Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бесағаш ауылдық округі әкімінің есебі

 

Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаевтың

2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша

 тұрғындар алдында берген есебі.

 

Құрметті ауыл тұрғындары, жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар.  2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 - жыл толды. Татулығы мен бірлігі жарасқан округ тұрғындарын осы мерейлі мерекемен және келіп жеткен Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа Жылда Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, құт- береке, ұзақ ғұмыр, ырыс- ынтымақ, баянды бақыт тілеймін.

 Құрметті ауыл тұрғындары 2016 жыл саясатта, мәдениетте, ғылымда, білімде, спортта және т.б көптеген жаңалықтарға толы болды. 

 Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырдағы жетістіктері мен жеңістері айшықталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Деклорациясы қабылданды.

Өткен жылы ауылдық округ бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуы артты. Халық саны өсті. Мектептерде жаңалықтар енгізіліп, медицинада ана мен бала денсаулығын қадағалауға шаралар қабылданды. 

2016 жылы ауылдық округ әкімімен Бесағаш ауылындағы Жеңіс, Абай, Қарасу көшесінің автомобиль жолдарына орта жөндеу, Түрксіб ауылындағы Бірлік көшесі, Желтоқсан бұрылысына ағымдағы жөндеу, ал, Карамолда Қалдыбеков, Желтоқсан көшелерінің шұңқырлары жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Жамбыл аудандық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі арқылы Ю.Гагарин, Желтоқсан көшелірене жарық кіргізілді.  Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Г.Сагынтаевтың демеушілігімен Б.Момышұлы мен Д.Қонаев көшелеріне шағал төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.    

Бұдан басқа 2017 жылы  әкімшілік ғимаратын жөндеуге 9 496 000 теңге, Макаренко мектебін ағымдағы жөндеуге 4 764 000 теңге, Бесағаш ауылындағы Бейбітшілік, Жеңіс көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 873 000 теңге, Түрксіб ауылындағы Желтоқсан, Р.Рүстемов, Астана, Қ.Егесинов, Т.Кулжанов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 628 000 теңге және Түрксіб ауылында автобус аялдамасын қоюға 2 267 000 теңге қаралды.   

 Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратына 2016 жылы жергілікті өзін- өзі басқарудың кіріс көздерінен 6 470 436 теңге түсіп, осы қаражат қоғамдастық мүшелерінің шешімімен Түрксіб ауылындағы Арай, Қарой көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 5 535 714 теңге,  шаруашылық заттарын сатып алуға 89640 теңге, Макаренко мектебіне молниеотвод орнату жұмыстарына 185 000 теңге, технадзор қызметіне 40 000 теңге, баннер дайындау қызметіне 38 000 теңге, Рәміздерді жасақтауға 126900 теңге, төтенше жағдай шараларына 73 274 теңге, архивті жабдықтауға 90 000 теңге, көрнекі ақпарат жұмыстарына 40 000 теңге, елді мекендердің санитариялық тазалық, абаттандыру жұмыстарына - 116 032 теңге,  теңге және 100 000 теңгеге мүгедек балаларға  жаңа жылдық сыйлық алып, жылда өтетін әкім шыршасын өткізуге жұмсалды. 

Құрметті жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Заңдарын, жоғарғы органдардың актілерін орындауда көптеген жұмыстар атқарылуда.

         Округ бойынша 1711 аула, 6820 халық тұрады. Бесағаш ауылында 3300 Турксиб ауылында 3520 халық тұрады. Екі ауылда 504 зейнеткер, 2 соғыс ардагеріне теңестірілген, 56 тылда еңбек еткен азаматтар, 152 «Алтын алқа» мен  «Күміс алқа»  иелері   бар. 112 мүгедектер, 59 бала кезден мүгедек тұрады.

Округ аумағында 2 мектеп, 2 кітапхана, 2 дәрігерлік амбулатория, 18 дүкен,  2 шаштараз, 1 май құю стансасы, 1 спорт мектебі (Бесағашта филиалы жұмыс жасайды),  1 мәдени қызметкер, 2 пошта халыққа қызмет етеді.   

Округ бойынша экономика саласында жұмысқа белсенді тұрғындар саны 1750, оның ішінде Тараз қаласында мемлекеттік және қоғамдық орындарда 380 адам, екі ауылдағы ұйымдарда 332 адам, дербес жұмыс басты тұрғындар жеке шаруа 1500, оқушылар 1491, әр түрлі оқу орындарында оқитын білімгерлер  102 адам.

         Мемлекеттік жәрдемақылар туралы.

Ауылдық округ бойынша 2016 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 228 отбасындағы 678 балаға тағайындалып,  13 246 000  теңге төленді.  Атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасындағы 30 балаға тағайындалып, 1 085 400 теңге төленді. 23 отбасына «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша жәрдемақы тағайындалды. Үйде оқытылатын 3 балаға, 380 544 теңге төленді.

Ауылдық округте жұмысқа қамту орталығынан көктемгі тазалық айлығы барысында 10 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Өзара әріптестік /әлеуметтік жұмыс орны/, шаруа қожалықтарында - 12 адам  жұмысқа тартылды.  «Жастар тәжірибесі»  бойынша 6 айға 2 жас маман жұмысқа қабылданды.        

Бір реттік әлеуметтік көмек - 2 отбасына 42420 теңге,  тұрғын үй жәрдем ақысы 85 отбасына 1 000 275 теңге төленді.  

Ауылдық округ әкімшілігінің бірден бір міндеті жергілікті салық төлемдері. Жергілікті салық төлемдері Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. 2016 жылы ауылдық округ бойынша 1711 отбасы салық төлеуші болып тіркелген. Ауыл  бюджетінің  кірістері бойынша  салық  6 750 000 теңгені  құрады,  оның  ішінде  жер  салығы  440 000 теңге,   мүлік  салығы  110 000  теңге 100%  орындалып, көлік салығы 450 000 теңге 100 % орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» арқылы 2016 жылы үш кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға  6 136 000 теңге несие алды.

         Құрметті ауыл тұрғындары елдің тұрмыс жағдайын көтеретін сала - мал шаруашылығы.  Ауылдық округ бойынша  мүйізді ірі қара, барлығы - 2000 бас, Оның аналығы 1002 бас, қой- ешкі барлығы- 5915 бас, аналығы 3600 бас. Жылқы, барлығы- 535 бас, аналығы 283 бас. Құстар 3300 бас болды.

          Осы жоғарыда атап көрсетілген төрт түлік малға түрлі аса қауіпті деген індеттерге қарсы мемлекеттік тапсырыс бойынша жоспарлы түрде егу (вакцинация)  жасалып тұрады.     

         Мүйізді ірі қара аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы–аусылға 5490 бас,  сібір жарасы 2710 бас, құтыру- 480 бас, қарасан-1450 бас, түберкулезге қарсы 4180 бас  егіліп, 3232 бас МІҚ –дан қан алып, тексерілді.  

Қой – ешкі:

         Сарып  (бруцеллез) ауруына 13800  бас тексеріліп, 8 бас ауру мал анықталып, ол малдар жойылды.

Сібір жарасына 7800 бас, лептоспироз 600 бас,  обаға 2949 бас, брадзот 5000 бас, оспаға 8510 бас, құтыруға 1000, эптима 2960 бас  егілді. 

         Жылқы малы сібір жарасына 1050 бас, лептоспироз 100 бас, сап (маңқа) 200 бас  егілді.

         Ит құртқа 1430 бас,  құтыруға 360 иттер егілді. 

         Құстар құс тұмауына 7400 бас  егілді.   

         681 аулаға яғни 4754700 шаршы метр жерге дезинсекция жұмыстары жүргізілді. 

         Одан басқа көктемде, күзде ауылдық округтегі қаңғыбас иттер атылды.

         Осы жұмыстарды орындау, атқару  мал дәрігерлерінің еңбегі. Бұл салада басты бағыт халыққа мал аурулары туралы үнемі түсінік беріп, аурудың алдын алу жолдарын насихаттау болып саналады. 

         Ауылдық округ бойынша 2016 жылы мал шаруашылығына төленген субсидия. Олар: мүйізді ірі қара 29 басқа 6 000 000 теңге,   мал бордақылауға 31 басқа 744 000 теңге төленді.  Жылқы 24 басқа 7100 теңге бөлініп, игерілді.

         Ауылшаруашылығы бойынша.  Округ  бойынша  129 шаруа қожалығы салық комитетiнде  тiркелген және оларда  78 адам жұмыспен қамтылған. 2016 жылы жерін пайдаланбайтын 44 шаруа қожалығының тізімі аудандық жер комитетіне өткізіліп, жерлерін қайтару туралы шаруа қожалығы басшыларына ескерту таратылды.

         Қазіргі уақытта ауылшаруашылығын қолдау жұмыстары жан- жақты жүргізілуде. 

Шаруа қожалықтарының арасында жұмыстарын жақсы жолға қойып ұйымдастырып жатқандары баршылық. 

    1.  «Тұмар» шаруа қожалығы, басшысы Баянбаев Мурат.   

    2. «Ынтымақ» шаруа қожалығы, басшысы Қалдыбекова Ғалия.

         3. «Қанат» шаруа қожылығы, басшысы Сабырбеков Болат.

         4. «Тұрсынбек» шаруа қожалығы, басшысы Асабаев Тұрсынбек

         5. «Ынтымақ- Бесағаш» шаруа қожалығы, басшысы Дөненбаев Қадыржан. «Ынтымақ- Бесағаш» шаруа қожалығы  түскен табыстан ауыл тұрғындарына 2 тонна пияз таратылды. Шаруа қожалықтарының басшылары қайырымдылық жұмыстардан да тыс қалмауда. Жаңа Жыл мерекесінің өтуі, оның сыйлықтары, Жаңа Жыл мерекесінде жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетуі, Наурыз мерекесіне ауыл тұрғындарына дастархан жасап, наурыз көже тарату  және т.б. шараларға белсене атсалысуда. 

2016 жылы егін шаруашылығы бойынша басым бағыттағы дақылдарға, көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына 11 шаруа қожалығына 8132 теңге, минералдық тыңайтқыштарға  5 шаруа қожалығына 21000  теңге, гербицидке 1 шаруа қожалығына 507,2 теңге бюджеттік субсидия берілді.        

     Ауылдық округ аумағындағы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты» ЖШС-нің Жамбыл филиалы жұмыс жасайды.  Директоры Кулкеев Ерлан

         Жалпы жер көлемі- 932 га, оның ішінде: шаруашылыққа жарамды жерлер 894 га, егістік жер -866 га, суармалы жерлер-286 га, жайылым- 30 га. Бөгде жерлер 3 га, тағы басқа жерлер -34 га.

         Жұмысшылар саны-22 адам. Маусымдық жұмыстарға 70 адам қабылданады.  Жарамды 5 техника бар.

         Спорт жарыстарына 20 мың теңге,  екі жанұядағы жетім балдарға ашылған депозитке 10 000 теңгеден салынды.

         Бесағаш ауылдық округінде екі дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді.

     Бесағаш ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері  Серғазиева Ақкүл.  Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғарғы білімді дәрігер, 6 орта буынды қызметкер, 5 шаруашылық жағынан жұмысшылар, 1 жүргізуші халыққа қызмет көрсетеді. 3 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

    Бесағаш дәрігерлік амбулаториясы жыл басынан 3 497 721 теңге тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: «Д» есепте тұрған науқастарға- 3 114341 теңге, бір жасқа дейінгі балаларға -113 040 теңге, балалар тамағына -996 815 теңге, 5 жасқа дейінгі балаларға -218 911 теңге, ересек балаларға -46 691 теңгенің дәрі- дәрмегі бөлініп, игерілген.   

Еліміздегі әлеуметтік экономикалық жағдайдың жақсарылуының  арқасында бір қатар демографиялық өзгерістер байқалады. 2016 жылы 64 бала туылды. 2016 жылы қосымша пеш орнатылып, өртке қарсы дабыл қондырғысы орнатылды.

Түрксіб дәрігерлік амбулаториясы ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Аға дәрігері - Ахметова Гүлбагда Уалиевна. Амбулаторияда 2 жоғары білімді дәрігер, 4 орта білімді мед. персонал,  5 жұмысшы жұмыс істейді. 

Дәрігерлік амбулатория кепілдендірілген ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Тегін дәрі- дәрмек:

0-5 жас балаларға 207 554 теңге, аптечкаға 72 000 теңге, жас балаларға қосымша тамаққа 534 200 теңге, «Д» есепте тұрған адамдарға 2 363 192 теңге бөлініп, күндізгі станционарда 81 адам ем қабылдады. Жыл басынан 76 бала  туылды.

          Білім беру саласына келетін болсақ, ауылдық округте екі мектеп бар. Абай ОМ. Мектеп директоры Сисенгалиев Каиржан Самигуллаевич.  2016-2017 жылғы оқу жылын 606 оқушымен бастады.  Мектепте 68 ұстаздар білім береді.

Мектеп жанындағы екі қабатты шағын орталық пайдалануға беріліп, 100 бала тәрбиелуде, онда 8 тәрбиеші жұмыс істейді. Ғимарат толық жабдықталған.

2016 жылы 27 оқушы бітіріп, 19 оқушы ұлттық біріңғай тестіне қатысты.  ҰБТ бойынша оқушылардың орташа баллы -  64 балл.

Жағдайы төмен отбасыдан шыққан, жетім, жартылай жетім 40 оқушы жыл бойы 2 787 404 теңгеге бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға 284 450 теңге киім- кешекке берілді. Қараша айында 480 500 теңгеге асхана жихазы алынды. «Мектепке жол» акциясы аясында 7 бала мектеп киімдерімен қамтамасыз етілді.

Макаренко  ОМ  2016-2017 жылғы оқу жылын 885 оқушымен бастады. Мектепте 95 мұғалім бар. 

2016 жылы 14 оқушы мектеп бітірді.  Ұлттық біріңғай тест қорытындысы бойынша 13 оқушы білімін сынауға қатысып, қатысу үлесі 85,7% құрады. Ең жоғарғы бал-113,   «Алтын белгі» иегері- Бөрібек Алихан атанды.  Жалпы білім сапасы- 90,3%  көрсетті.

 Бір мезгіл ыстық тамақпен барлығы  50 оқушы қамтылған. 

         «Мектепке жол» акциясы аясында 4 бала мектеп киімдерімен қамтамасыз етілді.

Макаренко орта мектебі  оқушыларға тарлық етуде. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түскен жоқ. 

Түрксіб ауылында «Нұршуақ» бөбекжайы жұмыс істейді. Меңгерушісі Даулеткулова Райхан Рашидқызы. Бөбекжайға 12 топта 280 бала бар. Онда 35 педагог, 27 тәрбиешілер, тех.персонал 43 адам жұмыс жасауда. 

«Нұршуақ» бөбекжайы ауылдық округтегі бала бақша жетіспеушілігін түпкілікті шешті деуге болады. Бөбекжайдың ғимараты, материалдық техникалық базасы соңғы үлгімен жабдықталған.

 Бөбекжай жаңадан енгізіліп жатқан бағдарламаларамен жұмыс жасауда.

Әскер және шекара күштеріне жәрдем көрсету- біздің басты мақсатымыздың бірі. Азаматтарды әскер қатарына даярлау, дәрігерлік тексеруден өткізу, жастарға алғашқы дайындық куәлігін әперу, құжаттарын әскери комиссариатқа дайындау, әскер қатарына шығарып салу және тағы басқа да жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылдың көктемі мен күзінде 320 бала шақырылып, 65 бала дәрігерлік байқаудан өтті.     36 бала жарамды деп табылды.  Жыл басынан 25 бала әскер қатарына әскери борышын өтеуге жіберілді. 

         Ауыл тұрғындарына мәдениет және спорт саласын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.  Ауылдық округте екі кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Турксиб ауылындағы  кітапхананың кітап қоры 4640 кітап, оның ішінде қазақ тілінде 3191. Оқырмандар саны – 503. 2016 жылы 376 жаңа кітап түсті. 

         Бесағаш ауылдық кітапханасында 9089 кітап бар. Оның ішінде 4234 кітап қазақ тілінде. Кітапхананың 565 тұрақты оқырманы бар. 2016 жылы 172 кітап түсті. 

         Кітапхана, мәдени қызметкерлердің ұйымдастыруымен мерекелер мен даталы күндер аталып өтуда. 

          Халықаралық ана тілі күні, 8- наурыз –Халықаралық әйелдер күні және 22- Наурыз мерекесіне «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» атты мерекелік шараға ауыл тұрғындары шақырылып, аталып өтті. 

         9 - Мамыр  Жеңістің 71 - Жылдығы қарсаңында ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, саябақтың іші, айналасы тазаланды. Ауылдық округ бойынша ардагерлер шақырылып, концерттік бағдарлама көрсетілді.  

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына   мәдени, спорттық, саяси шаралар көпшілікпен аталып өтті. Жылда  өтетін «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік шара Тәуелсіздіктің 25 - жылдығы аясында өтіп, аудан бойынша екінші орын иелендік. Және де жыл қорытындысы бойынша 2016 жылы аудан бойынша «Белсенді ауыл әкімі» атағын жеңіп алдық.

Мерекелік шараға ат салысып, өнерін, табыстарын көрсетіп, мереке өтетін жерді безендіруге, дастархан жасауға қаржылай көмектескен ауылдың белсенді тұрғындарын алғыс айтамын. 29 желтоқсан күні Жаңа Жыл мерекесіне «Әкім шыршасы» ұйымдастырылып, 60 мүгедек    балаға сыйлықтар берілді.  Әкім шыршасын ұйымдастыруға ат салысқан Макаренко мектебі мен «Нұршуақ» бөбекжайының ұжымына да алғыс айтамын.

          Одан басқа  1-маусым- Балаларды қорғау күніне орай,  екі мектептегі жазғы лагердегі оқушыларға балмұздақ таратылды.

Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні, 1-Қазан – қарттар күні, Мемлекеттік Рәміздер күні, Конституция күні сияқты атаулы мерекелер де аталып өтіледі.

         Ауылдық округте спорт пен дене шынықтыру жақсы жолға қойылған. 

         Жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бұқаралық спортты дамытуда Турксиб ауылындағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі көп жұмыстар атқаруда. Онда 17 жаттықтырушы- оқытушы жұмыс істейді. Спорт мектебінде қазақ күресі,  еркін күрес,  ДЗЮДО күресі, грек рим күресі, бокс, кикбоксинг,  шахмат  сынды  спорт түрлерінен 518 бала  шұғылданады. 14 адам басшылық және шаруашылық жағында жұмыс істейді. Спорт мектебінің жаттықтырушылары Олжас Махановты, Бақытжан Рахымбековты, Дамир Хабибуллаевті атап өтуге болады. Олардың жаттықтырып жүрген спортшылары  жастар арасында Азия, Қазақстан, халықаралық чемпионаттарда жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жеңімпаз болуда.

         Ауылдық округ әкімшілігінің кезекті бір жұмысы – көріктендіру, көгеріштендіру, санитарлық тазалық айлығы.  

         Екі айлық барысында 10 гектар жерге 15 000 түп тал- терек егілді. 2000 шаршы метр көгалдар мен арықтар тазартылды. 600 тонна күл- қоқыс шығарылды. Көшелерде жол белгілері орнатылды.

         Екі ауылда да күл- қоқысты Тараз қаласындағы күл- қоқыс орнына тасылуда. 

         Ауылдық округ бойынша құқық тәртібін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында қылмыстың өсу проблемасын кеміту атап өтілгендей ауылдық округте  қылмысқа қарсы күресті жүргізу, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша құқық қорғау органдарымен тиісті шаралар қабылдануда.

         2016 жылы 37 ұрлық болып, оның 20 - ашылды. Оның ішінде:        5 пәтер тонау, 3-уі ашылды. 6 мал ұрлығы, 2-еуі ашылды.  3 ұялы телефон ұрлығы 1-еуі ашылды. 19 түрлі майда ұрлықтар 4- еуі ашылды.  

Профилактикалық іс-шара жүргізу барысында  215 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Әкімшілік құқық бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, Оның ішінде   тіркеусіз тұрып жатқаны және жеке куәлігі болмағаны үшін әкімшілік ескерту беріліп,   қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкендері үшін 68 азаматқа, тіркеу ережесін бұзғаны үшін 85 азаматқа, отбасылық жанжал бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды.    

         Кадрлар - Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппаратында жеті  мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 

         Жыл басынан ауылдық округ әкімі аппаратына жеке тұлғаларадан 30 ауызша, 598 жазбаша, заңды тұлғаларадан 8 арыз- шағым, өтініштер болып, олардың бәріне жауап берілді, немесе жоғарғы органдарға жіберілді. Ауылдық округ әкімі 82 шешім, 114 өкім қабылдады.

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  арттыру  мақсатында мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  стандарттары  мен  регламенттерінің  8 түрі  енгізілген. Жыл басынан 528 мемлекеттік  қызмет  көрсетілді.

         Кеңестер мен комиссиялар. Ауылдық округ әкімі жанында     ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі   жұмыс жасайды. Әр көшенің белсенді азаматтары көктемгі, күзгі тазалық айлығында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көп көмек көрсетті.  

         Ақсақалдар мен әйелдер кеңесінің қатысуымен түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Олардың  күн тәртібінен тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, жастарға тәрбие беру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау шаралары түскен емес.

         Атап айтсақ ауылдың мәдени, әлеуметтік, саяси шараларына өз үлесін қосып келе жатқан ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөрібеков Жетібай ағайды атап өтуге болады.

         Құрметті ауыл тұрғындары, құрметті жиынға қатысушылар! Сіздерді жаңа келіп жеткен  2017 жылмен тағы да құттықтап,  Әрқашан шағын отбасымыздан басталатын кеңбайтақ ұлы Отанымыздың Тәуелсіздігі тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін.

         Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет.  

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент