Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қоғамдық кеңес ақпараттары

аудандық қоғамдық кеңестің 2016 жылдың і жарты жылдығына есебі

2016 жылдың 17 ақпанында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топтың отырысында құрамы 17 адамнан тұратын аудандық Қоғамдық кеңес құрылды. Бесінші шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы кезектен тыс елуінші сессиясында аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, төралқа, оның мүшелері және үш комиссия құрылды. 2016 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясында Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді. Сол күні Қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімі Мәден Мұсаевтың есебі тыңдалса, 21 сәуірде Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында «Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысқа қарсы күрес, қылмыстың алдын алу жұмыстары туралы» аудандық ішкі істер бөлімі бастығының есебі тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Аудандық Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы Ереженің 8-тарауына сәйкес мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі өкілеттігін атқарып отырады. Атап айтқанда, 17 мамырда Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесі кезектен тыс төртінші отырысында «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №45-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркіталиев пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновты тыңдап, талқылаудан кейін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» Заңның 5-бабына сәйкес және аудандық бюджеттік комиссияның 2016 жылғы 17 мамырдағы №2 хаттамасындағы аудандық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2016 жылға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістердің жобасын, Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы №45-3 шешіміне өзгерістер енгізу жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді. 23 маусымдағы Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесі «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылап, ауыл тұрғындарының көкейіндегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралардың толық қамтылуы қажеттігін атап өтіп, бірқатар ұсыныс-пікірлерін заң шығарушы органға жолдады.

Алпысбай Жұмаханов,

Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент