Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақбұлым ауылдық округі әкімінің есебі

Ақбұлым ауылдық  округі  әкімі аппаратының  2016  жылы  атқарылған  жұмыстар  және  2017  жылы  жүргізілетін  жұмыстары  мен  перспективалық  жоспарлары  туралы  есебі

 

Құрметті  ауыл тұрғындары.

 

Акбулым - көпұлтты  ауыл. Мұнда түрік,  күрді, орыс  басқада халықтар мекендейді. Олардың  мұқтаждарын ұлттық диаспоралар  өкілдері Латипов  Нафис, Эйдарова Шафхиназ, Железнова Татьяна  ауыл  әкімдігімен  бірлесіп туындаған мәселелердің шешімін  табуға    ат салысып  келеді.                

Халық саны 3798 адам, жұмысқа белсенділері-2015, зейнеткерлер-291, оқушылар-916, оқуға дейінгі балалар-503 бала. Жұмыссыздар  ресми тіркел-гендері-8 адам.

2016 жылы 1279 өтініш түсті, олардың 195-і мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша .

Аз қамтылған отбасыларға 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысын 145 отбасы- 413 балаға  9200749 тг, атаулы әлеуметтік көмекті  2 отбасы-9  адам  208300 тг жәрдемақы алды.

    «ЖҚЖК- 2020»бойынша -42 адам, жастар практикасымен 1 адам жұмысқа тартылды.

       Барлық жер көлемі 2200 га, суармалысы  - 200 га. 173 шаруақожалық  тіркелген, 513 жұмысшы бар,  табысы-235 658 тг, орташа бір айлық табысы 39276 тг, өндірілген өнім  62765,0мың тг. 88 шаруа қожалығы 152 га алма  өсірумен айналысып, 1525 тн өнім алды. 

    Қосалқы  шаруашылықтарында  48,0 тн  ет, 10 тн сүт, 24,0 тн нан, 6 тн  қымыз, 107 мың дана жұмыртқа өндірілді.

   2016 жылы бюджет  және  ҚҚШ есебінен  атқарылған жұмыстар:

   Б.Бесбаев о/м жөндеуіне 3420,0млн.тг, жылу жүйесіне 480,0 мың тг., күрделі жөндеу проектін дайындауға 1600,0 мың тг. бөлініп  игерілді.   «Нұртай- ата» мешітіне 120,0мың тг. видеобақылау орнатылды. Абай көшесі 1900,0мың тг. ағымдағы  жөндеуден өтті.

2016 жылы ашылған  бизнес нысандары:

 

Бизнес

кәсіпкер

объем

қорытынды

қаржыландыру

1

 Жылыжай

Султан

ходжаев

1,5га

72,0тн қияр,

22,5 тн қызанақ,

20,2 млн Халық

банк

2

Қөқөніс  қоймасы

Төлебеков М

300 тн

300 тн алма

3,0млн Даму қоры

3

ПТО

Нурлан ЖК

 

Вулканизация, май алмастыру

Өз қаржысы

4

Тамшылатып  суару

Шалабаев Өміралі

4,0 га

13,0тн қызанақ

11,0 тн қияр

3,0млн ДАМУ

 

5

Минифутбол алаңы

Ю.Фромер

800кв.м

 

Өз қаржысы

6

Саудакомплекс

Е.Калметов

600,0кв.м

о.і. көтерме  сауда

Өз қаржысы

 

   2017 ж.  «Газовиков»   көшесін  жөндеуге  7,2 млн  тг. , жаңа автобус  сатып алуға  8968,0мың тг, «Балауса» б/б  ағымдағы  жөндеуге 3,1 млн.тг., ҚҚШ арқылы 3,0млн бөлініді.

 

 

 

2017 жылы  қосылатын  бизнес нысандары:

 

 

Бизнес

кәсіпкер

объем

қорытынды

қаржыландыру

1

Бордақылау цехі, жылжай

Шухрат ЖК

1,5 га

20 бұқа

 

Өз қаржысы

2

Туристик кластер

Алтын керуен

 

 

ДАМУ несие 11,0млн

3

Бордақылау цехі

Шокатаев

Рапілбек

22 бұқа

Кооператив құру

Несие  ЖҚЖК

-2020,4,0млн.тг

4

Монша  қоғамдық

Дәрігербек

Органов

40 орын

 

Өз қаржысы

 

Бала бакша

Абдиева Б.

50 орын

 

Өз қаржысы

«Мафис» ш/қ  негізінде 20ш/қ бірігіп алма  өсіру  кооперативін  құру  құжаттары  рәсімделуде. Биыл 5 га қант қызылшасын  егуге  2 ш/қ жерін дайындауда.«Жасыл белдеу» бағдарламасымен 2 га қаратал егу  жоспарла-нуда.

 Ауылды  жаңадан «Ауыз сумен» қамыту Республикалық бағдарлама  бойынша 2018-19 жылдарға  жоспарланған   

  Ауылда  1016  бас ірі қара малы, о.і.  563 сауынды сиыр. Қой,ешкі  2237 бас, 152 бас жылқы, 2500  бас құс  бар.  

   «Ветеринария  қызметімен»  бірігіп  малдың  жұқпалы індеттеріне қарсы     970844тг. игерілді, 10  рейд  жүргізіліп  102  қанғыбас  ит  жойылды.

    Ауылда   көше тазалығын, көгеріштендіруін  қамту  жолында  апта  сайын   жұма,  сенбі күндері  52 рет сенбілік  өткізілді.

     Б. Бесбаев о/м 2016-17  оқу жылында 916 оқушы, мектепалды дайындық тобында 109 бүлдіршін білім алады. Оқушыларға 96 мұғалім дәріс береді. 2015-16   оқу жылында 22 оқушы мектепті аяқтап, 20-і  «ҰБТ»  қатысып, 15   жоғарғы оқу орнына түсті. Мектебіміздің орташа балы 70 % құрады. Білім сапасы 57%. Оқушылардың оқулықпен қамтылуы 99 % құрайды.

     «Балауса» б/б 4 топ, 5  ұлттың 116 баласы тәрбиеленуде.12 педагог қызмет етеді.«Зерек  бала»,«Алғашқы  қадам»   бағадарламалары  асырылып,  жалпы  балабақшаға 27110,0 мың тг игерілді.

     «Жанұялық  дәрігерлік амбулатория» медицина   қызметкерлермен  толықтырылған. Тегін және жеңілдік түрінде берілген дәрі дәрмекке- 3551724тг. бөлініп -100%  игерілді. Портал арқылы емханаға 21 адам жатты, жедел жәрдем арқылы 12 адам. Тіркелген  мүгедектер «1 топ» - 13 адам, «2 топ» – 29 адам, 3  «топ» - 13 адам.Нәрестенің  өлімі  тіркелмеді.

   Мәдениет  саласында: ҰОС ардагарлер ескерткіші  жаңартылды, «Наурыз қош келдің»,  «Жаңа жыл» шыршасы, тағы  басқа іс-шаралар ұйымдастыры-лып, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі  балаларға сыйлықтар берілді. «Ауылым  алтын  бесігім»  фестивалінде  аудан  бойынша  3 орынға  иелендік.

   Кітапханада  8851 кітап бар, қазақшасы 3312 дана. Оқырмандар  саны  551, 15 жасқа дейінгі- 245. «Атамекен»  қызығушылық  клубында - 18  адам.   

  ҚР ҚК-не  11 азамат  борышын  өтеуге  кетті.

  «Ақсақалдар алқасы» ауыл  әкімдігімен  бірлесіп туындаған мәселелерді  шешуге көмек беруде. Айта  кетсем  Бесбаев  Жамбыл, Әбілдаев Әбдібай,   Жүнісов  Бейсен  және  басқалар. «Нүртай» мешіті  жұмыс  істеуде,  имам   Шаңлыбаев  Бердібек . 

  «Тараз-Ақбұлым» арасында  № 42 автобус  маршруты  қатынайды.Алайда, әліде  кейбір  ауыл  тұрғындары  «автобус  микрорайонға  барса»  деген  талап  білдіруде,  оныда  ұсынып  отырмыз.  

    2016жылы 16 қылмыстық   іс қозғалып,  10-ны ашылып, 6  тергеу  амал-дары  жүргізілуде. Әкімшілік  құқық бұлушылық  бойынша  150 азаматқа  хаттама  толтырылып, 30-на ескерту жарияланып, 120-на  айыппұл  салынды. 

    Сонымен  қоса  ауылда  шешімін  күтіп отырған  мәселелер  бар. Олар  халықты   ауыз  сумен  қамыту,  тұрғындарға  үй  салуға  жер  телімдерін  қарастыру, Дүйсенбаев, Органов, Қарасай  жаңа  көшелеріне  жол  салуы  күтілуде. Аталған  мәселелерді  шешу  жолында  нақты  жоспарлар  белгіленіп  отыр.

     Дана халқымыз «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, ағайындар тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік,  елдігіміз мәңгі болсын!

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент