Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Наурыз мерекесімен аудан тұрғындарын аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Құрметті қонақтар!

Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы – Ұлыстың Ұлы күні де көрікті көктеммен бірге келіп, төрімізге шықты. Барша аудан жұртшылығын халқымыздың бойтұмарындай болып келген Наурыз мерекесімен шын жүректен құтықтаймын!

Құрметті көпшілік!

Сынағы көп қаһарлы қыстан аман-есен шығып, шапағаты мол көктем мезгіліне жеттік. Жаңарған бұл айды дана халқымыз «әз-Наурыз» деп атаған. Бұл күні адамдар бір-біріне сыйлық жасап, жаңа күнге жоспар құрып, жер-жерлерде ұлттық ойындар өткізіліп, ән-жырлар айтылған.

Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні саналатын жаңа жылда тек той тойлау ғана емес, сауабы мол іс атқару сынды игі дәстүрі бар. Сол ізгіліктердің бірі - қыс бойы қапталып қалған тазалықты ретке келтіріп, оның ішінде арық-атыздарды тазалап, тал отырғызу. Биылғы жылы да ауданның абаты мен ажарын ашуға қажетті көңіл бөлінетін болады. Осы сәтті пайдаланып, аудан көлемінде жүргізілетін тазалықтың айлықтарында барша жамбылдықтарды өзіндік үлес қосуына шақырамын. Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызда басталған игі бастама әрдайым аудан жұртшылығын тек жақсылыққа жетелей берсін демекпін.

Ардақты ағайын!

Наурыз - жыл басы. Біз үшін бұл мереке жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Наурыз - тіршілік атаулы қайта түлеп, құлпыратын кезең. Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз-Наурызбен біте қайнасқан.

1991 жылы Елбасының Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке болып жарияланғаны естеріңізде болар. Сонда жаңа жылға үміт артып, болашақтан жақсылық күттік. Тілегіміз қабыл болып, біз сол жылы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған азаттыққа, киелі тәуелсіздікке қол жеткіздік. Міне, биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау үстіндеміз. Тарлан тарих үшін тым қысқа болып есептелетін осы жылдар аралығында Наурыз шын мәнінде Ұлыстың ұлы күніне, мемлекетіміздің мерейлі мерекесіне айналды.

Талай қиын жолдардан өткен тағдырлы халқымыз қандай кезеңде болмасын Наурызды жадысынан шығарған емес. Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы алып, елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі ретінде санаған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген.

Наурызда мейірім шаттыққа ұласып, барша жұрт ырыздыққа кенеледі, ренішті жандар қайта табысады. Сондықтан да болар, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесінің татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы ерекше.

Қадірменді жамбылдықтар!

Болашағымыздың бүгіннен де жарқын болуы үшін елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, ерінбей еңбек етуіміз тиіс. Бүгінгі тойланып отырған Наурыз мерекесінің де басты бағыты - еңбек пен бейбітшілік.

Жақсылық пен жарастықтан, еңбек пен қанағаттан, мейірбандылық пен парасаттан бастау алар – Наурыз мейрамы тағы да құтты болсын демекпін!

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ақ тілектер мен бақты баталар еліміздің өркендеп, өсуіне негіз болсын!

  Наурыз мейрамы халқымызға, әрбір шаңыраққа - жақсылық, қуаныш, ырыс сыйласын! Биылғы жыл мерекелі де берекелі болсын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ардақты ағайын!


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент