Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Астана күні мерекесімен аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! 

Сіздерді қазақ елінің Елордасы – Астана күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жыл ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Соның бірі – Алатаудың бөктеріндегі астананы Арқа төсіне төрлетуі еді. Миллиондаған халықтың көкейіндегі күдікке қарамастан тәуекелге бел байлаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың іргетасын өзі барып қалады. Нәтижесі сол, елдік пен егемендіктің басты көрсеткіші – Астана аз уақыт ішінде сайын дала Сарыарқа төсінде бой көтеріп, әлем назарын ұланғайыр қазақ даласына аударды. Бүгінгі күні әсем Астананың келбеті ажарлана түсті. Кең даланың қақ ортасында сағымдай болған зәулім ғимараттары, көгілдір түске боялған сарайлары, музыка әуеніне елтіген су бұрқақтары және соңғы үлгіде салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер – сәулет өнеріндегі үздік туындылардың бірегейі. Осының барлығы санаулы жылдар ішінде бой көтеріп, күллі әлемнің жұртшылығына таңдай қақтырды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің беделін Астана арқылы бар дүниеге паш етіп, ата-баба аманатын ұлықтады. Қазақ ұлтының тұғырына айналған Еуразия кіндігіндегі ғасыр ғажабының авторы жаңа астананың әрбір ғимаратын, әрбір құрылыс алаңын жіті назарда ұстауда. Биыл да еңсесі биік Елордамызда ел тағдырына елеулі өзгерістер енгізген, дүниежүзі халықтарының бейбіт өмір сүруіне жағдай жасауды талқылаған талай тарихи құжаттарға қол қойылды. Осының өзі – арайлы Астананың әлем елдері арасында беделінің жоғары екендігінің айқын белгісі. Ал, келер жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің бас қалаға ерекше көрік беретіні айтпаса да түсінікті.

Астана – тоғыз жолдың торабы тоғысқан, толқыны күшті мәдениет пен өркениеттің, дәстүрлер сабақтастығының, жаһандық маңызы бар жасампаздықтың жаршысы. Бейбітшілік пен достықтың айнымас биік тұғыры, береке-бірлік бесігі, Еуразия құрлығының шамшырағы болуға лайық бас қала. Тұтас елге тұғыр боп, тарих парағында жастық пен жасампаздықтың шаһары болған Астана күнімен баршаңызды тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіз елімізде арман қаланың абыройын асырып, «Мәңгілік Ел» мұратына «Нұрлы жолмен» батыл қадам жасайық, ардақты ағайын!

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент