Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың аудан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ел өміріндегі ерекше мереке – Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде танылғанына биыл 25 жыл толды. Бұл – татулығы мен бірлігі жарасқан қазақ халқының мерейін асыратын айрықша мереке. Осынау жылдар ішінде еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен толағай табыстарға жетті. Әр жылдардағы Жолдаулары мен стратегиялық бағдарламалары жас мемлекетіміздің шамшырағына айналды. Ал, оның орындалуы еліміздің экономикасын қуаттай түсуде. Тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы жеткен жетістіктерді саралаған биылғы жыл да тарих қойнауына енгелі тұр. Алдағы күндерден тек жақсылық күтетін қазақ халқы күнтізбеден жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын халқымыз үшін әрбір жылдың орны ерекше. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның дамуы жолындағы жасампаз жаңалықтармен жазылып келеді.

Мемлекетіміздің жеткен жетістіктері тек береке мен бірліктің арқасында екені баршаға аян. Өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстан қарыштап алға басты. Халқымыздың өз Тәуелсіздігін сақтауға, нығайтуға белінің бекем екендігін байқатты. Ел болашағына деген сеніміміздің зор екендігін көрсетті.

Аудан көлеміндегі атқарылған ауқымды істер де көз алдымызда. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар пайдалануға берілсе, білім, медицина нысандары күрделі жөндеуден өтіп, бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Мұның барлығы – берекелі бірлігіміз бен тиянақты тірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенім мол.

Сүйікті Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне жамбылдықтар да өз үлесін қосатыны анық.

Жаңа жыл жақсылығымен келсін, мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, таусылмас бақыт, бірлік пен береке тілеймін.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент