Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

         Баршаңызды береке-бірлігіміздің қайнар бастауы, сарқылмас қуаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдігіміздің, егемендігіміздің жарқын белгісі. Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1995 жылғы референдумда бірлігі жарасқан қазақ елі Ата Заңымызды қолдап, Қазақстанның мемлекеттігін, бейбітшілік  пен азаматтық келісімді нығайтуды таңдады.

Конституциясын қабылдаған Қазақ елі өзінің даму жолын түпкілікті анықтап, әлемге өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жария етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау» – деген еді бір сөзінде. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын негізгі құжат – Ата Заң. Олай болса, Ата Заңды аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміз Ата Заң аясында тарихи табыстарға қол жеткізіп, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастырды. Қазақстан даңқын әлемге паш етіп, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылды. Еліміздің жеткен жетістігі мен бағындырған белесі осы тұғырлы һәм ғұмырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды. Елбасының әр жылдардағы Жолдауы мен елімізді өркендету жолындағы салалық бағдарламаларының мақсатты орындалуы аудан экономикасының қазіргі дамуына әкеліп отыр.

Тыныштық пен татулықты ту еткен еліміз баянды бірлігімен әлем халқына үлгі-өнеге. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында бақытты да баянды ғұмыр кешуі халқымыздың жомартығы мен кең пейілінде десек, ағаттық болмас.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Елімізді өркендету жолындағы істеріңіз әрқашан жемісті болғай.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент