Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Аудан әкімі есебінің тезисі

Жамбыл ауданының 2016 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері бойынша анықтама

Жалпы шығарылған өнім

2016 жылы ауданның  жалпы шығарылған өнім  көлемі 51 млрд. 028 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 81,3%-ды құрады (2015 жыл – 62 млрд. 778,6 млн. теңге).

Өнеркәсіп

2016 жылы өнеркәсіп саласында 7 млрд. 659,3 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 124,1%-ға орындалды. Ал, нақты индекс көлемі 116,8%-ға жетті.

2016 жылы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-гі 2 млрд. 850,1 млн. теңгеге 245,1 мың тонна өнім өндірді. Зауыт 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,7 тоннаға немесе 728,7 млн. теңгеге артық өнім өндірген. Зауытағы шикізат қоры 1650 мың тоннаны құрайды.

Кәсіпорын өнім түрлерін көбейту мақсатында 40 мың тонна жоғары октанды бензин өндіретін тұрақтандыру блогы және сыйымдылығы 4 160 тонналық қысымдалған газ сақтау қоймасын салу жобалары іске асыруда. Құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалды. Құрылыстың құны            2 млрд теңге шамасында. Сауда нарығында стабилизацияланған жеңіл дистиляторға сұраныс жоғары, ал оны алу жолы  қысымдалған газ өнімінен айыру процессімен байланысты. Аталған инвестициялық жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қытайлық «Джунда» консорциумымен  100 мың тонна мұнайды қайта өңдеу туралы келісім жасасты. Осы мақсатта тереңдетілген (екінші қайтара) мұнай өңдеу учаскесі құрылысын жүргізу бойынша бірлескен жобаларын іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жобалық құжаттары бар, жобаның  құны шамамен             2 млрд теңге. Бүгінгі таңда Аса және Ақбастау ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарынан 55 га жер сатып алу жолдары қарастырылуда.

«АГӨЗ» ЖШС-де 372 адам жұмыс істейді, жұмысшыларды қысқарту жағдайы болған жоқ. Еңбекақы мен салықтар бойынша қарыздары жоқ.

Есепті жылы «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 1 246,6 млн. теңгеге (593,6 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 125,7%-ды құрады (2015 жылы – 991,1 млн. теңгеге 472,9 мың тонна).

«БиномСтройДеталь» ЖШС-гі 453,6 млн. теңгеге (24,4 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарды немесе 155,7%-ға орындалды                (2015 жылы –  291,3 млн. теңгеге 18,9 мың тонна).

«Суперфарм» ЖШС-гі  789,3 млн. теңгеге (14 ,67 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 136,3%-ды құрады (2015 жылы – 578,8  млн. теңгеге 7 872 мың дана).

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы индустриаландыру картасына енгізілген жалпы құны 6 млрд. 725 мың теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды. Олар:

І. Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС-нің ет өндіретін комбинаты. Жобаның құны 2 млрд. 450 млн. теңге жеке қаражаттар есебінен, өндіріс қуаты – тәулігіне           40 тонна «Халал» тағамдар стандартына сәйкес келетін ет өнімдерін шығару. Жер көлемі – 20 га.

Комбинатқа Қытай халық республикасынан қажетті құрал-жабдықтар толығымен жеткізіліп (12 контейнер мұздатқыш,                        18 контейнер мал сою, 5 контейнер жартылай фабрикаттарды жылжыту линиясы), монтаждау жұмыстары 100%-ға орындалды. Нысан 2016 жылдың маусым айында іске қосылды. Бүгінгі күнге                                 40 адам жұмыс атқаруда. Комбинат толық көлемде жұмыс атқарғанда 153 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Тамыз айының соңында Кувейт және Сауд Арабия мемлекетіне сынама есебінде 400 кг ет өнімдері экспортталды. Қазіргі уақытта Араб мемлекеттерімен арада санитарлық талаптарға байланысты келіспеушіліктер туындауына байланысты келісу жұмыстарының мерзімі ұзартылуда.

Салынған инвестиция көлемі 2 млрд. 450 млн. теңге.

ІІ. Көлқайнар ауылдық округіндегі «Aса – DAMU» ЖШС-нің құс фабрикасы.  Жобаның құны 2 млрд. 550 млн.теңге. Өндіріс қуаты - бір мезетте 316 мың бас тауық және 84 мың бас балапан өсіріп, жылына 90 млн. данаға дейін жұмыртқа шығару мен 280 тоннаға дейін құс етін өндіру. Нысанда 95 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Жоба бойынша барлығы 19 нысан салынуы тиіс. Қазіргі уақытта нақты  іске асырылғаны – 4, оның біреуі балапан өсіруге арналған, қалған үшеуі жұмыртқа беретін тауықтарға арналған корпустар. Балапан өсіруге арналған корпустың құрылысы 100%, тауықтарға арналған корпустардың құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға орындалған.

Серіктестік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставканы субсидиялау шарты негізінде 165,0 млн. теңге көлемінде несие алып, бұл қаржыға Испания мемлекетінен тауықтарға арналған 1 корпустың құрал-жабдықтарын жеткізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Испания мемлекетінен жабдықтарды орнату бойынша арнайы маман келеді. 2016 жылдың желтоқсан айында Ресей мемлекетінен 90 мың дана балапан жеткізіліп, отырғызылды. Жем-шөп сақтау қоймасының құрылысы толық аяқталған. Қазіргі уақытта фабрикада 16 құрылысшы, 2 ветеринарлық дәрігер мен 1 технолог жұмыс атқаруда. 

Салынған инвестиция көлемі 466 млн. теңгені құрайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» аясында электрлі подстанция құрылысына республикалық бюджеттен 574,5 млн. теңге бөлу мәселесі инвестор тарапынан инвестиция көрсеткіштері тиісті деңгейде салынбағандықтан және жоба құнының кемуіне байланысты кейінге шегерілді.

Рахат ауылынан өтетін жоғары кернеулі линия сымынан 1 жыл мерзімге келісім-шарт арқылы орнату бойынша жұмыстардың 90% жүргізілген. Кентау қаласынан қуаттылығы 630 КВТ трансформаторды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба басшылығы нысанға қажетті газдандыру жүйесінің техникалық шарттарын алып, газ линиясын тарту жұмыстары 100% жүргізілді, серіктестіка толықтай жылумен қамтамасыз етілді. 

ІІІ. Қаратөбе ауылдық округі Бектөбе ауылындағы «КазУпакТрейд» ЖШС-нің гипс зауыты. Жобаның құны 1 млрд. 725 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаты 180 мың тонна немесе тәулігіне 450-500 тонна құрылыс гипсін және 100 мың текше метр гипсокартон өндіру. 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Зауыттың құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалған. Қажетті құрал-жабдықтар Түркия мемлекетінен толық жеткізіліп, тексеріп-іске қосу жұмыстары жүргізілген. Салынған инвестиция көлемі 918 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда зауыт өндірістік қуатының 10-15%-ы көлемінде жұмыс атқаруда. Зауытта 40 адам жұмыспен қамтылған.

Нысанға қуаттылығы 2500 КВт құрайтын трансформатор орнатылған. ды. Газдандыру бойынша техникалық шарттары алынып, толық қамтылған. Сумен қамту және тұрмыстық қалдық суларды қайта тазарту құрылғылары орнатылған.


Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2016 жылғы болжам 21 млрд. 815 млн. теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 112,8%-ды құрады. Ал, нақты көлем индексі 110,3%-ға жетті.

Ауданның жалпы жер көлемі 431 318 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 247 692 гектар. Елді мекен жері 27 370 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 087 гектарды құраса, оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі  57 962 гектар (28 946 гектары суармалы, 29 016 гектары суарылмайтын), 944 гектары көп жылдық екпелер, 7 444 гектар шабындық, 179 577 гектар жайылымдық жер учаскелері.

Соңғы үш жыл көлемінде 6 101,25 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, қайта айналымға қосылды. Атап айтқанда:

- 2014 жылы 1 271,09 га (53,52 га суармалы егістік, 771,53 га суарылмайтын егістік, 43,84 га шабындық, 402,2 га жайылым);

- 2015 жылы  2 796,61 га (121,92 га суармалы егістік, 1 452,67 га суарылмайтын егістік, 738,02 га жайылым, 484 га бөгде жер учаскелері);

- 2016 жылы 2 033,55 га (174,23 га суармалы егістік, 738,84 га суарылмайтын егістік, 1034,87 га жайылымдық, 10,03 га шабындық, 75,58 га бөгде жер учаскелері).

Аудан бойынша 2016 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 51 404 гектарды құрады. Оның ішінде, 3 510 га күздік бидай, 7 503 га жаздық арпа, 2 003 га дәндік жүгері, 5 281 га майлы дақылдар, 1200 га қант қызылшасы, 745 га картоп, 5 496 га көкөніс, 506 га бақша, 25 160 га көпжылдық шөп егіліп, толығымен жиналды.

2016 жылы барлығы  7 617 тонна бидай, 17 163 тонна арпа, 10 856 тонна дәндік жүгері, 6 268 тонна майлы дақылдар, 25 596 тонна қант қызылшасы, 16 613 тонна картоп, 150 205 тонна көкөніс, 12 766 тонна бақша, 125 120 тонна шөп жиналды. Әр гектардан түсім бидайдан - 21,7 центнерді, арпадан - 22,9 центнерді, дәндік жүгеріден – 54,2 центнерді, майлы дақылдардан – 11,9 центнерді, қант қызылшасы – 213,3 центнерді, картоптан – 223 центнерді, көкөністен – 273,3 центнерді, бақшадан – 252,3 центнерді, көпжылдық шөптен - 49,7 центнерді құрады. 

Ауданда – 290 жылыжай бар (көлемі 15,1 га), оның ішінде Қаратөбе ауылдық округінде – 267, Жамбыл ауылдық округінде – 2, Аса ауылдық округінде – 7, Айшабибі ауылдық округінде – 8, Ақбұлым ауылдық округінде - 6 жылыжай орналасқан. 2016 жылы осы жылыжайлардың 208-де көкөніс дақылдары отырғызылды. Барлық жылыжайлар бойынша 2 кезеңде 0,9 га қызанақ, 13,9 га қияр және 4,3 га басқа да дақылдар егілді. Олардан 53,9 тонна қызанақ, 1 186,9 тонна қияр және 170 тонна басқа да дақылдардан өнім алынды.

2015 жылы аудан бойынша барлығы 517,89 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылды. Ал, 2016 жылы            7 шаруашылықта   208 гектарға  тамшылатып суару әдісі енгізіліп,  су үнемдеу жүйесі енгізілген алқаптардың жалпы алаңы 725,89 га құрады. 

2015 жылы 98 га қарқынды алма бақтары отырғызылса, 2016 жылы 112 га қарқынды (интенсивті) жеміс бақтары отырғызылды («Әулие ата Алма» ӨК – 50 га, «Шайқорық бағы» ӨК - 50 га, «Шоқай-Жеміс» ШҚ – 12 га). Бұдан бөлек, «Сады-Востока» ЖШС-гі 10 га таңқурай отырғызды.

Аудан бойынша 181,8 млн. теңгеге 42 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде: лизингтік жүйе арқылы 124,9 млн. теңгеге 8 шаруашылық 29 техника, өз қаражаттары есебінен 56,9 млн. теңгеге 6 шаруашылық 13 техника.

Есепті кезеңде 39 524,2 тонна сүт, 8 359,9 тонна ет, 6 455,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 101,9 пайызға, жұмыртқа 100 пайызға, ет 102,1 пайызға орындалды.

Ауданда ірі қара малының басы – 32 450, қой-ешкі – 173 723, жылқы –15 002, үй құстары – 159 186, түйе 53 басқа жетті. Шошқа малының саны 1 328 басты құрады.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының орындалу барысы төмендегідей:

- «Алтын асық» бағдарламасымен 2 300 бас ұсақ мал сатып алу жоспарланып, 2016 жылы барлығы 3 111 бас сатып алу үшін 78,2 млн. теңге несие алынды (жоспардың орындалуы – 135,3%);

- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 000 бас ірі қара малын сатып алу жоспарланып, нақты 190,3 млн. теңгеге 1 075 бас сатып алынды (жоспардың орындалуы – 107,5%);

- «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 50 бас жылқы сатып алу жоспарланса, 2016 жылы 167 бас сатып алуға 46,7 млн. теңге несие алынды (жоспардың орындалуы – 276%);

- «Ырыс» бағдарламасы бойынша 3 сүтті-тауарлы ферма ашу жоспарланып, 2016 жылы басқа қаражат көздері есебінен 397 бас сүт бағытындағы сиыр сатып алынып («Еділбай», «Сандель», «Эврика», «ИнАгро» шаруа қожалықтары), 4 жоба іске асырылды (жоспардың орындалуы – 133,3%).

- «Жайылымды суландыру» бағдарламасы бойынша                                 жеке кәсіпкер «АГРО KZT» өз қаражаттары есебінен 9 ұңғыма қазып, жоспар 128,6%-ға орындалды (жоспар – 7 ұңғыма).

Аудан көлемінде 4 410 басқа арналған  7 мал бордақылау алаңдары бар (МІҚ – 3 690 бас, қой – 470 бас, жылқы – 250 бас).

Ауданда 2016 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, осы шараларды жүргізуге 89 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2016 жылы сарып (бруцеллез) ауруына тексеру бойынша 53 176 мүйізді ірі қараның 48-нен, 245 950 бас ұсақ малдың 375-нен ауру анықталды. Бұдан басқа 1 800 бас шошқадан, 108 бас жылқыдан, 485 бас иттен және 17 бас түйеден қан сынамалары алынып, сарыпқа тексерілді. Ауданда сарып ауруының көптеп тіркелуінің себебі, мал қозғалысының көбеюіне, жыл бойына жайылымға шығарылмай, үй қораларында ұсталуымен байланысты болып отыр.

Конго-Қырым безгегі ауруына қарсы ауылдық округтердің аумағында жалпы жер көлемі 272,9 гектарды құрайтын 3 699 аулаға және 33 830 бас ауыл шаруашылық малдарына үш кезекті залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.


Құрылыс жұмыстары

2016 жылы жалпы көлемі 4 млрд. 034 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді деп күтілуде. Ал нақты көлем индексі 79,8%-ды құрайтын болады.

2016 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 469,3 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

-  2014 – 2016 жылдар аралығында іске асырылатын Жалпақтөбе ауылының ауыз су құбырын қайта жаңғырту жобасына бойынша 2016 жылға 752,1 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

- Бектөбе ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 222,2 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді;

- Аса ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен 250 млн. теңге және облыстық бюджеттен 25 млн. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру беріліп, толығымен игерілді.

 - Айшабибі ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен 200 млн. теңге және облыстық бюджеттен 20 млн. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру беріліп, толығымен игерілді.


          Негізгі капиталға инвестиция салу

2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі   18 млрд. 185,4 млн. теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 82,5%-ды құрады.

Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 227,2 мың теңгені құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 75,5%-ды құрады.


Бөлшек және көтерме сауда тауар айналымы

2016 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 713,5 млн. теңге немесе 120,3% құрады. Нақты көлем индексі 101,7% болып отыр.

Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 15 млрд. 806,3 млн. теңгені, нақты көлем индексі 43,0%-ды құрады.


Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы жалпы алаңы 32 000  шаршы метрді құрайтын 226 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2015 жылға қарағанда 129,4%-ды құрады.

2016 жылға 29 елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеуге 43 млн. теңге бөлініп, толығымен игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды.


Салықтар

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 110,6%-ды құрады (жоспар 3 242,1 млн. теңге; нақты 3 585,1 млн. теңге).

Республикалық  бюджет  110,8%-ға орындалды (жоспар 1 216,6 млн. теңге; нақты 1 348,2 млн. теңге).

Жергілікті бюджет  110,4%-ға орындалды (жоспар 2 025,5 млн. теңге; нақты 2 236,9 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 185,5 млн. теңгеге (жоспар 1 154,8 млн. теңге; нақты 1 340,3 млн. теңге) және облыстық бюджет 25,8 млн. теңгеге (жоспар 870,7 млн. теңге; нақты 896,5 млн. теңге) артық орындалды.


Бюджеттің игерілуі

2016 жылы бюджеттің игерілуі 100%-ды құрады (жоспар 10 млрд. 113,7 млн. теңге; нақты 10 млрд. 113,7 млн. теңге).


Кәсіпкерлік саласы бойынша

2016 жылы аудан бойынша жалпы тіркелген 4626 кәсіпкерлік нысандарында 6761 адам жұмыспен  қамтылды.

2016 жылы  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының            2 құралы бойынша жалпы 737,2 млн. теңгеге 15 жоба іске асырылды. Атап айтқанда:

1-құралы «Пайыздық ставканы субсидиялау» шарты бойынша       734,2 млн. теңгеге 14 жоба іске асырылды:

1) Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Super-Pharm» ЖШС-гі медициналық бұйымдар өндірісіне қажетті шикізат сатып алу мақсатында «АТФ» АҚ-нан 61,1 млн. теңге көлемінде несие алып, өндіріс көлемін арттыруда;

2) Айшабибі ауылдық округіне қарасты «Көкжиек» ШҚ «БанкЦентКредит» АҚ-нан 24,4 млн.теңге несие алды. Бұл қаражаттарға шаруашылық жылқы малын сатып алып, қымыз өндіру жобасын жүзеге асыруда;

3) Пригородное ауылынан жеке кәсіпкер «Ерменбаева Р» 2 жоба бойынша «ВалютТранзитБанк» АҚ-нан 30 млн. теңге көлемінде несие алды. Бұл қаражаттарға кәсіпкер сауынды сиыр сатып алып, өз ісін жандандыруда;

4) Қаратөбе ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Алишеров А» көгалдандыру көшеттерін өсіру мақсатында «Банк Центр Кредит» АҚ-нан 45,0 млн. теңге көлемінде несие алып, жобаны жүзеге асыруда;

5) Пригородное ауылынан жеке кәсіпкер «Нурумова Гульдара»             280 орынға арналған балабақша салу жобасын кеңейтуге 100,0 млн. теңге көлемінде несие алды;

6) Қаратөбе ауылдық округінен «ПХП» шаруа қожалығы жаңа технологиямен пияз өсіру жобасын жүзеге асыруға «Еуразиялық банк» АҚ-нан 13,5 млн. теңге көлемінде несие алып, өз кәсібін жүргізуде;

7) Бесжылдық ауылынан «Райымкулов А» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңының құрылысына 70,0 млн.теңге көлемінде несие алу бойынша құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, оң шешімін алды;

8) Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылынан «Жан» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңының құрылысына 15,0 млн.теңге көлемінде несие алу бойынша құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, оң шешімін алды;

9) Көлқайнар ауылдық округінде орналасқан «Аса-DAMU» ЖШС-нің құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін және қажетті құрал-жабдықтар алу үшін «ХалықБанк» АҚ-нан 165,0 млн. теңге көлемінде несие алу бойынша құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, оң шешімін алды;

10) Жалпақтөбе ауылынан «Надежда» ШҚ көкөніс өсіру үшін «ЕвразиялықБанк» АҚ-нан 30 млн. теңге көлемінде несие алу бойынша құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданып, оң шешімін алды;

11) Жалпақтөбе ауылынан жеке кәсіпкер «ЛиЯ» құмблоктарын шығару мақсатында «Халық Банк» АҚ-нан 20,2 млн. теңге көлемінде несие алу бойынша құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданып, оң шешімін алды;

12) Жеке кәсіпкер «Жетибаев Д» Гродеково ауылында орналасқан «Нұрбек» жанармай құю бекетінің айналмалы қаржысын толтыру үшін, «Халық Банк» АҚ-нан 10,0 млн. теңге көлемінде несие алу үшін тиісті құжаттарын аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынып, оң шешімін алды;

13) Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Super-Pharm» ЖШС-гі медициналық бұйымдар өндірісіне қажетті шикізат сатып алу мақсатында «АТФ» АҚ-нан 150 млн. теңге көлемінде несие алу үшін құжаттарын аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынып, оң шешімін алды.

3 құралы «Гранттық қаржыландыру» шартымен жеке кәсіпкер «Ахметова» Шайқорық ауылынан Жасанды тоғанда инновациялық жүйемен балық өсіру жобасына 3,0 млн. теңге көлемінде қаржыландыру алып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. 


Автомобиль жолдары

Аудан бойынша автомобиль жолдарының құрамы төмендегідей:

- республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы                 108 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы;

- облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы               85,7 шақырым;

- аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 30, ұзындығы                     233,7 шақырым;

- елді мекендердегі көшелер саны – 445, ұзындығы - 389 шақырым. Оның 119 шқ. асфальтті төсем, 194 шқ. шағал, 76 шқ. төсемсіз.

2016 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 26,3 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 246,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар 7 жол (Өрнек-Ерназар жолы және Бірлесу Еңбек – Гипс зауыты – Казфосфат жолы, Рахат ауылына кіреберіс және Аса ауылының айналма жолдары, Бесжылдық, Ақбұлым, Бесағаш ауылдарына кіреберістер) жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 162,4 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 11 ауылдың 25 көше жолдары орта жөндеуден өтті.

Бұдан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 22,5 млн. теңгеге 7 ауылдың 9 көшесі жөнделді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінген трансферттер есебінен 10,5 млн. теңгеге 3 ауылдың 8 көшесі жөнделді.


Абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру

2016 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 6 млн. 774 мың теңге бөлін, тиісті жұмыстар атақарылды.

Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 31 млн. 371 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атақарылды.

Ағымдағы жылы елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызмет көрсетуге, тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге  барлығы 60 млн. 696 мың теңге бөлінді.


Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудандағы 42 елді мекеннің 17-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (40,0%). 80 020 адамның орталықтандырылған ауыз сумен  40826-ы немесе 51,0% қамтылған.

Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (80 020 халықтың 60 095 қамтылған).

2016 жылы Жалпақтөбе ауылының су жүйесін қайта жаңғырту жұмысы аяқталды.


Газбен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і газбен қамтылған немесе                 57,1%-құрайды. 2016-2018 жылдарға облыстық құрылыс және энергетика басқармалары тарапынан республикалық бюджетке 13 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Пионер, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Қызылтаң) бойынша 2017 жылға ЖСҚ әзірлеуге 69 млн. 769 мың теңге және МС өткізуге 2 млн. 750 мың теңге облыстық бюджеттен бөлініп отыр.

 

«Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылға жалпы сомасы 74 млн. 774 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді. Бұл қаражаттарға барлық ауылдық округтер бойынша білім беру және мәдениет мекемелерін, ауылдарды абаттандыру және көшелерін жөндеу сияқты іс-шаралар жүзеге асырылды.



Баға

2017 жылдың 1 қаңтарына тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 113,4%-ды құрады. Оның ішінде, азық-түлік тауарларының тұтыну индексі 111,6%, азық-түлік емес тауарлары 120,3%, ақылы қызметтер 109,1%.

2016 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі арқылы аудан аумағындағы 7 ауылдық округтен операторлар белгіленіп, 5 250 кг азық-түлік сатып алынып (4 800 кг қант, қарақұмық пен көкөністер), үстеме баға 5 теңгеден қосылып, сауда орындарында сатылды. Сондай-ақ, аудан аумағында қант бағасын тұрақтандыру мақсатында 84,2 тонна қант алынып, сауда орындарында төмендетілген бағамен сатылды.

Аудандағы 17 ауылдық округтегі 198 шағын сауда орындарымен негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты түрде ұстап тұру және үстеме бағаны көп мөлшерде қоспау туралы 142 меморандум жасалынған.

Ауданда 8 835 тонналық барлығы 121 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс атқарады, оның 5-і типтік, 117 бейімделген. Қазіргі уақытта қоймаларда 2 550 тонна пияз, 3 350 тонна сәбіз және 100 тонна қырыққабат сақталуда.


Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары

2016 жылы 604 нәресте дүниеге келді, 158 адам қайтыс болды. Халық санының табиғи өсу көрсеткіші 446 адамды құрады. Жалпы аудан халқының саны 80 020 адамға жетті.

Кедейшілік деңгейі 0,1%-ға (2015 жыл - 0,4%), жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2015 жыл - 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 20 460 теңгені құрады.

2017 жылдың 1 қаңтарына 229 жұмыссыз аудандық жұмыспен қамту бөліміне ресми тіркеуге алынды. Есепті жылы 2 343 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1 002 адам. Атап айтқанда: 1 293-ы тұрақты жұмысқа (ЖҚЖК - 610), 272 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша (ЖҚЖК - 123), 183 адам жастар практикасына (ЖҚЖК - 28), әлеуметтік жұмыс орындарына 80 (ЖҚЖК - 31), ақылы қоғамдық жұмысқа 265 адам тартылды, 120 адам кәсіптік оқуға жолданды (ЖҚЖК - 80) және 130 адамға шағын несие берілді (барлығы ЖҚЖК).

2016 жылы жұмыспен қамту бөліміне 2 286 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 1 828-і қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 79,9%-ды құрады.

2017 жылдың 1 қаңтарына 12 336 тұрғынға 411 млн. 973,4 мың теңге  әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 135 адамға 2,9 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 795 отбасыға 9,5 млн. теңге тұрғын үй жәрдем ақысы, 7 949 балаға 171,9 млн. теңге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысы және 127 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 4,6 млн. теңге жәрдемақы төленді.

«Өрлеу» жобасы шеңберінде жалпы 50 млн. 872 мың теңге бөлініп, 2 221 азаматқа тағайындалып, толығымен игерілді. Нәтижесінде, кедейшілік шегінен төмен тұрып жатқан халық саны 2017 жылдың 1 қаңтарына 77 адамды құрап, 2016 жылдың басымен салыстырғанда 76,5 пайызға (01.01.2016 жыл – 328 адам) қысқарды.

Ауданда 2 595 мүгедектер тіркелген, оның 1-2 топтағысы 1 291 адам,  3 топтағысы 907 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 397 адам.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығының ықпал етуімен мүмкіндігі шектеулі 53 азамат жұмыспен қамтылды, оның ішінде 25 адам тұрақты жұмысқа, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 2 адам жастар тәжірибесі бойынша және 4 адам кәсіптік даярлауға жолдама алып, 1 азамат «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының І-бағыты бойынша орналасып, 7 адам несие алды, 4 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды.

Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2016 жылға аудандық бюджет есебінен 4,5 млн. теңге бөлініп, 8 пандус орнатылды. Атап айтқанда, 5 білім беру мекемелері (Тайшапов, Ә.Тарази, Сартбаев, Ысмайлов, Жасөркен орта мектептері)  және мәдениет саласының 3 ғимараты (аудандық балалар кітапханасы, Ерназар ауылдық клубы, Айшабибі ауылдық мәдениет үйі). 


Кешенді жоспардың орындалуы

2016 жылға арналған кешенді жоспар бойынша 2 097 адамды жұмыспен қамту қарастырылған, 01 қаңтарға 2 343 адам жұмысқа орналасып, жоспар 111,7%-ға орындалды. Атап айтқанда:

1) «Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 636 адам жұмыспен қамтылды;

2) тұрақты жұмысқа 1 293 адам орналастырылды;

3) ақылы қоғамдық жұмыстарға 265 адам тартылды;

4) «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 40 адам қамтылды;

5) «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 72 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 73 адам қамтылды;

6) «Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша 27 адам қамтылды;

7) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жоспарланған          9 адам қамтылды.

 

«Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасы

Бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жалпы 1 млрд. 058,3 млн. теңге қаражат бөлініп, нақты 392 азамат жұмыспен қамтылды (жоспар - 247 адам).

 «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 4 білім беру және  4 мәдениет мекемелерін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 386,1 млн. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 211,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 174,3 млн. теңге), 67 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, есепті жылы 69 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметінің арнайы резервінен қосымша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ағымдағы және орта жөндеуге, абаттандыруға 17 ауылдық округ бойынша жалпы 40 жобаға 211,7 млн. теңге бөлінді. Жобаларды іске асыру барысында барлығы 106 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 54 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 100%-ға орындалды.

 «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» шеңберінде 40 азаматқа кәсіпкерлік негіздерін оқытуға республикалық бюджеттен 1,8 млн. теңге бөлініп, есепті жылы 60 азамат оқуға жолданып, сертификат алды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу немесе дамыту үшін шағын несие беру мақсатында 114 азаматқа республикалық бюджеттен 436,3 млн. теңге бөлінді. Есепті жылы 130 азаматқа 445,3 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде  3 млн. теңгеге дейін берілетін несие бойынша 93 азаматқа 117,3 млн. теңге, Пилоттық режимде 6 млн. теңгеге дейін берілетін несие есебінен 34 азаматқа 184,5 млн. теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Жамбыл филиалы арқылы қайта қаржыландыру қаражаттары есебінен 3 азаматқа 9 млн. теңге несие берілді.

         Бағдарламаның 3-і бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жалпы 13,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына құру мақсатында 23 адамға 4,8 млн. бөлінді. Есепті жылы 31 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, қаражат толығымен игерілді.  

- «Жастар тәжірибесі» бойынша 25 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 5,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Есепті жылы 28 жұмыссыз азаматқа жолдама беріліп, қаражат толығымен игерілді. 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

- ағымдағы жылы қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға 2,9 млн. теңге бөлініп, онда 20 азаматты қамту жоспарланды. Есепті жылы 15 адам қайта даярлау және 5 адам біліктілігін арттыру курстарына жолданып, қаржы толығымен игерілді. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.


Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында 41 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 99 дәрігерлер мен 447 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,4 промильді құрады.

Аудан бойынша 7 жедел жәрдем көрсету бригадасы қызмет көрсетеді (Аса ауылында-2, Өрнек, Шайқорық, Пригородное, Айшабибі және Гродиково ауылдарында бір бригададан). Барлық бригада медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген, яғни 30 фельдшер, 30 диспетчер, 30 автокөлік жүргізушілері бар. 8 жедел жәрдем техникаларының ішінде 1 данасы заманауи жабдықталған автокөлік.

2016 жылы 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 22,82 промильді құрады. 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,97 промильді құрады.

2016 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 8,28 промильді құрады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 57,5 промильді құрады.

Сонымен қатар, 2016 жылы 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 137,5-ті, қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 4 280,2-ні, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 118,8-ді, наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 101,3-ті құрап, жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 28,8-ге жетті.


Білім саласы

Аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарының (26 орта, 11 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 821 сынып комплектісінде 14 921 балаға 1859 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 94 сынып комплектісінде 1678 бала білім алуда.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 9 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 24 мектепте 74 химия, физика, биология кабинеттері, лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған 1 кабинеттен, 110 интерактивтік тақталар бар.

2016 жылға білім бөлімінің бюджеті 5 млрд. 564,6 млн. теңгені құрады. Оның ішінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 46,2 млн. теңге бөлінді.

2016 жылы аудандық білім беру мекемелерін жөндеуге 321,6 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасы бойынша 259,2 млн. теңгеге (РБ - 211,8 млн. теңге, ЖБ - 47,4 млн. теңге)       4 орта мектеп күрделі жөндеуден, 62,4 млн. теңгеге (РБ – 22,9 млн. теңге, ЖБ – 39,5 млн. теңге) 6 мектеп ағымды (шатыры, жылу құбыры, электр жүйесі, ішкі жылу жүйесі, қазандық ғимараты, жұмсақ жабыны) жөндеуден өтті.

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 97,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 77,1 млн. теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1164  оқушыны тамақтандыруға бөлініп, қаражат толығымен игерілді. 

2015-2016 оқу жылында 571 мектеп бітірушінің 454-і ҰБТ қатысты. Қатысу пайызы 79,5%-ы құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға жоғары болды. Жалпы орташа балл 72,8-ді көрсетті.

ҰБТ тапсырған 454 мектеп бітірушілердің 66-ы шекті деңгейге            (50 балл) қол жеткізе алмады, үлесі 14,53%-ды құрады (2015 жылы – 5,81% немесе 27 бітіруші). 

 «Алтын белгіге» ұсынылған 11 оқушының 7-і және «Үздік аттестатқа» үміткер бір оқушы өз білімдерін ақтап шықты.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 18 балабақшада                  (2 366 бала) және 18 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (975 бала) барлығы 3341 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 55,8 пайызды (облыстық көрсеткіш 56,9%)  құрады, кезекте 1271 бала тұр.   3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 82,4 пайызды (облыстық көрсеткіш 80,2%) құрайды, кезекте 225 бала тұр.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мақсатында жеке меншік балабақшалар ашу мәселесі кеңінен қолға алынуда. Бүгінгі таңда, аудан көлемінде мұндай сипатта екі нысан бар. Атап айтқанда, Жалпақтөбе ауылында орналасқан 20 орындық «Сұлтан»  балабақшасы және ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылған Пригородное ауылындағы 280 орындық «Нұр Әлім» балабақшасы.


Мәдениет

Аудан халқына 19 клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2016 жылы аудан көлемінде жалпы әр түрлі 634 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған     89 210 адам қатысты.

«Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасы бойынша  жалпы 126,9 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға 4 мәдениет үйі (аудандық мәдениет үйі, Гродиково ауылының мәдениет үйі, Бірлесу-Еңбек ауылдық клубы, Еңбек ауылдық клубы) жөндеуден өткізілді.

Аудандағы кітап қоры 202 мың 157 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 118 мың 712 дана немесе 58,7%. 2016 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды.

Қазіргі уақытта ауданда 148  спорт нысандары  бар, атап айтқанда:    1-орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 75 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 8 атқыш тирлері, 32 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

Аудан бойынша 21 173 адам немесе 26,4%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 14-29 жас аралығындағы жастар саны 20 758 адамды құраса, оның 6 316-ы, яғни 30,4-і дене шынықтыру және спортпен айналысады.

Жалпы аудан көлемінде 3 737 адам олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлерінен жаттықса, 1 961 адам олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлерінен, 2 487 адам спорттың ұлттық түрлері бойынша секцияларға қатысады.

Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 536 бала спорттың 16 түрімен жаттығуда. Ал, «Геккон» спорттық-туристік клубында 44 бала жартасқа өрмелеумен жаттығады.

2016 жылға ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 2,2 млн. теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге – 2,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 2,8 млн. теңге бөлініп отыр.

Бұл бағдарламалар аясында 2016 жылы 135 іс-шара өткізіліп, аталған шараларға 27 690 адам қатысты, сондай-ақ салалық спартакиадалар бойынша 14 спорттық іс-шараларға 2 516 адам қамтылды.


Каналдар

Жалпы аудан бойынша ұзындығы 529,34 шқ құрайтын 25 канал бар. Оның 307,57 шқ топырақты, 221,77 шқ бетондалған. Өткізу сыйымдылығы – 84,1 текше метрді құрайды. Каналдардың барлығы РГП «Казводхоз»-дың  балансында.

Каналдар 3 жүйенің құрамында:

- Аса өзені бойынша – 18 канал (ұзындығы – 394,56 шқ);

- Талас өзені бойынша – 5 канал (ұзындығы – 83,1 шқ);

- Бесағаш қайнары бойынша – 2 канал (ұзындығы – 51,68 шқ).


Су қоймалары мен тоғандар

Аудан көлемінде жалпы сыйымдылығы 21,9 млн. текше метрді құрайтын 7 ауылдық округте орналасқан 22 су қоймалары мен тоғандар бар. Оларда нақты жиналған су көлемі – 11,7 млн. текше метр немесе 53,4 %.

5 су қоймасы бақылауда, 17-і қанағаттанарлық жағдайда. Меншік құқығы бойынша 12-і «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің, 9-ы коммуналдық, 1-і жеке меншікте.


Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі

2016 жылы аудан көлемінде жалпы 657 қылмыстық істер тіркеліп    (2015 жыл  – 762), 2015 жылға қарағанда 13,8%-ға төмендеген.    

Оның ішінде 52 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркеліп         (2015 жыл - 58), 2015 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға азайған. Ашылу деңгейі 79,5%-ды құрап отыр (2015 жыл – 74,5 %).

Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 30-ға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 21,1%-ға төмендеп отыр (2015 жыл – 38). Қылмыстық істердің жалпы санындағы көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 4,6%-ды құрайды (2015 жыл – 5,0%).

Ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы аудан көлемінде 109 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 172 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2015 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 41,6%-ға, ал дене жарақатын алғандар саны 35,4%-ға артқанымен, қаза тапқандар 52,0%-ға төмендеген.

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент