Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Аса ауылдық округі әкімінің есебі

 

Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетовтің

2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы есепті

баяндамасы


 

 Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

 

Құрметті ауыл тұрғындары! Баршаңызды ел өміріндегі ерекше мереке –  Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде танылғанына 25 жыл толды. Бұл татулығы мен бірлігі жарасқан қазақ халқының мерейін асқақтатқан айрықша жыл болды. Осынау жылдар ішінде еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен толағай табыстарға жетті. Әр жылдардағы Жолдаулары мен стратегиялық бағдарламалары жас мемлекетіміздің шамшырағына айналды.

«Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Жолдауында Еліміздің әлеуметтік эканомикалық дамуында стратегиялық маңыздылығымен белгілі мерзімде нақты міндеттермен алға қойған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Бұл стратегиялық құжат бүгінде – Ұлт жоспары. Бес институттық реформалармен және 100 қадаммен толықтырылды. 100 қадам нақты іс-әрекеттер алгоритмі.

Ұлт жоспарында айқындалған бағыттарға сәйкес, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып,  есепті мерзімде «Аса ауылдық округі әкімі аппараты» КММ бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды.

Ауылдық округке екі елді мекен Аса, Рахат ауылдары кіреді. Округ бойынша халық саны – 11931 адамды құрайды. Аула саны – 2026. (Аса 11425 адам, 1949 аула; Рахат 506 адам, 77 аула)

Ауылдық округ әкімі аппаратында 10 штаттық қызметкер қаралған. Округ әкімі аппараты жанында ақсақалдар алқасы, әйелдер және ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі және түрлі бағытта жұмыс атқаратын комиссиялар құрылған.

Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны 494, шыққан құжаттар саны – 802, ауылдық округ әкімінің шешімдері – 118, өкімдері – 178.

Округ әкімі аппараты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 түрінен қызмет көрсетеді, оның ішінде «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 11 өтініш, «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар жоқтығы туралы анықтама беру стандарты бойынша 645 өтініш қанағаттандырылды.

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасмалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша қызмет көрсетуді бастадық.

Әлеуметтік көмектер

-         Есепті мерзімде Тұрғын үй көмегі 167 отбасыға 3 млн 500 мың теңге көлемінде төленді. (2015 жылы-105 отбасы, 600,0 мың теңге)

-         Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 25 отбасындағы 26 балаға  636 мың 300 теңге берілді. (2015 жылы 23 отбасындағы 26 балаға 1014,0 мың теңге)

-         18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 500 отбасындағы 1514 балаға 31 млн 786,2 мың теңге көлемінде төленді (2015 жылы 509 отбасы, 1522 балаға  27 894,3 мың теңге1

-         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасындағы 45 адамға 743 мың 800 теңге төленді. (2015 жылы 7 отбасы 45 адамға, 432,1 мың теңге)

-         Шартты ақшалай көмек 49 отбасындағы 300 адамға көрсетілді (2015 жылы 91 отбасындағы 439 адамға)

-         Біржолғы материалдық ақшалай көмек 35 отбасына 121,140 теңге көлемінде төленді. (2015 жылы 23 отбасы 250,0 мың теңге)

 

            «Өрлеу» аз қамтылған отбасыларына шарттық ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасының іске асыру бойынша ағымдағы жылы 49 отбасындағы 300 адам қамтылды. (2015 жылы 91 отбасы – 439 адам)

-         Ақылы қоғамдық жұмысқа  45 азамат тартылды.

-         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша – 19 азамат тартылып,

-         Әлеуметтік жұмыс орындарына – 16 орналастырылды

-         Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан – 11 азамат өтті

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары бойынша есепті мерзімде барлығы 245 азамат қамтылды. Оның ішінде

-         Тұрақты жұмыспен – 114 азамат қамтылып,

-         Жаңадан ашылған жұмыс орындарына – 7 азамат орналастырылды.

-         Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша – 16 азамат қамтылып,

-         Жастар тәжірбиесінен – 98 азамат өтті

-         Маусымдық жұмысқа – 9 тартылды.

13 азамат несие алды.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2000-2001  жылдары туылған 82 жас өспірім есепке алынып, 1989-1998 жылы туылған, әскерге жарамды 315 азаматың 151-сі дәрігерлік сараптамадан  өткізілді. Олардың ішінен 31 әскерге жарамды болып, 31 азамат әскер қатарына алынды.

Салық төлемдердің орындалуы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы №148 Заңының 3-бабында көрсетілген «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметінің эканомикалық және қаржылық негізін» құрайтын алымдардан бөлек;

          - Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

           - Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

           - Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын  жер салығы

           - Елді мекендер жерлеріне  заңды тұлғалардан , жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы

           - Заңды тұлғалардан  көлік құралдарына салынатын  салық

           - Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын  салық түрлерінен түсетін алымдар құрауда.

Ауылдық округ бойынша жер салығы 377,146 мың теңгеге, мүлік салығы 217,115 мың теңгеге жоспарланып толығымен жиналды. (100%).

 Көлік салығының есепті жылы жоспарланған 8 000,0 мың теңгенің орнына 8 853 000 мың теңге жиналып жоспар 110% орындалды.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы алаңы 2395 шаршы метр 21 жеке меншік тұрғын үй, алаңы 250 шаршы метр 4 дүкен, 383 шаршы метр 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 1 мешіт ғимараты пайдалануға берілді. (2014 жылы 2 827 шаршы метрді құрайтын 30 үй пайдалануға берілген болатын.)

Мәслихатының сессиясында Аса ауылының бас жоспарының жобасы бекітіліп, елді мекеннің оңтайландырылған сызбасы сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімі тарапынан жасалынды.

Аса  елді-мекенінің шекараларын анықтау мақсатында жер қатынастары бөлімі тарапынан жерге орналастыру жобасы  дайындалды. 2017 жылы ауылдың бас жоспарларына сәйкес мемлекеттік қорға жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізетін болады.

Рахат ауылының бас жоспары әзірленген болатын, 2016 жылы егжей тегжейлі жоспары әізірленді.

Округ бойынша тұрғын үй салуға жер кезегінде 1202 адам тұр.

Тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары округте қарқынды салынуда, дегенмен    сейсмикалық аудандардағы саманнан тұрғызылған үйлерді қабылдау жүргізілмейтіндіктен, тұрғызылған үйлер елімізде жүргізілген рахымшылық заңына сәйкен  пайдалануға қабылданды. Рахымшылдық заңына сәйкес жария етуге ұсынылған 97 азаматтың өтініштерін қабылданып, ( Аса-95, Рахат-2) 87 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды, 3 азаматқа үй құрлысы толық аяқталмағанына байланысты жария етуден бас тартылды, 7 өтініш жария етуге ұсынылған құжаттардың толық еместігіне сәйкес қайтарылған.

Ауыл шаруашылығы саласы

Округтегі жалпы жер көлемі – 7481 га. оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары – 4831 га, елді мекендер жері – 2126 га. құраса 524 га. өзге жерлерді құрайды. Ауылшаруашылық алқаптарының – 3218 га. егістік, оның ішінде 2334 га суармалы, 884 га тәлім, шабындық – 80 га. жайылым – 1528 га.

2016 жылы 103 га. күздік бидай, 522 га. жаздық арпа, 122 га. жүгері, 140 га. мақсары, 50 га. қант қызылшасы, 102,2 га. көкөніс-бақша дақылдары, 1 974,5 га.

Округ аумағында 365 шаруа қажалығы тіркелгенімен, бүгінгі таңда 130 тұрақты жұмыс атқаруда. Зерделеу барысында округ аумағындағы 220 га  егістік жер шаруа қожалықтар тарапынан игерілмей отыр.

2016 жылы 6 шаруашылық мемлекет тарапынан басым бағыттағы дақылдарға берілетін 2 185 270 мың теңге көлемінде субсидия алды, (2015 жылы 13 шаруашылық 2 799,000 мың теңге көлемінде болған)

 «Берікқожа» шаруа қожалығы 5 дана трактордың қосалқы техникасын 7 120,0 мың теңгеге лизингтік жүйесімен алды.

Округте барлығы 2045 мүйізді ірі қара, 6054 бас қой-ешкі, 683 бас жылқы, 5104 құс тіркелген, 4 шаруақожалық мал шаруашылығымен айланысады. Онда, 90 бас мүйізді ірі қара, 1819 бас қой-ешкі, 165 бас жылқы бар. Шманов шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы аясында 3 млн 400 мың теңге көлемінде несие алып, 11 бас бие, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды. «Тоқтаев» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 13 млн 310 мың теңге алып, 510 бас қой, 14 бас қошқар сатып алды.

Округ бойынша қысқы мерзімге 10142 тонна шөп, 2005 тонна жем дайындалды.

Округ аумағындағы барлық мал басы мемлекет тарапынан емдеу-егу (вакцинация) жұмыстарымен қамтылған.

Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

2016 жылға Аса ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-не барлығы 137 637,0 мың теңге қаржы қарастырылған, жыл қорытындысы бойынша қаржы толығымен игерілді.

Оның ішінде 24 865,0 мың теңге округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, 23 907,0 мың теңге ауылдық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, 740,0 мың теңге жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс-шараларды іске асыруға, 79 964,0 мың теңге ауылдық округ көшелерін автокөлік жолдарын орташа жөндеу мен абаттандыру жұмыстарына жұмсалды.

2016 жылы аудандық мәндегі Аса ауылының айналма тас жолы 7 240,6 мың теңгеге және Рахат ауылына кіреберіс жолы 5 030,1 мың теңгеге ТҮКШЖК және АЖ бөлімі тарапынан орта жөндеуден өткізілді.

Округ тарапынан 67699,0 мың теңгеге 11 көше орта жөндеуден өткізілді, 8 көше асфальтталып (Т.Рысқұлов, Ә.Бегманов, Ә.Молдағулова, Мырқалықов, Жүнісов, Ю.Гагарин, Б.Қилыбаев көшесінің бұрылысы Рахат ауылындағы Айдаров көшесі),  3 көшеге шағалды төсем төселді. (Д.Қонаев, Ш.Уалиханов, С.Махашев).

12 265,0 мың теңгеге Аса ауылының орталық Абай көшесі бойы  абаттандырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген 8 161,0 мың теңгеге Абай көшесінің бойындағы  тротуарлар мен жол жиегі ағымды жөндеуден  өткізілді және Аса ауылындағы бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын стихиялық полигонның 3/1 бөлігіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар округ әкімі аппаратының қолма-қол ақшаны бақылау шоты есебінен 2 723,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің жылу жүйесі  табиғи газға көшірілді, 2 000,0 мың   теңгеге Пионер лагерь елді мекеніне жеке трансформатор қондырғысы орнатылды. 2 730,0 мың теңгеге Жеңістің отыз жылдығы атындағы орта мектебіне  күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып,  мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Жолдарды орта жөндеуден өткізуді бақылау, жұмыс барысын қадағалау үшін,  бағалы ұсыныс тәсілімен техникалық бақылаушы анықталып, жұмысқа тартылды.

Ауылдық округ тұрғындары электр қуатымен табиғи газбен сапалы ауыз сумен қамтылған. (Бүгінгі таңға 1947 аула электр қуатымен, қамтылуы 104 пайыз, табиғи газбен 1815 аула, қамтылуы 96 пайыз, сапалы ауыз сумен 1266 аула қамтылған, Рахат ауылында – 68аула)

Округ көлемінде «8-наурыз халқаралық әйелдер мерекесі», «Наурыз», «Ұлы жеңістің 71 жылдығы» тағы басқа мерекелі күндер жоғарғы деңгейде атап өтілсе,  ілкімді азаматтар мен кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларға демеушілік көрсетуде.

 

Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

 

Ендігі кезекте 2017 жылға жоспарланған қаржы аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлының есепті баяндамасында толық баяндалатын болады.

 

Аса ауылдық округі әкімі аппараты КММ 2017 жылғы шығыстары 88 804,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Оның ішінде 001-бағдарлама, округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 25 775,0 мың теңге қаралды.

Сондай-ақ (040-бағдарлама) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға 12 631,0 мың теңге жоспарланып отыр. Бөлінген қаржыға  Ғ.Мұратбаев көшесіне (0,860 км, 2927,2 мың тенге.) шағалды төсем салуды, Рахат ауылындағы Жақсылықов көшесін (0,578 км, 9554,0 мың тенге) асфальттауды жоспарлап отырмыз. Жоба қауымдастық мүшелерінің жалпы жиынында талқыланып, ұсынылған болатын.

 045-бағдарлама, елді мекендердегі көшелердің автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеуге ағымдағы жылы 21 099 мың теңге қаралып отыр. (2016 жылы бұл салаға 67 787,0 мың теңге қаралған болатын.)

Бекітілген қаржыға Аса ауылындағы Заводская  көшесі (14 970 мың тенге) мен Рахат ауылындағы Ю.Гагарин атындағы көшені (6 129 мың тенге) орта жөндеуден өткізу яғни,  асфалтты төсем салынбақ.

014-бағдарлама, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 25 061 мың тенге қаралды.

Қаралған қаржыға «Аса-Рахат-Құмтиын» қосарланған ауыз су құбырының жұмысын үздіксіз жүргізу жоспарланған.

Округ әкімі аппаратының қолма-қол есеп шотындағы қаржыдан Абай көшесі бойы  яғни, «Бегманов-Жүнісов» көшелерінің аралығы 5 638 мың тенгеге ағымды жөндеуден өткізіледі. «Жүнісов-Түгелбай» көшелерінің аралығындағы жаяу жүргіншілер жолы 2 120 мың теңгеге, су ағатын арық 2 104 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізіледі.

Сауле балабақшасы ғимаратының терезелерін 4 900 мың теңгеге ауыстыру, Рахат бастауыш мектебін абаттандыру (асфальттау) 1 800 мың тенгеге жоспарланды.

Көріктендіру – көгеріштендіру жұмыстарына 2 000 мың теңге,

Баннерлер жасатуға (билборд) 1 000 мың теңге жоспарланса,

Жергілікті қоғамдастықтың шешімімен 6 098 мың тенгеге атқарылатын жұмыстар тізбесі  жоспарланды.

Округ әкімі аппаратының қаржысынан бөлек Нысаналы трансферттер есебінен (Облыстық бюджет арқылы)

Білім бөлімі арқылы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге – 160 075 мың теңге (ДКЗ) қаралса

Даму трансферттері есебінен

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы Байтерек тұрғын үй алқабына көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге – 121 640 мың теңге, оның инженерлік инфрақұрлымын жүргізуге – 49 922 млн теңге жоспарланды.

Округтегі ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған алаң құрлысына – 15 944 мың теңге қаралған.

Сондай-ақ ТҮКШЖК және АЖ бөлімі арқылы

Аса ауылының айланба жолын орта жөндеуге – 40 413 мың теңге, Темір жол арғы бетіндегі Аса ауылының кіреберіс жолын орта жөндеуге – 8 710 мың теңгеге, Аса ауылына кіреберісіндегі арканы ағымды жөндеуге 9   901 мың тенге қаралған.

Сіздердің қолдауларыңызбен ағымдағы жылы да округ әкімі аппаратына қомақты қаржы бөлінуде, округ әкімі аппараты бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бөлінген қаржыны заңды, дұрыс игереді деп, сендіремін.

Аса ауылдық округі әкімі аппараты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет» туралы заңының «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі» ережесін сақтай отырып сапалы қызмет көрсетіндігіне сенім білдіремін.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 


 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент