Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Айшабибі ауылдық округі әкімінің есебі

Айшабибі  ауылдық  округі  әкімі аппаратының  2016  жылы  атқарылған  жұмыстар  және  2017  жылы  жүргізілетін  жұмыстары  мен  перспективалық  жоспарлары  туралы  есебі

   

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615  Жарлығына  сәйкес  ауыл әкімдері халық алдында есеп беруі қажет, сол Жарлықты іске асыру мақсатында Сіздердің алдарынызда 2016 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді ұсынып отырмын.

         Ауылдық   округіндегі  Айшабибі,  Қаратау   және  Қызылтаң елді мекендердегі-790 аулада 5100 адам тұрады.Оның ішінде 400-зейнеткер,38-«Алтын алқа»,74-«Күміс  алқа  иегер  аналар, 7- ауған  соғысы  ардагерлері, 1-Чернобыль  тұрады. «Ынтымақ бар жерде-ырыс бар» деген халық  даналығын   есте ұстаған ауыл тұрғындары   тату тәтті   өмір  сүруде. Округте   тұрып жатқан 11ұлт   өкілдері   әрбір  атаулы   мерекелерді   бірге  қарсы алып,тонның ішкі бауындай,бірліктерін ілгерілете   түсуде.

Құрметті  ауыл  тұрғындары! 

Есепті   жылы  атқарылған   жұмыстарда   қол  жеткізген   жетістіктерді   және  үстіміздегі   жылға  жоспарлаған   жұмыстарды   Сіздердің   назарларыңызға  ұсынуға  рұқсат   етсеңіздер. Жыл  қорытындысы   көңілге  қонарлықтай  болды. Тұрғындардың  негізгі  шаруашылығы  жер мен  мал  шаруашылығымен  айналысу  болып  табылады.  Округтің  жалпы  жер  көлемі 65852 гектар, оның  ішінде  шаруақожалықтар  жері 41479 гектар, әкімшіліктің жері 24332  гектарды  құрайды. Округ  аумағында  290  шаруа  қожалықтары  бар,  оның  ішінде   1 шаруа қожалығы іріленген «Ақкөл» шаруа қожалығы, 43  шаруақожалықтары мал бағумен айналысса, 247 шаруақожалықтары  егін  баптауды  қолға  алған.

2016жылы 250гектар күздік бидай алқабының әр гектарына орта есеппен 8  центнерден   дән  бастырылса,  350  гектар   арпаның   әр  гектарынан  9  центнерден  түсім  алынды. Күздік  бидай себу жоспарына  сәйкес  2017 жылға  150 га  жер жыртылып, оған 45 тонна тұқым дайындалып  зертханадан  тексеруден  өткізіліп себілді. 2017 жылдың  қант қызылшасының егуге берілген 250 гектар  тапсырмасының  135гектарына  шаруа  қожалықтары тарапынан ниет білдіріп, жерлері айдалып дайындалды. 

Округ аумағындағы ауылшаруашылық техникалар саны:

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

1

Трактор

37

38

2

К-700                                    

3

3

3

зерноуборщ.комбайн          

3

3

4

жүк тиейтін автокөліктер 

15

15

5

сеялки

5

5

6

пресс подборщик               

5

5

7

опрыскователь

2

2

8

культиватор

4

4

9

Сенокасилка

7

7

2016 жылы «Асылов А» шаруа қожалығы нақты сома- 6 млн 350 мың тг «Беларус 952» тракторын алып,пайдалануда  және де

 «Дабылова Р» шаруа қожалығы нақты сомаға 5 млн 550 мың тг «Беларус – 82,1» тракторын алып, пайдалануда.

Егін шаруашылығы бойынша алынған субсидия көлемдері бойынша басым бағыттағы дақылдарға (көктемгі егіс және егін жинау үшін) ауылдық округ бойынша 19 шаруа қожалығы 14 млн 108 мың теңге субсидия алды. Алынған минералды тыңайтқышқа (ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін) 13 шаруа қожалығы 15 млн 225 мың теңге субсидия алды. Сатып алынған субсидияланатын тұқымдардың шығындарын өтеуге 6 шаруа қожалығы 3 млн 858900 тг, барлығы 2016 жылы 48 шаруа қожалығы 33 млн 192 мың теңге субсидия алды.

Қазіргі  таңда  округ  бойынша 2562 мүйізді  ірі қара,  1806 жылқы,  22510 мыңнан астам  қой-ешкі бар. Аулалардағы  құс  саны  6850  мыңнан асады. 

         2016 жылы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Майда» шаруа қожалығы 1808 бас қой, 52 бас қошқар алды.

         2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Асылов А» шаруа қожалығы75 млн теңге алып, 444 бас сиыр алды.

         Осы жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша «Баратов» шаруа қожалығы 6 млн 200 мың теңге алып, 22 бие, 2 айғыр алды.

Мал шаруашылығын дамыту үшін 2016 жылы 6 шаруа қожалығы барлығы: 18 млн.500 мың теңге несие алып, шаруашылықтарын жандандыруда.

1Туребаева Гулжамила – 3 млн тенге (мал шаруашылығын көбейтуге)

2Асабаев Бек – 5 млн тенге (мал шаруашылығын көбейтуге)

     3.Зиябеков Мейрамбек – 2 млн тенге (бал араны көбейтуге)

4.Шамшиева Айкенай – 2,5 млн тенге (мал шаруашылығын көбейтуге)

5.Панапов Нурбол – 3 млн тенге (мал шаруашылығын көбейтуге)

6.Тулендиев Ерболат – 3 млн тенге (мал шаруашылығын көбейтуге)

Округімізде  асыл тұқымды жылқы бағытымен айналысатын

2 шаруақожалығы бар.

1.    «Амирова Л» (басшысы Амирова Л)

2.     «Атамекен»(Момынова Р)

 

ВЕТЕРИНАРИЯ  САЛАСЫ

 

         Шаруа  қожалықтары  мен   тұрғындардың  малдарын  эпидемиялық   жұқпалы   24- түрлі   аурулардан  сақтандыру  мақсатында   Үкімет  тарпынан   тегін  егілетін   вакциналар  (дәрі-дәрмектер)  беріледі. Округ  бойынша  2016 жылы  ветеринариялық  іс-шараларға   аудандық  бюджеттен    9  млн   164   мың   233 теңге   көлемінде   қаржы  қаралып,  толығымен  игерілді.

         Ауыл  шаруашылық  малдарын  қолдан  ұрықтандыру   және  егу  іс-шаралар   жүргізу  үшін   ветеринариялық  учаскелік  пунктін   ашу  мақсатында,   өткен  жылы  ауылдан  жалға   үй  қарастырып   жұмыс   ұйымдастырылды.   2016 жылықаңғыбас  иттерді  жою  бойынша,   ауданда  бекітілген  кестеге  сәйкес  округте  4-рет   рейд  жүргізіліп,  барлығы  84-бас  қаңғыбас  иттер   жойылды.   Бұл  мәселе  алдағы  уақыттада  жалғасын  таба береді.

 

ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША 

         Айшабибі ауылындағы инфрақұрылым жұмыстары бойынша 330 млн тг қаражат бөлінді. «АрайСтройМаркет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  келісім шартқа отырып, ауылдық округтегі Айтеке би, Қазыбек би, Ақкөл көшелеріне және Т.Аубакиров І, ІІ бұрылыстарына газ желісі тартылып, электр жарығымен қамтамасыз етілді. 2016 жылы бөлінген қаражаттың 220 млн тг игерілді.

Сонымен қатар, жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша 4 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

1.    Жібек жолы көшесінің 1 бұрылысы - 11 млн 760 мың тг,

2.    Т.Аубакиров көшесі - 12 млн тг,

3.    Квант саяжайына кіре беріс жол бойы - 8 млн 904 мың тг,

4.    Төле би көшесіне - 2 млн 483 мың тг

         Көп жылдан бері еш жерде теңгерімге алынбаған Квант саяжайындағы трансформатор желісі мен су мұнарасы, ауылдық округтегі су мұнаралары теңгерімге алынды.  Қаратау ауылына су құбыры мен су мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысына 2 млн 419 мың тг қаражат жұмсалды. Қызылтаң ауылына су мұнарасын ағымды жөндеуге 4 млн 309 мың тг жұмсалды. Ауыл тұрғындарын сапалы жарықпен қамтамасыз ету мақсатында Қызылтаң ауылына 990 мың теңгеге, Айшабибі ауылында Төле би көшесіне 1 млн 945 мың тг трансформаторлар орнатылды. Ауылдық округтегі орналасқан 4 су мұнарасының құжаттарын заңдастыру мақсатында мемлекеттік акт жасату үшін 187 мың теңге қаражат бөлінді.

Азаматтарға  өзіндік  қосалқы  шаруашылық  жүргізу  үшін кезекте тұрған  азаматтардың  өтініші  қанағаттандыру мақсатында  округтегі  3 елді-мекенге  жаңа көше сызба жоспары  мен топасьемка дайындалды.  Қазіргі  уақытта  көшелерге  инфрақұрылым  жүргізуге   қаражат  бөлінгеннен  кейін  кезек  бойынша   жер  телімдері  берілуі жоспарланды. Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге өтініш білдірген барлығы 579 адам, кезек бойынша 360 азаматқа жер телімі беріледі.

          Айшабибі  ауылындағы  Тәуелсіз еліміздің бүгінгі саясатына атауы сай келмейтін

-         Квант көшесіне Жетісу, Ынтымақ,

-         Қызылтаң ауылына Әулиекөл,

-         Қызылтаң көшелеріне Үштөбе, Кербұлақ,

-         Айшабибі көшесіне Ыбырай Алтынсариннің атауын беру үшін аудандық ономастикалық комиссияға ұсыныс берілді. Алдағы уақытта ономастикалық комиссия отырсында қаралып, қолдау тапса атаулары ауыстырылатын болады.

 

САЛЫҚ  ТӨЛЕМДЕРІ  БОЙЫНША

Ауылдық округі бойынша салық  төлемдерін жинақтауы 2016 жылға 6 -салық түрінен берілген жоспар жүз пайызға қамтылып, орындалды.

1.    Жеке тұлғалардың жер салығы,

2.    Жеке тұлғалардың мүлік салығы,

3.    Жеке тұлғалардың көлік салығы,

4.    Заңды тұлғалардың көлік  салығы,

5.    Жеке тұлғалардан өзге заңды және жеке кәсіпкерлердің жер салығы

6.  Жеке кәсіпкерлердің табыс салығы

 

ОРТА  ЖӘНЕ  ШАҒЫН  БИЗНЕС:

Ауылдық   округі  аумағында төмендегі   орта,  шағын   бизнеспен   айналысатын   15  сауда   нүктелері   бар, барлығы   патентпен   жұмыс   атқарады.

Жанар-жағар  май  құю  станциясы – 3

Құм-шағал,қиыршық тас шығару   карьері – 3.

Асхана-2.

Суперфарм-1

Күйген  кірпіш  шағын  зауыты-1

Дәріхана-1

Шаштараз-2

         «Жұмыспен қамту -2020»жол картасы бағдарламасы аясында округ бойынша 2016 жылы  төмендегі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, 30-жұмыссыз ауыл азаматтарының  шаруа қожалықтары мен  жеке кәсіпкерлерге  жұмысқа орналасуларына тікелей ықпал жасалынды. Сонымен қатар ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 6-ауыл азаматтары ақылы қоғамдық  жұмыстарға орналастырылып, округ аумағындағы елді мекендердегі көшелердегі тазалық жұмыстарына тартылды.

 

АЗАМАТТАРДЫ  ӘСКЕРИ  ҚЫЗМЕТКЕ  ШАҚЫРУ БОЙЫНША

Округ  бойынша   2016 жылы  көктемгі  мезгілге  берген  тапсырмасы10 азаматтың 8  азаматы Отан  алдындағы  борышын  өтеуге  кетті. 2 азамат Тараз қаласындағы 1 айлық жеделдетілген әскери оқу курсын аяқтады.

         Ал күзгі мерзімге берген тапсырмасы 14азамат, оның 11 азамат   Отан алдындағы борышын өтеуге кетті.3 азамат Тараз қаласындағы 1 айлық жеделдетілген әскери оқу курсын аяқтады.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ.

Қазіргі заман  талабына сай  сапалы білім,саналы тәрбие беруде округ бойынша 2 орта мектеп,1 бастауыш мектеп және 1 балабақша мекемелері жұмыс атқаруда.  Осы   білім    беру мекемелерінің   материалдық   техникалық базаларын    жақсартуға    жылдан-жылға  қомақты қаражат бөлінуде.

Ауылымызда балаларды тәрбиелеуде «Қарлығаш» бөбекжайы жұмыс атқаруда.Бөбекжайда 6 топ жұмыс істейді, 140 бала тәрбиеленуде.  Бөбекжай  ғимаратының материалдық-техникалық базасы талапқа сай. Округтегі мектеп жасына дейінгі балалардың бөбекжайға қамтылуы кезекке сәйкес жүргізілуде.  2016   жылдың 1-қаңтарына   кезекке   тұрған    балалар    саны -36.

 

МЕДИЦИНА САЛАСЫ

          Халықтың денсаулығын жақсарту бірден-бір өзекті мәселе болып табылады. Денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселесі Елбасының назарына тұрақты алынып, жылдан-жылға материалдық-техникалық жағдайларын талапқа сай келтіруге қаражат бөлініп тұрылуда. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға округте бір дәрігерлік амбулаториясы, бір фельдшерлік пункті және  жедел жәрдем көрсету пункті  жұмыс атқаруда. Округте орналасқан мекемелерінің материалдық техникалық жағдайы қанағаттандырарлық. Қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған .

 

КӨПШІЛІК  МӘДЕНИ  ЖӘНЕ  СПОРТТЫҚ  САЛА БОЙЫНША

Жыл  ішіндегі атаулы    күндердің  барлығы  аталынып  өткізіледі. 2016 жылы  өткізілген мәдени іс-шаралардың жалпы саны-42. Оның ішінде көпшілікке арналған-20, жастарға арналғаны-22. Аудандық түрлі байқауларға  ауыл жастары  белсене ат салысады. Жыл сайын аудандық «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивальда ауыл өнерпаздарының өнері бағаланып 3-ші орын иеленіп, дипломмен және заттай сыйлықпен марапатталды. Округіміздегі «Әжелер» тобы, «Мөлдір» би тобы, қолөнер шеберлері, драма үйірмесі және бокс үйірмелері   көпшілікке өнерлерімен танылуда. Ауылдық кітапханада кітап қоры -8000 дана. Мемлекеттік тілдегі кітаптар саны -3632 дана. 2016ж  оқырман саны -607 адам.

 

БАЙЛАНЫС  САЛАСЫ

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағынан  қолдаудағы маңызды мәселелердің бірі ол телефон байланысы мен баспасөзбен қамтамасыз ету болып табылады.Округте  почта және телефон  халыққа қызмет етеді.Телефон байланысы бойынша 296 номер бар, оның ішінде 280 жеке тұлғаларда, 16 номер заңды тұлғаларда.

 

ТАЗАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРЫ  БОЙЫНША:

Айшабибі ауылдық округінің қоғамдық орындарды абаттандыру,көгалдандыру,сыртқы безендіру және тазалық жұмыстары әрдайым назарымызда. Айшабибі   ауылдық округіне қарасты көшелердің барлығы жауапты мамандар  бекітілген. Сол бекітілген мамандар көше тұрғындарына  көшелерде,үйлердің айналасына қоқыс жинамау, талдар мен бағандарды әктеу жөнінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауда  ұстап  отырады.  Жыл қорытындысы бойынша ауылдық округіміз аудан әкімінің «Ең таза ауыл» номинациясымен марапатталды.

         Округтегі жұмыстың алға басуына  округ әкімі жанындағы  Соғыс және еңбек ардагерлері   әйелдер және қамқоршы-қорғаншы  кеңестері, төтенше  жағдайлардың  алдын-алу комиссиялардың жұмысы ықпалын тигізуде. Қоғам игіліктерін құрайтын  маңызды  шаруалардың бел ортасында  жүретін  Ардагерлер  кеңесінің  төрағалары-Райымбек Мусатаев, Панапов Нургали, әйелдер кеңесінің төрайымы Бегай Кабашева, Сувалиева Сауле, ауыл мешітінің имамдары Тажибаев Қатарбай, Жумамуратов Темірбек және Медиация ұйымының төрағасы Жанысбаев Бекмырза тұрғындарының  арыз-шағымдарын  қанағаттандырып, ауыл  іші  шешілетін  мәселелерді назарынан тыс қалдырмауда.

 

ІС ҚАҒАЗДАР ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША

         2016 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратында іс қағаздар жүргізу жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Жеке тұлғалардан170 өтініш түссе, заңды тұлғалардан 26 өтініш түскен.

 Есепті жылы округіміз бойынша  128 отбасының 453 баласына 10 млн 98 мың теңге жәрдемақы төленді. Мерзімінен асып немесе қаралмай қалған өтініштер жоқ.

«Әдеп» Кодексін сақтау және сенім телефоны туралы стенді  көрнекі жерге ілініп, журнал ашылған.

          Тұрғындардың ұсыныс пікірін және ескертпелеріне арналған жәшік қабылдау бөліміне қойылған. Жәшікке жыл ішінде хат түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың округте көрсетілетін, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарының  8-түрі бойынша  2016  жылы  барлығы  230  өтініш  түскен.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  және  ауыл  округ  әкімдерінің  функционалдық  міндеттері  бойынша  арнайы  стенділердайындалып, ауылдық  округі  әкімі  аппараты  ғимаратының  көрнекі   жеріне   ілінген.

         Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң талаптарын  жүзеге асыру мақсатын -рет халықпен  кездесулер өткізіліп, оған аудандық  құқық қорғау органдары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Кездесу аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланды. 

 

Құрметті ауылдастар!

Айшабибі ауылдық округі аумағында 2017 жылға атқарылатын  жұмыстарды  назарларыңызға ұсынамын.      

Округтегі  елді-мекендердің  инфрақұрылымын  дамыту  мақсатында  Айшабибі көшесіне ұзындығы 1300 км орта жөндеуге 14 млн 470 мың тг, Айшабибі ауылында кіші футбол алаңын жасауға 4 млн 412 мың, Қарлығаш балабақшасына балконды қаптама жасап жөндеуге 1 млн 313 мың тг, ауылдық округтің кіре берістегі паспортын қалыпқа келтіру үшін 1 млн 465 мың тг, ауылдық округтегі ауыз су жүйесін ағымды жөндеуге 480 мың тг, көріктендіру, абаттандыруға 418 мың тг жоспарланып,  сметалық –жобалық  құжаттар  дайындалып   аудан   әкімдігінің  экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  бөліміне  сұраныс  жасалды. 

 Құрметті ауылдастар!

Ауылымыздың көркейіп жаңарып дамуы  үшін осы алға қойған жоспардағы жұмыстарды ұйымшылдықпен жүргізсек, әлі де талай игі істердің куәсі болатынымызға  сенім білдіремін.

 

Зейін қойып  тыңдағандарыңызға  РАХМЕТ

 

 

 


 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент