Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақбастау ауылдық округі әкімінің есебі

Ақбастау  ауылдық  округі  әкімінің  2016  жылдың  12  айында   атқарған   жұмыстары  бойынша халық алдындағы  есебі

     

Құрметті   ауыл   тұрғындары!

 

      Сіздерді   жаңа   қадам  басқан  2017  жылмен     құттықтап,  дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға  бақыт  пен  береке  тілеймін.

       2016  жыл  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тұспа тұс келсе, ауылымыз  үшін де жағымды  жаңалықтарға,  шешімдері  табылып,  аяқталған  игі  істерге  толы   жыл  болды.   

       Қазақстан  Республикасының  «Жергілікті  мемлекеттік  басқару  және   өзін-өзі  басқару  туралы» Заңы  мен  басқа  да  мемлекеттік  органдардың  актілерін  басшылыққа  ала  отырып,  Ақбастау  ауылдық  округі  әкімі аппараты бекітілген  жоспарға  сай  жұмыс  атқаруда.

        Мемлекетіміздің  экономикалық  жағдайы  жақсарған  сайын   біздің  Ақбастау  ауылдық  округіне  қарасты Бірлесу-Еңбек және  Октябрь-Жеміс елді мекендерінің    ажары  жыл  сайын   өзгеріп  келеді. 

        Ауылдық округте шаруашылықтардағы  егін алқабы 6463 га . Оның ішінде 3979 га егістік,  462 га шабындық, 1958 га жайылым.

       2016 жылы 200 га бидай, 400 га арпа, 2300 га ескі жоңышқа, 1200 га жаңа жоңышқа, 24,5 га қызылша егістікпен шаруа қожалықтар айналысты.     (Олар:Нурбаев Даулетбай, Абсатаров Абдрасил, Наралиев Сейткан).   

       Тамшылатып суару технологиясы қолға алынып,  Кавунжиди ШҚ-20 га жерге-көкөніс,    «Шохай-Жеміс» ШҚ Ганижанов Р-31 га жерге жеміс-жидек, «Әулие ата Алма» ӨК -50 га жерге жеміс-жидек дақылдарын екті.

      2016 жылы басым бағыттағы дақылдарға (көктемгі егіс және егін жинау) 6 шаруа қожалық 2 миллион 522 мың 847 теңге, алынған минералдық тыңайтқышқа  8 шаруа қожалық 21миллион 107 мың теңге  игерілді.

       Мал басы  шаруа қожалықтарда  238 ірі қара, 2720 қой, 70 ешкі, 1456 жылқы, 90 тауық.

      Ауыл тұрғындарының  жеке өзіндік қосалқы шаруашылықтарда 1396  ірі қара, 3400  қой, 550 ешкі, 950 жылқы, 2284 тауық.

      2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 357 бас ірі-қара малдар қолдан ұрықтандырылды.

       Ауылдық  округте  370 аулада барлығы 2090  халық  тұрады.  (Бірлесу-Еңбек ауылында 238 аула, 1300 халық,  Октябрь-Жеміс ауылында  132 аула, 790 халық).  Оның    ішінде   ерлер  саны – 1090,  әйелдер  саны -  1000. Ұлттық   құрамы :  қазақтар  2055, өзге  ұлт  өкілдері  35. (Атап   айтқанда:  орыс халқы   15,  украйн  2,  неміс  3,  қарашай  7,  қырғыз 5, татар 1, өзбек 2).

        Оның  ішінде  958 еңбекке  жарамды  тұрғындар  болса,  205  зейнеткер,  83   көпбалалы  аналар, 35  мүмкіндігі  шектеулі  жандар,  44- «Алтын  алқа»  иегерлері,  27-«Күміс  алқа»  иегерлері,  20-тыл  еңбеккерлері.

       2  орта мектеп,  1дәрігерлік амбулатория, 1  фельдшерлік  пункт,

2 кітапхана, 1  клуб  және   1  пошта  бөлімі   қызмет  етеді. 103  шаруа  қожалықтар,  7 дүкен  иелері  жеке  кәсіпкерлер  өз  жұмыстарын  жасауда. Екі  ауылда  екі  мешіт  орналасқан.( Бірлесу-Еңбек Уәли Қалпе,)

       Мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда-50 бала,  даярлық топта 41 бала,  екі  орта  мектепте  412 оқушы білім алуда. (Оның ішінде: Бірлесу-Еңбек о/м – 237оқушы,  Октябрь-Жеміс о/м -175 оқушы)   Бірлесу-Еңбек  орта  мектепте-37 мұғалім оның ішінде жоғарғы  білімдісі-30, арнаулы орта  білімдісі-7. Октябрь-Жеміс орта  мектебінде-36 мұғалім, жоғарғы білімдісі- 32, арнаулы  орта  білімдісі-4.

      14 пен 29 жас аралығында 525 жастар бар. Оның  ішінде: 173 оқушы,

81 білімгер, 86 бала күтімімен үйде отырғандар, 180 жұмыс істейтін жастар,

5 мүмкіндігі шектеулі жандар.

       Округ  бойынша  2016 жылдың   12  айында Бірлесу-Еңбек  ауылында-28, Октябрь-Жеміс ауылында-23 барлығы-51 бала  дүниеге  келді. Қазіргі  уақытта екі  елді  мекенде  26 әйел жүкті  әйелдер тізімінде  тұр.       

       Бірлесу-Еңбек  ауылы  таза ауыз  сумен,  табиғи  газбен,  Октябрь-Жеміс  ауылы  табиғи  газбен  қамтамасыз  етілген.  

       «Жұмыспен  қамту-2020 жол картасы»  бағдарламасына 16 азамат қатысты.  Олар: 2 азамат «Жастар тәжірибесінен» өтсе,  14 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды.  6 азамат  21 000 000 теңге несие алды.

       2016 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 76 өтініш түсіп, 25 қанағаттандырылып, 51 тиісті түсініктемелер берілді. Заңды тұлғалардан  7 сұраныстар түсіп, барлығы қанағаттандырылды. Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 10 азамат қапбылданып, барлығы қанағаттандырылды.

      2016 жылы округ бойынша 33 отбасының 112 баласына – 2 млн. 354 мың теңге жәрдемақы төленді.

      Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге 51азамат өтініш білдіріп кезекке тұрды. (Оның ішінде Бірлесу-Еңбек ауылы бойынша-19, Октябрь-Жеміс ауылы бойынша-32).

       Округ әкімі аппаратында жыл бойы 511 хат кіріске алынып, 743 шығыс хат жолданды.

       Нормативтік құқықтық актілер 98 өкім, 19 шешім қабылданды.

      104 шақырылушы, 225 әскери міндетті азаматтардың есебі жүргізілді.1 азамат әскер қатарына алынды.

       Жер салығы бойынша -210 000 теңге, Мүлік салығы бойынша-18 000 теңге, Көлік құралдары салығы бойынша-1 331 000 теңге жоспар бойынша толық орындалды.

      2016 жылға мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарындағы 

   «Өңірлерді  дамыту»  Бағдарламасы  шеңберінде Бірлесу-Еңбек ауылының абаттандыру жұмыстарына 3 млн. теңге қаражат жұмсалды.

       Бірлесу-Еңбек ауылы Абай көшесінің бойындағы саябаққа брусчатка төселініп, жан-жағы қоршалынып, орындықтар қойылды.

       2013 жылы наурыз айында  ауыл  тұрғындарымен  бірлесіп   саябаққа  0,3000 гектар жерге   бойы 60 см болатын жас  можжевельник талдар  егіліп,  күні  бүгінге  дейін  Ақбастау  ауылдық  округі  әкімі  аппараты  қызметкерлерінің   суғарып,   баптап  күтуінің  арқасында  қазіргі  уақытта  бойы  2,5 метрге  көтерілігені  баршамыздың  жетістігіміз. Осы жердің жерге орналастыру жобасы жасалынды. Мемлекеттік актісі жасату жұмыстары жүргізілуде.

      Бірлесу-Еңбек ауылы Жапарбеков, Есімов, Октябрь-Жеміс ауылы Жалпанова, Рысқұлова көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына  11 млн. 704 мың теңге жұмсалды.

     Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті трансферттен 4 салықтан түскен  1 млн. 699 мың теңге қаражат есебінен 120 мың теңге тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, 130 мың теңге көктемгі және күзгі тазалық жұмыстарына, 187 мың 500 теңге Бірлесу-Еңбек ауылындағы кіші футбола алаңын жарықтандыруға, 187 мың 500 теңге Октябрь-Жеміс ауылындағы кіші футбола алаңын жарықтандыруға жұмсалды.

          Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кнауф-Гипс-Тараз» ЖШС-сінің директоры Бекназаров Мырзабай Тұрсынбайұлының демеушілігімен қайырымдылық акциясы өткізіліп екі елді мекендегі 50 отбасына азық-түлік пакеті мен 2017 Жаңа Жылдық мерекесіне орай 100 балаға  сыйлықтар берді.

         «Береке» қоғамдық қорының мүшесі Сүлейменов  Бағдаштың демеушілігімен 3 отбасына  2 тоннадан көмір түсіріп берді.

        «Мектепке барар жол»  акциясына орай ауылдың ілкімді азаматының  (Мыркалықов Сейтжанның) демеушілігімен 20 000 теңгеге көпбалалы отбасының бір баласына (Төребек Жансерік Әшімұлы) және «Байтана» асының демеушілік есебінен бір отбасының баласына 50 000 теңгеге мектепке керекті киім-кешегімен, мектепке қажетті құралдарын алып берді.(Юсупова Олша немересі Ахметқұл Елдарға).

        Округтегі шаруа қожалық жетекшілері А.Абсатаров, М.Тойболов, Р.Сарсенбиевтың демеушілігімен  ауыл жастарының  «Тараз-Арена» спорт кешенінде футбол ойынына қатысуға  қаржылай көмек көрсетті.

        Көктемгі, күзгі  көріктендіру,  көгеріштендіру және  санитарлық  тазалық  айларында  екі  елді  мекендегі  кездейсоқ  күл-қоқыстарды  тазалау  үшін  «Казфосфат»   ЖШС  бас  директоры  Ескендіров  Мұқаш  Зұлқарнайұлының демеушілігімен    мехлопата  техникасы  бөлініп,   Аса-Қарабастау,  Бірлесу-Еңбек-НДФЗ  зауыты  жол  бойындағы  және  ауыл  ішіндегі  қоқыстарды  шығарып,  Октябрь-Жеміс ауылындағы футбол алаңын тегістеп берді.

        Даталы мерекелерде   ауылымыздағы өткізіліп жатқан іс-шараларға шаруа қожалық жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындарының  атсалысуымен және ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз  мерекесі, Бірлесу-Еңбек ауылдық мешітінде өткізілген «Тасаттық», 9 мамыр Жеңістің  71 жылдығына  арналған іс-шаралар өз  деңгейінде өткізілді. Ауылдық ілкімді азаматтары спорттық іс шараларға қаржылай демеушілік көрсетіп отырды.

         Ақбастау ауылдық округі «Ауылым-алтын бесігім»- атты аудандық өнер фестивалінде  ауыл өнерпаздарының шығармашылық өнерін насихаттағаны үшін 2-ші орынды иеленді.

 

 

2017 жылы орындалатын жұмыстар:

 

1. Бірлесу-Еңбек ауылы -1,937 км Абай көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы  20 млн. 864 мың теңге,

2.Октябрь-Жеміс  орта мектебін ағымды жөндеуден өткізуге 2017 жылға

 3 млн. теңге қаралып отыр.

 

       

Зейін  қойып  тыңдағандарыңызға  рахмет !

   

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент