Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


9 мамыр - Жеңіс күні мерекесімен аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауы

         Құрметті ардагерлер!

Ардақты ағайын!

         Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

         Ендеше баршаңызды бүгінгі Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

         Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесі біздер үшін айрықша қымбат. Бұл шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректікті, халықтар арасындағы келісім мен достықты бейнелейтін тарихымыздың қастерлі беті болып саналады.

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреп, әділеттілік жеңген Ұлы күн.

         Уақыт озған сайын оның даңқы жақындай береді. Өйткені Ұлы Отан соғысындағы жеңіс – халық құндылығы, бейбітшілікті жақтаған әлем елдерінің ортақ қуанышы. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы мен еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.

         Майдандағы ерлік мәңгілікке елге мұра, ұрпаққа ұран болып қалды. Біздің еліміз де сұрапылдан сырт қалған жоқ. Әке-аталарымыз намысын ту етіп, соғыс жылдарында өшпес ерлік, қаһармандық көрсетті. Майданда – кескілескен ұрыс, тылда таусылмайтын пейнет – ұрпағының жарқын болашағы үшін аға буынның еншісіне тиген ауыртпалық, тағдыр тақсіреті болды.

Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер-майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер таныта білді. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.

         Сол ұрпақтан бүгінге жеткендер қатары қазір өкінішке орай сиреп келеді. Кейінгі ұрпаққа бейбіт күнді тарту еткен аталар ерлігін естен шығармауға тиіспіз. Ар мен намыстан жаралған ардагерлер жолы – ең шуақты жол, қасиетті сапар.

Ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына түскен сын сағатта жүрегі Отан деп соққан әрбір жан қолына қару алып, елін, жерін, Отанын қорғауға аттанды. Ел аманатын арқалаған аптал азаматтарымыздың ұрыс даласында ерен ерліктің үлгісін көрсеткені тарихи шындық. Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымызға бас иіп, тағзым етеміз.

         Біздің майдангерлердің ерліктері арқасында жер шарына бейбітшілік орнады. Сондықтан да бұл күн – барлық адал ниетті адам баласы үшін ең қастерлі күннің бірі. Сол аға буынды біз әрдайым мақтан тұтып, жасаған ерлік істерінен өнеге алуымыз қажет.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

         Ардақты ағайын!

         Соғыстың  отты жылдарын  басынан кешіріп, ажал тырнағынан аман қалған, майдангер, әкеміз бен аталарымыз бейбіт еңбекке араласты. Зейнет демалысына шыққанға дейін әр салада қажымай, талмай жұмыс істеп, еңбектің тамаша үлгісін көрсетті.

Бүгінде біздің ауданымызда ортада жүрген Ұлы Отан соғысына қатысқан тек 2 ардагеріміз қалды. Олардың әр қайсысы қандай құрметке болса да лайық деп білемін.

Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. 

         Құрметті көпшілік!   

Баршаңызды құны қымбат мереке, 9 мамыр – Жеңіс күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық пен мол бақыт, береке – бірлік тілеймін.

Еліміздің іргесі берік, қорғанысы қуатты болсын!

Аспанымыз әрдайым ашық болып, бейбіт өміріміз баянды болсын.

         Жеңіс күні мерекесі құтты болсын!


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент