2. Жолдар және көлік………………………………………………..

56

4.3. Байланыс және коммуникация…...………………………………………..

58

4.4. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық……………………...

60

5 БАҒЫТ: Экология және жер ресурстары…………………………..

63

5.1. Аудан экологиясы………………………………………………….

63

5.2. Жер ресурстары………………………………………………...

65

6 БАҒЫТ: Мемлекеттік қызмет ………………………………………………...

 

6.1. Мемлекеттік қызмет ………………………………………………...

 

III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары ……………………………………………………………………

67

3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл ауданының негізгі даму бағыттары

67

3.2. Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары

71

Қажетті ресурстар............................……..………………………………………………...

96

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

 

Бағдарламаның атауы

Жамбыл ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы  облыстың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер көлемі 4,3 мың шаршы шақырымды  немесе Жамбыл облысының жер көлемінің 3,0 пайызын  құрайды.

Аудан аумағындағы 17 ауылдық округтерде 42 елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 15 елді мекеннің даму әлеуеті жоғары, 27-сі орташа. Аудан орталығы Аса ауылы және тіректі елді мекен Айшабибі ауылы болып саналады.

Жамбыл ауданы  облыс орталығы Тараз қаласының айналасын  қоршай орналасқан. Ауданның батыс жағы Көделі мал жайылымымен шекаралас жатқан Талас ауданымен, шығысында қыратты Алмалы жотасы арқылы Тұрар Рысқұлов ауданымен және ортақ жайлау болған Дегереспен түйісіп көршілес Қырғызстан Республикасымен, солтүстігі Байзақ ауданымен, оңтүстігі Жуалы ауданымен шектесіп жатыр.

Аудандағы 42 елді мекеннің 30-ы мемлекеттік шекарадан 50 шақырым радиуста орналасқандықтан шекара аймағы елді мекендері қатарына жатады. 

Географиялық жағынан аудан орталығы Аса ауылы облыс орталығынан 24 шақырым қашықтықта, ал Жалпақтөбе, Қала маңы, Түрксиб, Ақбұлым, Жасөркен, Бектөбе, Шайқорық елді мекендері облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болса, ең алыс Ерназар елді мекені аудан орталығынан 36, ал облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Аудандағы халық саны 2015 жылдың 1 қарашаға 79 864-ке жетіп, жалпы облыс тұрғындарының 7,2 пайызын құрады.

Бағытталуына қарай аудан аграрлы-индустриалдық болып табылады. 2015 жылдың 9 айында жалпы шығарылған өнім көлемі 42 441,3 млн теңге, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 15 659,4 млн теңге (12,6%).

Салалар бойынша негізгі секторлар болып мыналар танылады: ауыл шаруашылық кешені, өнеркәсіп саласында тау-кен өндірісі, мұнай өндеу және басқа да түрлі өндірістері.

Негізгі бағыттары

● Экономиканы дамыту

● Әлеуметтік сала

  Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық

● Инфрақұрылым

● Экология және жер ресурстары

● Мемлекеттік қызмет

Мақсаттары

Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

● Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;

● Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

● Шағын бизнесті және сауданы дамыту;

Инновацияны дамыту және инвестицияларды өсіру;

Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;

● Жастарға жағдай жасау және қолдауды қамтамасыз ету;

● Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

●Халықты әлеуметтік қорғау және әлсіз топтарға арналған әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру;

● Мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;

● Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін арттыру;

● Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің санының артуы;

● Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру;

● Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

● Апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру;

● Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту;

●Тұрғын үй құрылысын және мүгедектерге қолжетімділік қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту;

● Автомобиль жолдарын және елді-мекендер арасындағы автокөлік қатынасын дамыту;

● Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;

● Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және орман қорын дамыту;

ауданның жер қорын пайдалануда тиімділікті арттыру.

● Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлары

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі;

● Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазудың нақты көлем индексі; ● Су жабдықтау және кәріз жүйесінің нақты көлем индексі

● Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

● Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

● Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

● Ұйымдасқан шаруашылықтардағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі;

● Тұқымдық түрлендіруге қатынасатын мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі;

● Мерзімі бұзылып берілген сибсидиялар үлесін азайту;

● Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

● Көтерме сауданың нақты көлем индексі;

● Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны;

● Инновация саласындағы белсенділік деңгейі;

● Үш ауысымдық және апатты мектептер саны;

●Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың саны; 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың үлесі; 

● Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

● Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған және оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру орындары түлектерінің үлесі;

● Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі;

● 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатының орындалуына қанағаттанушылық деңгейі;

● Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

● Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

● Жұмыспен қамту мекемесіне жәрдем сұрап жүгінген, еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны;

● Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі;

● Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан);

● Жеке сектор субъектілерімен ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен);

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған нысандарының жалпы санынан мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі;

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны;

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту;

● Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар спорт мектептерінде және клубтарындағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту; 

● Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру;

● Өткен жылмен салыстырғанда сыртқа шығу туризмі бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру;

● Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік орындарының санын ұлғайту;

● Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

● Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

● Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын);

● Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

● Жол-көлік оқиғаларында 100 зардап шеккендерге шаққанда қайтыс болғандардың санын азайту;

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы

● Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған  қылмыстардың үлес салмағы;

● Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі;

100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

● Интернет пайдаланушылар үлесі;

● Халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылық деңгейі;

● Адам саны 1000 және одан да көп елді мекендерді мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

● Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

● Пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы көлемі;

● Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

● Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

● Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

● Желілердің жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі (салалық бағыттылығына байланысты);

● Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағындағы орманды алқаптардың көлемі

● Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағында бір орман өртінің орташа көлемі;

● Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

● Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы);

● Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс).

● Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды  кәдеге жарату үлесі;

  ● Аудан халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

  ● Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

● Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.

Қажетті ресурстар*

2016 жыл –

2017 жыл –

2018 жыл –

2019 жыл –

2020 жыл –

*- қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді.

 

 

 

 

 

II. Ағымдағы ахуалды талдау.

 

1 БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

 

 

1.1. Өнеркәсіп

 

Жамбыл ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – өнеркәсіп саласы болып табылады. 2011-2014 жылдар аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 121,2 %-ға өсті. Ең жоғарғы көрсеткіш 2013 жылы 19 616,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсті.

 

2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп өнімі

көлемінің динамикасы, млн.теңге

1-сурет

 

2012 жылдан бастап 2014 жылдар аралығындағы көрсеткіштердің жоғарылауы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2010 жылдың желтоқсан айында соғылған "АГӨЗ" ЖШС-нің толық жобалық қуаттылығына шығуымен байланысты болды.  Бұл кәсіпорын ауданның өнеркәсіп саласындағы ірі өндіруші болып табылады. Сонымен бірге, аталған кәсіпорындағы шикізат қоры бойынша орын алған қиындықтарға сәйкес, 2014 жылдан бастап өнім өндірісі төмендеуде. Осылайша, төмендегі талдауларда көрсетілгендей, 2014 жылдан бастап көрсеткіштердің орындалмауы "АГӨЗ" ЖШС-не тікелей байланысты.

 

1-кесте. Өнеркәсіп өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өнеркәсіп саласы

14 568,7

19 616,1

10 598,8

ЖШӨ-дегі үлесі, %

45,9

43,3

20,5

 

 

Ауданның жалпы шығарылған өнім көлемінің құрамындағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің динамикасы тұрақсыз. Ең жоғарғы көрсеткішке 2012 жылы қол жеткізілді – 45,9 %.

 

2-кесте. Ауданның өнеркәсіп өнімінің

облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудан өнеркәсібі

14 568,7

19 616,1

10 598,8

Облыс өнеркәсібі

202 354,7

237 842,6

274 298,1

Аудан үлесі, %

7,2

8,2

3,9

 

Облыстың өнеркәсіп саласы көрсеткіштерінің үлесінде де сәйкес динамика бақыланып, 2013 жылы аудан үлесі 8,2 %-ды, 2014 жылы 3,9 %-ды құрады.

 

 

2011-2014 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің

нақты көлем индекс динамикасы, %

 

2-сурет

 

 

2012-2013 жылдары өндіріс көлемінің өсуіне қарамастан, нақты көлем индексінің төмендеу құбылысы байқалуда. Ол әлемдік нарықтағы мұнай бағасының және сәйкесінше ауданның ірі өнеркәсіп кәсіпорны "АГӨЗ" ЖШС өнімінің өзіндік құнының жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал, 2014 жылы "АГӨЗ" ЖШС-дегі қиындықтарға байланысты бұл көрсеткіш ең шекті деңгейде, яғни 51,3 % болды. 2015 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд. 419,1 млн. теңгені құрағанымен, нақты көлем индексі 91,3 %-ға жетті.

 

 

 

 

2014 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі

 

                                                                                                                                3-сурет

 

Өнеркәсіп саласындағы негізгі бағыттардың бірі өңдеу өнеркәсібі. 2014 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 9 млрд. 156,2 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 86,3 % болды.                                                 

 

2012-2014 жылдар аралығындағы

«АГӨЗ» ЖШС-нің өндірген өнім көлемі, млн. теңге

4-сурет

Өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорын "АГӨЗ" ЖШС-нің өндірген өнім көлемі, 2012 жылы 10 млрд. 815,4 млн. теңгеге немесе 74,2 %-ға жетті. 2013 жылы кәсіпорын 16 млрд. 324,4 млн. теңгеге өнім өндіріп немесе жалпы аудан бойынша өнеркәсіп көлемінің 83,2 % құрап, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. 2014 жылдан бастап зауыттағы шикізат қоры бойынша туындаған қиындықтарға байланысты өндіріс қарқыны төмендеп, бұл жылғы өндіріс көлемі 5 млрд. 604,4 млн. теңгені немесе үлесі 52,8 %-ды құрады.  

Кәсіпорын АИ-80 маркалы бензин, мазут, авиациялық керосин және дизель отынын өндіруге бағытталған. Еліміздің ішкі нарығында АИ-80 маркалы бензинге сұраныс жоқ. Ол тек кішігірім көлемде ғана ары қарай өңдеуге немесе жүк көліктері үшін ғана өткізілуде.  Бұдан бөлек, өнімнің 27 %-ы шамасында жеңіл және ауыр дистилянтты сұйық отын (газойл) құрайды. Олар дизель отыны мен жоғары октанды бензиннің шикізат құрамдасы болып табылады.

2015 жылдың 10 айы бойынша  өткен жылмен салыстырғанда «АГӨЗ» ЖШС-нің қаржылай көрсеткіште өнім өндіру көлемі 31,0 %-ға  дейін төмендеген. (2014 ж. 5 279,2 млн. теңге; 2015 ж. 1615,2 млн. теңге). Соған қарамастан, олар  заттай көрсеткіште 123,6 мың тонна немесе 41,8 мың тоннаға көп өнім шығарған (2014 ж. – 81,8 мың тонна).  Атап айтқанда, жыл басынан бері 6,4 мың тонна бензин (2014 ж. 10 айы - 4,2 мың тонна), 25 мың тонна мазут (2014 жыл 10 айы - 39,6 мың тонна), 63 мың тонна дизель отыны (2014 ж. 10 айы - 29,7 мың  тонна), 12,8 мың тонна жеңіл дистиллят (2014 ж. 10 айы - 8,3 мың тонна) және 16,4 мың тонна ауыр дистиллятты сұйық отын өндірілді (2014 ж. 10 айы – болған жоқ).

Зауыт Республикадағы отандық мұнай өнімдерін өндірушілер реестріне енгізілмегендіктен, кен орындарынан шикізат 3 есе қымбат бағамен жіберіледі (реестрге енгізілгендерге тоннасы 120 доллардан, ал «АГӨЗ» ЖШС-не  380 доллардан). Бұл жағдай өнімнің өзіндік құнына және  өткізілген өнім көлеміне кері әсер етті. Бұдан бөлек «Құмкөл» кен орыны, бірінші кезекте ШНОС-ты қамтамасыз етуге бағытталғандықтан шикізатты дер кезінде  жеткізу бойынша да кедергілер орын алған. Осыған байланысты зауыт 2015 жылдың шілде айынан бастап жоғары сапалы мұнайдан, яғни тікелей айдалатын өнім шығаруды тоқтатты. Бүгінгі таңда, олар сапасы төмен мұнай мен мұнай шикізатын қайта өңдеуді жүргізуде, себебі мұндай өнімдер кен орындары мен басқа мұнай өңдеу зауыттарынан шексіз көлемде және кедергісіз жіберіледі.

«АГӨЗ» ЖШС-ін отандық мұнай өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар реестріне енгізу мәселесі Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінде келісуден өткізу сатысында, алдын-ала деректер бойынша оң шешіледі деген тұжырым бар.

Өнеркәсіп саласының дамуына ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы да өз үлесін қосуда. 2011-2014 жылдары бұл бағдарлама аясында 3 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 2011 жылы медициналық бұйымдар өндіретін «Super Pharm» ЖШС мен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің құрылыс материалдар комбинаты іске қосылса, 2014 жылы «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің "Панельді үйлер шығаратын тұрғын үй-құрылыс қомбинаты" жұмысын бастады. Бұл жобалардың жалпы құны 1 млрд. 170 млн теңгені құрайды.  Аталған нысандарда 245 жаңа жұмыс орындары ашылған.

 

3-кесте. 2012-2014 жылдары ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске қосылған нысандарда шығарылған өнім көлемі, млн. теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

«БиномСтройДеталь» ЖШС

395,0

239,2

346,6

«Super Pharm» ЖШС

2 505,5

395,1

428,3

Жалпы өнім көлемі

2 900,5

634,3

774,9

Бұл кәсіпорындардағы өнім көлемінің бірқалыпты өсуін жоғарыда берілген кестеден байқауға болады. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өнім көлемі 140,6 млн. теңгеге немесе 122,1% жеткен. 2012 жылы «Super Pharm» ЖШС өнімінің есебінен ең жоғарғы көрсеткіш 2 900,5 млн. теңгені құраған.

2015-2019 жылдарға арналған ИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан көлемінде жобалық құны 4 928,7 млн. теңге болатын 2 жоба іске асыру көзделуде.  Олар: «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-нің ет комбинаты мен «Аса Даму» ЖШС-нің құс фабрикасын салу жобалары. Бұл нысандарда 248 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Сонымен қатар, аудан көлемінде құм, құмды-қиыршық тас қоспасы, гипс, әктас, топырақ сияқты жалпы қолданыстағы пайдалы қазбалар кен орындарының бар екендігін атап өту қажет.  Осы кен орындарының негізінде «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС (гипс тасы мен ангидрид өндірісі), «Компания инвест mk» ЖШС (асфальтты бетон қоспасын өндіру),  сондай-ақ күйдірілген кірпіш пен шағал өндіретін 8 шағын кәсіпорын жұмыс жасауда.  

 

Өнеркәсіп саласын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      Ауданның облыс орталығына жақын қашықтықта және Қырғызстан Республикасымен шекаралас аумақта орналасуы;

·      Транспорттық инфрақұрылымның қол жетімділігі (Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралі, темір жолы желілері мен тұйықтары, әуежай);

·      Облыс көлеміндегі минералды шикізат ресурстарының мол қоры;

·      Құрылыс материалдарын дамытуға қажетті жалпы қолданыстағы пайдалы қазбалардың мол қоры (гипс, әктас, құмды-қиыршық тас қоспалары, құм,  топырақ);

·      Аралас салалардың даму үрдісі;

·      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін біршама энергетикалық мүмкіндіктер;

·        Өнімнің көп бөлігінің ресурс- және энергия сыйымдылығының жоғары болуы;

·        Шикізатқа тәуелділік;

·        Инновация саласындағы өнеркәсіп үлесінің төмендігі;

·        Өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылығы;

·        Электр желілері мен аралық станциялардың тозуы;

·        Өндірілген өнімнің бәсекеге қәбілеттілігінің төмендігі;

·        Салада біліктілігі және тәжірибесі жоғары мамандардың жетіспеушілігі

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

·          ИИД мемлекеттік бағдарламасы, «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту»,  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары шеңберінде  мемлекеттік қолдау шаралары;

·     Өнеркәсіп саласының технологиялық әлеуетіне сәйкес өндірілетін өнім түрлерін кеңеюі;

·     Инвестициялық климаттың тартымдылығының артуы;

·     ЕАЭО бірігуіне байланысты нарықтың кеңеюі;

·     Жаңартылатын энергия көздері нысандарын іске қосу есебінен ауданның энерготәуелділігн төмендету;

·     Еңбек әлеуетін дамыту.

·     Матадан жасалмайтын медициналық бұйымдарды, құрылыс материалдарын өндіру мен өткізуде Қытай және Ресей тарапынан жоғары бәсекелестік;

·     ЕАЭО мемлекеттері жағынан бәсекелестіктің болуы;

·     Мемлекетіміздің ДСҰ-на кіруіне байланысты экономикамыздың жеке секторларының бәсекеге қабілетсіздігі;

·     Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін энергетикалық және көлік инфрақұрылымына ішкі нарықтағы бағаның өсуі.

 

Саланың проблемалары:

Тау-кен өндірісі мен карьерлерді пайдалануда – шикізаттың толық өңделмеуі, көптеген өнімнің ресурстар мен энергетиканы мол қажетсінуі;

Қайта өңдеу өнеркәсібінде:

- мұнайды қайта өңдеу өнімі өндірісі – кен орындарынан мұнай жеткізу қиын, мұнай мен мұнай өнімдерін тереңдетіп (екінші қайтара) өңдеу және ЕВРО-4, ЕВРО-5 стандарттарына сай келетін бензин өндіру технологиясының жоқтығы.

- медицина өнеркәсібі – дайын өнімді өткізудің мемлекеттік тапсырысқа тәуелділігі, матадан жасалмайтын бұйымдар шығаратын өз өніміміз жоқ болғандықтан, оны Қытай елінен әкелудеміз.

- құрылыс материалдарын шығару өндірісі – Ресейлік құны арзан құрылыс материалдарымен бәсекелестік, құрылыс жұмыстары көлеміне және мемлекеттік инвестицияға тәуелділік.

Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауамен салқындату    желілердің, подстанциялардың тозығы жеткендіктен электр және  жылу энергиясынан шегетін зиян зор, өзіміздің электр энергиясын өндіретін объектіміз немесе табиғи отын ресурстарымыз жоқ болғандықтан энерго ресурстар бағасы жоғары.

Ауыз сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды бақылау – ауыз сумен қамту жүйелерінің тозығы жеткен, сарқынды суларды тазарту имараты тек аудан орталығында ғана бар.

 

 

1.2. Агроөнеркәсіптік кешен

 

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан құралатын агроөнеркәсіптік кешен негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша жоғары үлесті қамтамасыз ете отырып, аудан экономикасында маңызды рөл атқарады.

2012-2014 жылдары ауыл шаруашылық саласында өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалып, 2014 жылы 19 млрд. 388 млн. теңгені құрады.

 

 

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылық саласында

өндірілген өнім көлемі, млн.теңге

5-сурет

 

13 662,7 теңге

19 388 теңге

 

 

 

 

9 874 теңге

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығының үлес салмағы мал шаруашылығынан сәл ғана басымырақ. 2014 жылы оның үлесі 56,1 % құрады.

2015 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 18 млрд 791,2 млн теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,7 % құрады (2014 ж – 14 048,8 млн. теңге).

 

4-кесте. Ауылшаруашылық өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ауылшаруашылық саласы

9 874,0

13 662,7

19 388,0

ЖШӨ-дегі үлесі, %

31,0

30,1

37,6

 

 

2012-2014 жылдары ауыл шаруашылық өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі бойынша тұрақты үрдіс байқалды. Бұл саладағы өнім көлемі жыл сайын артқан. 2012 жылы бұл көрсеткіш 31,0 % жетті. Ал, 2014 жылы өнім көлемі 1,9 есе артып, үлесі 37,6 % құрады.

 

5-кесте. Ауданның ауылшаруашылық өнімінің

облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудан ауыл шаруашылығы

9 874,0

13 662,7

19 388,0

Облыс ауыл шаруашылығы

94 393,8

127 346,5

166 387,4

Аудан үлесі, %

10,5

10,7

11,7

 

Облыстың ауыл шаруашылық саласы көрсеткіштерінің үлесінде тұрақты өсу динамика бақыланып, 2012-2014 жылдар аралығында аудан үлесі 11 % шамасында болды.  

Ауданның жалпы жер көлемі 431,3 мың га құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылық алқабы - 414,8 га (96,2 %), оның 64,3 га егістік (14,9 %).

Жалпы 2012-2014 жылдар аралығында жүргізілген түгендеу жұмыстарымен 25735 гектар жердің пайдаланусыз жатқаны анықталып, нәтижесінде 16685 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды (65,0 %).  Мемлекеттік меншікке қайтарылуға тиіс 9050 гектар жер. Аталған жерді мемлекет меншігіне қайтарып, заң аясында шара қолдану үшін құжаттар Жамбыл облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына  жолданды.

2012-2014 жылдары ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы ұлғайды. 

 

6-кесте. Ауыл шаруашылық дақылдары егістік алқабының құрылымы

 

Атауы

2012 год

2013 год

2014 год

га

%

га

%

га

%

Күздік бидай

3 972

9,2

6 375

13,7

6200

12,6

Жаздық арпа

5 775

13,4

5 380

11,5

5500

11,1

Дәндік жүгері

1 500

3,5

1 600

3,4

1700

3,4

Майлы дақылдар

3 327

7,7

4 521

9,7

5116

10,4

Қант қызылшасы

518

1,2

45

0,1

59

0,1

Картоп

405

1,0

502

1,1

683

1,4

Көкөніс

4 508

10,5

4 952

10,6

5030

10,2

Бақша

400

1,0

418

0,9

385

0,8

Мал азығы (шөп)

22 586

52,5

22 830

49,0

24 673

50,0

Барлығы

42 991

100,0

46 623

100,0

49 346

100,0

 

Егістік алқабының құрылымында басым бөлігін астық дақылдары (23,7%) мен мал азығы (50%) құрайды.

Өткен жылдар аралығында қант қызылшасының көлемі күрт төмендеді. Оның себебі қант қызылшасын қабылдайтын зауыттардың шикізатты тұрақты қабылдамауы, қант шикізатының қабылдау бағасының төмендігі, тұқымының сапасыздығы, ағын судың жетіспеушілігі, өңдейтін және жинайтын арнайы техникалардың тозуы мен жаңа техникалардың сатып алынбауы болып отыр.

Егістік құрылымын оңтайландыру мақсатында жыл сайын әртараптандыру шаралары жүргізілуде. Нәтижесінде майлы дақылдарының, көкөніс және мал азығының аумағы ұлғаюда.

Сондай-ақ, су үнемдеу түріндегі жаңа технологиялар қолданылуда. Аудан бойынша барлығы 518 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылса, оның ішінде 2015 жылы 272 гектары енгізілді. Аталған егіс алқаптарының 98 гектарына 4 шаруашылық тамшылатып суару технологиямен қарқынды (интенсивті) алма бақтарын отырғызды.

Ауданның мал шаруашылығы көп салалы болып табылады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының жүзеге асырылуының нәтижесінде құс пен шошқадан басқа барлық түрлері мал басы саны жоғарылады.

 

7-кесте. Мал басы санының динамикасы, бас

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ірі қара мал

31 596

31 696

32 391

Қой ешкі

159 909

164 565

169 337

Шошқа

4 371

3 940

1 337

Жылқы

9 470

10 128

14 034

Түйе

44

48

52

Үй құстары

91 390

92 004

78 670

 

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ірі қара малы 2,5 %-ға, қой-ешкі 5,9 %-ға, жылқы 48,2 %-ға, түйе 18,2 %-ға артқан.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 6 тауарлы-сүт фермасы бар (Тимофеев, Елеуов, Жолдыбай, Жолсеит, Мейіржан, Майда ШҚ-ы).

2012-2014 жылдары іске асырылған шаралар мен мемлекеттік қолдау егістік алқабын, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін, мал басы санын өсіруге, ал олар өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің артуына үлес қосты.

 

8-кесте. Негізгі ауыл шаруашылық өнім түрлері

өндірісінің динамикасы

 

Атауы                    

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Астық дақылдары

тонна

8 763

18 944

9 491

Көкөніс

тонна

108 913

121 566

133 157

Картоп

тонна

8 718

10 859

14 879

Ет

тонна

7 981,8

7 770,3

8 151,9

Сүт

тонна

37 603,7

38 487,8

38 703,3

Жұмыртқа

мың дана

6 244

5 581,5

6 396,5

 

Сонымен бірге, 2014 жылы жағымсыз ауа-райына байланысты астық дақылдарының көлемі төмендеді. Үй құстары санының азаюынан, оның ішінде негізінде халықтың жеке шаруашылықтарында, өндірілген жұмыртқа көлемі төмендеуде. Оның негізгі себебі, жемнің орташа бағасының 2-2,5 есеге қымбаттауы болып отыр. 

Ауданда барлығы 2503 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 4 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2496 шаруа қожалықтары бар. Мал шаруашылығы өнімі өндірісіндегі халық шаруашылықтарының үлесі әлі де жоғары деңгейде екендігін атап өткен жөн. Бұл өз алдына, осы саланың өнім өндірісі ұсақ тауарлы сипатта екендігін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендірудің 2013-2020 жылдарға арналған облыстық бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 1287 майда шаруашылықтарды, оның ішінде 2015 жылы 183 шаруашылықты ірілендіру жоспарланып, нақты 21 шаруашылыққа 106-ы біріктірілген (57,9 %). Ірілендіру жұмыстары бағдарламаның 2-ші және 4-ші бағыттары бойынша, яғни 100 га дейін жері бар майда және орта шаруашылықтарды тұрақты экономикалық дамуы бар ірі шаруашылықтардың маңына топтастыру және 100 га дейін жері бар майда және орта шаруашылықтарды «Тараз» ӘКК ҰҚ» АҚ-ның құрамында бюджет қаржысы есебінен құрылатын шағын машина-трактор стансалары (МТС) төңірегінде топтастыру көзделген.

 

Ветеринария саласы.

Жамбыл ауданының көлемінде іске асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық ахуал қалыпты.

Ауыл шаруашылық жануарларын тіркеу мақсатында ауданда бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылшаруашылық жануарларына бірдейлендіру нөмірі және ветеринарлық паспорт беріліп, ол туралы  ақпарат арнайы базаға енгізіледі. 2014 жылы 57 239 бас ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспар 100% орындалды.

 

9-кесте. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру

жұмыстарының динамикасы

 

Жануар түрі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

Ірі қара

7500

5150

14 500

14 500

12 854

12 854

Ұсақ мал

82 500

82500

90 100

90 100

44 385

44 385

Барлығы

90 000

87 650

104 600

104 600

57 239

57 239

 

Ветеринарлық ахуалды тұрақтандыру үшін ауданда өзін-өзі қамтыған 1 бөлім және 1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 16 ветеринарлық пункттер жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ветеринарлық пунктер мен ұйымдарды материалды-техникалармен қамту жұмыстары жүргізіліп, 16  - Нива, 2 - ДУК және 1 - САНГ ИОНГ автокөліктері мен малдарды тасуға арналған 16 - прицеп сатып алынды.

Эпизотиялық ахуалды қалыпты жағдайда сақтау мақсатында биотермиялық шұңқырлардың  құрылысына және оны санитариялық ұстауға  жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда. Атап айтқанда, , 2012 жылы - 4, 2014 жылы - 4 биотермиялық шұңқырлардың құрылыстары аяқталып, іске қосылды. Осы жұмыстардың жүргізілуінің нәтижесінде аурудың таралып кетпеуі қатаң бақылауға алынған.

        

 

10-кесте. Ауырған жануарлар саны

 

Ауру атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Құтырма

1

3

2

Энтеротоксемия

2

1

3

 

Ағымдағы жылы ауданның 11 елді мекенінде (Бірлесу-Еңбек, Өрнек, Жаңаөткел, Шайдана, Түрксіб, Қапал, Бектөбе, Гродиково, Көлқайнар, Еңбек, Жамбыл)  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қауіпті ошағы анықталып, 2 ауылда кене шағу фактісі орын алып, 1 адам қайтыс болды.

Облыстық бюджеттен күзгі маусымда дезинсекция жұмыстарын жүргізуге 6 204 мың теңге бөлінді. Осы қаржыға аталған елді-мекендерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілуде.

 

Ауыл шаруашылық саласын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығын өңдеу өндірісін дамытуға жағымды табиғи-климаттық жағдай;

·      Шабындық пен жайылымның болуы;

·      Облыста минералды тыңайтқыштар өндірісінің болуы;

·      Ауыл шаруашылық кластерін құру үшін агроөнеркәсіптік кешендегі дамыған институционалдық инфрақұрылымның болуы;

·      Мемлекеттік қолдау (Агробизнес - 2020).

·        Механикаландыру деңгейінің жеткіліксіздігі және ауылшаруашылық техникаларының тозуы деңгейінің сақталуы;

·        Суару инфрақұрылымының тозуы;

·        Ұсақ тауарлы өндіріс, әлі де малдың басым бөлігі жеке шаруашылықтарда ұсталады;

·        Кепілдік капиталдың жоқтығынан ІІ деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығына несие беру деңгейі төмен.

 

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

·     «Агробизнес – 2020» бағдарламасының іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

·     БЭК және БӘСҰ аясында өнім өткізудің жаңа нарықтары;

·     Экпорттық әлеуетті ұлғайту үшін жеке шаруашылықтарды ірілендіру;

·     Егіс алқаптары құрылымындағы тиімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру;

·     Ұсақ ауылшаруашылық өндірістерін ірілендіру арқылы машина-трактор станциясын (МТС) құру;

·     Ауылдық тұтынушылар кооперативі желілерін кеңейту.

 

·     Жағымсыз ауа-райы жағдайларының, апатты жағдайлардың әсері, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағы;

·     БЭК және БӘСҰ аясында азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;

·     Ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер ететін  жеке шаруашылықтардың басымдығы;

·     Кепілдік базасының әлсіздігіне байланысты ауылдық елді мекендердегі халықты несиелендірудің қиын тұстары;

·     Ауылдық кооператив пен механизмдері туралы ауыл халқының ақпараттандыру деңгейінің төмендігі.

 

 

Саланың проблемалары:

- Жамбыл ауданындағы ауылшаруашылығы саласының дамуын негізінен тежейтін – майда шаруашылықтар. 50 га-ға дейін жер учаскесі бар майда шаруашылық субъектілерінің үлес салмағы 64 % құрайды. Бұл шаруашылықтар өз беттерінше өндіріске агротехнологияларды ендіруге, егін себу айналымын,  өсімдіктер әлемін сақтауға шамалары жетпейді. Ал ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, атап айтқанда тамшылатып, жаңбырлатып суғару немесе ылғалды үнемдеу-сақтау технологияларын айтай ақ қойса да болады.

- көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және қосалқы айналымға салатын қаражаттар жетпеушілігі.

- мал басының негізгі қоры жекменшік секторда шоғырланған;

- «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламасына қатысушылардың өздерінде  кепілдікке қоятын мүліктерінің жетіспеушілігі байқалады. Ұсынылған мүліктер ауылдық жерде орналасқандықтан олардың бағалану құны да өте төмен;

- машина-трактор парктерін техникалық жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз, жаңа жетілген технологияларды енгізу  жағы да нашар;

- ауылда білікті мамандар жеткіліксіз;

- қол еңбегін қажет ететін жұмыстарға технология енгізу нашар дамыған, а/ш техникаларының тозығы жеткен, мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдарды және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау алғашқы өңдеу мен көкөністі сақтау инфрақұрылымының жоқтығы.

-  суармалы маусымда су тапшылығы;

- ауданда сауда-логистикалық инфрақұрылымның жоқтығы нарықтық саудада азық-түлік сатумен айналысатын майда ойыншылар қызметінің пайда болуына және өнім бағасының негізсіз өсуіне әкеп соқтырады.

- отандық ауылшаруашылығы тауарларының ішкі және сыртқы саудада бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

 

 

1.3. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

         Аудан экономикасын дамытудың бастапқы бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлік.

         Аудан бойынша 2014 жылы 3087 шағын және орта кәсіпкерлік тіркеліп, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5 %-ға төмендеп, 2012 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға артқан.

 

 

 

 

 

 

  11-кесте.  Шағын және орта кәсіпкерлік

 

Атауы

Көрсеткіштері

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тіркелгені

бірлік

2 965

3 251

3 087

Жұмыс істейтіні

бірлік

2 724

2 748

2 568

Жұмыс істейтіндердің үлесі

%

91,8

84,5

83,1

Жұмысшылар саны

адам

5 405

5 527

5 343

Өндірген өнім көлемі

млн. теңге

11 099,1

15 814,6

17 900,7

 

Тіркелген шағын кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды. 2014 жылы 2496 шаруа қожалықтары тіркеліп, жалпы көрсеткіштің 81 % құрады. Ал, 2012 жылы 2177 шаруа қожалықтар тіркеліп, 73,4 % құраған болатын.

         Сонымен қатар, 2014 жылы тіркелген шағын кәсіпкерліктің 428-і немесе 14 % жеке кәсіпкерлерді құраған. Бұл, 2013 жылмен салыстырғанда 217 бірлікке, 2012 жылмен салыстырғанда 249 бірлікке азайған.

Шағын және орта кәсіпкерліктің ең төмен бөлігін заңды тұлғалар құрайды. 2014 жылы 163 заңды тұлға тіркеліп, 2012 жылмен салыстырғанда 47 %-ға артқан (2012 жылы 111 заңды тұлға).

2014 жылы жұмыс істейтін 2563 шағын және орта кәсіпкерліктер тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 7,2%, 2012 жылмен салыстырғанда 6,2% төмендеген (2013 жылы - 2748 , 2012 жылы - 2724).

 

Тіркелген және жұмыс істейтін

шағын кәсіпкерліктердің динамикасы

6-сурет

 

Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін шағын кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды (2012-2014 орташа есеппен 78,4%). Ал жеке кәсіпкерлер орта есеппен 19,1 % болып, заңды тұлғалар 2,5 % құрады.

 

 

 

 

2014 жылы тіркелген және жұмыс істейтін

шағын кәсіпкерлік

7-сурет

2012 жылы шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны – 5405 адам, 2013 жылы – 5527 адамды құраған. 2014 жылы шағын және орта бизнесте - 5343 адам жұмыс істеп, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,2%, 2013 жылмен салыстырғанда 2,7% төмендеп кеткен. Оның ішінде 2014 жылы жеке кәсіпкерлікте 678 адам, заңды тұлғада 370 адам жұмыс істесе, басым бөлігі шаруа қожалықтарында 4295 адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта кәсіпкерлікте 2013 жылы өндірілген өнім көлемі 15,8 млрд.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 42,4 %-ға артқан (2012 жылы 11,0 млрд.теңге). Сонымен қатар 2014 жылы өндірілген өнім көлемі 17,9 млрд.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 13 %-ға, 2012 жылмен салыстырғанда 61,2 %-ға артып отыр.

2015 жылы аудан бойынша жалпы тіркелген 4587 кәсіпкерлік нысандарында 6617 адам жұмыспен  қамтылған. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 21 млрд. 912,7 млн. теңгені құрады.

Шағын және орта бизнесте өндірілген өнім көлемінің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды. Орта есеппен алғанда 2012-2014 жылдар аралығында өндірілген өнім көлемінің 73,8% шаруа қожалықтарында, 24,2 % заңды тұлғаларда, 2 % жеке кәсіпкерлікте өндірілген.

2010 жылдан бері шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы (БЖК-2020) жүзеге асырылуда. 2011-2014 жылдар аралығында Жамбыл ауданында БЖК-2020 бағдарламасы шеңберінде 1 млрд. 014 млн. теңгеге 6 жоба субсидияланды, 1 жобаны несиелеу бойынша кепілдендіру және 1 грант берілді, 3 жоба бойынша қажетті өндірістік инфрақұрылым жүргізілді.

 

12-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының құралдары бойынша қаржылық қолдау алған жобалар

 

Қолдау құралдары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Пайыздық ставканы субсидиялау

-

3

2

Кепілдендіру

-

1

-

Гранттар

-

-

1

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

3

-

-

 

БЖК-2020 бағдарламасының іске асыру шаралары арқылы жұмыс орындары сақталып қана қоймай, бірқатар қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды.

 

Сауда

Ішкі сауда бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдарынан құралады. Жамбыл ауданының 2012-2014 жылдардағы ЖШӨ көлемінің құрылымындағы ішкі сауданың үлесі 8,9 %-дан 29,4 %-ға дейін ұлғайды. Ең жоғарғы көрсеткішке 2014 жылы қол жеткізілді.

 

    13-кесте. 2012-2014 жылдардағы ішкі сауда

   (млн. теңге)

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ішкі сауда

2 813,9

3 786,6

15 180,1

ЖШӨ-дегі үлесі, %

8,9

8,4

29,4

 

Бөлшек сауда

2012-2014 жылдары бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 34 %-ға жоғарылады.

 

2012-2014 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымы, млн.теңге

 

10-сурет

Атап айтқанда 2012 жылы 997,2 млн. теңгені, 2013 жылы 1 178,3 млн. теңгені құрады. Ал 2014 жылы 1 336,5 млн. теңгеге жетіп, ең жоғарғы нәтижені көрсетті.

2015 жылдың 10 айында бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 185,4  млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6% болды (2014 жылдың 10 айында -  1 млрд. 178,5 млн. теңге). Нақты көлем индексі 96,5 % болып отыр. Ағымдағы жылы Көлқайнар ауылдық округінің аумағынан «АС-ЕР» («Майлыбаев» ШҚ) мал базарының іске қосылуына байланысты, бұл көрсеткіш жылдың соңына толығымен орындалады деп күтілуде.

 

2012-2014 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымының

нақты көлем индексінің динамикасы, %

11-сурет

Сонымен бірге, нақты көлем индексі бойынша да өсім байқалуда. 2012 жылы - 93,3 %, 2013 жылы - 102%, 2014 жылы – 131,5% құраған.

 

14-кесте. Ауданның бөлшек сауда айналымының

облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудандық бөлшек сауда

997,2

1 178,3

1 336,5

Облыстық бөлшек сауда

107 843,8

146 181,6

178 436,2

Аудан үлесі, %

0,9

0,8

0,7

 

Бөлшек сауда айналымы мен нақты көлем индексі бойынша оң динамика байқалғанымен, оның облыстық көрсеткіштегі үлесінде кері үрдіс орын алды. Ол 2012 жылғы 0,9 %-дан 2014 жылы 0,7 %-ға дейін төмендеді.

 

Көтерме сауда

2012-2013 жылдары көтерме сауда тауар айналымында бірқалыпты өсім қалыптасып, 1 млрд. 816,7 млн. теңгеден 2 млрд. 608,3 млн. теңгеге дейін жетті.

 

 

 

2012-2014 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымы, млн.теңге

 

12-сурет

 

Ал, 2014 жылы 13 млрд. 843,6 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 7,6 есеге дейін артты. Бұл аталған жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

2015 жылдың 10 айында көтерме сауда айналымының көлемі 21 млрд. 371 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2 есеге ұлғайды (2014 ж. 10 айы – 10 млрд. 561 млн. теңге).

 

2012-2014 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымының

нақты көлем индексінің динамикасы, %

13-сурет

 

2012-2014 жылдары көтерме сауда тауар айналымының нақты көлем индексінің динамикасында оң үрдіс қалыптасып, 2012 жылғы 115,3 %-дан 2014 жылы 4,9 есеге дейін жетті.

 

15-кесте. Ауданның көтерме сауда айналымының

облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудандық көтерме сауда

1 816,7

2 608,3

13 843,6

Облыстық көтерме сауда

146 944,2

192 681,1

231 820,3

Аудан үлесі, %

1,2

1,4

6,0

 

2012-2013 жылдары көтерме сауда айналымының облыстық көрсеткіштегі үлесі 1,2-1,4 % көлемінде болса, 2014 жылы 6 %-ды құрады.

 

 

Шағын және орта кәсіпкерлік пен сауда саласынын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;

·      Ауданның облыс орталығына жақын орналасуы, тиісінше банк, қаржы-несие мекемелеріне тікелей байланысқа шығуы.

·      шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жүйелік қызмет;

·      сауда көлемін дамытудағы және халықты жұмыспен қамтудағы оң динамика;

·      әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек бағаны бақылаудың қалыптасқан жүйесі;

·      ЕАЭО-қа мүшелік.

·      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналымдағы жеке қаражаттарының, кепілдік мүліктерінің жеткіліксіздігі;

·      Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің тиісті деңгейде мамандандырылмауы және өзара ұйымдаспауы;

·      Бөлшек сауда заңнамадағы кемшін тұстары;

·      Отандық кәсіпорындардың өнім түрлерінің аздығы, олардың сырттан келген тауарлармен салыстырғанда бәсекелесу қабілетінің төмендігі;

·      Көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы;

·      Айналымдағы қаражаттың жеткіліксіздігі;

·      Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығының әлсіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы, оның ішінде сауда саласында да;

·      ТМД және ЕАЭО мемлекеттерінен келетін азық-түлік тауарларына тәуелділік;

·      Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

·     ЕАЭО шеңберінде шағын және орта бизнеспен серіктестік;

·     Аудандағы өңдеу өнеркәсібін дамыту;

·     Отандық азық-түлік өнімі өндірісін жоғарылату;

·     көлік-логистикалық орталық желілерін дамыту;

·     бәсекелестіктің артуы, сауда желілерінің бәсеке қабілетілігінің жоғарылауы.

·     Макроэкономикалық ортадағы жағымсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме;

·     ЕАЭО және БӘСҰ шеңберінде бәсекенің күшеюі;

·     Бөлшек сауда нарықтарындағы көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

·     Инфляция өсіміне байланысты  халықтың тұтынушылық қабілетінің төмендеуі.

 

Саланың проблемалары:

ШОБ-те: Көптеген субъектілерде өзіндік инвестициялық және айналымға салатын тұтынушылық сұраныстарын қанағаттандыратын қаржының тапшылығы; ШОБ өкілдерінің несие алу үшін мүліктік кепілдіктері  төмен болғандықтан, банк тәуекел шығындарды қарыздың пайыздық ставкаларын көтеру жолымен несие құнына жатқызады; шағын бизнес саласында инженер-техник жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар  тапшылығы.

Сауда саласында: «ауыл-қала» байланысындағы көліктік-логистикалық орталықтардың жоқтығы, алаңдардың жалға беру ақысының жоғарылығы, логистика және сақтау шығындары жалпы сауда жүйесінің тиімсіздігі мен бәсекелестікке қабілетсіздігін көрсетеді; айналымдағы қаржының тапшылығы; сауда секторындағы топ-менеджменттің тапшылығы.

 

 

1.4. Инновация және инвестиция

 

Инновациялар.

2012-2014 жылдар аралығындағы инновациялық өнім көлемінің динамикасы тұрақсыз болды. Егер, оның облыстық көрсеткіштегі үлесі 2012 жылы 54 %-ды құраса ал, 2013-2014 жылдары бұл көрсеткіш күрт төмендеп, 1,7 % ғана болды.

 

16-кесте. 2012-2014 жылдардағы

инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудандағы инновациялық өнім көлемі

10 380,3

456,3

538,0

Облыстағы инновациялық өнім көлемі

19 181,2

21 495,7

30 965,0

Аудан үлесі

54,0

2,1

1,7

 

Сәйкесінше, инновация саласындағы белсенділік деңгейі де 2012 жылы ең жоғарғы көрсеткішті орындап, 19,6 %-ды құрады. 2013-2014 жылдары төмендеп, 6,7-9,7 % құрады.

 

17-кесте. Инновация саласындағы белсенділік деңгейі

 

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Инновациясы бар респонденттер саны, бірлік

2

5

2

3

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %

8,3

19,6

6,7

9,7

 

 

Инвестициялар.

2012-2014 жылдары ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде тұрақты өсім байқалуда. Яғни, 2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция– 5 248,5 млн. теңге, 2013 жылы – 16 804,7 млн. теңге ал, 2014 жылы 16 824,1 млн. теңгені құраған.

 

 

 

 

 

2012-2014 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция

(млн.теңге)

14-сурет

 

 

Ал, 2014 жылы ең жоғарғы көрсеткіш 16 824,1 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 3,2 есеге артқан. 2013-2014 жылдардағы инвестиция көлемінің өсуінің себебі, "Азия газ құбыры" ЖШС-нің  құрылыстарымен байланысты болды.

 

 

2014 жылғы қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

 

 

15-сурет

 

 

2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері бойынша құрылымы келесідей болды: республикалық бюджеттен  - 1 285,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 230,6 млн. теңге, жеке қаражаттар – 4 177,6 млн. теңге, банктердің кредиттері  - 215,6 млн. теңге және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 9 914,7 млн. теңге.

Ал, жалпы 2012-2014 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің құрылымы төмендегідей болды:

 

18-кесте. Негізгі капиталға салынған инвестиция құрылымы

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Бюджеттік қаражаттар

3 040,6

2 387,1

2 516,1

Жеке қаражаттар

2 206,5

1 336,0

4 177,7

Банк кредиттері

-

-

215,6

Қарыз қаражаттар

1,4

13  081,6

9 914,7

Барлығы

5 248,5

16 804,7

16 824,1

 

Негізгі капиталға салынған инвестицияның ішінде бюджеттік қаражаттардың үлесі төмен. Ол 2012 жылы 3 млрд. 040,6 млн. теңге болса, 2014 жылы 2 млрд. 516,1 млн. теңгені құрап, 17,2 %-ға төмендеген.

Ал, жеке қаражаттар бойынша өсім байқалып, 2012 жылғы 2 млрд. 206,5 млн. теңгеден 2014 жылы 4 млрд. 177,7 млн. теңгеге жетті, яғни 1,9 есеге артқан.

Қарыз қаражаттар 2012 жылы 1,4 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 700 есеге артып, 9 млрд. 914,7 млн. теңгеге жетті. Бірақ, ең жоғарғы көрсеткіш 2013 жылы орындалып,  13 млрд. 081,6 млн. теңгені құрады. Мұндай түбегейлі оң динамикалы өзгеріс, жоғарыда айтылғандай аудан аумағынан өтетін газ құбырының құрылысымен байланысты болды.

 

19-кесте. Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемінің облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Аудандық инвестиция көлемі

5 248,5

16 804,7

16 824,1

Облыстық инвестиция көлемі

149 590,5

248 543,5

225 075,2

Аудан үлесі, %

3,5

6,8

7,5

 

2012-2014 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің өсуімен қатар, оның облыстық көрсеткіштегі үлесі де біршама артты. Ол 2012 жылы 3,5 %-ды құраса, 2013 жылы 6,8 %-ға жетті. Ал, 2014 жылы ең жоғарғы көрсеткіш 7,5 % болды.

 

Инновация және инвестиция саласын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      Халықтың білім деңгейінің жоғарылығы;

·      облыс көлемінде инновациялық инфрақұрылым элементтерінің болуы: Жоғары оқу орындары, Ғылыми-зерттеу орталықтары;

·      инновация саласындағы оң динамика;

·      ауданның орналасу жағдайы, көлік инфрақұрылымының  дамығандығы, жер қойнауы, климаты және басқа да сипаттарының инвестиция тартуға қолайлылығы.

·      Ғылым мен өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

·      бизнестің инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі.

 

Мүмкіндіктері

Қауіп қатерлері

·     Инновацияны дамыту үшін ИИД мемлекеттік бағдарламасының, 2020 жылға дейінгі ҚР инновациялық дамыту Қағидасы мен оны жүзеге асыру Жол картасының  мүмкіндіктерін қолдану арқылы өнеркәсіп салаларын әртараптандыру үшін жаңа технологияларды әзірлеу және пайдалану;

·     "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының аясында өнеркәсіп, инвестициялар мен инновацияларды дамытудың стратегиялық бағдары;

·     Энергия және ресурс үнемдеу саласындағы инновациялардың дамуы;

·     ЕАЭО кіруімізге байланысты сырттан инвесторларды тарту.

·     Аймақтық инновациялық жүйенің жоқтығы.

 

 

 

Саланың проблемалары:

-          Аймақтық инновациялық орталықтың жоқтығы, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарының ғылыммен байланыс деңгейінің үлесі төмен.

-          Жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БАҒЫТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

 

2.1. Білім беру

 

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында білім беру саласында «2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде аудандағы білім берудің қолжетімділігі мен сапалылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. 

 

Мектепке дейінгі тәрбие

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін сақтау мен кеңейту үшін, 5-6 жастағы балаларды мектепалды дайындықпен қамтамасыз ету шаралары қабылданды.  Осыған сәйкес, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда аудандағы 37 мектепте 94 сынып комплектісінде 1673 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

2011-2014 жылдары барлығы 7 балабақша іске қосылды.

1) Ескі ғимараттары мемлекеттік меншікке алынып, күрделі жөндеуден өткізу арқылы:

- 2011 жылы  Қызылқайнар ауылынан 140 орынға және Тоғызтарау ауылынан 25 орынға;

- 2012 жылы Айшабибі ауылынан 140 орынға және Аса ауылынан 280 орынға;

- 2013 жылы Өрнек ауылында 50 орындық балабақшалары пайдалануға берілді.

2) Бюджет қаражаттары есебінен құрылыс жүргізу арқылы 2014 жылы Түрксіб ауылынан 280 орынға арналған балабақша ашылды.

3) мемлекеттік тапсырыс арқылы 2014 жылы Жалпақтөбе ауылынан 20 орындық «Сұлтан» жеке меншік балабақшасы жұмысын бастады.

Бұдан бөлек, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуын кеңейту мақсатында шағын орталықтар белсенді түрде ашылуда. 2010-2015 жылдары аралығында 12 шағын орталық пайдалануға берілді. Жалпы  мектеп базасындағы шағын орталықтардың саны 18-ге жетті.

Жалпы 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 3 мекемеге ұлғайып, жалпы 31-ді құраса, ондағы орындар саны 13,4 %-ға артты.

 

20-кесте. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

саны

қамтылған бала

саны

қамтылған бала

саны

қамтылған бала

Балабақша

13

1 571

14

1 621

16

1 901

Шағын орталық

15

875

15

875

15

875

Барлығы

28

2 446

29

2 496

31

2 776

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 150 орынға 3 шағын орталық ашылды. Нәтижесінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен қамту деңгейі 1-6 жас аралығында 47,4 %-ды, ал 3-6 жас аралығында 70,8 %-ды құрады. Мектепке дейінгі ұйымдар саны мен балаларды қамтуда оң динамика байқалғанымен, аудан көрсеткіштері облыстық көрсеткіштерден төмен болып отыр (сәйкесінше 52,1 % және 75,0 %).  

 

21-кесте. 2013-2014 жылдары

балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту  деңгейі

 

Бала саны

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған деңгейі, %

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

10 айы

1-6 жас аралығында

44,5 %

43,7%

47,4%

Облыс бойынша орта көрсеткіші:

47,2 %

48,1 %

52,1%

3-6 жас аралығында

59,7 %

59,4%

70,8%

Облыс бойынша орта көрсеткіші:

67,9 %

67,9 %

75%

 

Сонымен қатар, бюджет қаражаттары есебінен құрылыс жүргізу арқылы 2015 жылдың желтоқсан айында Жалпақтөбе ауылынан 280 орындық балабақша іске қосылатын болады.

16 балабақша мен 18 шағын орталықтағы барлығы 2921 балаға мемлекеттік тілде білім беріледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 392 педагог қызмет атқарады. Оның 302-і балабақшаларда, ал 90-ы шағын орталықтарда.

 

Жалпы орта білім

Аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарының (26 орта, 11 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 795 сынып комплектісінде 14 307 балаға 1800 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 94 сынып комплектісінде 1673 бала білім алуда.

Ана тілі ретінде Чкалов орта мектебінде дүнген тілі, Әйтиев және Шайқорық орта мектептерінде түрік тілдері оқытылуда.

Соңғы жылдары апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептер салу қарқынды жүргізілуде. Мысалы, 2012 жылы Аса ауылында 600 орындық Гагарин, 2013 жылы Жасөркен ауылында 300 орындық Әуезов, Қаратау бөлімшесінде 120 орындық Рысқұлов атындағы орта мектептер, 2014 жылы Жаңаөткел ауылында 50 орындық Матросов атындағы негізгі мектеп салынды. Бұдан бөлек, 2015 жылы Еңбек ауылындағы 120 орындық орта мектебі пайдалануға беріліп, ауданда апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық шешімін тапты.

Қазіргі таңда ауданда үш ауысымды мектептер жоқ. Соңғы жылдардағы мектеп жасындағы бала санының көбейюіне байланысты келешекте Гродиково, Айшабибі және Түрксіб (Макаренко о/м) елді мекендерінде мектептердің үш ауысымды болу қаупі бар.

26 орта және 1 негізгі мектептердің үшеуінің ғимараттары типтік емес (Тоқтаров, Бірлесу Еңбек, Октябрь Жеміс о/м), олардың спортзалдары, акт залдары және асханалары жоқ. 7 орта мектептің ғимараттары 1970-80 жылдары салынғандықтан және ұзақ уақыт пайдаланғандықтан күрделі жөндеуді қажет етеді (Исмаилов, Жасөркен, Шайқорық, Кейкиев, Беспаев, Әйтиев, Гродиково о/м).

11 бастауыш мектептердің 2-і жалдамалы ғимаратта орналасқан (Кызылтан, Кызыл-Дихан). Барлық бастауыш мектептердің ғимараттары типтік емес, оның ішінде 9 мектептің ғимараты сабанды-каркасты, спорт залдары мен асханалары жоқ.  

Аудандағы 23 мектепте физика, химия, биология сыныптары бар (60,5%). Ал, 21 мекеме лингафон және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған (55 %).

 

22-кесте. 2015 жылғы жалпы білім беру мекемелерінің

жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтылуы

 

 

Атауы

Барлығы, мектептер

Қамтылу деңгейі

физика

химия

биология

Жамбыл ауданы

38

11

10

13

Облыстық көрсеткіш

450

160

163

185

 

Барлық мектептер компьютерленген. 2015 жылдың 10 айында қамтамасыз ету деңгейі – 1 балаға 8 компьютерді құрап отыр.

Аудандағы 38 жалпы білім беру мекемелерінің 36-ы (95 %) кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Бұдан бөлек, қарапайым интернет желілері мен Wi-Fi жүйесі орнатылған.

Мектептерде қызмет атқаратын 1800 педагогтың 1628-і жоғары және 172 арнаулы орта білімді қызметкерлер. Жалпы мұғалімдер құрамының 18,2 % жоғары санатты, 37,6 % бірінші санатты, 23,2 % екінші санатты.

 

23-кесте. 2014-2015 оқу жылындағы мұғалімдер құрамы

 

 

Атауы

Жоғары білімді

Арнаулы орта білімді

Жоғары санатты

328

 

 І-санатта

662

15

ІІ – санатта

279

139

 Санатсыз

359

18

Барлығы:   

1628

172

Жалпы 1800 мұғалім

 

2011-2014 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдық елді мекендерге 24 жас маман келді.

 

2014 жылы ҰБТ нәтижесі бойынша ауданымыздың орташа балы 69,43 құрап, 2012-2013 жылдармен салыстырғанда сәйкесінше 3,85 және 3,08 балға жоғары нәтижені көрсетті. Алдыңғы жылдары ҰБТ нәтижесі бойынша аудан төменгі орындардан көрінген болса, 2014 жылы 6 орынға көтерілді.

Ал, 2015 жылы аудан оқушыларының орташа балы 81,43 құрап, басқа аудандармен салыстырғанда 3 орынға орналасты. Салыстырмалы түрде айта кетсек, облыстық орташа балл көрсеткіші 78,6 құрады. ҰБТ тапсырған  90 оқушы 100 - ден  жоғары  балл жинады. Бұл 2014 жылғыдан 5,88 % -ға жоғары. Ең жоғарғы балл көрсеткіші 122 (2014 жылы 118 балл). «Алтын белгі»  төс белгісіне 6 оқушы ұсынылып, оның 5-і өз білімдерін дәлелдеп шықты.

 

2012-2014 жылдардағы

ҰБТ нәтижелері бойынша орташа бал

16-сурет

 

Облыс көлеміндегі 3 ауданда сауықтыру лагерьлері жоқ. Соның бірі Жамбыл ауданы болып табылады. Соған қарамастан, аудан оқушылары жыл сайын мектеп жанындағы және қала маңындағы лагерьлермен қамтылады. Атап айтқанда, балаларды жазғы сауықтыру жұмыстарымен қамту деңгейі 2012 жылы 78,4 %-ды, 2013 жылы 80 %-ды, 2014 жылы 83,3 %-ды құрады. Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш 84,0 %-ға жетті.

2011 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар 100% ыстық тамақпен қамтылған. 21 елді мекеннен 1072 бала 12 мектепке сапалы әрі ыңғайлы тасымалмен қамтамасыз етілген немесе қажеттілік 100% орындалды.   

Балаларға қосымша білім беру бойынша ауданда М.Төлебаев атындағы саз мектебі қызмет етеді. Онда 333 бала оқиды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектептен тыс үйірме жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты «Айналайын» ҮЕҰ жеңіп алып, 105 баланы қамтыды. Барлығы қосымша білім берумен 438 оқушы қамтылды (3,1%).

 

 

 

Балалар құқығын қорғау

01.11.2015 жылға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мәліметіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі 394 бала есепте тұр. Оның ішінде 191 бала тәрбиемен және оқумен қамтылған (49 %).   Атап айтқанда

-  аудандағы 9 жалпы білім беру мектептерінде 72 бала инклюзивті оқытумен қамтылған;

- 119 бала үйде жеке оқыту бағдарламасымен қамтылған.

 

24-кесте. Инклюзивті білім берумен қамту деңгейі

 

Аудан атауы

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны

Инклюзивті білім берумен қамтылған балалар саны

Инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2015

(1.11.2015)

Жамбыл

428

438

477

60

62

62

14,0

14,1

13,0

18,3

 

Сонымен қатар, 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 63 балаға педагогикалық түзету қолдау көрсетіледі.

2015 жылы аудан бойынша 38 жалпы білім беретін мектептердің 9-да (23,7%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған (2014 жылы – 9 (23,7%).

 

 

Білім беру саласын дамытудың SWOT- талдауы:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      Апатты жағдайдағы мектептер жоқ;

·      Жыл сайын мектепке дейінгі мекемелер санының өсуі; 

·      ҰБТ нәтижелерінің жақсаруы;

·      ЖОО-на түскен мектеп бітірушілер санының өсуі.

·     Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту деңгейінің төмендігі;

·     Аудандағы білім беру мекемелерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы;

·     Типтік емес мектептерде спорт залдары мен асханалардың жоқ болуы;

·     Ғимараты сабан кірпіштен салынған бастауыш мектептер бар;

·     Күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп ғимараттары бар.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

·     «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде мектеп ғимараттарын күрделі және ағымды жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету;

·     Ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқару тетігінің кіріс көздері арқылы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау мен жөндеуден өткізуді шешу;

·     Мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу.

·     Педагогтардың басым бөлігінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

·     Халқы тығыз орналасқан елді мекендердегі мектептерде үш ауысымда оқу қаупі бар;

·     Мектепке дейінгі мекемелерге орналасуға кезектің жыл сайынғы өсуі;

·     1000 адамға дейінгі тұрғыны бар ауылдарда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жеке меншік балабақша ашудың инвесторлар үшін тартымсыздығы.

 

 

Саланың проблемалары:

- асханасы мен спорт залдары жоқ, типтік емес мектеп ғимараттарының болуы;

- саман кірпіштен салынған бастауыш мектеп ғимараттарының болуы;

- білікті педагог кадрларының, ағылшын тілінде сабақ беретін ұстаздардың жетіспеушілігі;

- 3 мектеп бойынша алдағы жылдары үш ауысымды оқытуға ауысу қаупі бар;

-  Мектепке дейінгі мекемелерге орналасуға кезектің өсуі.

 

 

2.2. Жастар саясаты

 

2014 жылы Жамбыл ауданының 21 267 адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 245 адамға азайған. Бұл, жалпы аудан тұрғындарының төрттен бір бөлігін (26,7%)  құрайды. Оның 10 782-і ер адамдар (50,7%), 10 485-і әйелдер (49,3%). 2014 жылы аудан бойынша жастардың жалпы санынан оның үлесі 7,7 % құрады.

2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан халқы 79 869 адамды құрады, оның ішінде жастар 20 510 адам немесе 25,7 %.

 

Ауданның жалпы халық санынан

14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі

17-сурет

 

 

  Ауданда 5 қоғамдық жастар бірлестігі («Айналайын» балалар мен жасөсіпірімдер орталығы, «Гуонлен» жастар ұйымы, «Геккон» жастар спорттық-туристік клубы, «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы, «Болашақ  Жамбыл» қоғамдық бірлестігі), Жастар орталығы және 5 аула клубы  (Аса, Ерназар, Жамбыл, Бесағаш және Айшабибі ауылдық округтерінде) қызмет атқарады.

Жастар ұйымдарының жұмысына қатысатын жастардың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2 сатыға жоғарылап, 17 %-ды құрады.

Соңғы жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының саны артуда. 2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 2 ұйым (Айналайын, Геккон), 2013 жылы – 3 (Геккон, Гуанлен 2 жоба бойынша), 2014 году – 3 (Гуанлен, Айналайын 2 жоба бойынша) қатысты.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат құрамындағы жастар үлесінің төмендігі байқалады. Егер 2012 жылы 1 жас депутат тіркелсе, 2014 жылы 2 жас немесе депуттаттардың жалпы санынан 13,3 % құрады.

 

 

 Саланың дамуын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·     Ауданда Жастар орталығының және оның әр ауылдық округте жастар ісі бойынша бекітілген инспекторларының  болуы;

·     Мемлекеттік жастар саясатының аудандық бюджеттен қаржыландырылуы.

·     Жастар саясаты мәселелері бойынша бөлім жоқ;

·     аудандық мәслихат құрамындағы жастар санының аздығы.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

·      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын кеңейту.

·      Жастардың әлеуметтік оптимизм деңгейінің төмендеуі.

 

 

Саланың проблемалары:

- үкіметтік емес сектордың даму деңгейінің төмендігі;

- мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бөлімнің болмауы;

- жастарды жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі;

- тұрғын үймен қамтамасыз ету;

- жастар арасындағы қылмыстардың орын алуы және артуы.

 

 

2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

Жұмыспен қамту

2012-2014 жылдар аралығында жұмыспен қамтылған адамдар саны тұрақты түрде артып отырды. Атап өтсек, 2012 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 709 адамды құраса, 2014 жылы 1 190 адамға жетті. Ал, 2015 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 1 469 адамды құрады.

 

25-кесте. Ауданның еңбек нарығының негізгі индикаторлары, адам

 

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл 10 ай

Тұрақты жұмыс орындары

370

564

642

987

о.і.:жаңа жұмыс орындары

209

131

191

 

Жастар тәжірибесі

55

55

78

103

Әлеуметтік жұмыс орындары

48

50

89

90

Ақылы қоғамдық жұмыс орындары

206

181

216

219

Несиелендіру

15

76

102

30

Кәсіптік оқыту

25

36

63

40

Жалпы жұмыспен қамтылғандар

719

962

1 190

1 469

Жұмыспен қамту деңгейі, %

82,3

77,1

82,4

84,0

 

2012-2014 жылдары "Еңбекпен қамту" бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемінде де оң динамика байқалады. 2014 жылы бұл бағдарлама бойынша 52 млн. 750 мың теңге бөлініп, 2012 жылмен салыстырғанда 15 млн. 884 мың теңгеге артқан (2012 жыл - 36 млн. 866 мың теңге).

 Нәтижесінде, 2012-2014 жылдары аралығында 2 871 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде 1 274 адам. Барлығы 18 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 234 адам тартылды. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 203 адамға оқу курстары ұйымдастырылды. 193 адамға шағын несиелер берілді. Кәсіптік оқумен барлығы 81 адам қамтылып, оның 80-і жұмыспен қамтылды.

 

26-кесте. Аудандағы жұмыссыздық деңгейі

 

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тіркелген жұмыссыздар

адам

189

242

286

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,6

4,5

4,5

 

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы аясында жұмыспен қамтылғандардың саны көбейгенімен бірге, жұмыссыздар қатары да артып отыр. Егер, 2012 жылы жұмыссыздар 189 адамды құраса, 2014 жылы 97 адамға ұлғайып, 286 адамға жетті. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2012-2014 жылдары 4,5 %-да сақталып отыр.  

 

Халықты әлеуметтік қорғау

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы шеңберінде мұқтаж азаматтарға ай сайын және уақытылы қолдау көрсетіледі.  

Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар мынадай болды: 2012 жылы – 133,3 млн. теңге, 2013 жылы – 143,5 млн. теңге және 2014 жылы – 155,2 млн. теңгені құрады.

 

 

27-кесте. Әлеуметтік төлемдер динамикасы

 

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны

отбасы/адам

82/430

50/264

43/247

18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны

отбасы/адам

2435/7494

2366/7389

2453/7633

Тұрғын үй көмегін алушылар саны

отбасы

890

1155

677

 

2012-2014 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы байқалады. Оның себебі, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралармен байланысты. Бағдарлама бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары мен маусымдық жұмыстарға негізінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмыссыздар тартылады.  Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау көрсету шараларына қатысуға ниет білдірген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға "Өрлеу" бағдарламасы шеңберінде ақшалай көмек бекітіледі.  2014 жылы 2767 адамға 50,6 млн. теңге көлемінде ақшалай көмек берілген. 

Іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары халықтың табысын арттырып қана қоймай, кедейшілік деңгейін төмендетті. 

 

28-кесте. Кіріс пен кедейшілік динамикасы

 

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Орташа айлық жалақы

теңге

73 580

79 706

80 898

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

теңге

15 722

16  007

18 109

Кедейшілік деңгейі

%

1,2

0,7

0,7

 

2015 жылдың 10 айында 8798 адамға 144,1 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Оның ішінде 2,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмекке, 7,5 млн. теңге тұрғын үй көмегіне, 130,3 млн. теңге 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысына және 4,1 млн.теңге үйде тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленді. Нәтижесінде, 2015 жылдың 1 қарашасы жағдайында кедейшілік деңгейі 0,4 %-ды құрады.

 

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясат шеңберінде іске асырылады. 2012 жылы ауданда барлығы 2582 мүгедек тіркелсе, 2014 жылы олардың саны 2788-ге жетті. Оның ішінде 1-2 топта 1596 адам, 3 топта 835 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 357.

ҰОС ардагерлері - 2.

Ауданда жыл сайын стационарлық, жартылай стационарлық және үйде арнаулы қызмет көрсетуді алушылардың саны артуда. Оң динамика әлеуметтік-медициналық базаның нығаюымен, мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарының дамуымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі арнайы әлеуметтік қызметтер көлемінің көбеюімен түсіндіріледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі дамуда. Развивается система социального обслуживания. 2014 жылы облыс орталығындағы бейімдеу орталығына 46 және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне орналасуға 1 мүмкіндігі шектеулі азамат, жартылай стационарлық ұйымның күндізгі бөліміне 10 зейнеткерлер жолдамамен қамтылды. Сонымен қатар, 83 кемтар балаларға және 10 жалғыз басты қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

 

29-кесте. Арнайы әлеуметтік көмек алушылар

санының динамикасы, адам

 

Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Оңалту және бейімдеу орталығында

15

21

46

Қарттар мен мүгедектерге арналған

интернат үйінде

4

1

1

Жартылай стационарлық мекемелерде

4

4

10

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

96

107

93

 

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудандағы 17 ауылдық округ бойынша қолданыстағы мемлекеттік және жеке меншік нысандарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, талдау бойынша 104 нысан анықталып, оның ішінен 56 нысан бейімделуге іріктелініп алынды. Нәтижесінде, 2013 жылы 8 мекемеге, 2014 жылы 10 мекемеге, ал 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 10 мекемеге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін талапқа сай жағдай жасалды.    

 

 

Саланың дамуын SWOT- талдау:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·      Шағын несие алуға жұмыссыздардың, өзін-өзі қамтығандардың және жағдайы төмен азаматтардың жоғары сұранысы;

·      мүмкіндігі шектулі азаматтарды жұмыспен қамту;

·      «Өрлеу» пилоттық жобасының іске асырылуы;

·      атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы.

·      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесінің жоғарылығы;

·      жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

·      тұрақты жұмыс орындарының жоқтығы;

·        кедейшілік пен жұмыссыздықтың күшеюі.

 

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

·      Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;

·      кәсіпкерлік бастамашылдықтың дамуына жәрдемдесу;

·      Шағын несиелендіру үшін қаржының жеткіліксіздігі;

·      еңбекке жарамды жастағы халықтың миграциялық шығуы;

·      жастар тәжірибесінен өткен кейін тұрақты жұмыс орнына орналасудағы қиындықтар.

 

 

Саланың проблемалары:

- уақытша жұмысқа орналасқандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесінің жоғарылығы;

- жастарды жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі;

- жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

- Күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен кірісі бар халық үлесінің жоғарылығы;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үлесінің жоғарылығы;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді түрде қатыспауы;

- кедейшіліктен шығу бойынша шаралардың тиімсіздігі, мұндағы басты мәселе жұмыспен қамту болып отыр.

- мүгедектерді жұмыспен қамтудағы қиындықтар;

- әлеуметтік маңызды нысандардың толық бейімделмеуі, қолжетімділік пандус орнатумен ғана шектелуде.

 

 

2.4. Мәдениет

 

Жамбыл ауданында 48 мәдениет мекемелері бар. Оның ішінде, 4 мәдениет үйі (3 ауылдық), 14 клуб, 29 кітапхана және 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобилі.

2014 жылы 570 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, барлығы 69085 адам қатысса, 2015 жылдың 10 айында 456 іс-шаралар ұйымдастырылып, 76 170 адам қатысты.

Аудандағы кітап қоры 193 мың 200 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 106 206 дана немесе 55%. 2015 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 2 млн. теңге қаралды. 2014 жылы оқырмандар саны 136,8 мың адамды құрады.

 

30-кесте. Кітапханалар

 

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Кітапханалар

бірлік

28

29

29

Кітап қоры

 дана

176 040

186 110

193 200

Кітапханаға келушілер саны

 мың адам

134,2