Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 29.09.2017 жыл

І-ішкі конкурс

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

 

Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

            Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

                       

Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі   немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

      Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

 

 

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

теңгеден

теңгеге дейін

Е-R-3

96607

129919

           

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

1.      Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі «Е-R-3» санаты, 1-бірлік, (№ 07-01-03)

 

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлау, болжамдау, мәліметтерді талдау, мәлімет дайындау. Азаматтарды жұмыспен қамту, оларды кәсіби оқыту және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан көлемінде жұмыспен қамту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Бөлім жанынан құрылған комиссиялар жұмысына қатысу. Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін бақылау. Халықты жұмыспен қамту туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпарат тарату. Жергілікті атқару органдарына халықтың нысаналы топтарын анықтауға ұсыныс беру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау.

 Бөлімнің орындаушылық тәртібін қадағалау. Аудан аумағында «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы мен жұмыспен қамту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау. Жұмыс берушілерден түскен мәліметтердің және жоғары лауазымды органдарға тапсыратын мәліметтердің есебінің дұрыстығын бақылау.

 Жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша мекеме ұйымдармен, ауылдық округ әкімдерімен өзара байланыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары.

Мамандығы - экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе құқықтану.

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының  нормативтік- құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

         Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

           

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      ______________                                      ____________________________________________

              (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

 Жамбыл ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

            Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е- R-3 санаты үшін: жоғары білім

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.*

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе ортадан кейінгі немесе кәсіптік және техникалық білім.

            Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.          

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Е-R-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі немесе кәсіптік және техникалық білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Е-G-3 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі немесе кәсіптік және техникалық білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

теңгеден

теңгеге дейін

1

Е-R-3

96607

129919

2

Е-4

77452

104935

3

Е-R-4

73288

99106

4

E-G-3

69957

94109

           

                Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

1.      Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің аудан бюджетінің атқарылуын және коммуналды меншікті үйлестіру секторының меңгерушісі «Е-R-3» санаты, 1-бірлік, (№ 11-02)

 

Қызметтік міндеттері: Заң актілеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқарады, оларды қорғау жөнінде шаралар қолдану. Мемлекеттік мүліктерді тиімді және орынды пайдалану туралы жұмыс жүргізу. Негізгі мүліктерді мекемелердің балансынан басқа балансқа өткізу, мекеменің балансындағы негізгі мүліктерді есептен шығару жұмыстарын жүргізу. Объектілерді сатуға дайындау және келісім-шарттар жасау (жеке және заңды тұлғалар). Мемлекеттік мүліктердің тиімді және орынды пайдалануын қамтамасыз ету. Коммуналды меншікке қатысты есептіліктерді жүргізу.  Сектордың   жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру бойынша мемлекеттік органдар, аудандық мекеме-ұйымдармен бөлім атынан байланыс жасау. Бөлім бастығы жоқ кезде, белгіленген заңнамаларға сәйкес, оның міндетін  атқару.

            Сектордың ережелерін бекітуге ұсыну, атқарылатын іс-атауларын жасау және жұмыстарын үйлестіру. Бөлім жанынан құрылған комиссиялардың жұмысына қатысу. Жергілікті бюджеттің атқарылуын, орындалуын және бюджеттік заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Сектор қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін және секторға жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы - Экономика немесе қаржы  немесе есеп және аудит.

«Қазақстан - 2050 Стратегиясын», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және «Бюджет кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы құқықтық актілерін білу.

 

2.      Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы «Е-4» санаты 1-бірлік (01-05-03)

 

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексіндегі талаптардың сақталуын қадағалау. Аудан әкімінің жанындағы тәртіптік, бағалау, аттестациялық комиссиялардың жұмысын жүргізу. Персоналды басқару, қызмет тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізу. Аудандағы өткізілген аттестациялаудың мәліметтерін жинақтау және талдау. Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкерлердің есебін жүргізу. Тәртіптік комиссия отырысына хатшы болу және іс-қағаздарын жүргізу, тәртіптік комиссияның жүргізген жұмыс қорытындылары туралы мәліметтерді жинауға, тоқсан сайын Жамбыл облысының әдеп жөніндегі кеңесіне жіберілуіне жауапты. Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің өкімдерін дайындау. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, ауылдық округ әкімдерінің және аудан әкімдігіне қарасты бөлім қызметкерлерін оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. «Алтын-Алқа», «Күміс-Алқа» наградаларына,  облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен», құттықтау хаттарымен марапатталатындардың құжаттарын дайындау және есебін жүргізу. Көп балалы аналардың құжаттарын облыс әкімі аппаратына өткізуді қамтамасыз етеді. Арнайы тексеруден өткізу жұмысына жауапты және арнайы тексеруден өткен мемлекеттік қызметшілерді заңнамаға сәйкес ант беру рәсіміне дайындау, өткізуді ұйымдастыру. Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу. Аудан әкімінің және аппарат басшысының, персоналды басқару бөлімшесі басшысының тапсырмаларын орындау. Ауданның барлық атқарушы органдарында аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, жоғарғы орган актілерінің орындалуына  жалпы бақылау жүргізу. Аудан әкімдігі бөлімдерімен және ауылдық округ  әкімдері мен бірлесіп  үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы.

Мамандығы: Құқықтану немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

3.      Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-есепші

«Е-R-4» санаты 1-бірлік (03-04)

 

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін, айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Бөлімнің коммуналдық-материалдық активтеріне түгендеу жүргізу, мүліктік түгендеу жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Кредиторлық-дебиторлық есеп №6 айналым, есеп беру шоты бойынша бухгалтерлік құжаттар №2 айналым есебі және бас кітаптардың жұмыстарын жүргізу. Айлық жалақы (111-149), №5 айналым есебі, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржылар реестрін, тапсырыс ресстрін, өнім берушінің келісім-шарттарының ресстрін, анықтамалар реесстрін жүргізіп отыру. Төлем тапсырмалар: зейнетақы қоры 10%, әлеуметтік салық, табыс салығы және т.б. жүргізу. Мемлекеттік сатып алу, баға ұсыныстар, байланыс қызметінің терімі, электр есептегіштердің есебі, жол жүру парағы №7 айналым есебі, жанар-жағар май, салық, қаржы, қоршаған орта, статистикаға тапсыратын есебін жүргізу. Іссапарлар құжаттары №8 айналым, инвентаризация, смета шығыстарының орындалуы, қызмет стажын анықтау хаттамасы, штат кестесі, қаржыландыру жоспары, бұйрық дайындау, хаттарға жауап беру. Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстық құрылыс басқармасына конкурс өткізуге құжаттар дайындап өтінім тапсыру. Конкурс жеңімпаздарымен келісім-шарт және т.б. құжаттарын рәсімдеу. Баға ұсыныстар тәсілімен өткізген конкурстардың жеңімпаздарын анықтап, құжаттарын рәсімдеу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңдарын функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

4.      Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы

«Е-R-4» санаты 1-бірлік (11-03)

 

Қызметтік міндеттері: Уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды   диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді  ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті  жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну. Аудан аумағындағы жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша жағдайларды зерделеу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарға мерзімінде жауап қайтару. Бөлімге жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылайды. Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлык мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - Ветеринария саласындағы

Мамандығы - ветеринария саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

5.      Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізуші

"Е-G-3" санаты 1-бірлік (11-03)

 

Қызметтік міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды жүргізу. Сайлаушылардың тізімдерін анықтап, тоқсандық есептер дайындау. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәлімет алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімі қабылдайтын өкім, шешімдердің жобаларын әзірлеу. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Көп балалы аналардың құжаттарын наградаға дайындап өткізу. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.

Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

БіліміБілім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы.

Мамандығы білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік наградалары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

6.      Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісі "Е-G-3" санаты 1-бірлік (14-03)

 

Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіп бойынша қызмет көрсету аумағында шақырылушылардың және әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Әскери міндеттілердің алфавиттік карточкалары және алғашқы есеп карточкаларын жүргізу. Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау. Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қорғаныс істер жөніндегі уәкілетті органдарының шақыруы бойынша баруын қамтамасыз ету, шақыру есебін жүргізу. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есеп құжаттарындағы өзгерістер туралы мәліметтерді мерзімінде тіркеп, қорғаныс саласындағы уәкілетті органның есеп құжаттарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен қаулыларының орындалуына бақылау жасау.

Округ аумағындағы барлық мекеме-ұйымдармен меншік түріне қарамай әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.        

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы.

Мамандығы - білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы). 

«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.    

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2- қосымшасына сәйкес   нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2)      3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)      бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 бөлме, индекс 080200, тел.: 8 (726) 33 2-25-02, факс: 2-25-02 электрондық пошта: zhambyl_asa_akim@mail.ru, тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123 мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешімімен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент