Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары 

 

1.     Жалпы ережелер

 

         1. Осы жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрi - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және Жамбыл облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;

2) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

3) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органы құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру –  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды)  пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын, жануарларды есепке алу рәсімі;

5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

6) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

3. Осы Қағидалар асыл тұқымды мал шаруашылығын қоса алғанда жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

 

2. Жануарларды тіркеу және асырау шарттары

 

         4. Әрбір тіркелген жануарға жеке нөмір мен ветеринариялық паспорт беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа);

2) таңбалау (жылқы);

3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түру) (ауыл шаруашылығы  жануарларының барлық түрлері).

5. Жануарлар иелерi:

1) санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстануы;

2) ветеринариялық ұйымдар мамандарының негізделген талабы бойынша, диагностикалық зерттеу, аса қауіпті ауруларға егу және вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетулері;

3) жануарлардың тіркелу мекендері өзгерген (сатылған, сыйлыққа берілген) жағдайда, оларды өзгерген мекендері бойынша қайта тіркетулері;

4) жануарларды белгіленген орындарда асырағанда, сонымен қатар, шошқаның жағымсыз иістерін болдырмау үшін ветеринарлық нормативтерге сай санитариялық-гигиеналық тазалығын қатаң сақтаулары қажет.

6. Жануарларды асыраған кезде жануарлар иелеріне:

1) ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер берген арнаулы үлгідегі ветеринариялық паспорты мен жүргізілген алдын ала емдеу және денсаулығы туралы ветеринариялық анықтамасы болмаса, жануарларды тасымалдауға (мекенін өзгертуге);

2) жануарларды адамдардың демалу және шомылу орындарында, су бұрқақтарда, табиғи және жасанды су айдындарында шомылдыруға;

3) жануарларға қатыгездік жасауға;

4) сумен қамтудың жер үсті су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында және жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға;

5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі айқындаған, мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға;

6) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдыруға және өз бетімен жіберуге, жасыл-желектерді таптатып, бүлдіруге рұқсат етілмейді.

7. Жеке меншіктегі барлық ауыл шаруашылығы жануарларының жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар және ветеринариялық пункттер беретін ветеринариялық паспорттары болуы және бірдейлендірілуі тиіс. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.

8. Жануарды сату, сатып алу, оның өлу, жоғалу немесе өзге адамға сыйлау жағдайларында оларды есептен алуды немесе тipкeyді жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер жүзеге асырады.

9. Жануарлардың иелері олардың өлгені туралы ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттерге хабар беріп, олардың өлекселері арнайы малқорымында немесе арнайы өртеу пештерде жойылуы қажет.

 

3. Жануарларды асырау тәртібі

 

         10. Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері жауапты. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға тыйым салынады.

11. Қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

12. Жануарлар иелері жануарлардың кенеттен өлгені, бірнеше жануардың бір мезгілде ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлап, олар келгенше ауруға сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдаулары тиіс.

13. Аумақта (шаруашылықта) карантин (шектеу) енгізілген кезде:

1) жануарлардың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;

2) жануарлардан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға;

3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;

4) жануарларды етке союға;

5) өлген жануарларды ашуға және олардың терісін алуға;

6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге;

7) стационарлық-қолайсыз пункт аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;

8) табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға.

 

 

4. Қорытынды ереже

 

          14. Осы Қағидаларды бұзғаны үшiн жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент