Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Хабарландырулар

 

Жоба

                                                                                                                                                                                                    Хабарландыру

 

Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің назарына!

«Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №166 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, ауылшартауарынөндірушілерден өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан басталып, 30-шы қарашасында аяқталатынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 9 00 -ден 19 00 -ге дейін (үзіліс уақыты: 13 00 - 15 00).

Мекен жайымыз. Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй. 315 кабинет.

Анықтама телефондары:2-12-51, 2-15-33.

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің

Қ А У Л Ы С Ы

Аса селосы                                      №____           «___»________ 2016  ж.

 

 

 

 

 

 

«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «04» қазандағы №476 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «04» қарандағы №476 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3169 болып тіркелген) келесі  толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.

2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын бақылау облыс  әкімінің  орынбасары
Е. Қыдыралыұлына  жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл ауданының әкімі                                                      М. Мұсаев  

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің

2016 жылғы ___ қарашадағы

№ ____ қаулысына қосымша

 

 

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1.

Күздік бидай

15.11.2016 жыл

1.12.2016 жыл

2.

Жаздық арпа

15.11.2016 жыл

1.12.2016 жыл

3.

Ашық топырақтағы көкөніс

15.11.2016 жыл

1.12.2016 жыл

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент