Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Хабарландырулар

 

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы, ауылдық округ

әкімі аппараттары мен жергілікті

бюджеттен қаржыландырылатын

аудандық атқарушы органдардың

мемлекеттік қызметшілеріне

қызметтік куәлік беру қағидаларын

және оның сипаттамасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы  1-2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2.                Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Бекбосынға жүктелсін.

3.                Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл ауданының әкімі                                                         Б. Қазанбасов                     

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "    " тамыздағы
№   қаулысына
1 қосымша

 

Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

 

1.      Жалпы ережелер

 

1. Осы Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Жамбыл ауданы ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді. 

4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

 

2.      Қызметтік куәлікті беру тәртібі

 

5. Қызметтік куәлік:

1)                 Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне және ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың бірінші басшыларына – Жамбыл ауданы әкімінің қолы қойылып, беріледі;

2)                 Ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың бірінші басшыларының қолы қойылып, беріледі.

6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

7. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, өзгертілген кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік қайтарылып алынады.

10. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, нысан бойынша куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін нысанда) түрде куәлікті берген орын бойынша хабарлама ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдарына жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы жариялауға хабарландыру жолдайды.

13. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру немесе қызметтік куәлікті  мақсатсыз пайдаланудың әрбір фактісі бойынша, персоналды басқару қызметімен белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі қарастырылады.

14. Қызметкердің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

15. Қызметкерлер тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады. 

 

      

 

Жамбыл ауданы әкімі
аппаратының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметкерлеріне  қызметтік куәлік беру қағидаларына
қосымша

 

Нысан

     

Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

 

Тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ескертпе: Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы тігіліп, нөмірленуі қажет және мекеменің мөрімен расталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "    " тамыздағы
№   қаулысына
2 қосымша

 

 

Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

 

     Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көгілдір түсті, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.
       2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

       3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік мекеменің ресми атауы орналастырылады.

       4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), негізгі жағының орталығында куәліктің нөмірі мен "Куәлік" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі. 

       5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      6. Куәліктер тиісті басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА

 

Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары

мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

аудандық атқарушы органдардың

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін бағалаудың

әдістемесін бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Аудан әкімі аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. «Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы №58 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3011 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде                          2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

         4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Бекбосынға жүктелсін.

         5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Жамбыл ауданының әкімі                                                                       М. Мұсаев

 

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «
___» наурыздағы

№ ____қаулысымен бекітілген

 

 

Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

         1. Осы аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі             (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы                  33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
         2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
         3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
         2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
         «Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
         Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
         «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.
         Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар басшыларының бағалауын
жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарымен, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының бағалауын аудан әкімі аппаратының басшысымен жүргізіледі.

5. Жылдық бағалау:

1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
         2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

6. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесі оның жұмыс органы болып табылады.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың басшылары үшін аудан әкімі, ал аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін аудан әкімі аппаратының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
         Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
         8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
         9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда
, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.



2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

 

         10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің                             10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
         12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.


 

3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық

 

         14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.


 

4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың

тоқсандық бағалауы

 

         15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
         18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады.
Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.

19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
         20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

21. Еңбек тәртібін бұзуға:

1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
         23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін,                  «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
         24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады.

«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және                «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
 



          бұл жерде:

 

 

         

тоқсандық баға;

          а

көтермелеу баллдары;

          в

айыппұл баллдары.

 

 

27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

          80 баллдан төмен

«қанағаттанарлықсыз»;

          80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін

«қанағаттанарлық»;

          106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда)

«тиімді»;

          130 баллдан астам

«өте жақсы».


 

5-тарау. Жылдық бағалау

 

         28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.

«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі                бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

32. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

 



          бұл жерде:

 

 

         

жылдық баға;

 

 

 

         

есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

 

 

«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл; «тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін)  – 4 балл; «өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл.

 

 

 

         

жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).


     
   33. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

          3 баллдан төмен

«қанағаттанарлықсыз»;

          3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін

«қанағаттанарлық»;

          4 баллдан бастап 4,9 балға дейін

«тиімді»;

          5 балл

«өте жақсы».

 

 

6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

 

         34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

1) толтырылған бағалау парақтарын;

2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
         1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
         36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
         «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
     
   37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.


 

7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

 

         38. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
         39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
         40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.


 

8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

 

         42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.

44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
         «Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

 

 

 

 


 

 

Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

 

Нысан

 

 

 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

жеке жұмыс жоспары

 

                                                                            жыл   

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

 


Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_______________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________________________________________


    

№ р/с
 

Мақсаттық көрсеткіштер*
 

Күтілетін нәтижелер

1.

Мақсаттық көрсеткіш 1

 

2.

Мақсаттық көрсеткіш 2

 

3.

Мақсаттық көрсеткіш 3

 

4.

 

 

*Ескертпе:

- Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.


 

Қызметші
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________
 

Тікелей басшы
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________

 



 



Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

 

Нысан

  

 

Бағалау парағы

 

_____________________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)

 

 

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):__________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________________________________________


    

Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

 

р/п

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеле-нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеле

нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:

 



Қызметші
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________
 

Тікелей басшы
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________

 

 



Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

 

Нысан

 

   Бағалау парағы

 

_____________________жыл

 (бағаланатын жыл)


Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда):__________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________________________________________

 


    Жеке жоспарды орындау бағасы:

 

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1.

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін

 

 

 

2.

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін

 

 

 

3.

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін

 

 

 

4.

 

 

 

 

 

 

Қызметші
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________
 

Тікелей басшы
_____________________________________
(тегі, аты-жөні)

 


күні ________________________________


қолы ________________________________

 

 

 

Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша

 

Нысан

 


Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

 

_____________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

 


     
Бағалау нәтижелері

 


р/с

Қызметшілердің

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі

(бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

Комиссия қорытындысы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

 

Тексерген:

 

Комиссия хатшысы:

 

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Күні:

____________

 

 

 

 

Комиссия төрағасы:

 

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Күні:

____________

 

 

 

 

Комиссия мүшесі:

 

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Күні:

____________

 

 

       
       
       
       
       



 

Облыс тұрғындарының назарына!

 

2017 жылдың 20 ақпаны мен 1 наурызы аралығында «Ашық әкімдік»  тақырыбында облыс әкімдігінің салалық басқарма басшылары мен орынбасарлары Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындарды жеке сұрақтарымен қоғамдық қабылдаулар өткізеді.

                                                    Келіңіздер, белсене қатысыңыздар!

 

 

Облыс әкімдігі басқарма басшыларының қоғамдық қабылдаулар өткізудің

к е с т е с і

 

                                                                              р/с

Аудан, қала атауы

Өтетін орны

Өтетін мерзімі, уақыты

Жауаптылар

 

1

2

3

4

5

 

     1.         

Тараз қаласы

Тараз қалалық мәдениет үйі

20 ақпан,

11.00-13.00

Басқарма басшылары,

Тараз қаласының әкімдігі

 

     2.         

Байзақ ауданы

Аудандық мәдениет үйі

20 ақпан,

15.00-17.00

Басқарма басшылары,

Байзақ ауданы әкімдігі

 

     3.         

Жамбыл ауданы

Аудандық мәдениет үйі

20 ақпан,

10.00-12.00

Басқарма басшылары,

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

     4.         

Жуалы ауданы

Аудандық мәдениет үйі

20 ақпан,

15.00-17.00

Басқарма басшылары,

Жуалы ауданы әкімдігі

 

     5.         

Т.Рысқұлов ауданы

Аудандық мәдениет үйі

27 ақпан,

10.00-11.00

Басқарма басшылары,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі

 

     6.         

Меркі ауданы

Аудандық мәдениет үйі

27 ақпан,

15.00-17.00

Басқарма басшылары,

Меркі ауданы әкімдігі

 

     7.         

Сарысу ауданы

Аудандық мәдениет үйі

27 ақпан,

10.00-12.00

Басқарма басшылары,

Сарысу ауданы әкімдігі

 

     8.         

Талас ауданы

Аудандық мәдениет үйі

27 ақпан,

15.00-17.00

Басқарма басшылары,

Талас ауданы әкімдігі

 

     9.         

Қордай ауданы

Аудандық мәдениет үйі

28 ақпан,

10.00-12.00

Басқарма басшылары,

Қордай ауданы әкімдігі

 

  10.       

Шу ауданы

Аудандық мәдениет үйі

28 ақпан,

15.30-17.30

Басқарма басшылары,

Шу ауданы әкімдігі

 

  11.       

Мойынқұм ауданы

Аудандық мәдениет үйі

1 наурыз,

11.00-13.00

Басқарма басшылары,

Мойынқұм ауданы әкімдігі

 

             

 

 

Облыс әкімінің аппараты, байланыс телефоны: 459999

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру

 

Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің назарына!

«Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №166 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, ауылшартауарынөндірушілерден өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан басталып, 30-шы қарашасында аяқталатынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 9 00 -ден 19 00 -ге дейін (үзіліс уақыты: 13 00 - 15 00).

Мекен жайымыз. Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй. 315 кабинет.

 

Анықтама телефондары:2-12-51, 2-15-33.

 

 

 

 

Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты

 жергілікті қауымдастық пен ауыл тұрғындарының жалпы жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Шайқорық ауылы                                                                         02. 12. 2016  жыл

                                                                                                        Cағат 10.00

              

Жиналыста төрағасы: Б.Садырбаев    - Жамбыл ауылдық округі әкімі

Хатшы: Г.Сарсембаева  - Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы

 

Қатысқандар:

1.Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары – 304 адам  /тізімі қоса тіркеледі/

2.Жамбыл ауылдық округ әкімі аппаратының  қызметкерлері  - 8 қызметкер

 

 

Күн тәртібінде:

1. Жамбыл ауданы  Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық ауылының 40 лет Победы көшесіне – «Жетісу»,  Комсомольский бұрылысы – «Қарасаз», Линейная – «Аулие ата», Полевая – «Ынтымақ» , Школьная  -  «Алаш», Школьная бұрылысы – «Алаш» бұрылысы, Кольцевая –«Алатау»; Бесжылдық ауылы бойынша Гаражная – «Ақ дала», Школьная көшесі – «Бұрыл»; Қапал ауылы бойынша Жаңа көшесі –  «Тұран»; Шайқорық стансасы бойынша Деповская көшесі – «Қайнар»; Қоңыртөбе ауылы бойынша Виноградная көшесі – «Кіші бұрыл», Клубная көшесі – «Күлтөбе», Садовая көшесі – «Жайлау» көшесі болып қайта атау беру туралы

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша   ауыл әкімі Б.Садырбаев  сөз сөйледі.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ел тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай, әкімшілік- аумақтық біліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру  жұмыстары  қайта қолға алынды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 1- тармағын  басшылыққа ала отырып, сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып қана көшелердің атауы өзгертіле алады.

Және де Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің №6-1 бұрыштамасына сәйкес ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіру мақсатында объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге немесе елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесінің жанданғандығын, сондай-ақ географиялық тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып, берілуі тиіс. Осыған орай, өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан шешімге келулеріңізді сұраймын.

Р.Орынбай /ардагерлер кеңесінің төрағасы/

Біздің округте  кеңес дәуірі кезеңінді елді  мекендердегі  көше атаулары мағынасы көбінесе орысша, тәуелсіз еліміздің қазіргі таңдағы саясатына сай келмейтін жағдайда қалыптасып отыр. Сондықтан да  географиялық, тарихи  әлеуметтің жағдайларды ескере отырып көшелерге  өзгерістер енгізілуі керек. Біз ауыл ақсақалдарымен келісе отырып, Шайқорық ауылы бойынша   40 лет Победы – Жетісу,  Комсомольский бұрылысы– Қарасаз, Линейная – Аулие ата, Полевая - Ынтымақ, Школьная  -  Алаш, Школьная бұрылысы – Алаш бұрылысы, Кольцевая -Алатау; Бесжылдық ауылы бойынша Гаражная – Ақ дала, Школьная көшесі – Бұрыл; Қапал ауылы бойынша Жаңа көшесі –  Тұран; Шайқорық стансасы бойынша Деповская көшесі – Қайнар; Қоңыртөбе ауылы бойынша Виноградная көшесі – Кіші бұрыл, Клубная көшесі – Күлтөбе көшесі, Садовая көшесі – Жайлау көшесі деп атауларын өзгертуге ұсыныс беріп отырмыз.

Нұрманова Рыскүл /Жамбыл ауылдық округіне қарасты әйелдер кеңесінің төрайымы /:

Мен  Шайқорық ауылы тұрғынымын. Жамбыл ауылдық  округі әкімінің  біздің  ауылдағы көшелердің атауын өзгертуге  байланысты  өткізіп отырған жиналысына рахмет. Бұл өте дұрыс ұсыныс. Ауылдағы атауы ескірген көшелерге  жаңа атауы беруін қолдаймыз.

Қуанышбаев Абдрахим /ауыл тұрғыны/:

Мен де осы ауыл тұрғынымын. Көшелерді ауыстырғанға толық келісемін, бірақ көшемізге Қордай батырдың аты қойылса, «Қордай» көшесі деп. Бұл Қордай батырдың есімі  қазіргі «Полевая» көшесіне дейін болған көше атауы. Сол бұрыңғы көше атауы қайта қойылса деп біздің көше тұрғындары ұсыныс білдіреді.

Жиналысқа  қатысқан ауыл тұрғындарының пікірталас барысында  көшелердің атауына бірнеше ұсыныстар білдіріп /ашық/ дауысқа салу арқылы күн тәртібіндегі атаулар  мақұлданды. Тек Полевая көшесінің тұрғындары «Ынтымақ» атауына қарсы дауыс беріп, көне атауы «Қордай» есімін беруді бірауыздан мақұлдады.

Қарсы – жоқ

Қалыс - жоқ

Дауысқа салу арқылы   адам  Шайқорық ауылы бойынша: 40 лет Победы – Жетісу,  Комсомольский бұрылысы– Қарасаз, Линейная – Аулие ата, Полевая – Қордай , Школьная  -  Алаш, Школьная бұрылысы – Алаш бұрылысы, Кольцевая -Алатау; Бесжылдық ауылы бойынша Гаражная – Ақ дала, Школьная көшесі – Бұрыл; Қапал ауылы бойынша Жаңа көшесі –  Тұран; Шайқорық стансасы бойынша Деповская көшесі – Қайнар; Қоңыртөбе ауылы бойынша Виноградная көшесі – Кіші бұрыл, Клубная көшесі – Күлтөбе, Садовая көшесі – Жайлау көшесі деп өзгертуді 100%  қолдады.

 

Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты

 жергілікті қауымдастық пен ауыл тұрғындарының

жалпы жиналысының

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық ауылы бойынша: 40 лет Победы – Жетісу,  Комсомольский бұрылысы– Қарасаз, Линейная – Аулие ата, Полевая – Қордай, Школьная  -  Алаш, Школьная бұрылысы – Алаш бұрылысы, Кольцевая -Алатау; Бесжылдық ауылы бойынша Гаражная – Ақ дала, Школьная көшесі – Бұрыл; Қапал ауылы бойынша Жаңа көшесі –  Тұран; Шайқорық стансасы бойынша Деповская көшесі – Қайнар; Қоңыртөбе ауылы бойынша Виноградная көшесі – Кіші бұрыл, Клубная көшесі – Күлтөбе, Садовая көшесі – Жайлау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс бірауыздан қабылдансын.

2. Осы қаулы  аудан әкімдігі  жанынан ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органы арқылы аудандық  өкілді және атқарушы органдарға  ұсыныс енгізіліп, облыстық атқарушы және Өкілді органдардан оң шешімін сұрау үшін облыстық ономастика комиссиясына мақұлдануға ұсынылсын.

Қаулы  бірауыздан қабылданды.

 

Жиналыс төрағасы                                                     Б.Садырбаев

Жиналыс хатшысы                                                        Г.Сарсембаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі  тұрғындарының

жалпы жиналысының

  Х А Т Т А М А С Ы

 

Аса   ауылы                                                                             2016 жылғы 09 қараша

                                                                                                Сағат: 11-00

Жиналыс төрағасы  Е. Бозымбеков

Жиналыс хатшысы  З. Абзелова

 

Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдастық кеңесінің мүшелері – 7, Аса ауылының тұрғындары (276 адам).

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

1.     Жамбыл ауданы Аса ауылы Завод көшесіне «Қаратау»  атауын беру,  Совет көшесіне «Бірлік» атауын беру, Промышленная көшесіне «Қайнар» атауын беру, Луговая көшесіне «Көкой» атауын беру, Ленин көшесіне «Әсет Кемпіреков» есімін беру  туралы.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Е.Бозымбеков, Р.Жапаров, г.Мұзбелов, Ж.Сәлемов, Ә.Садыралиев сөз сөйледі.

Е. Бозымбеков – Аса ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы: Аса ауылдық округінде 11530 тұрғын бар, барлығы 1975 ауладан 276 ауыл тұрғындары бүгінгі жиналысқа келіп, қатысып отыр. Ауылдық округтің әкімдігіне ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныста  Завод көшесіне «Қаратау» атауын беру, Совет көшесіне «Бірлік» атауын беру, Промышленная көшесіне «Қайнар» атауын беру, Луговая көшесіне «Көкой» атауын беру, Ленин көшесіне «Әсет Кемпіреков» есімін беру қажеттігін сұрап жазған. Өздеріңізге белгілі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы қабылданған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көшелердің атаулары өзгертіледі.

Ал Үкіметтің №138 қаулысымен бекітілген атауларды өзгерту тәртібіне сәйкес жаңа атаулар ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп берілуі тиіс.   

Осыған орай, ауылдың қария ақсақалдарының ауылға табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсысыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан бір шешімге келейік.

Р.Жапаров - Аса ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы,  зейнеткер: Аса ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  біздің идеологиялық мағынасы өзгерген көшелерге жаңа атау беру бойынша өткізіп отырған жиналысына рақметімді айтамын. Ономастика мәселесіне қатысты бір сөзінде Елбасы «Бұл – аса байыптылықты, терең зерттеуді қажетсінетін іс. Бағзы бабаларымыз атауға аса талғампаздықпен қарап, өңірдің сыры мен сымбатына, табиғи ерекшелігіне баса зер салған.
          Атау беру мәселесін түбегейлі шеше салу мүмкін емес. Себебі, ономастикалық нысандарға атау беру мәселесі ұжыммен, көше, ауыл тұрғындарының пікірлері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Көшенің немесе елді мекеннің атауын өзгерту барысында жаңа атау беру жөніндегі насихат жұмысын байыппен жүргізу жұмыстың – ең бастысы.

Ойымды қорытындылай келе  атауы көнерген көшелерге төмендегі атаулар жобасын ұсынамын: Завод көшесіне Қаратау атауын беру, Совет көшесіне Бірлік атауын беру, Промышленная көшесіне Қайнар атауын беру, Луговая көшесіне Көкой атауын беру, Ленин көшесіне Әсет Кемпіреков есімін беру.

Ұсынылып отырған атауларға тоқталсам, «Қаратау» атауы — қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен ономастикалық нысан, халқымыздың баспанасы, қарашаңырағы іспеттес рәмізге ие. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған “Елім-ай” жырындағы “Қаратаудың басынан көш келеді...” деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. “Басында Нұх пайғамбардың кемесі қалған” Қазығұрт тауы да — Қаратаудың бір сілемі.

«Бірлік»  қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген. 

      «Қайнар» - бұлақтың ағып шығатын көзі. 

      «Көкой» - құмның ортасындағы оазис сияқты көкорай ой, негізінен көктемгі жаңбыр суы жиналып, аумақ көк шалғынды, қамысты болып тұрады.

«Әсет Мәулемқұлұлы Кемпіреков» 1923 жылы 23 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қавракемер ауылында дүниеге келген. Онжылдықты осы ауылда бітірген. 1942 жылы 10 қаңтарда майданға аттанған. Сол жерден бірден Көкшетау қаласындағы кіші командирлер даярлайтын алты айлық курсқа жіберілген. Оны жақсы бітіріп шыққан соң Бішкек қаласына әскери училищеге жіберілген.

1944 жылдың қараша айында училищені үздік бітіріп, офицер атағын алған. Майдан жолын Великие Луки қаласы маңынан бастаған. Ол үшінші Белорус майданының 150дивизиясының 756 атқыштар полкында қызмет атқарды. Ол Польша жерін де жаудан азат етуге қатысады.

Берлин үшін шайқас оңайға түскен жоқ еді. Қаланың қақ ортасынан өтетін Шпрее каналының арғы бетінде жау орналасқан. Рейхстаг та көрініп тұрды. Рейхстагқа ту тігу Әсет Кемпіреков қызмет етіп жүрген полкына тапсырылды. Шпрее үстінен салынған көпірді алу осы кісіге тапсырылды. Ол өзінің жауынгерлерін бастап, шабуылға шықты. Көпір де алынды. Жау да тойтарылды. Рейхсатгқа жол ашылды. Қызыл туды қолға ұстап, алға ұмтылған Әсет Кемпіреков кеудесіне оқ тиіп, ауыр жараланды.

Соғыстан кейін Ф.М.Зенченконың «Герой штурма Рейхстага» атты кітабы шықты. Бұл кітапта майдангер Кемпірековтың  де ерлік жолдары баяндалған. Берлин үшін болған ұрыстағы көрсеткен ерлігі үшін Кемпіреков бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.

1947 жылы майданнан оралғаннан кейін ардагер 1964 жылға дейін Қаракемер ауылында математика пәнінен мұғалім, оқу ісі жөніндегі меңгеруші болып жұмыс істеген. 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін сырттай оқып, бітірді. 1964-1983 жылдары – Қаракемер ауылы мектебінің директоры болған. «Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мұғалімі» атағымен атап өтілген. 1999 жылы 2 қарашада екінші сайланған  аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан Әкімінің ұсынысы бектітіліп, аудан алдындағы айрықша еңбектері және оның әлеуметтік мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Қаракемер ауылының тұрғыны соғыс және еңбек ардагері Әсет Кемпірековке «Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

1985  жылы Мәскеуде    Ұлы Отан  соғысының І  дәрежелі    орденімен  марапатталған.    Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін   КСРО Қарулы күштерінің   мерейтойлық  медальдарымен  атап  өтілген, «1941-1945 жылдары   Ұлы Отан  соғысында Германияны жеңгені  үшін»,  «Берлинді алғаны  үшін»,   «Еңбек ардагері»   наградаларына,   «Мәскеу  үшін шайқастың 65 жылдығы»,  «1941-1945 жылдардағы  майдангер»,   «Ұлы Отан  соғысындағы  ерлігі   үшін», т.б. ескерткіш белгілеріне ие. 

 «Құрмет»  орденінің   иегері.   1983   жылы   ардагердің есімі   Мәскеу әскери баспасынан   шыққан  Федор  Зинченконың  «Рейхстаг  шабуылының батырлары» кітабына енгізілген.    

          Г.Мұзбелов – Аса ауылының тұрғыны, зейнеткер, ақсақалдар алқасының мүшесі. Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе өзекті болып табылады. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Елді мекендегі көшелер мен алаң аттары ұлттық рухта халыққа мәңгілік патриоттық бағдар беріп тұруы қажет. Нақтылап айтқанда, қазақтықтың иісін аңқытып тұрса дейміз. Жоғарыда берілген бірқатар ұсыныстарға өз басым қарсы емеспін.

    Ж.Сәлемов - Аса ауылының тұрғыны, зейнеткер, ақсақалдар алқасының мүшесі. Күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселенің мәні зор деп білемін. Себебі көшелерге жаңа атау беру аса зор көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір ұсынылған атауды мұқият талдауымыз қажет. Ұсынылып отырған бірқатар атауларға қарсы емеспін.

Ә.Садыралиев - Аса ауылының тұрғыны, зейнеткер, ақсақалдар алқасының мүшесі. Биылғы жылы мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты ауыл тұрғындарының тартуы ретінде және Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін. Менің қарсылығым жоқ.

Жарыс сөзге қатысқандар пікірталас барысында көше атауы туралы бірнеше ұсыныстар білдіріп (ашық) дауысқа салу арқылы мақұлданды.  Дауысқа салу арқылы 276 адам Завод көшесіне «Қаратау» атауын беру, Совет көшесіне «Бірлік» атауын беру, Промышленная көшесіне «Қайнар» атауын беру, Луговая көшесіне «Көкой» атауын беру, Ленин көшесіне «Әсет Кемпіреков» есіміне өзгертуді  қолдады.        

Осы айтылған ұсыныс-пікірлердің ауыл тұрғындары бірауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап және талқылай келе, Аса ауылдық округіне қарасты Аса ауылы тұрғындарының жалпы жиналысы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Завод көшесін «Қаратау» деп, Совет көшесін «Бірлік» деп, Промышленная көшесін «Қайнар» деп, Луговая көшесін «Көкой» деп және  Ленин көшесін «Әсет Кемпіреков» деп атау жөніндегі ұсыныс бірауыздан қабылдансын.

2. Осы ұсыныс аудандық әкімдік пен аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылып, облыстық атқарушы және өкілді органдардан оң шешімін сұрау үшін облыстық ономастика комиссиясынан мақұлдануы сұралсын.

Қарсы - жоқ

Қалыс - жоқ

Қаулы бірауыздан қабылданды.

 

Жиналыс төрағасы                                                          Е. Бозымбеков

 

Жиналыс хатшысы                                                          З. Абзелова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы Ерназар ауыл тұрғындарының

жалпы жиналысының

  Х А Т Т А М А С Ы

 

 

Ерназар  ауылы                                                               2016 жылғы 27 қыркүйек

                                                                                              Сағат: 11-00

Жиналыс төрағасы М.Әбдіқұлов

Жиналыс хатшысы С.Бестереков

 

 

Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдастық кеңесінің мүшелері – 7,  Ерназар ауылының тұрғындары (118 адам).

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

1.           Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округіне Торанғылы атауын беру және Ерназар ауылын Ақша батыр ауылы деп қайта атау  туралы

 

ТЫҢДАЛДЫ:

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша М.Әбдіқұлов, Е.Әзімов, Т.Үрістембеков, Қ.Ташимбаев, Б.Балықбаев сөз сөйледі.

М.Әбдіқұлов – Ерназар ауылдық округінің әкімі: Ерназар ауылында 1684 тұрғын бар, барлығы 304 ауладан 118 ауыл тұрғындары бүгінгі жиналысқа келіп, қатысып отыр. Ауылдық округтің әкімдігіне ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныста Ерназар  ауылдық округін Тораңғылы деп, Ерназар ауылын Ақша батыр  деп өзгерту қажеттігін сұрап жазған. Өздеріңізге белгілі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы қабылданған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып ауылдың атауы өзгертіледі.

Ал Үкіметтің №138 қаулысымен бекітілген атауларды өзгерту тәртібіне сәйкес жаңа атаулар ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп берілуі тиіс.   

Осыған орай, ауылдың қария ақсақалдарының ауылға табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсысыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан бір шешімге келейік.

Е.Әзімов - Ерназар ауылының тұрғыны, зейнеткер: Ерназар ауылдық округінің әкімі біздің ауылдың атауын өзгертуге ашып отырған жиналысына рақметімді айтамын. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Елбасымыздың өзі де әрбір салиқалы сөзінде елді мекендерге жер-сулардың тарихи атауларын қайтару қажет екендігін баса айтып жүргенін бәріміз білеміз, естиміз де.. Тораңғы  атауы ежелден ата-бабаларымыз мекен етіп келе жатқан жердің аты, ол біздің ауылдың солтүстік батыс жағына орналасқан қалың Торанғылы. Негізі торанғы деген сирек өсетін, өте қатты ағаш.Тораңғылы деп осы ағаштың көп өскен түрін атайды екен.                                                                               Ауылымызға бұрынғы ата-бабамыздың қалдырған тоғандарының, бұлақтардың арқасында географиялық ерекшеліктерге байланысты қайта аталып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.  

Қ.Ташимбаев - Ерназар ауылының тұрғыны, зейнеткер: Біздің тұрып жатқан ауылымыздың  Ерназар деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Сіздерге Ерназар атауын қысқаша түсіндіріп өтейін.

1954-97 жылдары Талас ауданына қарайтын ұсақ колхоздар «Қызыл Октябрь», «Кеңестөбе», «Майтөбе» және «Ерназар» бірігіп «Қызыл Октябрь» колхозы деп аталған. Кеңес одағы ыдыраған соң бұл ауыл Ерназар болып қалды.

Ерназар кім? Ол 1927-34 жылдары Қазақстанды Ф.И.Голощекин деген жауыз басқарған жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Елтай Ерназаровтың фамилиясы.  Ал Елтайдың өз әкесінің аты Тышқанбай болған, яғни Елтай Тышқанбаев. Ф.И.Голощекин  төрағаға Тышқанбаев деген фамилия жараспайды, сен бүгіннен бастап Ерназаров боласың деп өзгерткен.

Ол Сырдария губерниясы, Шымкент уезі Бадам болысының 2-ші ауылының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданының) тумасы, яғни Жамбыл облысының Жамбыл ауданына ешқандай қатысы жоқ кісі.

1928 жылы байлардың мал-мүлкін тәркілеу жөніндегі комиссия төрағаларына сайланған Елтай Ерназаров (Тышқанбаев) 1931-1932 жылдардағы ашаршылық кезінде өз халқының үштен екісінің қырылуына жол берген адам.

Еліміз тәуелсіздік алған соң бұрынғы отаршыл кезеңнен қалған атаулар жаңғыртылып, еліне еңбек сіңірген кісілердің есімдері өздері туып-өскен, қызмет еткен ауыл-аймақтарға беріле бастады. Бұл тарихи әділеттік. Мысалы  ауылымыздың көшелеріне Ақшуақ апамыздың, ақын Абайдың, қоғам қайраткері Қ. Қошманбетовтің, ауылымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан Поштабай, Шынтас, Әбдіхайым, Шәбден Байбатшаев сынды аталарымызбен ағаларымыздың есімдері берілді. Ауылдағы орта мектеп Социалистік Еңбек Ері Байгелді Кейкиев атамыздың атында Бұл өңірден жатжерлік басқыншылар Жоңғарлардан атамекенін қорғаған батырлар да шыққан.

Сондай қаһармандардың бірі- тарихи тұлға, қолбасшы Қойгелдінің туған бауыры, атақты Аңырақай шайқасына мыңбасы дәрежесінде қатысқан Ақша батыр Сартұлы (1707-1729ж.ж.).

     Ақша батыр жайында 1992 жылы Алматыдағы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Төле би мен Қойгелді батыр» кітабында, «Жас Алаш» газетінде         (15 қараша 1994 жыл), 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының      1-томында (1998 жыл), Жамбыл облысының «Тараз» энциклопедиясына      (2003 жыл), «Қазақ батырлары» газетінде (сәуір, 2006жыл), «Алматы ақшамы» газетіне (17 сәуір 2014 жыл), «Қазақ» газетінде (4 шілде 2014 жыл), тағы басқа бірқатар басылымдарда бірнеше мақала жарияланды.

Ақша батыр қасиетті Қаратаудың  баурайындағы Қара дегерез деген жерде (қазір Қойгелді атындағы бірлестік) Ұзынбұлақ  бойындағы Күйгенкөл аталып кеткен көл жағасында жоңғарлармен кескілескен шайқаста ерекше көзге түсіп, алғашқы сыннан өткен батыр. Бұдан кейінгі шайқастарда талай ерліктер  көрсеткен. Ал 1729-шы жылдың көктемінде жоңғарлармен болған шешуші Аңырақай шайқасында жекпе-жекте жоңғардың Дәржі батырын жеңген.

Осы жәйттерді ескере  келе Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылының атауын «Ақша батыр ауылы» деп өзгерту тарихи әділеттілік болар еді.

       Б.Балықбаев - Ерназар ауылының тұрғыны, зейнеткер: Бүгінгі жиналыста ауылдың атын өзгертуге түбегейлі қарсымын, себебі жаңа сіздер айтып отырған Ақша батыр атамыздың есімін емес төрт атаға бірдей Шымыр ата деп неге қоймасқа деді.

         Т.Үрістембеков - Ерназар ауылының тұрғыны, зейнеткері: Осы уақытқа дейін аудан бойынша біраз  елді мекендердің барлығы өз ауылдарының атауларын қазақшалап, жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атап алған. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін. Бүгінгі таңда ауылдық округ тұрғындарының көтеріп отырған мәселесі өте орынды.  Мен ауылдық округтің атауларын ұлттық нақышқа келтіріп отырғанына өзім өте қуаныштымын.  Сол себептен «Ақша батыр» деген атауды қолдаймын.

Жарыс сөзге қатысқандар пікірталас барысында ауылдың аты туралы бірнеше ұсыныстар білдіріп (ашық) дауысқа салу арқылы мақұлданды.  Дауысқа салу арқылы 118 адамнан 107 адам  Ерназар ауылын «Ақша батыр» деп өзгертуді қолдады.        

Осы айтылған ұсыныс-пікірлердің ауыл тұрғындары бір ауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап және талқылай келе, Ерназар ауылдық округіне қарасты Ерназар ауылы тұрғындарының жалпы жиналысы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ерназар ауылын – Ақша батыр деп атау жөніндегі ұсыныс бірауыздан қабылдансын.

2. Осы ұсыныс аудандық әкімдік пен аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылып, облыстық атқарушы және өкілді органдардан оң шешімін сұрау үшін облыстық ономастика комиссиясынан мақұлдануы сұралсын.

Қарсы-11;

Қалыс жоқ;

Қаулы бір ауыздан қабылданды.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                          М.Әбдіқұлов

 

Жиналыс хатшысы                                                          С.Бестереков

 

 

 

 

 

 

 

 ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің деректері бойынша соңғы үш жылда газдан уланған, газ жабдықтарының жарылуы мен ақаулы болуынан 318 адам зардап шегіп, оның 82-сі қайтыс болды. Қазақстанда аптасына 2 рет газбен байланысты төтенше жағдай орын алады, оның әрбір үшіншісі адам өлімімен аяқталады.

Бұл қасіреттің себебі неде, қандай жағымсыз жағдайлар көгілдір отынмен байланысты болуы мүмкін, осындай төтенше жағдайлардан қалай құтылуға болады?

Жеке секторлардың тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың өзінің де,  оның өнімдерінің де толық жанбай шығып кетуі болып табылады. Соңғысының иісі болмайды және ол тұрғын үйге өте тез тарап, қандағы гемоглобинге байланысты адам организміне бірден әсер ете бастайды. Оны сезу мүмкін емес, сондықтан халық оны «тілсіз жау» деп атайды. Уланудың салдары – ауыр жүйке жүйелері мен тыныс алу жолдары ауруларына әкеп соқтырады, ал дер кезінде жәрдем көрсетпеу - өліммен аяқталады. Осындай уланулардан бүкіл отбасы опат болатын жағдайлар өте жиі кездеседі.

 Көп пәтерлі үйлерде табиғи газбен байланысты төтенше жағдайлардың жиі кездесу себебі газдың шығып тұруы, ол өрттің шығуына, жарылыс пен улануға әкеп соғады.

Жоғарыда сипатталған қауіп-қатерді болдырмау үшін барлық газ аспаптарын дұрыс қолдану қажет, өйткені оларды тиісті дәрежеде қолданбағанда, газдың шығып тұру себебі байқалмайды. Бірнеше міндетті ережелері бар:

1. Барлық газ жабдықтарын сертификатталған жеткізушілердің мамандандырылған дүкендерінен ғана сатып алу керек.

2. Барлық газ жабдықтарын монтаждау, газ құралдарына жүргізілетін болмашы жөндеу жұмыстарын коммуналдық газ қызметінің бақылауымен тек мамандар ғана жүзеге асырады.

3. Жылына ең аз дегенде екі рет мұржа мен желдеткіштердің жай-күйін тексеру, түтіннің тартылуын қамтамасыз ету үшін оларды тазарту қажет.

4. Дабыл беретін заманауи техника бар. Сондықтан, қауіпсіздік автоматикасымен басқарылатын газбен жылыту аспабын орнату қажет, бұдан басқа, табиғи және тұншықтырғыш газ иісінің шығып тұруын тоқтататын және белгі беретін құрылғылары бар жылытқыш пештердің  конструкциясымен қамтамасыз еткен жөн. Түтіннің тартпауы немесе иісті газ белгілері пайда болған жағдайда пеш жабдықтарының автоматты түрде ажыратылуына және қатты сигнал беруінге мүмкіндік береді. Бұл трагедиядан құтылуға мүмкіндік беретін жалғыз кепілдік. Мұндай жабдықтар бағасы жағынан қол жетімді және мамандандырылған дүкендерде сатылады.

Майдагерлік немесе құны жағынан арзан, бірақ сапасыз техниканы өзбетімен қосу немесе орнату, бұл әсіресе жылыту және су ысыту жүйелеріне қатысты, сұмдық қауіпке әкеп соқтыруы мүмкін. Газдың шығуы, түтіннің тартпауы, жарылыс қаупі және көптеген басқа жағдайлар газ приборларын қосу кезіндегі өзіндік әрекеттің нәтижесі болуы мүмкін.

Бұрын газ жабдықтарына қызмет көрсететін слесарь-бақылаушылар жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді аралап, мұржа мен желдеткіш арналарының жай-күйін тексеретін, сондай-ақ тұрмыста газды қауіпсіз қолдануды қадағалайтын, ал бүгінгі күні бұл функциялар бәсекелестік ортаға тапсырылған және толықтай үй иелеріне жауапкершілігінде. Сондықтан, жеке басының қауіпсіздігін сақтау мақсатында өз бетінше қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу немесе мұны ПИК-тен (пәтер иелерінің кооперативтері) талап етуі қажет.

Әне-міне дегенше жылыту кезеңі басталады. Сондықтан жазда осыны істеп үлгермегендер үшін үйдегі газ жабдықтарына, түтін тартқыштар пен желдеткіштерге толық профилактика жасайтын, сигнал беру жүйесін орнататын кез келді. олайлы кезең. Қауіп-қатерді елемеу, ақыр аяғында адам үшін ең қымбаты – өз өмірін қиюға әкеп соқтыратынын естен шығармаңыз!

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент