Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтауы

Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздегі ең ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Азаттықтың анасы – бостандық, Тәуелсіздіктің анасы – еркіндік. Жер шарын мекендеген барлық халық еркіндікті арман етеді, мақсат тұтады. Біздің халық ғасырлар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізген, арман-мұраты ізгілікпен өрілген ел. Байтақ ел, дария көңіл, дана қазақ халқының сайын даладан ғұмыр бойы іздегені – бірлік, тілегені – тұтастық.

Қазақ халқы: «Қуана білгенге – құт қонады, бағалай білгенге – бақ қонады», – дейді. Қазақстан бүгінде, қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды. Осы жалауы желбіреген жиырма бес жылда қазақ халқы асыққанына жетіп, аңсағанын көрді, өткеннің өкінішін жуып, тарихтың қателігін жөнге келтірді. Ғаламат істер мен тегеурінді тірліктер атқарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміз аз уақыттың ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың жарқын жолдарынан өтті. Ұлттық рух келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Ең бастысы, көпұлтты халқымыздың татулығы мен ынтымағының арқасында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал қалыптасты. Тәуелсіздіктің баянды тағдыры – әлем таныған саяси тұлға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, біртұтас халқымыздың тағдыры. Қазақ жерін құт мекен еткен, татулығы жарасқан көпұлтты қазақстандықтардың тағдыры. Сондықтан, татулық пен бірлік бар жерде өркендеу, өрлеу бар.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан!» деп ерекше тоқталған болатын. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріміз көп болсын.

Қадірменді көпшілік!

Сіздерді біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы еңбектеріңізге береке тілеймін. Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз азаттықтың аспанында әуелесін.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент