Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Президенттің үндеуі қоғам мен мемлекеттің алдындағы көптеген сауалдарға жауап берді - сарапшы 2017 жылғы 25 қаңтар 22:32 1039 АСТАНА.

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерін қайта бөлуге байланысты  Қазақстан халқына үндеу жолдағаннан кейін, бірқатар саясаттанушылар «Хабар»  телеарнасында өз пікірлерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз Мемлекет басшысының үндеуін тыңғылықты тыңдап шықтық. Біз нақты саяси реформалардың қарсаңында тұрмыз. Парламенттің рөлі елеулі түрде артпақ»,- деді Ерлан Саиров.  Ал өз кезегінде саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы бүгінде әлемде өзгерістер болып жатқандығын және Қазақстанда да тиісті өзгерістер орын алатынын атап өтті. «Бүгінде икемдірек, үйлестірілген басқару жүйесі керек. Бұл жайында Мемлекет басшысы қадап айтты. Осы орайда Парламенттің, Үкіметтің жауапкершілігін нақты көтеру жайында Президенттің үндеуі өте орынды болды. Қазақстан халқы алдында жауапкершілік артады, яғни Үкімет халық алдында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жауапты болады. Алдағы уақытта Парламент өзінің кеңейтілген өкілеттігімен халық қалауын жеткізуші ретінде Үкіметтің шешімдерін қадағалауы тиіс»,-деді ол. Мұнымен қоса, Болат Байқадамов Президенттің бүгінгі үндеуі қоғамның, мемлекеттің алдында тұрған көптеген сауалдарға жауап бергенін атап өтті. Осы ретте билік тармақтары арасында тиісті теңгерімді жүргізу ескеріліп отырғандығын жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, үндеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтілетінін мәлім етті. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез  келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.  Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден,  Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым», - деді ҚР Президенті.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/prezidenttin-undeui-kogam-men-memlekettin-aldyndagy-koptegen-saualdarga-zhauap-berdi-sarapshy_a2992788


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент