Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ерназар ауылдық округі әкімінің есебі

Ерназар ауылдық округі әкімінің 2016 жылы

 атқарған жұмыстары туралы халық алдындағы есебі

 

Құрметті ауыл  тұрғындары!

Құрметті Мәден Тоқтарбайұлы!

 

       Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер 2017 жылдың бірінші тоқсанында халық алдында есептік кездесулерін өткізеді.

      Осы орайда сіздермен бүгінгі күні ауылдық округ аумағында 2016 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы сіздермен

 1684 адам тұрады.  Қазіргі таңда 71 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 14 шаруа қожалығы  мал шаруашылығымен қалған шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.  

   Халықтың әлеуметтік құрамына келетін болсақ,

  Зейнеткерлер -175, мүгедектер -55, аз қамтамасыз етілген отбасылар –64 , Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер-12, студенттер – 110, жұмыссыздар- 35, ресми тіркелгендері -4, мектеп оқушылары – 333, мектеп жасына дейінгілер- 211, экономикалық  белсенділер -970 адам.

    Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының  мал шаруашылығында 1479 бас мүйізді ірі қара, 1920 бас  қой, ешкі  , жылқы малы 757 бас , әр түрлі құстар 1735 және 34 түйе тіркелген.

    Егін шаруашылығы бойынша биылғы жылға 13 гектар жерге бақша, 30 гектар жерге жүгері егілді. 617 гектар жердің ескі жоңышқасы жиналып алынды.

     Былтырғы жылы округке 34 млн 118 мың теңге бөлініп, жыл соңында қаржы толық игерілді.  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Әбдіхайым көшесіне 13 млн 606 мың тенгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді және Абай, Ақшуақ ана, Қошманбетов көшелеріне жергілікті  қолма қол бақылау шотынан 3 млн 361 мың 731 теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Жәнібек бөбекжайының сыртқы қоршауына 2 млн 800 мың теңге жұмсалды.

    Өздеріңіз көріп отырғандай былтырғы жылы мектебімізге  59 млн 957 мың теңгеге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта мектептің жағдайы өте жақсы болды. 

      Әкімшіліктің барлық шығындарына 17830,8 млн теңге қаражат бөлініп, оның ішінде қызметкерлердің еңбек жалақысы жыл соңында толық  игерілді.

     Енді алдағы уақытта биылғы жылы мектептің спорт алаңының қоршауына 2496,0 млн теңге, Байбатшаев көшесіне   тас жол төсеуге 9880,0 млн  теңге, Абай көшесіне ағымды жөндеу жұмыстарына 2460,0 млн теңге  және «Жәнібек» бөбекжайына 7000,0 млн теңгеге  ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

      2016 жылдың қортындысы бойынша  ауылдық округте     Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының 2 бағыты бойынша ауыл тұрғыны Тогысбеков Ержан Бегенович 6 млн тенге, Абенов Керимбек 3 млн теңге, Жолдыгулов Аяпберген Рустембекович 3 млн теңге, Туребекова Саният Сатановна 2 млн 300 мың теңге несие алды.

    2016 жылы жұмыспен қамту бойынша қоғамдық жұмысқа 6 адам жұмысқа тартылып, ауылдың тазалық жұмыстарына атсалысты.

   Көктемгі, күзгі тазалық жұмыстары ауылдық округі аумағында мекеме –ұйымдардың қызметшілері және ауыл тұрғындарының ат салысуымен  тазалық жұмыстары өз дәрежесінде қамтамасыз етіліп отырды.

       Қазіргі уақытта  тазалық жұмыстарын барлық  мекеме –ұйымдар күнделікті жүргізіліп отыр. Сіздерден сұранатыным «Тазалық денсаулық кепілі» демекші әр күн, әр ай тазалық күні болғандықтан  сол себепті  күнделікті әр кім өз ауласын тазалап тұрса бірлікті іс болар еді. 

     Ауылдық  округі  аумағында  орналасқан мекеме ұйымдардың 2016-2017 жылғы   жылыту маусымы бойынша тұрақты жұмыс істеу шаралары бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда тұр.  

      Ауылдық  әкімшілік аппараты жылдық жоспарлар мен тоқсандық жоспарлар бойынша өз жұмысын жүргізеді.    

      Әкім аппаратында азаматтардан түскен өтініштерге жауап, әр кез мерзімінде беріліп отырады.

       Атқарылып отырған жұмыстар барысында  әкімшілік аппаратында 2016 жылға 9 шешім, 67 өкім шығарылып,  жеке тұлғалардың  өтініші бойынша 16 өтініш, заңды тұлғалардың өтініші бойынша 8 өтініш, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары  бойынша 177 өтініш тіркеліп, толық қанағаттандырылды.

      2016 жылы күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды зерделеу толығымен жүргізіліп, дәрігерлік тексеруден толығымен өтті.

      2016 жылға  мерзімді әскери қызметке 15 әскерге шақырылушы шығарып салынды.

      Округ әкімі жанында Төтенше жағдайлар жөніндегі  комиссия,  Ақсақалдар алқасы жөніндегі комиссия, Әйелдер кеңесі жұмыстарын өз деңгейінде   іс- шаралар бойынша  атқарып отыр.

      2016 жылы   жер салығы бойынша 191 мың 800 теңге, мүлік салығы 14 мың 867 теңге,  көлік салығы бойынша 3 млн 541 мың теңге  есептелініп толығымен бюджетке түсті.

    2016 жылға   мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  және он сегіз жасқа дейін балаларға  ай сайын  тағайындалатын және төленетін  мемлекеттік  жәрдемақыға  65 отбасының 18 жасқа дейінгі  195 балаға 4 млн 342 мың теңге балалар жәрдемақысы төленіп берілді. 3 отбасыға  Өрлеу бағдарламасы шартты ақшалай көмекке 474 мың 170 теңге төленді. Аудан әкімінің қолдауымен  аз қамтылған  2 отбасыға 42 мың 420 теңге берілді.

      Ауылдық округі аумағында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2016 жылға арналған іс шаралар жоспары жасалып жұмыстар атқарылды.

      Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық  нормаларының орнығуы, өзіне  тапсырылған жұмыс жауапкершілігін арттыру саясаты жүргізіліп отыр.

      Атқарылып отырған жұмыстар барысында  әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Ерназар ауылдық округіне қатысты мекемелердің жұмысына тоқталатын болсақ.

 

     Ауылымызда  «Б.Кейкиев» атындағы орта мектепте 47 мұғалім 333 оқушыға дәріс береді.

    Облыстық , аудандық әртүрлі  білім, спорт  іс- шаралары бойынша мектеп оқушылары әр түрлі  жетістіктермен көрінуде.

    Әрбір демалыс күндері оқушылардың қауіпсіздігін ата-аналарының жауапкершілікке алуы туралы ескертулер жасалып, үнемі назардан тыс қалдырмауға жұмыс жасайды.

    Жәнібек бөбекжайында қазіргі таңда 3 топ бар. 3 топта 65 бала тәрбиеленуде. 12 педагог  бала тәрбиесімен айналысады. 

    Клуб үйіне  келер болсақ мереке  күндерінде  мәдени – көпшілік  іс – шаралар  мен концертттік  және спорттық іс- шаралар  өткізіліп отырады.     

    Аудан көлемінде өткізілген  байқауларда  ауылымыздың  өнерпаздары  өз өнерлерін  көрсетіп  жүлделі  орындардан көрініп отыр.  Былтырғы жылға 32 ге жуық мәдени іс- шаралар өткізілді.  

      2016 жылдың ішінде кітапханада мейрам күндері мен ақын- жазушы, ғалымдардың туған күндеріне арналған  39-ға  жуық іс- шаралар өткізілді. 

Былтырғы жылы кітапханаға 201 жаңа кітап берілді.

     Ерназар  ауылының фельдшерлік –пункттің жұмысына келетін болсақ  2016 жылы 33 әйел тіркеліп 30 бала дүниеге келсе, үлкендер арасында жүрек ауыруымен артериалдық гипертония ауыруларына профилактикалық  медициналық  сараптамадан уақытылы өткізілуде. Ай сайын пландалған екпелерді балалар уақытысында  ай сайын қабылдап отыр.

      2016  жылы  осындай жұмыстар атқарылды, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жетерлік.

     Ал енді ұсыныс пікірлеріңіз  болса сұрақ қоюларыңызға болады.

 

Тыңдағандарыңызға рахмет.  

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент