Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауы

 

                                                                                                                                                                 Құрметті қауым!

«Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Әлемдегі әсемдік пен сұлулық та әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Сондықтан да бүгінгі көктем мерекесінде баршамыз ең әуелі Ана атаулыға бас иеміз.

   Барша ізгілік сезімін жинаған бұл мереке – адамзат қоғамындағы ең ыстық, ең қадір тұтатын мерекелердің бірі. Бұл мерейлі мереке әлемдегі ең ұлы тұлға – Аналарды ардақтауға арналған мереке.

Ардақты аналар, әпке-қарындастар!

Сіздерді шұғылалы көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – рухани бастау ғана емес, әйел ертеңге деген сенім мен қажымас қайраттың қайнар бұлағы.

«Дүниеде үш нұр болса, біріншісі - күннің нұры, екіншісі - ақылдың нұры, ал үшіншісі - ананың нұры» дейді халық даналығы. Күнделікті тұрмыстағы басты құндылықтарымыз аналардың бақыты мен балалардың жарқын өмірі, отбасының жарасымды тірлігі десек, осынау қасиетті ұғамдарды әрбір адам санаға сіңіруге тиіс. Сонда біздің ұлы мақсаттарға ұмтылғанымыз. Өйткені аналарды ардақтағанымыз - әсемдік пен, аналарды аялағанымыз - шаңырақ тұғырын биіктеткеніміз, ананы түсінгеніміз - парасат пен даналықты ұғынғанымыз.

Біздің ата-бабаларымыз қыз-баласын тіршіліктің тұтқасы, ұлттық дәстүр мен салт-сананы, тарих пен тілді сақтап, қадірін ұрпақтың бойына дарытушы деп қастерлеген халық. Төл тарихымыздың керуен көшіне көз салсақ қаны асыл, жаны текті апаларымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанық боласыз. Олардың бірі - көңіл-көркі, парасат парқымен талай аңызға арқау болса, енді бірі - елінің тыныштығын қорғап, берекесін қордалады.

Жаратылысынан жандары жылуға, жүректері сезім мен сырға толы осындай әйел-аналарымыз осы күні де шаңыраққа шырақ, еріне қуат, бала-шағасына шуақ болып отыр. Осы өнегелі еңбектің үлгісін паш еткен әйелдер үйде шаңырақ берекесін, түзде қоғам өміріндегі жұмыстың тізгінін ұстап отыр.

Дамыған қоғамның қай саласында да қыз-келіншектердің қолтаңбасы бар. Сіздер, бүкіл адамзатқа өмір сыйлап қана

қоймай, түрлі салаларда ер азаматпен иық теңестіріп жұмыс істеп жүрсіздер. Отбасының құты болған әйел азаматшалар Отанға да адал қызмет ететіндерін табанды еңбектерімен дәлелдеп келеді.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында осындай асыл жандардың еселі еңбегі мен қарымды қажыр-қайраты төселген. Рухани салада, денсаулық сақтау және білім беру салаларында, мәдениет пен өнерде, кәсіпкерлікте әйел азаматтарының қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз.

Маңдай тер, табанды еңбегімен озат атанып, көрген бейнетінің зейнетін алып, бүгінде ауданға сыйлы еңбек ардагерлері, аудан жұрты құрметтейтін бірқатар апаларымыз, әкпе-жеңгелеріміз бүгін осы залда отыр.

Елбасымыз бір сөзінде: «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды», - деген еді. Шындығында, бүгінгі еліміздің Тәуелсіздігі, Елордамыздың әсерлі әсемдігі мен сұңғыла сұлулығының өлшемі де - өздеріңізсіздер!

Олай болса, осынау баянды да берекелді еңбектеріңізге деген, шын жүректі тілектеріңізге деген біздің азаматтық алғысымызды қабыл алыңыздар!

Құрметті аналар, қыз-келіншектер!

Баршаларыңызды  көктеммен қатар келген төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дүниенің бар жақсылығын, қуанышы мен шаттығын, деннің саулығы мен ақ көңілдің шуағын тілеймін. Отбасыларыңызда бақ пен береке, әулеттеріңізге тек амандық болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Құрметті қауым!

«Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Әлемдегі әсемдік пен сұлулық та әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Сондықтан да бүгінгі көктем мерекесінде баршамыз ең әуелі Ана атаулыға бас иеміз.Барша ізгілік сезімін жинаған бұл мереке – адамзат қоғамындағы ең ыстық, ең қадір тұтатын мерекелердің бірі. Бұл мерейлі мереке әлемдегі ең ұлы тұлға – Аналарды ардақтауға арналған мереке.

Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

Баршаларыңызды көктеммен қатар келген төл мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймын!

 Сіздерге деген ыстық ықылас пен айрықша құрмет тек бүгінгі мерекемен ғана шектеліп қалмасы анық. Өйткені, әйелдер қандай кезеңде болмасын қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Елімізге алмағайып күн туған сәтте, қазақтың азаматы атқа қонса, шаңырақты шайқалтпау әйел мойнындағы жүк болды. Ерінің айтпақ ойын қабағынан түсінген асыл аналарымыз, тұтас қазақ өткен ауыр жолдардың барлығына төзе білді. Ел дамуының қиын-қыстау кезеңінде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін теңестіріп, қиын сынақтан өтті. Сондықтан, елімізде орнаған қазіргідей бейбіт заманда біздің ең басты байлығымыз - алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі.

Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ел болашағын сыйлайтын әйел, келін, ана.Ұлттың асыл қасиеттері ана сүтінен балаға дариды. Ер азаматты үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Ана мен асыл жарға, аяулы қарындасқа әрдайым құрметпен қараған. Бүгінгі күні де мемлекетіміз бен Елбасы ана мен балаға деген қамқорлығын аяған емес. Елімізде әйел-ананың әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін көтеруге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл ретте, жаңадан ашылып жатқан емханалар, балапан бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп жатқан балабақшаларды ерекше атап өтсек болады. Аз қамтылған отбасыларына, кәмелетке толмаған балалары үшін, 1 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақының жылдан-жылға өсуі, арнайы зейнетақы тағайындау және медициналық қызмет сапасының артуы ең әуелі осы нәзік жандыларға жасалып жатқан  игі істер.  

Әйел-анаға, жарға, қарындасқа деген құрмет - әр қоғамның даму көрсеткіші екені белгілі. Сан ғасырлардан бері абыз ақындар, жазушылар мен сазгерлер өз шығармаларын әйелдерді мадақтауға арнап келеді. Әйел – рухани бастау ғана емес, әйел ертеңге деген сенім мен қажымас қайраттың қайнар бұлағы. Біздің ата-бабаларымыз қыз-баласын тіршіліктің тұтқасы, ұлттық дәстүр мен салт-сананы, тарих пен тілді сақтап, қадірін ұрпақтың бойына дарытушы деп қастерлеген халық.

Аяулы әйел азаматшалар!

Дамыған қоғамның қай саласында да қыз-келіншектердің қолтаңбасы бар. Сіздер, бүкіл адамзатқа өмір сыйлап қана қоймай, түрлі салаларда ер азаматпен иық теңестіріп жұмыс істеп жүрсіздер. Отбасының құты болған әйел азаматшалар Отанға да адал қызмет ететіндерін табанды еңбектерімен, дәлелдеп келеді.

Сіздер жанұяда қалай жылулық сыйласаңыздар, жұмыста да жан-жақтарыңызға ерекше бір шуақ шашып жүресіздер.              Маңдай тер, табанды еңбегімен озат атанып, көрген бейнетінің зейнетін алып, бүгінде ауданға сыйлы еңбек ардагерлері, аудан жұрты құрметтейтін бірқатар апаларымыз, әкпе-жеңгелеріміз бүгін осы залда отыр. Осындай әйел азаматтарына қол соғып, бір қошемет көрсетейік ағайын.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде - нәзік, көңілде – биік, ал істе-мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Білдей бір саланы немесе мекемені басқарып, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйел азаматшалардың еңбегі ерлікке тең. Отбасы, ошақ қасын назардан тыс қалдырмай, кәсібінің нәсібін көріп те үлгеретін, бала тәрбиесін де жіті қадағалап, барша мейірімді айналасына төгетін әйел адамы осындай, ешкімде жоқ қасиеттерімен ерекше. Өркендеген алып заманда қоғамның даму барысын ісіне тастай мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес.

Биыл, өздеріңізге белгілі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осы айтулы белеске, қол жеткізген жетістіктерге әйелдер қауымының да қосқан өзіндік үлесі бар. Алдағы уақытта да келешегіміздің келбетті де кемел болуына үлес қосып, ерінбей еткен еңбектеріңіз жемісті болсын демекпін! 

Құрметті қыздар, қарындастар!

Сіздер, болашақ анасыздар, ертең бір отбасының ұйытқысы боласыздар. Қазақ қыздары жақсы тәрбиемен өссе, инабатты, ибалы болса екен дейміз. Өйткені, сіздердің қолдарыңызда ел келешегінің қандай болмағы тұр.         Мемлекетіміздің өркендеуі, ұлтымыз ұлылығын жоғалтпай, Мәңгілік Қазақ елі болуымыз үшін сіздер жасайтын еңбектің үлесі өлшеусіз.

Осыған байланысты, осындай жауапкершілігі мол істі атқарып жүрген, жастарымызға білімді әріптеп үйрететін ұстаздар қауымына, денімізге саулық шипасын жасайтын абзал жандарға, өндіріс орындарында өнімді еселеуге үлес қосып жүрген сала мамандарына, қалтқысыз қызметтегі мемлекеттік қызметші әйелдер қауымына алғысымды білдіремін.        

Ардақты аналар!

Мен сіздерге ерекше құрмет көрсетіп, мың мадақ айтып, мың рет бас игім келеді. «Жәннат - ананың табанының астында» екендігін президент те, әкім де, ақын да басқа да мойындайды.

Бүгінгі мереке иелері, баршаларыңызды тағы да ару көктемнің арайлы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қоғамда, анаға құрмет, анаға тағзым және аяулы жарға, тілеуқор апа-қарындасқа, инабатты келіндерге, ибалы қыздарға деген құрмет әрдайым көрсетіле береді. Баршаларыңызға мықты денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке, еңбекте табыс тілеймін!

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент