Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Атқарылған шаралар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудегі дайындық жұмыстары туралы

 

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты деңгейде атап өту мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген. Сондай-ақ, жастардың еліне деген сүйіспеншілігі мен тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін, сондай-ақ атаулы жылды барлық сала қызметкерлері мен аудан тұрғындарына ақпараттандыру мақсатында мерекелік іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, жауапты орындаушылардың назарына жеткізілді.

         Өткізілген іс-шараларда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөліне баса назар аударылуда.

         Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері желілік кестеге және аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан бойынша түрлі форматта 307 (спорттық ойындар, дөңгелек үстелдер, конференция, кездесу, экскурсия, кітап және фото көрмелері және т.б.) іс-шаралар ұйымдастырылса, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне дейін түрлі көлемде 74 іс-шара өткізу жоспарлануда.

         Атқарылған жұмыстардың ақпараты әр күн сайын облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына арнайы үлгіге сәйкес жолдануда.

Жоғарыда аталған желілік кесте аясында ауданға қарасты ауылдық округтерде, білім беру және мәдениет мекемелерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін іс-шаралардың дербес жоспарлары бекітіліп, бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жалпы, Жамбыл ауданында жыл басынан бері атаулы мерекелік даталар шеңберінде өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Оның ішінде: 192 мәдени-көпшілік іс-шаралары, 53 спорттық жарыстар, 31 ғылыми-танымдық жұмыстар, 7 форум, 14 фестиваль, 11 акция, 67 «дөңгелек үстел», 72 кездесу, 25 байқау, 20 семинар және 60 басқа да іс-шаралар. Көрсетілген іс-шаралармен 45 мыңға жуық аудан халқы қамтылды.

Жоспардан тыс өткізілген іс-шаралардың саны – 53.

         Атап айтқанда, 1 наурыз – Алғыс айту күнінен басталған іс-шаралар бертін келе 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, 1 маусым – Балаларды қорғау күні, 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күні, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні, 6 шілде – Елордамыз Астана күні, 30 тамыз – Конституция күні, Отбасы күні, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекелері қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың барлығы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілді.

         Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шілде айында Ұлы Жібек жолы тарихи-мәдени сұрасын насихаттау, қазақстандықтарды азаматтық бірегейлікке тәрбиелеу, қолөнер шеберлеріне практикалық көмек көрсетуді мақсат тұтқан «Ұлы дала аңыздары» атты этноэкспедиция ауданға келіп, тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында «Біз, қазақстандықтар – Ұлы дала елінің балаларымыз» тақырыбында аудан жастарымен толеранттылық сабағын өткізді.

         22-23 шілде күндері «Экспедиция 25» автоэкспедициясы Жамбыл ауданында бөліп, «Ақыртас», сарайлар кешені, «Қаракемер» қалашығы, «Айшабибі» және «Бабаджа ана» кесенелерін аралауы ұйымдастырылса, Аса ауылы «Жастар ресурстық орталығында» «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты облыстық жас ақындардың байқауы өткізілді.

         Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша аудан әкімінің 8.12.2016 жылғы №337-ө өкімімен аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Құрылған бес топтың құрамына 35 адам (әр топ бойынша 7 адам) енгізілген.

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» (30 қараша 2015 ж.) атты Жолдауын, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын түсіндіру жұмыстары аясында жыл басынан бері облыстық және аудандық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарымен 69 кездесу, 1 үгіт пойызы, 1 семинар, 2 жастар акциясы ұйымдастырылып, онымен 5500-ге жуық адам қамтылды.

         Ағымдағы жылдың тамыз айында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 ардагер Астана қаласына барып, қаланың әсемдігін көзбен көріп, саяхаттап қайтты.

         Ашылған нысандарға тоқталатын болсақ: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астана күніне орай Пригородное ауылында 280 орындық «Нұр-Әлім» балабақшасының ашылуы ұйымдастырылса, 6 шілде күні аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің жаңа ғмаратының ашылуы салтанатты түрде аталып өтіліп, орталық стадионға 3 киіз үй тігілді. Онда аудан тұрғындарына ас беріліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Аудандық мешіттің құрылысын жүргізуге қол ұшын созған азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

         Сонымен қатар, Конституция күніне орай Пионер ауылында кіші футбол алаңының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

         Сондай-ақ, шілде айынан бастап округтердің орталықтарында «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық  округтердің өнер фестивалдері өткізілуде. Аталған фестиваль әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.

21 қарашадан бастап 25 жұлдызды күн аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар қатары анықталған. 25 жұлдызды күн ішінде аталып өтілетін барлық іс-шаралар орындалуы тұрақты бақылауда.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мерекелік іс-шаралар көпшілік қауымға кеңінен жеткізілуде.

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттық қолдау мақсатында аудан көлемінде 50 орынға тақырыптық билбордтар мен түрлі ақпараттық құралдары орнатылса, осы және өзге де өткізілген іс-шаралар туралы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде арнайы айдармен 90-ға жуық мақала жарияланған және облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан 8 сюжет көрсетілді.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент