Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауы

 

Құрметті аудан халқы, қадірменді бауырлар!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап 1 мамырды бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелеп келеміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл халқымыз тал бесік пен жер бесік арасында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді.

Еліміз егемендігін алғалы бері де достықты, бірлікті, тең құқықты ту етіп келеді. Соның арқасында бүгінде Қазақстан достықтың киелі шаңырағына айналып отыр.

Қоғамдағы ұлтаралық  келісім мен саяси тұрақтылық - ең әуелі Отанымыздың жан-жақты дамуы мен еліміздегі тыныштықтың кепілі. Бұл тұрғыда мемлекетімізді ортақ Отаны мен құтты мекеніне айналдырып отырған 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінде Жамбыл ауданында бір үйдің баласындай болып 30-дан аса ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Достық пен бірлікті ту етіп, аудан көлемінде әрекет ететін дүнген, түрік, күрді халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары Қазақстан халықтарының Ассамблеясы атты шаңырақтың астында жемісті жұмыстар атқарып келеді.

Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік - баға жетпес басты байлығымыз. Жаңару – келер күнге, кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз.

Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып тұр.

Елбасының бастамасымен дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі» екенін атап өтті.

Біздің мемлекетіміздің саяси бағыты егеменді Қазақстан халқының еркін дамуына, өз тілінде сөйлеуіне, өз тарихы мен мәдениетін оқып білуге негіздейді. Осындай ұлттың үміті мен сенімін бір арнаға тоғыстырған қазақы, дархан пейіліміздің арқасында жаңа Қазақстандағы жасампаз істерді барша әлем мойындауда.                                                                                                                    

Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында іске асуда.

Құрметті Жамбылдықтар!

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді. Ең бастысы достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық ағайын.

Қадірменді жерлестер!

Бейбіт ұранына үн қосқан біздің аудан жұртшылығы да бірлік мерекесін лайықты еңбек тартуларымен қарсы алып отыр. Бүгінде өңірімізде жүзі басқа болса да, жүрегі бір сан түрлі этникалық топтың өкілдері татулықтың үлгісін көрсетіп жүр. Баршаларыңыз бір кісідей бірігіп, елеулі еңбек етулеріңіздің арқасында  өңіріміздің өркені өсіп, бірлік пен берекенің тал бесігінде тербетіліп отыр. Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.  Баршаларыңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!

Халқымыздың береке-бірлігі арта берсін, ағайын.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент