Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Медиация туралы

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес Жамбыл ауданы аумағында кәсіби негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой  медиатор туралы мәлімет.

 

1. Кәсіпқой  медиатор: Амирова Нурлыкуль Сейсенбаевна.

2. Медиатордың заңдық мекен-жайы: Тараз қаласы, Төлеби көшесі №43 үй.

3. Медиатордың байланыс деректері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Ленин көшесі

    №10/1 үй. Тел.(872633) 2-16-15. Ұялы тел.87479127598, 87715916842

4. Медиатор Тараз қаласында орналасқан «Бітімгер» медиация және құқық

    орталығында маманданады.

5. Медиатор медиацияны мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асыра алады.

6. Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер жоқ.

 

 

1. Кәсіпқой  медиатор: Ниязов Қалдыбек Жораұлы.

2. Медиатордың заңдық мекен-жайы: Тараз қаласы, Төлеби көшесі №43 үй.

3. Медиатордың байланыс деректері: Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы, Дербіс болыс көшесі

    №15 үй. Тел.(872633) 3-85-88. Ұялы тел.87073147216, 87055727166

4. Медиатор Тараз қаласында орналасқан «Бітімгер» медиация және құқық

    орталығында маманданады.

5. Медиатор медиацияны мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асыра алады.

6. Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер жоқ.

Семинар

Медиация мәніне үңілді

Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, тамыз айынан бастап заңды күшіне енген болатын. Дегенмен, халықтың дені бұл заңды әлі де тереңірек түсіне қойған жоқ. Ал, бұл тәсілді дамыған елдердің көбі қолданып келеді. Дау-дамай туа қалса, бірінші кезекте медиаторларды іздейтіні белгілі. Өткен ғасырларда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында аса маңызды орын алған билер тек ел басқарушы ғана емес, сонымен бірге төрелік айтатын тұлға болған. Демек, медиация қазаққа жат үрдіс емес.

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппараты мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығы бірлесіп семинар өткізді.

«Бітімгер» медиация және құқық орталығының басшысы Лариса Сафонова, Жуалы ауданы бойынша кәсіпқой медиатор Затымбек Дулатбаев, ауданның кәсіпқой медиаторлары Қалдыбек Ниязов пен Нұрлыкүл Әмірова және ауылдық округ әкімдері, әкімдіктің бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысқан басқосуды аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ержан Жолбай ашып, семинардың мән-мазмұнына тоқталды.

Семинарда «Медиация туралы» Заң терең түсіндіріліп, оны қолданудың реті айтылды. Медиацияның басты мақсаты – дау-дамайды сотқа дейін жеткізбей-ақ, бітімгершілікпен шешу. Істің екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделген. Сондай-ақ, қылмыстық құқықтағы, жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың ымыраға келуіне ықпал етеді. Бұл ретте медиаторлар дауға шешім шығармайды, тек бейтараптық бағыт ұстанып, келісімге келуіне әрекет етеді. Бірақ әзірге кәсіби медиаторлар жоқтың қасы.

Лариса Сафонованың айтуынша, көпшілік медиацияның мәнін жете түсінбегендіктен, үйреншікті әдетпен сотқа жүгініп жатады. Ал, дамыған елдерде халықтың 90 пайызы дау-дамайды шешу үшін медиаторға жүгінеді.

Жиында сөз алған Затымбек Дулатбаев Жуалы ауданында медиатордың көмегімен бітімге келіп жатқан азаматтар жайында мысалдар келтірді. Бұл ретте сотқа емес, медиатордың қызметіне жүгінетін азаматтардың қарасы қалың екенін аңғару қиын емес.

Өз кезегінде Қалдыбек Ниязов пен Нұрлыкүл Әмірова  ауданымызда медиатордың көмегімен шешімін тапқан дау-дамайлардың, араздасқан ағайынның қайта пәтуаласқанын айтып, медиация жайында сөз жұптады. Алдағы уақытта медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрғындар арасында тиісті деңгейде насихатталып жатқанын жеткізді.

Семинар соңында медиацияны мейлінше қолдап, атсалысқан Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Сағынбек Жанысбаев пен Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Зайнилда Сматов «Бітімгер» медиация және құқық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Нұрасыл Сұлтанбаев.

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент