Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

 Жамбыл облыстық мәслихаты

ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

 

 

Аса ауылы

 

Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданының

елді  мекендерінде  жануарларды  асырау

Қағидаларын  бекіту  туралы

 

     «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан  Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының                          2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.    Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.

2.    Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық маслихаттың аймақты әкішілік аумақтық құрылымды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.    Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік  тіркелген  күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін  күнтізбелік   он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Облыстық мәслихаттың

Облыстық мәслихаттың

      сессия төрағасы

хатшысы

      

Б. Қарашолақов

 

          "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер
департаментінің басшысы
Т.С.Маткенов
____________________
"____ " ______________ 2016 жыл
    

         "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жамбыл
облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
_________________ С.Н.Солтанбеков
"____ " ______________ 2016 жыл
     

         "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің басшысы
_________________ Т.С.Төлендиев
"____ " ______________ 2016 жыл

 

 

Жамбыл облыстық маслихатының

                                                                                                     2016 жылғы «___»___________

                                                                                        №___шешіміне қосымша

 

 Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары 

 

1. Жалпы ережелер

            1. Осы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Жамбыл облысы Жамбыл ауданы аумағында жануарларды асырау тәртібін белгілейді. Қағидалар, меншiктiк нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жануарлар иелері) қолданылады.  

2. Қағидалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiне, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының              2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                              23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленді. 

3. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бірдейлендіру – дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптеу, таңба салу жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі; 

2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

3) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарды есепке алу мақсатында: жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органы құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;

6)  жеке нөмір – жапсырмаға, чипқа, блюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;

7) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және мекені ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

2. Жануарларды тіркеу және асырау шарттары

            4.  Әрбір тіркелген жануарға жеке нөмір мен ветеринариялық паспорт беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: 

1)  жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа);

2)  таңбалау (жылқы);

3)  чиптау (электрондық бірдейлендіру түру) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).

5.  Жануарлар иелерi:

1) санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстануы;

2) ветеринариялық ұйымдар мамандарының негізделген талабы бойынша, диагностикалық зерттеу, аса қауіпті ауруларға егу және вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетулері;

3) жануарлардың тіркелу мекендері өзгерген (сатылған, сыйлыққа берілген) жағдайда, оларды өзгерген мекендері бойынша қайта тіркетулері;

4) жануарларды белгіленген орындарда асырағанда, сонымен қатар, шошқаның жағымсыз иістерін болдырмау үшін ветеринарлық нормативтерге сай санитариялық-гигиеналық тазалығын қатаң сақтаулары қажет.

6. Жануарларды асыраған кезде жануарлар иелеріне:

1) ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер берген арнаулы үлгідегі ветеринариялық паспорты мен жүргізілген алдын ала емдеу және денсаулығы туралы ветеринариялық анықтамасы болмаса, жануарларды тасымалдауға (мекенін өзгертуге);

2) жануарларды адамдардың демалу және шомылу орындарында, су бұрқақтарда, табиғи және жасанды су айдындарында шомылдыруға;

3)  жануарларға қатыгездік жасауға;

4) сумен қамтудың жер үсті су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында және жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға;

5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі айқындаған, мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға;

6) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдыруға және өз бетімен жіберуге, жасыл-желектерді таптатып, бүлдіруге рұқсат етілмейді.

7. Жеке меншіктегі барлық ауыл шаруашылығы жануарларының жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар және ветеринариялық пункттер беретін ветеринариялық паспорттары болуы және бірдейлендірілуі тиіс. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.

8. Жануарды сату, сатып алу, оның өлу, жоғалу немесе өзге адамға сыйлау жағдайларында оларды есептен алуды немесе тipкeyді жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер жүзеге асырады.

9. Жануарлардың иелері олардың өлгені туралы ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттерге хабар беріп, олардың өлекселері арнайы малқорымында немесе арнайы өртеу пештерде жойылуы қажет.

3. Жануарларды асырау тәртібі

            10. Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері жауапты. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға тыйым салынады.

11. Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, шөмелелерін мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдаған жағдайда, жануарлар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

12. Қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

13. Жануарлар иелері жануарлардың кенеттен өлгені, бірнеше жануардың бір мезгілде ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлап, олар келгенше ауруға сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдаулары тиіс.

14. Аумақта (шаруашылықта) карантин (шектеу) енгізілген кезде:

1)  жануарлардың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;

2) жануарлардан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға;

3)  ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;

4)  жануарларды етке союға;

5)  өлген жануарларды ашуға және олардың терісін алуға;

6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге;

7)  стационарлық-қолайсыз пункт аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;

8)  табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға;

9) жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді сатуға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

4. Қорытынды ереже

 

             15. Осы қағидаларды бұзғаны үшiн жануарлардың иелері "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiне сәйкес жауапкершілікте болады.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент