Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Атқарылған шаралар

Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы.

 

Бесінші шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы кезектен тыс 50-сессиясында аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, төралқа, оның мүшелері, және 3 комиссия құрылды.

2016 жылғы 25 ақпанда  аудандық мәслихаттың кезектен тыс 51-сессиясында Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.

Қоғамдық кеңес туралы Ережеге сәйкес 2016 жылғы 25 ақпанда Қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімі М.Мұсаевтың есебі тыңдалды.

2016 жылы 21 сәуірде Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында  «Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысқа қарсы күрес, қылмыстың алдын алу жұмыстары туралы» аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының есебі тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Аудандық Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы Ереженің 8 тарауына сәйкес мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі өкілеттігін атқарып отырады. Атап айтқанда, 2016 жылғы 17 мамырда Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесі кезектен тыс төртінші отырысында  «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №45-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Бүркіталиевті,  жер қатынастары бөлімі басшысы. Б.Тоқтасыновты тыңдап, талқылаудан кейін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес және аудандық бюджеттік комиссияның 2016 жылғы 17 мамырдағы №2 хаттамасындағы аудандық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2016 жылға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге және Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №45-3 шешіміне өзгеріс енгізу   жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

23.06.2016 жылы Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесі «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылап, құжатта ауыл тұрғындарының көкейіндегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралардың толық қамтылуы қажеттігін атап өтіп, бірқатар ұсыныс, пікірлерін заң шығарушы органға жолдады.

15.07.2016 жылы қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы қаралып, аудан әкімі М.Мұсаевтың атына тиісті ұсыным берілді.

19.07.2016 жылы аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатысты бағдарламалардың орындалуы туралы бөлім басшысы  Е.Келесовтың есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңестің отырыстарында төмендегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда: Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындардың мөлшерін және тәртібін айқындаудың қағидалары туралы»;

     Жамбыл ауданы әкімдігінің «Субсидияланатын басым ауылшаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы»;

         Жамбыл ауданы әкімдігінің «2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бекіту туралы»;

 Ерназар ауылдық округінің Ерназар ауылдық округі мен Ерназар ауылының атаулары өзгеруі туралы;

         «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 Жамбыл ауданы әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар үшін, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;

          Жамбыл ауданы әкімдігінің    «Субсидияланатын басым ауылшаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» 2016 жылғы 4 қазандағы №476 қаулысына толықтырулар енгізу туралы;

 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»;

 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы».

2016 жылы Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің 14 отырысы өтті. Онда қоғамдық кеңестің қарауына 16 мәселе ұсынылды. Қаралған барлық 16 мәселе бойынша қортынды берілді. Қайта қарау үшін қайтарылған құжаттар жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелері 11 комиссиялар, кеңестер және басқа да жұмысшы органдарына енгізілген. Жергілікті жерлерде 17 кездесу өткізілген.

Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесіне аудан әкімдігі тарапынан арнайы кабинет бөлінген. Алдағы уақытта қоғамдық кеңестің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында материалдық базасын толықтыру амалдары қарастырылуда.

 

Жамбыл аудандық қоғамдық

кеңесінің  төрағасы:                                                 А.Жұмаханов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы.

 

 

2017 жылғы 4 қаңтарда қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің Аса ауылы, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе, Қызылшарық ауылдарының атауларын өзгерту туралы мәселелер қаралып, оң ұсыным берілді.

Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарының негізінде Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің жобасы талқыланып, мақұлданды.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент