Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың аудан тұрғындарын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды еліміздегі мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасының сарабдал саясатының арқасында қуатты мемлекет құрғанымызды, еңселі ел болғанымызды мақтаныш сезіммен айта аламын. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

1991 жылдың 1 желтоқсаны – еліміз үшін мәңгі есте қалатын ерекше күн. Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи жасампаз жаңа дәуірге кемеңгер Көшбасшымен бірге қадам басты. Осы жылдар ішінде жас мемлекетімізді жарқын болашаққа бастаған Мемлекет басшысының сара саясатының арқасында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты, экономикасы қуатты, халықаралық аренада беделі жоғары елге айналдық. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар мемлекетіміз үшін сын сағатына іліккен шақ болды. Еліміздің аяқтан тік тұрып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болып қалыптаса алатынына күмән келтіргендер де табылды. Алайда, ұлы дала елін ұлы мұратқа жетелеген Ұлт Көшбасшысы 25 жыл ішінде әлемдегі дамыған елдермен иық тіресе алатын мемлекеттің іргетасын қалады. Болашағына сырттағылар күмәнмен қараған Қазақстан – бұл күнде талай елге үлгі-өнеге.

Қазақстан бүгінде әлем мойындаған көптеген ірі халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сонымен қатар келер жылы Елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу – бұл мемлекетіміздің жоғары беделінің көрсеткіші.

Елбасының еліміздің заман ағымына сай қарқынды дамуына негізделген дәстүрлі Жолдаулары мен стратегиялық жоспарлары, салаға қатысты бағдарламалар ел игілігі жолында жүйелі іске асырылып келеді.

Бүгінде Қазақстан – дамыған елу елдің қатарында. Еліміздің бағындырар асуы – дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Осынау биік белеске қол жеткізу мақсатында Елбасы ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын айқындап берді.

Жамбыл ауданы да республика, облыс экономикасының дамуына өз үлесін қосып отыр. Ауданда өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуде, мемлекеттік жобалар жүзеге асып, жаңа технологиялар енгізілуде, халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салынуда. Әрине, осынау игі істің басында Елбасының тұрғаны ақиқат.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Осы мереке жаңа табыстар мен жарқын істердің ұйытқысы бола берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік Ел» мұратына жетейік!


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент