Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мәдениет үйі

Жамбыл аудандық мәдениет үйі



 

Мекеменің толық            Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі

атауы:                                 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің    

                                             «Аудандық мәдениет үйі» Коммуналдық 

                                             Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорыны

 

Мекеменің құрылған     1999 жыл  12 қаңтар Жамбыл ауданы әкімінің     

жылы:                                №410 шешімімен құрылды.

 

Басқару органы:             Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің     

                                            мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

 

Мекен жайы:                   Аса ауылы, Абай көшесі № 102 үй.

Мекеме басшысы:         Тоғанбаева Индира Бекенқызы

Мекемеге қарасты    Аудандық мәдениет үйі, ауылдық мәдениет үйлері,  

мәдени ошақтар:            ауылдық клубтар, «Зерде» бейнемобилі.

Мәдени ошақтардың     1. Аудандық мәдениет үйі

атаулары:                         2. Айша бибі ауылдық мәдениет үйі

                                            3. Гродеково ауылдық мәденеит үйі

                                            4. Бектөбе ауылдық мәдениет үйі

                                            5. Ерназар ауылдық клубы

                                            6. Өрнек ауылдық клубы

                                            7. Қаракемер ауылдық клубы

                                            8. Пионер ауылдық клубы

                                            9. Шайдана ауылдық клубы

                                          10. Тастөбе ауылдық клубы

                                          11. Еңбек ауылдық клубы

                                          12. Шайқорық ауылдық клубы

                                          13. Жасөркен ауылдық клубы

                                          14. Жалпақтөбе ауылдық клубы

                                          15. Ақбұлым ауылдық клубы

                                          16. Пригородный ауылдық клубы

                                          17. Бесағаш ауылдық клубы

                                         18. Бірлесу – Еңбек ауылдық клубы

                                         19. Тоғызтарау ауылдық клубы

 

Мекеменің штаттық саны: 119 адам. Оның ішінде 66-і мәдениет қызметкерлері,  2-і есепші,  51-і техникалық қызметкерлер.

-Көркемөнерпаздар үйірмесі – 14

оған қатысатын адам саны – 191

 

Аудандық мәдениет үйінің 300 орындық залы бар.

 

Жыл бойына атқаратын іс-шаралар тізімі (жоспарға сәйкес):


15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні;

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;

Ақпан айы – Жыр алыбы Жамбылдың туылған күніне орай «Мен Жамбылды жырлаймын» атты аудандық жыр мүшәйрасы;

1 Наурыз – Алғыс айту күні;

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні;

Сәуір айы – Күлкі күніне орай «Күлеміз бе» атты әзіл-сықақ кеші;

Сәуір айы – «Отаным – Қазақстан!» атты аудандық патриоттық әндер байқауы;

1 Мамыр – Қазақстан халытарының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні;

21 Мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

1 Маусым – Халықаралық балалардың құқығын қорғау күні;

4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні;

6 Шілде – Астана күні;

Шілде айы – «Ауылым – алтын бесігім» атты аудандық ауылдық округтер арасындағы өнер фестивалі;

30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні;

Қыркүйек айы – «Мерейлі отбасы» аудандық отбасылар байқауы;

Қазан айы – Халықаралық қарттар күні;

Қазан айы – Ұстаздар күні;

Қараша айы – Ауылшаруашылық күні;

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні;

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні;

31 желтоқсан – Жаңа жыл мерекесі.

 

 

 

Көркемдік жетекші

 

Аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жарқынбек Құдайбергенов жыл сайын ауданда өткізілетін аудандық мерекелердің сценарийлері мен концерттік бағдарламаларын әзірлеп, аудандық, облыстық және республикалық мәдени  іс – шараларға ат салысып, әр түрлі байқауларды ұйымдастырып, өнерпаздармен тығыз байланыста жұмыс атқарады.  Аудандық мәдениет үйінің әншілеріне даталы мерекелерде әр жанрда тақырыптық әндер дайындап, концерттік бағдарламаларға енгізіп отырады.

 

Әдістемелік бөлім

 

Әдістемелік бөлім негізгі міндеті аудан бойынша мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысына бағыт бағдар беру болып табылады. Аудан бойынша клуб меңгерушілеріне әдістемелік, құжаттамалық көмектер көрсетіп, олардың жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі – Исаева Нурила Арғынбекқызы мәдениет саласында көптеген жылдар бойы еңбек етіп келеді.

  

Дыбыс жазу студиясы

 

Дыбыс жазу студиясы концерттерде қойылатын музыкаларды, әндерді, биге керекті әуендерді тауып, сол биге икемдеп келтірумен, театрландырылған қойылымдарда қолданылатын дыбыс, дауыстарды өңдеп әрлеумен айналысады. Дыбыс жазу студиясы компьютер, дыбыс жазу микрофоны, өңдеу аппараттарымен жабдықталған. Студияда өңдеуші Жандос Теміров.

 

«Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі

 

«Аса сазы» Халықтық ән-би ансамблі 1982 жылы  аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған. Содан бері ансамбльдің мүшелерін талантты жастармен толықтырылып және жылдан жылға ансамбль репертуары да жаңара түсуде. Ансамбль жұмысы ұлттық өнерді және би мәдениетін насихаттауға, жас таланттарды тәрбиелеуге, аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуге бағытталған. «Аса сазы» Халықтық ән-би ансамблінің мол шығармашылық өмірбаяны бар. Ансамбль бірқатар халықаралық байқауларда, атап айтсақ: Украина, Монғолия мемлекеттерінде қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бұдан басқа да облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары болған. Қазіргі таңда ансамбльді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Мұхтар Рахманқұлов жетекшілік етуде.

Ансамбльдің құрамында «Аса сазы» бишілер тобы да өнерлерін көрсетуде. Бишілердің құрамы кіші топ және орта топтан құралған. Аудандық іс-шаралардың барлығына қатысып, өз өнерлерімен аудан жұртшылығын тәнті етуде.

 

«Дарын» халық театры

 

2000 жылдан бері халыққа қызмет етіп келе жатқан «Дарын» халықтық театры аудан мәдениеті үшін орны бөлек. Өнердің мұраты , мақсаты, халыққа қызмет ету болса бұл салада ұжымның атқарған рөлі орасан зор. «Дарын» халықтық театры қазіргі таңда ауданымыздың барлық іс-шараларына белсенді қатысып, халық ризашылығына бөленуде. Көптеген іс-шараларда тақырыптық көріністер ұйымдастырып, театр өнерін жаңа деңгейге көтеріп, халыққа табанды қызмет етуде. Театрдың жетекшісі Әмірхан Қошманов.

 

 Әншілер

 

Аудандық мәдениет үйінің тағы бір белсенді құрамы – әншілер. Мәдениет үйінің әншілері барлық аудандық іс-шарада өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Олардың репертуарындағы әндер әр дайым жаңарып, тақырыпқа сай толықтырылып отырады.

«Әдемі-ай» дуэті, «Үміт» триосы, Саламат пен Нұршаттың дуэті, «Рауан» дуэті, Айнұр Төлебекова, Дархан Шораев, Ғарифолла Лұқманов, «Жыр Думан» дуэті, «Үкілі домбыра» триосы, Нұргүл Беккулиева, «Жігіттер» квартеті сынды әншілер қатары аудан жұртшылығына талмай қызмет етуде.

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент