Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ауылдық округ әкімдері есептерінің тезистері

Жамбыл ауданы бойынша ауылдық округ әкімдері есебінің тезистері

 

Айшабибі ауылдық округі

Округ аумағында 290 шаруа қожалығы болса, оның 43-і мал бағумен, 247-і егінмен айналысады.

2016 жылы 250 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан орта есеппен 8 центнерден, 350 гектар арпаның әр гектарынан 9 центнерден өнім алынды. Күздік бидай себу жоспарына сәйкес 2017 жылға 150 гектар жер жыртылып, оған 45 тонна тұқым дайындалып зертханадан тексеруден өткізілді. 2017 жылға қант қызылшасын егуге берілген 250 гектар тапсырмасының 135 гектарына шаруа қожалықтары ниет білдіріп, жерлері айдалып дайындалды. 

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Майда» шаруа қожалығы 1808 бас қой, 52 бас қошқар алса, «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Асылов А» шаруа қожалығы 75 млн теңге алып, 444 бас сиыр, «Құлан» бағдарламасы бойынша «Баратов» шаруа қожалығы 6 млн 200 мың теңге алып, 22 бие, 2 айғыр алды.

Округімізде асыл тұқымды жылқы бағытымен айналысатын 2 шаруа қожалығы бар. Олар: «Амирова Л», «Атамекен».

Елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы жұмыстарға 330 млн теңге қаражат бөлінді. «АрайСтройМаркетпен» ЖШС келісімшартқа отырып, Айтеке би, Қазыбек би, Ақкөл көшелеріне газ желісі тартылып, электр жарығы жүргізілуде. Көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 220 млн теңге қаражат игерілді.

Қаратау ауылына су құбыры мен су мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысына 2 млн 419 мың теңге қаражат жұмсалды. Қызылтаң ауылына су скважинасын ағымды жөндеуге 4 млн 309 мың теңге жұмсалды. Ауыл тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету мақсатында Қызылтаң ауылына 990 мың теңгеге, Айшабибі ауылындағы Төле би көшесіне 1 млн 945 мың теңге трансформаторлар орнатылды. Ауылдық округтегі орналасқан 4 су мұнарасының құжаттарын заңдастыру мақсатында мемлекеттік акт жасату үшін 187 мың теңге қаражат бөлінді. Ауылдық округтегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, ұзындығы 850 метр болатын Жібек жолы көшесінің 1-бұрылысын жөндеуге 11 млн 760 мың теңге, 1115 метрді құрайтын Т.Аубакиров көшесіне 12 млн теңге, 785 метрді құрайтын Квант саяжайына кіреберісін жөндеуге 8 млн 904 мың теңге, 755 метр болатын Төле би көшесіне 2 млн 483 мың теңге қаражат жұмсалды.

Азаматтарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін кезекте тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында округтегі 3 елді мекенде жаңа көшенің ифрақұрылымы дайындалуда. Қазіргі  уақытта  көшелерге  инфрақұрылым  жүргізуге қаражат қарастырылуда. Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге өтініш білдірген 579 адам кезекке алынған. Оның ішінде 84 адам 2016 жылы кезекке тұрған.

2016 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 170 өтініш түсіп, 45 қанағаттандырылып, 124-не тиісті түсініктемелер берілді, 1 өтініш жоғарғы органға жіберілді. Ал заңды тұлғалардан 26 өтініш түскен, 24 қанағаттандырылып, 2 тиісті түсініктеме жауаптар берілген.

2016 жылы округ бойынша 128 отбасының 453 баласына 10 млн 98 мың теңге жәрдемақы төленді. Мерзімінен асып немесе қаралмай қалған өтініштер жоқ.

 

Ақбастау ауылдық округі

Ауылдық округте 2016 жылы шаруа қожалықтары 200 га  бидай, 400 га арпа, 30 га қызылша, 2300 га ескі жоңышқа, 1200 га жаңа жоңышқа өсірумен айналысты.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына 16 азамат қатысты. Оның ішінде 2 азамат «Жастар тәжірибесінен» өтсе, 14 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 6 азамат 21000000 теңге несие алды.

2016 жылға мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарындағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Бірлесу-Еңбек ауылының абаттандыру жұмыстарына 3000000 теңге қаражат жұмсалды.

Бірлесу-Еңбек ауылы Жапарбеков, Есимов, Октябрь-Жеміс ауылы Жалпанова, Рыскулова көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына 11704000 теңге жұмсалды.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті трансферттен 4 салықтан түскен 1699000 теңге қаражат есебінен 120000 теңге тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, 130000 теңге көктемгі және күзгі тазалық жұмыстарына, 187500 теңге Бірлесу-Еңбек ауылындағы кіші футбол алаңын жарықтандыруға, 187500 теңге Октябрь-Жеміс ауылындағы кіші футбол алаңын жарықтандыруға жұмсалды.

 

Ақбұлым ауылдық округі

Ақбұлым ауылдық округінің жер көлемі 2200 гектар. Суармалы жері 200 гектар. Округте 173 шаруа қожалығы тіркелген, 513 жұмысшы бар, олардың орташа бір айлық табысы – 39276 теңге, өндірілген өнім – 62 765,0 мың теңге. 88 шаруа қожалығы 152,46 гектар алма бағын өсірумен айналысады. 

2016 жылы азаматтардан барлығы 1084 өтініш, оның ішінде мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша 46 өтініш түскен.

Ауылдағы аз қамтылған отбасыларға Үкімет тарапынан 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысы бойынша 145 отбасындағы 413 балаға 9 млн 200 жүз 749 теңге, атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2 отбасындағы 9 адамға 208 мың 300 теңге жәрдемақы берілді. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 60 отбасына 925 мың теңге ақшалай көмек берілді.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасымен 47 адам және жастар практикасы бойынша 1 жас маман жұмысқа қабылданды.  

Б.Бесбаев атындағы орта мектептің ғимаратын ішкі жөндеуге 3420,0 мың теңге, жылу жүйесіне 480,0 теңге, Нұртай ата мешітіне видеобақылау орнатуға 120,0 теңге бөлінді. Мектептің күрделі жөндеу өткізуге проект  құжаттарын  дайындауға  1600,0 теңге  бөлініп  дайындалды. Ауылдағы «Балауса» балабақшасында 4 топта 116 бала тәрбиеленуде. 11 педагог қызмет етеді. 2016 жылы балабақша ауласына жаңадан бетон құйылып, жаңа гүл түрлері және сәндік ағаштар отырғызылды. «Зерек бала», «Алғашқы қадам» бағдарламалары іске асырылып, жалпы балабақшаға 27 100,0  мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

 

Бесағаш ауылдық округі

Ауылдық округте 129 шаруа қожалығы тіркелген.

Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша округте 1711 азамат салық төлеуші болып табылады. 2016 жылға жоспар бойынша жер салығы 440000 теңге, мүлік салығы 110000 теңге болып есептелген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Түрксіб ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектептің ағымдағы жөндеуден өтуіне 4899000 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Түрксіб ауылының Бірлік көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1017857 теңге, Желтоқсан бұрылысына 1456000 теңге, Карамолда, Желтоқсан көшесіне шұңқырларын жамау жұмыстарына 677812 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Бесағаш ауылындағы Жеңіс, Абай, Қарасу көшелерін орта жөндеуге 11110249 теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару кіріс көздерінен 5535714 теңге Арай, Қарой көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына бөлінді, қаржы толық игерілді.

Түрксіб ауылындағы Арай көшесінің үйлерін электрмен жабдықтауға 1914000 теңге бөлініп игерілді

Жаңа оқу жылында А.Макаренко атындағы орта мектепте жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен барлығы 50 оқушы, Абай орта мектебінде 40 оқушы қамтылған.

 

Ерназар ауылдық округі

Округ аумағында 1684 адам тұрады. Қазіргі таңда округте 71 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 14-і мал шаруашылығымен, қалғаны егіншілікпен айналысады.

Биыл 13 гектар бақша, 30 гектар жүгері, 40 гектар арпа егілді. 617 гектар жерден ескі жоңышқа жиналды.

Биылғы жылы округке 34 млн 118 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Әбдіхайым көшесіне 13 млн 606 теңгеге орта жөндеу, Абай, Ақшуақ ана, Қошманбетов көшелеріне жергілікті қолма-қол бақылау шотынан 3 млн 361 мың 731 теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Жәнібек» бөбекжайының қоршауына ағымды жөндеуге 2 млн 800 мың теңге жұмсалды.

Б.Кейкиев атындағы орта мектеп 59 млн 957 мың теңгеге  күрделі жөндеуден өтті.

2016 жылы жер салығы бойынша 191 мың 800 теңге, мүлік салығы бойынша 14 мың 867 теңге,  көлік салығы бойынша 3 млн 541 мың есептелініп, толығымен бюджетке түсті.

2016 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын  тағайындалатын және төленетін  мемлекеттік  жәрдемақыға  65 отбасының 18 жасқа дейінгі 195 балаға 4 млн 342 мың теңге жәрдемақы төледі. 3 отбасыға «Өрлеу» бағдарламасы шартты ақшалай көмекке 474 мың 170 теңге төледі. Аудан әкімінің қолдауымен  аз қамтылған  2 отбасыға 42 мың 420 теңге берілді.

Өткен жылы ауылдық округ әкімі аппаратында 9 шешім, 67 өкім қабылданды. Жеке тұлғалардың өтініші бойынша 16 өтініш, заңды тұлғалардың өтініші бойынша 8 өтініш, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бойынша 177 өтініш тіркеліп, толық қанағаттандырылды.

 

Қаракемер ауылдық округі

Ауылдық округте 134 шаруа қожалығы тіркелген. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша округте 538 отбасы салық төлеуші болып табылады. 2016 жылғы жоспар бойынша жер салығы 246482 теңге, мүлік салығы 26574 теңге болып есептелген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында Құмтиын ауылындағы Ильич орта мектебін ағымды жөндеуге 3000,0 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Қаракемер ауылы Тараз-Саудакент тасжолына электр жарығын орнатуға 4,018 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Құмтиын ауылының Абден көшесін орта жөндеуден өткізуге 2898,0 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Биылғы оқу жылында Төле би атындағы орта мектепте көпбалалы отбасынан шыққан – 13, аз қамтылған отбасынан – 6, жартылай жетім – 11, толық емес отбасынан шыққан 9 оқушы жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп ішін жылыту мақсатында аудандық бюджеттен Ильич орта мектебіне 200 тонна, Төле би атындағы орта мектепке 220 тонна көмір түсірілді.

Қаракемер ауылдық округінен сайланған депутат Рүстем Әлішұлы Бегалиевтің демеушілігімен 10 бала мектеп киімдерімен қамтамасыз етілді.

Құмтиын ауылының Ильич орта мектебінің қазандығын жөндеуден өткізуге 2,700 теңге және от жағатын қазандығына 1,616 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Төле би атындағы орта мектеп қазандығына 8,900 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

 

Қарой ауылдық округі

2016 жылға Қарой ауылдық округі әкімінің аппаратына 29190 мың теңге қаражат қарастырылған, жыл қорытындысы бойынша қаржы толығымен игерілді.

Биылғы жылы 24690 мың теңгеге жалпы саны 8 көше ағымды және орта жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді. 6 көше асфальтталып, 3 көшеге шағал төселді.

Ә.Әйтиев атындағы орта мектептің терезелері мен жылу жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстарына 4500 мың теңге бөлінді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 164 отбасына 9 млн 528 мың теңге көлемінде төленді. Ақылы қоғамдық жұмысқа  4 азамат,  қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан 3 азамат өтті.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары бойынша есепті мерзімде барлығы 5 азамат қамтылды. Оның ішінде жаңадан ашылған жұмыс орындарына 4 азамат орналастырылды. Жастар тәжірибесінен 1 азамат өтті.

 

Тоғызтарау ауылдық округі

Ауылдық округте 16 шаруа қожалығы тіркелген. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша округте 168 отбасы салық төлеуші болып табылады. 2016 жылға жоспар бойынша жер салығы 65333 теңге, мүлік салығы 5382 теңге болып есептелген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқару басымдығын қаржылық қолдау бағыты бойынша Тоғызтарау ауылындағы Т.Тоқтаров атындағы орта мектептің жылу жүйесіне  ағымды жөндеу жұмыстарына 2 млн 937 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Тоғызтарау ауылындағы М.Жүнісұлы көшесіне 4 млн 248 мың теңге бөлініп жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, қаржы толығымен игерілді.

Биылғы оқу жылында Т.Тоқтаров атын­дағы орта мектеп пен А.Матросов негізгі мектебінде көпбалалы отбасынан шыққан – 15, аз қамтылған отбасынан – 8, жартылай жетім 6 оқушы жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп ішін жылыту мақсатында аудандық бюджеттен Т.Тоқтаров атындағы орта мектепке 70 тонна, А.Матросов негізгі мектебіне 150 тонна, «Жас қанат» бөбекжайына 35 тонна және Тоғызтарау ауылдық клубына 10 тонна көмір түсірілді.

 

Жамбыл ауылдық округі

Ауылдық округте 176 шаруа қожалығы тіркелген. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша округте 1700 отбасы салық төлеуші болып табылады. 2016 жылға жоспар бойынша жер салығы 500310 теңге, мүлік салығы 163400 теңге болып есептелінген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында Бесжылдық ауылы Ж.Жайшыбек көшесін орта жөндеуге 2726000 теңге, Шайқорық ауылындағы «Ақбота» балабақшасының жылыту жүйесін ағымды жөндеуге 2156000 теңге, Шайқорық ауылындағы Линейная көшесін жарықтандыру жұмыстарына 5000000 теңге, Шайқорық ауылы Сихымбай көшесін орта жөндеу жұмыстарына 4173000 теңге, Шайқорық ауылы Р.Момбаев көшесін орта жөндеуге 11749000 теңге бөлініп, соның ішінде 10393000 теңге игерілді, 1356000 теңге бюджетке кері қайтарылды.

Шайқорық ауылындағы ауылдық клубқа табиғи газ кіргізу үшін 1500000 теңге қаражат жұмсалды.

Шайқорық ауылындағы «Ақбота» бөбекжайына және Қоңыртөбе бастауыш мектебіне газ кіргізу жұмыстарының сметалық құжаттарын дайындаумен мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 4919000 теңге қаражат жұмсалды.

Сондай-ақ, Шайқорық орта мектебіне 360 мың теңгеге бір сынып жиһазбен жабдықталды, Қапал бастауыш мектебіне 110 мың теңгеге стол орындықтары, Қоңыртөбе бастауыш мектебіне 110 мың теңгеге теледидар сатып алынды.

 

Қаратөбе ауылдық округі

Ауылдық округ бойынша 171 шаруа қожалығы, «Аманкелді» ӨК, ірі 7 ЖШС-і және тіркелген.

Округ бойынша 783 аула, 5200 тұрғын бар. Соның ішіндегі 2800-і еңбекке жарамды тұрғындар. Округте 235 зейнеткер, 138 көпбалалы аналар, 71 мүгедек бар.

2015 жылы жер салығы 783 аулаға 550 мың теңге есептеліп, 600 мың теңге жиналды. Мүлік салығы 783 аулаға 150 мың теңге есептеліп, 200 мың теңге жиналды. Көлік салығы 4 млн есептеліп, жеке тұлғалардан 4 млн жиналып, барлық қаражат игерілді.

Жеке кәсіпкерлерден 3 млн 210 мың теңге салық түсті.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылы Бектөбе ауылының Жамбыл көшесіне 18 млн, Дулатов көшесіне 10 млн,  Тоқтаров көшесіне 11 млн теңге бөлініп орта жөндеуден өтсе, Момышұлы, Омар, Аубакиров көшелеріне 3 млн 926 мың теңге бөлініп, ағымды жөндеуден өтті.

«Жамбыл-Тараз» ЖШС мекемесі оқушыларды тасмалдайтын мектеп автобусына 504 мың теңге бөліп, ағымды жөндеуден өткізді.

 

Көлқайнар ауылдық округі

Округтегі бес елді мекенде 3040 тұрғын бар. Халықтың 47 пайызы немесе 1486 адам – экомикалық белсенділер қатарында.

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылдың жоспарында бекітілген 72966000 теңге толық игерілді. Жалпы жергілікті салық түрлері бойынша жоспарланған 415113 теңге толығымен орындалды. Салық төлеушілерден 271550 теңге түсіп, жыл жоспары 100 пайызға қамтамасыз етілді.

Ауылдық округте барлығы 175 шаруа қожалығы және 1 өндірістік кооператив бар. Оның 10-ы мал өсірумен, қалғаны егіншілікпен айналысады.

Тастөбе ауылының Рысқұлов көшесін орташа жөндеуге 19 млн 836 мың теңге, Ә.Тарази атындағы орта мектептің шатырын ағымды жөндеуге 17 млн 35 мың теңге, жылу жүйесіне 1 млн 200 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 млн 500 мың теңгеге Ә.Тарази атындағы орта мектептің су құбыры ағымдағы жөндеуден өтті. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Тастөбе ауылына 500 мың теңгеге билборд орнатылды.

Тастөбе ауылында орналасқан Н.Омаров, Қ.Қынуарбек, Тастөбе, Қ.Мыхаев, А.Жақсыбаев көшелері, Еңбек ауылындағы Қараөзек көшесі, Қостөбе ауылындағы Завод көшелері жалпы сомасы 14 млн 584 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілді.

Еңбек ауылдық клубын ағымды жөндеуге 1млн 961 мың теңге, ЖҚЖК-2020 облыстық бюджет есебінен жасалды.

Еңбек ауылдық клубын ағымды жөндеуге 1 млн 173 мың теңге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы қаралған қаражат толығымен игерілді.

Тастөбе №1,2, Жамбыл, Еңбек ауылдарының су құбырлары мен су ұңғымаларына рұқсат құжаттар алуға 1млн 910 мың теңге, қолма-қол есеп шотынан (КСН).

Сумен жабдықтауды ұйымдастыруға бөлінген (су жүйесін жөндеу, ЭЦВ-8 ауыстыру, трансформатор қызметі) 2 млн 413 мың теңгенің жұмыстары толығымен атқарылды.

Полатқосшы ауылдық округі

Жеке тұлғалардан 174 өтініш, заңды тұлғалардан 10 өтініш қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: 7 жасқа дейінгі балаларды балабақшаға кезекке қою үшін 341, шағын орталыққа жолдама беру үшін – 14, «Сұлтан» жеке меншік балабақшаға жолдама беру үшін 41 өтініш келіп түсті. Өтініштер бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытысында жауаптары берілді. Ауыл әкімінің жеке қабылдауына 28 азамат келді. Заңды тұлғалардан барлығы 10 сұраным түсіп, оларға тисті жауаптар талапқа сай өз мерзімінде берілді. 2016 жылы барлығы 70 шешім және 94 өкім қабылданды.

2016 жылғы мүлік, жер және транспорт салықтарының түсімі бойынша: мүлік салығы – 325 000  теңге, жер салығы – 558000 теңге, көлік салығы бойынша 12 млн 123 мың теңге өндіріліп, жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 12 отбасыға 1973800 теңгеге көмек көрсетілді.

Әлеуметтік отбасы жағдайы төмен 459 отбасыға мемлекеттен 33009000 теңге, аз қамтылған 3 отбасына 446 000 теңге жәрдемақы төленді.

Ауылдық округте «Юнчи» өндірістік кооперативі және 105 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде. Негізгі егілетін дақыл – көкөніс, яғни, сәбіз бен пияз, жеке меншік малы үшін көпжылдық екпелер егіледі. Ауыл бойынша жеке көкөніс және картоп қоймалары саны – 113, олардың сыйымдылығы – 7000 тонна. Барлық өнімдер уақытында жиналып алынды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыстармен «АқмолаГидрогеология» ЖШС айналысып, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету кесте бойынша 2016 жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ю.Каримов көшесіне 3 683 000 теңге бөлініп, орта жөндеуден өткізілді және «Балдәурен» балабақшасына 2 761 000 теңге бөлініп, шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойын­ша республикалық бюджеттен Ш.Госунфу көшесіне 1456000 теңге, К.Марасулов көшесіне 1456000 теңге бөлініп, екі көшеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Балдәурен» балабақшасына қазандық орнату үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес түсетін жергілікті қаражат есебінен 2076000 теңге қаражат бөлінді.

 

Пионер ауылдық округі

2016 жылы Пионер ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 42 жазбаша өтініш және заңды тұлғалардан 7 өтініш түсіп, өтініштерге мерзімінде тиісті жауаптары берілді. Ауызша өтініштермен 284 азамат ауылдық округ әкімінің жеке қабылдануында болды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла­масы аясында 2012-2016 жылдар аралығында 19 азамат мемлекет тарапынан 41300000 мың теңге қаражат алып,  өз істерін ашты.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 42 отбасындағы 145 балаға 3290600 теңге, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 5 отбасыға 837162 теңге қаржылай көмек берілді.

Ауылдық округ бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықты жою мақсатында округ аумағындағы қоғамдық, маусымдық жұмыстарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ресми тіркелген 8 азамат жұмысқа тартылып, тиісті жалақылары төленді.

Ауылдық округте барлығы 1 өндірістік кооператив және 57 шаруа қожалығы тіркелген. «Пионер» ӨК 2016 жылы 428 гектар жерге ақ егіс егіп, оның әр гектарынан 12 тонна, 250 гектар жерге егілген софлордан әр гектарынан 4,02 тонна өнім жинады. 212 гектар жерге жоңышқа егіп, 10 тонна 600 кг жоңышқа, 670 тонна табиғи шөп дайындалды. Өндірістік кооперативте 2810 бас қой, 21 бас жылқы бар. Өткен жылы барлығы 12000 кг, әр бас қойдан 4,1 кг жүн алынды. ӨК мемлекет тарапынан 4 млн 100 мың теңге көлемінде субсидия алды.

2016 жылға бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша ауылдық округте 336 отбасы салық төлеуші болып табылады. 2016 жылға жоспар бойынша жер салығы 173262 теңге, мүлік салығы 18058 теңге болып есептелген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында Шайдана ауылындағы, Шайдана бастауыш мектебін ағымды жөндеуге 3000,0 теңге, Пионер ауылы Әшімәлі көшесін орта жөндеуден өткізуге 6262365 теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Пионер ауылына 4800,0 теңгеге кіші футбол алаңы салынды.

Биылғы оқу жылында Қ.Сартбаев атындағы орта мектепте көпбалалы отбасынан шыққан – 13, аз қамтылған отбасынан – 6, жартылай жетім – 11, толық емес отбасынан 9 оқушы жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп ішін жылыту мақсатында аудандық бюджеттен Қ.Сартбаев атындағы орта мектепке 53 тонна (дизель) жанар-жағар май отыны бөлініп, қазіргі таңда 20 500 литр жанар-жағар май алынды, «Жауқазын» бөбекжайына 50 тонна, Шайдана бастауыш мектебіне 45 тонна, Пионер ауылдық клубына 15 тонна, Шайдана ауылдық клубына 10 тонна, Пионер фельдшерлік пунктіне 23 тонна, Шайдана фельдшерлік пунктіне 10 тонна, Пионер ауылдық округі әкімі аппаратына 8 тонна көмір отыны түсірілді.

Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің қазандығын жөндеуден өткізуге 2,700 теңге және от жағатын қазандығына 1,616 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

 

Аса ауылдық округі

2016 жылға Аса ауылдық округі әкімінің аппаратына барлығы 137637,0 мың теңге қаражат қарастырылған, жыл қорытындысы бойынша қаржы толығымен игерілді.

Оның ішінде 24865,0 мың теңге округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, 23907,0 мың теңге ауылдық округ тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, 740,0 мың теңге жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды іске асыруға, 79964,0 мың теңге ауылдық округ көшелерін орташа жөндеу мен абаттандыру жұмыстарына жұмсалды.

Биылғы жылы 67699,0 мың теңгеге жалпы саны 11 көше орта жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді. 8 көше асфальтталып, 3 көшеге шағал төселді. 12265,0 мың теңгеге Аса ауылы, Абай көшесінің бойы абаттандырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген 8161,0 мың теңгеге Абай көшесінің бойындағы тротуарлар мен жол жиегі ағымды жөндеуден өткізілді және Аса ауылындағы бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын стихиялық полигонның орнына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар округ әкімі аппаратының қолма-қол ақшаны бақылау шоты есебінен 2723,0 мың теңгеге аудандық Мәдениет үйінің жылу жүйесі табиғи газға көшірілді, 2000,0 мың теңгеге Пионер лагерь елді мекеніне жеке трансформатор қондырғысы орнатылды. 2730,0 мың теңгеге Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып,  мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Тұрғын үй көмегі бойынша 167 отбасыға 3 млн 500 мың теңге көлемінде төленді. Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 25 отбасындағы 26 балаға 636 мың 300 теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 500 отбасындағы, 1514 балаға 31 млн 786,2 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасындағы 45 азаматқа 743 мың 800 теңге көлемінде төленді. Шартты ақшалай көмек 49 отбасындағы 300 азаматқа көрсетілді. Біржолғы материалдық ақшалай көмек 35 отбасына 121,140 теңге көлемінде төленді.  «Өрлеу» бағдарламасына аз қамтылған отбасыларына шарттық ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасының іске асыру бойынша 49 отбасындағы 300 азамат қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа  45 азамат, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 19 азамат жұмысқа тартылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 16 азамат орналастырылды. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан 11 азамат өтті.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары бойынша есепті мерзімде барлығы 245 азамат қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен – 114, жаңадан ашылған жұмыс орындарына 7, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша – 16 азамат қамтылып, жастар тәжірибесінен 98 азамат өтті. Маусымдық жұмысқа 9 азамат тартылып, 13 азамат несие алды.

 

Қызылқайнар ауылдық округі

Ауылдық округте 51 шаруа қожалығы тіркелген. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша округте 938 азамат салық төлеуші болып табылады. 2016 жылға жоспар бойынша жер салығы 266000 теңге, мүлік салығы 66 000 теңге болып есептелген. Жоспар 100 пайызға орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында Жасөркен орта мектебін орта жөндеуден өткізуге 52982,0 мың теңге, Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарын селден қорғау жұмыстарына 6237,0 мың теңге, Қызылқайнар ауылының Ә.Жанболатов көшесін орта жөндеуден өткізуге 4095,0 мың теңге, Қызылқайнар ауылы Бәйдібек ата көшесінің бойындағы ауызсу құбырын ауыстыру жұмыстарына 4442,0 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Биылғы оқу жылында М.Әуезов атындағы орта мектепте жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен 40 оқушы, Жасөркен орта мектебінде 44 оқушы қамтылған.

 

Өрнек ауылдық округі

Өрнек ауылында 2016 жылы біршама тірліктер атқарылды, атап айтар болсақ, А.Омаров көшесіне 9694000 теңгеге асфальт төселіп, жарықтандыру үшін 3499999 теңге қаражат жұмсалды. «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Әшімұлы Кемелбай көшесін орта жөндеуге 4105314 теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ғ.Мұратбаев көшесіне 3000000 теңге, Жұма стансасындағы Көктөбе көшесіне 3849172 теңге бөлініп, жөндеуден өткізілді. Қаражат толығымен игерілді.

Ауылдық округ әкімі аппаратында 13 шешім, 86 өкім қабылданып, жоғарғы органдардан 941 құжаттар келіп, 772 құжат шыққан. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 122 қызмет көрсетілген.

Округ бойынша тұрмысы төмен 70 отбасыға үкімет тарапынан 5 млн 262 мың теңге қаражат берілді.

Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепте әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына 2556000 теңге көлемінде 30 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтылған. 2016-2017 оқу жылындағы жылыту маусымына 3744000 теңгеге 300 тонна көмір алынды. Жұма стансасының екі ауысымда қатынап оқитын 39 баланы тасымалдайтын автобусқа 450 000 теңгеге жанар-жағар май бөлінген. Мектеп жанындағы «Мейірім» шағын орталығын жабдықтауға 250000 теңге, мектепті ағымдағы жөндеуге 480000 теңге жұмсалды.

Өрнек ауылдық округінің жалпы жер көлемі 31281,34 гектар, оның ішінде егістігі 3899,00 гектар, жайылым жерлер 13691,57 гектар, шабындық жерлер 13690,77 гектар. Округте 120 шаруа қожалығы тіркелген.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында мал бордақылау мақсатында Жандос Мақұлбеков 2 млн 900 мың теңге несие алып 20 бас мүйізді ірі қара алса, Тұрсынкүл Шамшиева 2 млн 700 теңгеге жылқы малын алды. «Құлан» бағдарламасы аясында  «Атшабар» шаруа қожалығы 7 млн 400 мың несие алып, жылқы малын алып, өз шаруасын жүргізуде.

 

Гродиково ауылдық округі

Гродиково ауылдық округі әкімі аппаратына жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінен 7 837 300 теңге түсіп, Гродеково орта мектебінің күрделі жөндеуге сметалық құжат жасауға 2 млн теңге, «Өңірлерді дамыту» бағыты бойынша Гродиково ауылы Жамбыл көшесін орта жөндеуге 4 млн 951 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша конкурс тәсілімен Леонова, Егізбаев көшелерін орта жөндеуге – 11 млн 242 мың 856 теңге. КСМ бойынша Гродиково ауылындағы Костянкин көшесін орта жөндеуге 1758000 теңге, Олжабаев көшесін орта жөндеуге 1350000 теңге, Зеленая көшесін орта жөндеуге 1665000 теңге, Выездная көшесін орта жөндеуге 1478000 теңге бөлінді. Қызметтік автокөлікті жөндеуге 206000 теңге, елді мекендердің санитариялық тазалық, абаттандыру жұмыс­тарына 1800000 теңге, аз қамтылған отбасы­лардың мектепте оқитын балаларына 120000 теңге, қарттар мерекесіне орай – 180000 теңге, «Балапан» балабақшасына аппаратура алу үшін – 210000 теңге, ауызсудың тазалығы үшін – 238000 теңге, су құбырын ауыстыру үшін 78000 теңге бөлінді.

Округ бойынша 2 елді мекен бар. Гродиково және Қызылдихан ауылы. 1265 аула, 6185 халық тұрады.

2016 жылы ауылдық округ бойынша 1452 отбасы салық төлеуші болып тіркелген. Ауыл бюджетінің кірістері бойынша салық 6524000 теңгені құрады, оның ішінде жер салығы 434000 теңге, мүлік салығы 90000 теңгеге орындалып, көлік салығы 6000000 теңгеге орындалды.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» арқылы 2016 жылы 2 кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға 6 млн теңге несие алды.

Округ  бойынша  141 шаруа қожалығы салық комитетiнде тiркелген және оларда  74 адам жұмыспен қамтылған.

Гродиково ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында 3 жоғарғы білімді дәрігер, 10 орта буынды қызметкер, 6 шаруашылық жағынан жұмысшылар, 1 тіркеу қызметкері, 1 психолог, 1 социолог, 1 жүргізуші халыққа қызмет көрсетеді. 3 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді. 

Гродеково орта мектебі жаңа оқу жылын 1064 оқушымен бастады. «Ақерке» шағын орталығында 50 бала тәрбиеленеді. 2016 жылы 47 оқушы бітіріп, 29 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа 66 балл алды. Қызылдихан бастауыш мектебінде 52 оқушы білім алады.

Ауылдық округ әкімі 71 шешім, 114 өкім қабылдады.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент