Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ЭКСПО-2017

БҰҰ ЭКСПО-2017 базасында жасыл технологиялар орталығын ашу туралы Елбасы бастамасын қолдады

 

Астана қ.                                                                    9 қаңтар 2017ж.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас КомиссарыДжихан Сұлтаноглумен кездесіп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды. Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жобасын талқылады.

 

Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозиялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.

 

Өз кезегінде, Султаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты Даму Мақсаты дамуында, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуы  көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.

 

«Біз Н.Ә.Назарбаевтың жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақсатан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын»-дедіСултаноглу ханым.

 

Джихан СұлтаноглуЭКСПО-2017Бас Комиссар рөлін  атқарып,бүкіл БҰҰ қатысуы жүйесінің жұмысын үлестіреді.

 

* * *Қосымша ақпарат үшін Қоғаммен байланыс Депарламентіне хабарласыңыз:

 

тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 

«EXPO 2020 Dubai» ұйымдастырушылары «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық тәжірибесін зерттеуге ниетті  

 

 

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында «Астана ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО Дубай 2020» арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО Дубай 2020» бюросының атқарушы директоры Наджиб Мохаммед Аль-Али қол қойды.

Меморандум аясында екі жақ 2017 жылы Астанада және 2020 жылы Дубай қаласында өткізілетін «ЭКСПО» көрмелеріне дайындық барысында өзара қолдау көрсетуге келісті. Ендігі халықаралық дәрежедегі көрмені ұйымдастыру мен өткізудегі тәжірибе мен білім алмасу мақсатында екі жақ арасында арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның «Экспо Астана» мен «Экспо Дубай» тарапынан тағайындалған алты мүшесі болады.   

         «Қазақстанның көрмеге дайындығы керемет. Астанада өткізілетін ЭКСПО-ға дайындық және «Болашақ энергиясы» тақырыбына қызығушылық деңгейі бізді тамсандырды. Сондықтан көрменің сәтті өтетіндігін үлкен сеніммен айта аламын. Біздің ұйым «Астана ЭКСПО» тәжірибесін зерттеп, «ЭКСПО-2020» жемісті өткізуге мүдделі», - деді Наджиб Мохаммед Аль-Али.

         Өз кезегінде, Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басшысы Ахмтежан Есімов: «Біздің арамызда бүгін қол қойылған меморандум өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негіз болары анық, әрі ЭКСПО-2017 жоғары деңгейде өткізілуіне сенімділік береді», - деді.

         Біріккен Араб Әмірліктері ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығы туралы келісімшартқа 2015 жылдың қазанында қол қойды. БАӘ павильонының ауданы 980 шаршы метр. Көршілері Франция, Бразилия, Аргентина және Мексика павильондары.

         Айта кету керек, құжаттың қол қойылуы БАӘ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іссапары және Абу-Дабидегі «Болашақ энергиясы» бүкіләлемдік 10-шы мерейтойлы  саммит аясында орын алды.  

                                               * * *

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

 

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 

 

 

 

Катар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды

 

Астана қ.                                                                             25 қаңтар 2017 ж.          

         ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Катар мемлекетінің ұлттық секциясының Комиссары Ахмед Али Аль-Тамимимен кездесті. Басқосу барысында көрмеге қатысу келісімшартына қол қойылды. 

         Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания, көрменің мемлекеттік қатысушыларына павильондарын тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда халықаралық қатысушыларға 13 павильон тапсырылды. Олардың қатарында БАӘ мен Иордания сынды мемлекеттер павильондарының ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті.     

         Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетінің өкілетті елшісі әрі көрме Комиссары өз павильондарын көріп, атқарылған жұмыс сапасына ришалығын білдірді. 

         «Біз соңғы кездері жоғарғы деңгейлі көптеген іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да өз экспозицияларымыз үшін қол жүлдегер атандық. Сондықтан көрме қонақтарын мейлінше таң қалдырамыз деген үміттеміз. Катар павильон үздіктердің қатарында болары анық. Ал, Катар мемлекетінің ұлттық күні өткізілгенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады» - деді Ахмед Али Аль-Тамими. 

 Айта кету керек, Миланда өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінде катарлық павильонға 2 миллионнан астам адам келген. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Катарлық павильонның ауданы 457 шаршы метр, әрі ол БАӘ, Франция, Румыния және Словакиямен көршілес болады. 

Басқосу нәтижесінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Катар мемлекетінің қатысу келісімшартына қол қойылды. Дәл осы күні Әзірбайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды.

Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оның 5-і араб мемлекеттері.

* * *

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

 

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 

 

 

 

Иордания королі ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді

 

Астана қ.                                                                    12 қаңтар 2017 ж.

   

         Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Иорданияның ұлттық секциясының Комиссары Мұхаллад Әл Омари және Иорданияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инабпен кездесті. 

         Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов қазіргі таңда халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінде 10 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыпқа сәйкес мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісті. 

         Өз кезегінде Мұхаллад Әл Омари Иордания Хашимиттік Корольдігіне ұсынылған павильон және Астанада өткізілетін көрмеде баламалы энергия көздері бойынша өз ұсынымдарын көрсетуге берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді.  

         «Бүгін біз Иордания павильонын көріп шықтық, Көрме ұйымдастырушыларының атқарған ауқымды жұмысы көрініап тұр. Біз жақын арада павильонды безендіру жұмыстарына кірісетін боламыз» - деді Иордания ұлттық секциясының комиссары.

         Сондай-ақ, ҚР Иорданияның елшісі Ахмед Идрис Инабтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілу барысында Қазақстанға Иордания королі келіп, өз мемлекетінің ұлттық күнін атап өту шарасына қатысатын болады. 

         Кездесу соңында көрмеге қатысу келісімшарты мен павильон тапсыру құжаттарына қол қойылды.

         Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.  

***

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент