Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауылдық округі әкімінің есебі

 

Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылы 12 айда атқарған

жұмыстары туралы есепті баяндамасы

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  2016 жылғы     5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер 2017 жылдың бірінші тоқсанында халық алдында есептік кездесулерін өткізеді.

 

Бүгін, Жамбыл ауылдық округінде 2016 жылда атқарылған жұмыстар туралы есептік кездесуге жиналып отырмыз.

 

Кездесуге: Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдастық ұйымының төрағасы қатысып отыр.

 

Өткен 2016 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктеріміздің бағалайтын белестер жылы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 21 жылдығын, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын,Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын салтанатпен атап өттік. Осынау тарихи белестерді атап өту Қазақстандық Патриотизімді ұрпақ жадына сіңіруде үлкен маңызды істер болғаны айқын.

2015 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ол жолдаудың қалай іске асыру жолдарын қөрсеткенін өздеріңіз білесіздер, Президент өз Жолдауында заманның бүгінгі ахуалына, қауіп қатеріне тоқталып, қазіргі уақытта мемлекет дамуындағы барлық маңызды салаларды қамтып, дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын анықтап беріп отыр. Атап айтсақ, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру жаңа инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, білім, денсаулық сақтау салаларында және аймақтарда инфрақұрылмдарды дамыту,  тұрғындарды арзан тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, әсіресе халықты әлеуметтік қолдау шаралары  мәселелерін баса айтып, Президентіміз еліміздің жасампаздық дамуын жалғастырудың басты бағытарын батыл ойлармен белгілеп, мақсатымыз-Елі бақытты, жері гүлденген қасиетті отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету деді.

Біз қазақстандықтар бұл стратегияның да табысты боларына сенімдіміз.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Сіздерді енді ағымдағы 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсем ауылымызда біраз жұмыстар атқарылды, олар:

І. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ, ЖОЛ, ГАЗ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Бесжылдық, Шайқорық, Қапал, Танта Қоныртөбе және Шайқорық станциясы ауылдарын газдандыру бойынша жұмыстар толық аяқталды тұрғындарға газ жеткізілді ол жұмыстар уақтысында қаражаттары болмаған тұрғындарға әлі де жүргізілуде.

Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыларға төмендегі жұмыстар атқарылды:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру барысында Бесжылдық ауылы Ж. Жайшыбек көшесін орта жөндеуге 2 млн. 726 мың теңге қаражат жұмсалды. Шайқорық ауылындағы Ақбота балабақшасының жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге 2 млн.156 мың теңге қаржы жұмсалды.

Шайқорық аукылындағы Линейная көшесін жарықтандыру жұмыстарына 5 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілгені 4 млн.299 мың 990 теңге. Шайқорық ауылы Сиқымбай баба көшесін орта жөндеу жұмыстарына 4 млн. 173 мың теңге қаражат жұмсалды. Шайқорық ауылы Р. Момбаев көшесін орта жөндеу жұмыстарына 11 млн.749 мың теңге бөлініп, соның ішінде 10 млн.393мың теңге игерілді, 1млн.356мың теңге бюджетке кері қайтарылды, себебі үнемделген қаражат болуына байланысты Шайқорық ауылындағы ауылдық клубқа табиғи газ кіргізу үшін 1млн.500 мың теңге қаражат бөлінді, игерілгені 1млн.380мың теңге. Шайқорық ауылындағы «Ақбота» бөбекжайына және Қоңыртөбе бастауыш мектебіне газ кіргізу жұмыстарының сметалық құжаттарын дайындау мен мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 4 млн.919мың теңге жұмсалды, сондай-ақ Шайқорық орта мектебіне 360 мың теңгеге 1-сынып жиһаз жиынтығын, Қапал бастауыш мектебіне 110 мың теңгеге стол орындықтарымен бірге, Қоңыртөбе бастауыш мектебіне 110 мың теңгеге теледидар сатып алынды.

 

 

 

 

 

ДЕМЕУШІЛЕРМЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

 

Шайқорықтағы «Айдарбек Ата» мешітіне  азамат Ералиев Бегалының, Сарсенбаев Мұхиттың көмегімен 2016 жылы толықтай газ құбыры жүргізіліп, қазіргі уақытта газбен жылытылады. Сонымен бірге, азамат  Сарсенбаев Мұхиттың  демеушілігімен мешітке бейне бақылау орнатылды. Жастардың демеушілігімен мешіт кіреберісіне шатыр ( новес) орнатылды.

Бесжылдық ауылындағы «Өксікбай» мешітінің шатыры жаңадан ауыстырылып, азамат-Ілияс Өксікбайұлының демеушілігімен, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Азамат Амангелді Райымқұловтың демеушілігімен мешітке бейне бақылау орнатылды.

Қапал ауылының мешітіне Азамат Мусылманкулов Жанатбектің демеушілігімен 2 млн теңгеге мешіттің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, мешітке бейне бақылау орнатылды.

Азаматша Мадибаева Жазираның ұсынысы негізінде Әкім аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық станциясы, Деповская көшесіне көпір орнатылды.

Азамат Отыншиев Мадияр өз қаражатына спортзал салып, күреспен шынығуға залды жалға беріп отыр.

 

САЛЫҚ ТУРАЛЫ

Жергілікті халықтан салық жинау жұмысын ауылдық округтің салық агенті бас маман Айдарбеков Жақып атқарады. 

2016 жыл 12 айында:

Жер салығы:         1724 аулаға – 500387 теңге есептелді.

Жиналғаны:                                  520097 теңге (орындалғаны 100 пайыз)

Жер салықтан босатылғандары Батыр ана-39

                                                      Ауған соғысы ардагері-5 адам

                                                      Тыл еңбеккерлері-5 адам

                                                       Чернобыль полигоны-4 адам

                                                       1,2,3-топтағы мүгедектер -56 адам

Барлығы 109 аулаға 39710 тенгеге босатылды.

Мүлік салығы: 1348  аулаға -78 168 теңге есептелді

Жиналғаны:          178174 теңге 100 пайызға орындалды.

мүлік салығынан  босатылды-97 аулаға 12819 теңге.      

                                                       Батыр ана-39

                                                      Ауған соғысы ардагері-5 адам

                                                      Тыл еңбеккерлері-5 адам

                                                       Чернобыль полигоны-4 адам

                                                       1,2,3-топтағы мүгедектер -56 адам

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 22 дүкен, дүңгіршіектер бар барлығы патентпен жұмыс атқарады, азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты.

 

ӘСКЕРИ ЕСЕП СТОЛЫ ТУРАЛЫ

Ауылдық округтегі ең негізгі мәселе – Отан қорғаушы азаматтарды әскер қатарына даярлау, мерзімінде дәрігерлік тексеруден өткізу, мектеп жасындағыларға шақыру куәлік әперу, дені сау азаматтарды әскер қатарына шығарып салу т.б жұмыстарын ауылдық округтің әскери есеп столының бас маманы Исмайлова Мейрамкүл атқарады.

Ауылдық округ бойынша Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен ҰОС жесірлері – жоқ, Ауған соғысы ардагерлері – 8 адам.

2016 жылдың ақпанында азамат Телеубаев Нұржанның демеушілігімен ауған соғысы ардагерлеріне дастархан жасалып сыйлықтар берілді.

         9 – Мамыр Жеңіс күні мерекесі жылдағы дәстүр бойынша екі ауылда Шайқорық, Бесжылдық – соғыстан қайтып оралмаған құрбандарға арналып ескерткіш жанында аталып өтеді. «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» орай Бесжылдық, Шайқорық ауылдарындағы орналасқан «Мәңгілік алау» ескерткіштері күрделі жөндеуден өткізіліп, сонымен бірге азамат Сабаев Малик және Баймбетов Абдыганидың демеушілігімен үлкен дастархан мәзірі жасалып, оған ауған соғысы ардагерлері, ауыл қариялары және ауыл тұрғындары шақырылды.

         Округ бойынша 2016 жылы 1989 -1998 жылы туылған жастардың саны  520 солардың ішінен көктемде – 120 бала, күзде – 110 бала әскери тексерілуге шақырылды. 120 бала тексеруден өтіп 25 бала жарамды деп табылды. Көктемгі шақырылуда 14 бала, күзгі шақырылымда 11 бала әскерге кетті. 50 бала үйленгеніне байланысты құжаттарын дайындауда, 81 бала білімгерлер, 27 бала қайта дәрігерлік тексеруге жіберілді, оның ішінде 17 –шектеулі жарамды деп танылды.

Округ бойынша 1391 қатардағы жауынгер, 38 запастағы офицер, солдат-сержантар 1106 (оның ішінде 75 әйел адамдар).

Ата-аналар балаларын уақытылы дер кезінде медициналық тексеруден өткізуге жауапкершілігін арттыру қажет, ал балалар әскери борышын өтеуі – Отан  алдындағы борышым деп түсінуі қажет.

 

 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Округ бойынша 2 орта мектеп және 2 бастауыш мектеп білім береді.

         І. ШАЙҚОРЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ – Шайқорық ауылында, Момбаев көшесінде №11 үйде типтік ғимаратта орналасқан, мектеп 1974 жылы салынған 640 орынға арналған. Директоры Жатқанбаева Алма Есенбекқызы.

46 сынып комплектісі және 4 мектепалды сынып, барлығы 50 сынып комплектісінде 1089 оқушы білім алады, соның ішіндегі 4 мектеп алды даярлық сыныбында 81 бала тәрбиеленуде. Мектепте сабақ орыс және қазақ тiлiнде жүргiзiледi. Асхана – 25 орынға арналған. Спорт зал – 25 орынға арналған.

         Оқу процесі 2 ауысымда жүргізіледі.

Бастауыш сыныпта – 436 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында – 81, барлығы – 517 оқушы оқумен қамтылған.

5-9 сыныптарда – 461 оқушы.

10-11 сыныптарда – 111 оқушы.

Мектепте 105 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде:

жоғары білімдісі – 93;

арнаулы орта білімдісі – 12;

жоғары санаттағысы – 16;

бірінші біліктілік санатта – 36;

екінші біліктілік санатта – 27;

санаты жоқ мұғалімдер саны – 26.

 

Мектептің материалдық базасы

 

Оқу кабинеті – 25, оның ішінде 4 – ыңғайластырылған, спорт зал – 1, кітапхана – 1, шеберхана – 1, технология кабинеті – 1, дәрігерлік бөлме – 1, компьютер кабинеті – 1, Интернет жүйесіне қосылған мультимедиалық кабинет – 1, лингафондық кабинет – 1, интерактивті тақта – 7, толық жабдықталған биология кабинеті – 1, толық жабдықталған химия кабинеті – 1, толық жабдықталған физика кабинеті – 1.

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп бүкіл қазақстандық электрондық оқу жүйесіне қосылған.

2016 – 2017 жылдардағы жылыту маусымы қалыпты өтуде, оқу кабинеттері жылы.

2016 жылы 81 млн.284 мың 160 теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

 

Үлгерім деңгейі мен білім сапасы

 

 

2013-2014          оқу жылы

2014-2015         оқу жылы

2015-2016

оқу жылы

 

Үлгерім деңгейі

100

100

100

 

Білім сапасы

47,8%

46,5%

52%

 
 

2015-2016 оқу жылы оқушылардың білім сапасы – 52 % пайызды құрады.

Мектептің оқу-тәрбие процесінің жылдық жұмысына проблемалық талдау жасалып, онда төмен білім сапасын көрсеткен әлсіз буынға және 4,9,11 сыныптардан міндетті түрде тестер, бақылау жұмыстары алынып, білім сапасының мониторингі шығарылып, педагогикалық кеңестерде үнемі қаралады.

         Жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім балалармен атқарылған іс-шаралар.

«Қамқорлық» кеңесі Шайқорық орта мектебі ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып, түрлі әлеуметтік жағдайға қатысты 1-11 сынып оқушыларының тізімдерін жинақтау үшін сынып жетекшілер оқушылардың тұрмыс жағдайын тексеріп, анықтады, тізімдері алынды.

Алынған тізім бойынша:

1. Көп балалы – 5 оқушы;

2. Жағдайы төмен – 17 оқушы;

3. Жартылай жетім – 15 оқушы;

4. Жетім – 4 оқушы;

5. Сәтсіз отбасы – 3 оқушы;

6. Ыстық тамақпен қамтылған – 40 оқушы, 24пайызды құрайды.

7.Үйде оқылатын оқушы – 13 бала.

Оқушыларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа, жетім, жартылай жетім, көп балалы, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға қамқорлық көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп, қайрымдылық акциясына мектеп ұжымы атсалысты.

ІІ. Ә. ЫСМАЙЛОВ атындағы орта мектеп – Бесжылдық ауылы Жамбыл көшесі 25 мекен-жайда орналасқан, директоры – Сыздыкова Гулнар Құрманалықызы. Мектеп типтік ғимаратта орналасқан, 1996 жылы соғылған, 840 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта мектепте барлығы 213 оқушы оқиды.

34 – мұғалім, 12 сынып комплектісі, 1 – мектеп алды даярлық бар, онда 20 оқушы оқиды. Оқу процесі екі ауысымда жүргізіледі.

Мұғалімдердің:

29 – жоғары білімді;

6 – арнаулы орта білімді.

Мұғалімдердің біліктілік санаты:

Жоғарғы санаты – 14;

Бірінші санаты – 4;

Екінші санаты – 14;

Санаты жоқтар – 2;

Өткен оқу жылында Ә.Исмаилов орта мектебінің «Қамқорлық» кеңесі ауыл әкімшілігімен бірлесіп, түрлі әлеуметтік жағдайға қатысты 1-11 сынып оқушыларының тізімдерін жинақтау үшін сынып жетекшілер оқушылардың тұрмыс жағдайын тексеріп, анықтады, тізімдері алынды.

Алынған тізім бойынша:

1. Көп балалы – 79 оқушы;

2. Жағдайы төмен – 28 оқушы;

3. Жартылай жетім – 15 оқушы.

Кіші қызметкерлер штат кестесі – 23,5 бірлік.

2016 жылы мектепке 65млн.047 мың 728,48 теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазандығына ағымды жөндеу жүргізілді, отын қоры жеткілікті және мектептің қазандығы «Жамбыл –Жылу» мекемесіне қарайды.

ЕРКЕТАЙ» шағын орталығы – Бесжылдық ауылындағы Ә.Ысмайлов орта мектебінің ІІ – корпусының 2 қабатында орналасқан. Қазіргі таңда онда үш топта 70 бала тәрбиеленеді. Шағын орталықта штат кестесі 5,5 бірлік. Шағын орталыққа аудан көлемінен 474 850  теңгеге төсек жабдықтары, 80 221  теңгеге ыдыс аяқтар берілді.

ІІІ. ҚОҢЫРТӨБЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ – Қоңыртөбе ауылы Клубная көшесі №7. Мектеп  меңгерушісі – Нураева Баян. 2016 жылы жөндеуге 60 100 теңге бөлініп, мектеп толықтай ағымды жөндеуден өтті. 2015 жылы мектепке 278 083 теңгеге бейне бақылау орнатылды, 185мың теңгеге жайтартқыш орнатылды.

Мектепте:

оқушылар саны -54;

сынып комплектісі -6;

мектеп алды даярлық -1;

білім сапасы -67 %

Жағдайы төмен оқушылар саны-14.

     мектепте 10 мұғалім және шағын орталықта 2 тәрбиеші және 1 әдіскер жұмыс істейді.

жоғары білімді – 8;

орта арнаулы білімді – 1;

біліктілік санаты:

бірінші санатта – 4;                                              

екінші санатта – 5.

«Балауса» шағын орталығы-Қоныртөбе бастауыш мектебі жанында орналасқан. Қазіргі таңда онда бір топта 25 бала тәрбиеленеді.

ҚАПАЛ  БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ – Қапал ауылы Т.Рысқұлов көшесі  №18. Мектеп меңгерушісі Аблахатова Гулмира .

Мектепте барлығы 46 бала оқиды,

1 – мектеп  алды ала даярлық сыныбы бар.

4 – сынып  комплектісі бар

мектепте 1 компьютер бар .

паспортталған кабинет саны – 1;

Мектепте 9 мұғалім жұмыс атқарады.Оның ішінде

жоғары білімді – 7;

арнаулы орта білімді-2;

мұғалімдердің біліктілік санаты:

бірінші санатта – 5,

екінші санатта – 1;

санатсыз мұғалім – 3;

білім сапасы – 70%.

Мектепте кіші қызметкерлер саны – 9.

Мектептегі таза жетім бала саны – 1;

             жартылай жетім бала саны – 3;

Көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 15;

Білім бөлімімен ағымды жөндеуге бөлінген 50 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қысқы дайындыққа 20 тонна көмір түсірілген,мектеп пешпен жылытылады.  

          «АҚБОТА» бөбек жайы –Шайқорық ауылы Р.Момбаев  көшесі бойында №12 мекен-жайда типтік ғимаратта орналасқан. 2009 жылдың 10 наурызында  ашылып, ыстық су, кәріз жұмыстары ретке келтіріліп, 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап округімізде «Ақбота» балалар бақшасы мемлекеттік кәсіпорны толығымен 75 бала яғни 3 топпен ашылды. Меңгерушісі – Бердалиева  Гүлбахыт Бегалықызы, қазіргі таңда бөбек жай болып өзгертіліп 6 топ, 150 баламен жұмыс істейді. Бөбек жайда барлығы 44 қызметкер жұмыс атқарады: оның ішінде 1–меңгеруші, 1–әдіскер, 1–есепші, 1–шаруашылық меңгерушісі, 1 – медбике, 14 – тәрбиеші, 6 – тәрбиеші көмекші, 4 – асхана  қызметкері, 4 – қосымша  педагогтар,1 – хатшы, 1 – кір жуушы, 1 – еден  жуушы, 3 – қарауыл, 2 – жұмысшы, 1 – сантехник, 3 – от  жағушы.

         2016 жылға аудандық бюджеттен бөбекжайға бөлінген қаржы соммасы 46млн.261мың 566 теңге, оның игерілгені 46 млн.260 мың 582 теңге, қалдығы 984 тенге.

         2016 жылдың маусым айында Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты бастамасымен «Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша бөбекжайдың ағымдағы күрделі жөндеу жұмысында бөбекжайға жылыту радиатрларына қосымша 42 дана радиаторлар орнатылды және жылыту қазандығының қосымша бөлігі су айдайтын мотор-2 дана, 1 - ауа үрлейтін жеделдеткіш жаңартылды. Жылыту қазандығы қазан айында жаңа қазандыққа ауыстырылды. Ғимараттың ішкі жылу температурасы +21,+23 С градусты көрсетіп тұр. Отын қоры жеткілікті. Ғимарат 2 қабатты пластикалық терезе,шатыры бүтін.

 

Жамбыл ауылдық округі бойынша халық саны 6752  :

 

Шайқорықта -3391 адам, аула саны 580

Бесжылдықта -1508 адам, аула саны  260

Қапалда           - 690 адам, аула саны 106

Қоңыртөбеде  - 478 адам, аула саны 90

Тантада            -350 адам,аула саны   46

Ст.Шайқорықта -3741 адам,аула саны 110

Барлығы             6752 адам тұрады,аула саны 1192  

 

ІС ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

 

Жамбыл ауылдық округінде бас маман-іс жүргізушілер Абдуанова Қарлығаш және Сарсеналы Ақмаржан жұмыс атқарады. Округ бойынша есеп беру аралығында 133 өкім, 82 шешім қабылданды, 24 ауылдық жиын өткізілді . Жазбаша 243 өтініш түсті. Барлық ауызша, жазбаша өтініштерге дер кезінде тиісті толық жауап қайтарылып отырды.

Ауылдық округте Әкімнің жанынан құрылған мына төмендегі комиссиялар жұмыс істейді.

1.      Әйелдер кеңесі

2.      Ардагерлер алқасы

3.      Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия.

Барлық комиссиялар өз жоспары бойынша жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардың әл- ауқатын жақсарту, оларға қол ұшын созып көмектесіп отыру  ауыл әкімінің бірінші кезектегі міндеті ғой деп ойлаймын. 2016 жылдың 12 айына ауылдық округ бойынша 178 отбасына 571 он сегіз жасқа толмаған балаларға 12млн.136 мың теңге көлемінде арнайы әлеуметтік көмек, «Өрлеу»бағдарламасы бойынша 22 адам өтініш тастап 8 адамға жәрдем  көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 қаулысына сәйкес мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы баларды тіркеу бойынша, жеке қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Тіркеу кітапшалары арналған. Жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау талонын тарату журналы бар. Сенім телефоны жұмыс істеп тұр, жинақ папкалары ашылған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Заңына сәйкес ауылдық округке қарасты барлық елді мекендерде тұрақты тіркеуде бар көп балалы аналардың «Алтын алқа» және «Күміс » алқаларына, бүгінгі күнге дейін 7 ананың құжаттары қабылданып, оларға аудан әкімі аппаратына толық уақытысында тапсырылып, қазіргі уақытта 2 анаға «күміс алқа» кітапшалары тапсырылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында атап айтқанда жастар тәжірбиесі бойынша 2016 жылға уақытша маман ретінде 6 айлық мерзімге 3 маман қабылданып жұмыс жасады, олар Әзімхан Махабат, Өмірбекова Мейркүл, Сарсеналы Акмаржан, Аманбай Жансерік, Есалиева Ғайниза  өздеріне тапсырылған жұмыстарды іс қағаздарына қөмектесіп қоғамдық жұмыстарды атқарып, сенбіліктерге қатысып, ауылдың тазалық жұмыстарына ат салысып тағы басқа да жұмыстарды жүргізді.

Ақылы қоғамдық жұмысшы ретінде Парменов Тұнғышбек, Утеев Жұмағали, Парменов Маулен, Сатышбекова Мейрамкүл тазалық жұмыстарымен айналысты.

Округте 5 кітапхана бар, оның 2-і мектепте жұмыс істейді, ал 3-і аудандық бюджеттің есебінен олар Шайқорықта, Бесжылдық, Қоныртөбе ауылдарында жұмыс істейді. Қоныртөбе ауылында кітапхана ашылған, кітапхана меңгерушісі – Абильдаева Айнұр. Кітапхана қоры – 1940 дана. Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы 2 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. 2013 жылы жөндеуден өтті. Кітапхана компьтермен жабдықталған. Пешпен жылытылады. Отын көмірі бар. Бесжылдық ауыл кітапханасының меңгерушісі – Мұсаева Айнур. Кітап қоры – 2800 дана. Оқырмандар саны – 450, оның ішінде 200-і оқушылар.

Шайқорық ауылдық  кітапханасында – Ақшалова Жанат, Абдибаева Индира жұмыс істейді. Кітапханада 7517 кітап қоры бар, оның ішінде қазақ тілінде 3200 кітап бар, оқырмандар саны 598. Шайқорық ауылы Сихымбай баба көшесінде бұрынғы мешітте орналасқан. Жылу жүйесі пешпен жылытылады.

Ауылдық округте Шайқорық ауылдық клубы жұмыс атқарады. Клуб – 1973 жылы соғылған, 100 орынға арналған. Шайқорық ауылдық клубында барлық мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтқанда жаңа – жыл кеші, аналар, наурыз мерекесі, Жеңіс мерекесі, Қуғын – сүргінге ұшыраған жандарды еске алу, балаларды, қорғау күні, Астана күні мерекесі, ата заң, және түрлі кештер ұйымдастырылады. Аудандық түрлі байқауларға ауыл жастары қатысуда. Мысалы: «Тіл – тіршілік айғағы», «Ұлы Бабалар», «Елін сүйген Елбасы» сынды кештер, байқаулар өткізілуде. Жыл сайын аудандық «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивальіна ауыл өнерпаздарыбелсене қатысып жүр. 1 – қазан  қарттар күні мерекесі жыл сайын аталып өтіп қарттарға арнайы дастархан жасалып сый-сыяпаттар көрсетіледі. Аудандық қол өнер шеберлері көрмесіне, ауылдың қылқалам шеберлері Кеңес Тойбаевтың және қолөнер шебері Рыскул Нұрманованың, Айгүл Айнақұлованың туындылары көпшілікке, кенінен насихатталып жүр. Клуб жанында «Әжелер ансамбільі», «Домбыра» үйірмесі, көпшілікке өнерлерімен танылуда.

Жамбыл ауылдық округінде 2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Аула клубы» көркемсөз үйірмесі жұмыс атқарып келеді. Ауыл жастарына арнап байқаулар, концерттер, спорттық ойындар, акциялар, флеш – мобтар, сауалнамалар жүргізіліп тұрады. Аула клубы үйірмесі ауылымыздағы дарынды, белсенді, өнерлі жастарды қамтып, оларды аудандық, облыстық, республикалық спорттық жарыстарға, мәдени, өнер байқауларына дайындап, белсенділігін арттыруға үлес қосады. Ауылымыздың жастары көптеген аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға, марапаттарға, сыйлықтарға ие болып жатыр. Барлық кеңсе жарақтарымен (компьютер, шкаф, үстел, орындық) қамтылған. 2016 белгіленген жұмыс жоспарын орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып іс-шаралар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыс жоспары қорытындыланып, мәліметтер дайындалды.

 

 

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

 

Жамбыл ауылдық округінің қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру және тазалық жұмыстары әрдайым назарымызда. Күн тәртібінен түспей келе жатқан, бақылауға алынған ең өзекті мәселелердің бірі – тазалық. Көшеміздің, ауламыздың тазалығын қолға алып, әрбіріміз ауылымыздың көркеюіне қолғабыс етуіміз керек. Аудан бойынша екі айлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқанын бәріңіз білесіздер, соған байланысты сіздерден сұранарымыз әрқайсыларыңыз тұрып жатқан үйлеріңіздің айналасын тазалап, талдарды, электр бағаналарын әктеп, сырлап, күл –қоқысты жинақтап, күл-қоқыс тасымалдайтын көлікке шығаруларыңыз керек.

Өткен 2016 жылдың қазан айынан бастап ауыл ардагерлері кеңесімен, әйелдер кеңесімен ақылдаса отырып, көше тазалығы үшін «Махмудов» жеке серіктестігімен келісім шартқа отырып, айына үй басына 400 теңгеден төлеп, аптасына 1 мезгіл яғни әр аптаның бейсенбісіне тазалық жүргізіліп отыр. Қоқыс ақшасы ай сайын «КазтрансГазаймақ» яғни газдың берешегімен (квитанциясымен) келіп отыр және айына 400 теңгеден газ бен бірге төлем жасалынып отыр. Ал Бесжылдық пен Қапал ауылдары қараша айының 1-нен бастап жүргізіліп отыр. Ауыл болып бір адамдай жұмылып тазалықты сақтайық. «Тазалық-денсаулық кепілі» сондықтан да сіздерді ауыл азаматтары ретінде осы іс-шараға түсіністікпен қарап, ауламызды таза ұстауға, тұрған үйімізді, қорамызды, дарбаза мен қоршауларымызды әктеп, сырлап тұруларыңызды ауылдарымыз ауданымыздың ең бір көрікті де таза ауылдары қатарында болуына ат салысуларыңызды сұранамын.

 

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ 3 МЕШІТ 1 НАМАЗХАНА жұмыс атқарады. Шайқорықта «Айдарбек Ата мешіті», Бесжылдықта – «Өксікбай мешіті», Қапал ауылының мешіті, Танта ауылында намазхана. Барлық мешіт, намазхана тұрақты жұмыс істейді, халыққа жастарға имандылық дәріс беруге көмегі бар. Жалпы айтылған осы мешіттерге көмек ретінде жылына бір рет әр отбасынан 1000 теңгеден жинап отыру қолға алынған.

Шайқорықтағы «Айдарбек Ата мешіті» - имамы Ахметов Тұрар. Бұл мешітке азамат Ералиев Бегалының көмегімен 2016 жылы толықтай газ құбыры кіргізіліп, қазіргі уақытта газбен жылытылады. Сонымен бірге, азамат Сарсенбаев Мұхиттың демеушілігімен мешітке бейнебақылау орнатылды. Жастардың демеушілігімен мешіт кіреберісіне шатыр (новес) орнатылды.

Бесжылдықта – «Өксікбай мешіті» -1997 жылы тұрғызылған – имамы Бекмурзаев Қазыбек. Кәсіпкер Юсупов Абайдың демеушілігімен 2013 жылы газ кіргізілді. Азамат Ілияс Өксікбайұлының демеушілігімен мешіттің шатыры жаңадан ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Азамат Амангелді Райымқұловтың демеушілігімен мешітке бейнебақылау орнатылды.

Қапал ауылының мешіті – имамы Рахимов Мұрат. Мешіттің іші жылы табиғи газбен жылытылады. Азамат Мусырманкулов Жанатбектің демеушілігімен 2 млн теңгеге мешіттің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, мешітке бейне бақылау орнатылды.

Танта намазханасы – имамы Иманалиев Жанат. Азамат Сарсенбаев Мұхиттың демеушілігімен намазханаға газ кіргізіліп, азамат Багбанов Талиптың демеушілігімен намазхана терезелері пластик терезелерге ауыстырылды.

 

МЕДИЦИНА САЛАСЫ

 

          ШАЙҚОРЫҚ ЖАНҰЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫ – Шайқорық ауылы  Сыйқымбай баба көшесі № 20 мекен-жайда орналасқан, емхана 1962 жылы салынған. Дәрігерлік Амбулатория меңгерушісі – Байгелдиева Гүлшахира.

дәрігерлік амбулатория /ВА/   -   1

ФАП                                              - 1

мед пункт                                      -2

 Шайқорық  жанұялық емханасында 

1. дәрігер        - 3

2. мед.бике      - 9

3. санитарлық тазалықшы- 2,

4. көлік жүргізуші  -  1

5.психолог-1

6.социолог-1

7.қарауыл-3

8. акушер-1

Бесжылдық ФАП -1 дәрігер,1-фельдшер, 1-акушер, 1-тазалықшы, 1-қарауыл, Қапал МП - 1- фельдшер,1-қарауыл,1-тазалықшы. Қоныртөбе МП-1 фельдшер.,1-тазалықшы,1-қарауыл.

2016  жылы жүргізілген медициналық тексеру жұмыстары:

Жергілікті халықтың денсаулығына қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.

-  0-1 жасқа дейінгі балаларға тегін көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек алуға – 109840,00 теңге бөлінген.

-  1-5 жасқа дейінгі балаларға тегін көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек алуға- 94880,00 теңге,ал «Д» учеттағы балаларға 87 мың теңге, ал жүкті әйелдерге- 98 мың теңге бөлінді.

- 1-18 жас аралығындағы  жасөспірімдер мен балалар саны -2110 оның барлығы алдын ала тексеруден  (осмотрдан) өтті.

-  «Д» учетта тұрған адамдарға дәрі-дәрмектер бөлінді,оның ішінде «ИБС» , жүрек ауруына 450 000 теңге;                                        

- Қан қысымының жоғарылауына 450 000 теңге,пневмония-1574,50 теңге ,хрон.бронхит ауруына 2520 теңге бөлінді

-  Межелі жүрек және қан тамырлары  ауруына тексеруден -736 адам  өтті.

-  Мамография мен цитологияға тексеруден -163  әйелдер өтті.

Есепте тұратын аурулар:

1.Туберкуллез ауруымен ауыратындар -12

2. Онкология ауруымен  ауыратындар -18 адам;

3. қан қысымы жоғары аурумен ауыратындар-44 адам;

4, қант диабеті ауруымен ауыратын адамдар -71 адам

5. наркомандар- 1

Жанұялық амбулаторияда телефон жүйесі орнатылған, көшіру құралымен 4 компьютер бар. Жедел медициналық жәрдем көрсетуге қол жеткізілді, оның телефоны 3-72-54.  Амбулаторияға жаңа жедел жәрдем УАЗ автокөлігі берілді. Қапал ФП-де газ құбыры орнатылды. Бесжылдық медпункті газға көшірілді. Қоңыртөбе ауылындағы МП 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасауда, газдандырылған.

Сонымен бірге Шайқорық ауылдық емханасында күндізгі 4 төсекке арналған күндізгі стационар жұмыс істеуде.

 

БАЙЛАНЫС САЛАСЫ.

 

Округте 2 почта халыққа қызмет етеді. Шайқорық ауылы және Бесжылдық ауылында. Шайқорық ауылдық пошта бөлімшесі Жеңістің 40 жылдығы көшесі №1 үйде орналасқан.Бөлімшеде 2 адам қызмет атқарады: бөлімше меңгерушісі- Телеубаева Гүлжан.

Жамбыл ауылдық округі бойынша :

-         Жасына байланысты  шыққан зейнеткерлер саны – 241адам;

-         Мүгедектер 1 және  ІІ,ІІІ топтағылар саны – 95 адам;

-         Асыраушысынан айрылған  отбасы саны – 13  адам;

-         4 балаға  жәрдемақы алатын аналар саны – 40  адам;

-         8 және 10  балаға  жәрдемақы алатын аналар саны – 28  адам;

-         1 жасқа дейінгі балаға жәрдемақы алатындар саны – 12;

Бөлімшеде 1 компьютер бар, жылу жүйесі тоқпен теплофонмен жылиды.

Бөлімшені газдандыру үшін ЖСҚ дайын,

Округте барлығы – 378 телефон нүктесі бар.

Шайқорықта – 341

Қапалда – жоқ

Ст.Шайқорықта – жоқ

Қоңыртөбеде – жоқ

Бесжылдықта – 37

Бесжылдық пошта бөлімшесі Бәйтік Досымбекұлы көшесі №11 үйде орналасқан. Бөлімшеде 2 адам қызмет атқарады. Бөлімше меңгерушісі-Жолдасова Жансая.

Бесжылдық ауылы бойынша

      -Жасына байланысты  шыққан зейнеткерлер саны – 85адам;

-         Мүгедектер 1 және  ІІ,ІІІ топтағылар саны – 54 адам;

-         Асыраушысынан айрылған  отбасы саны – 18  адам;

-         4 балаға  жәрдемақы алатын аналар саны – 38  адам;

-         8 және 10  балаға  жәрдемақы алатын аналар саны – 11  адам;

-         1 жасқа дейінгі балаға жәрдемақы алатындар саны – 15 ;

Бөлімшеде 1 компьютер бар, жылу жүйесі тоқпен теплофонмен жылиды.

Бөлімшені газдандыру үшін ЖСҚ дайын.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында 198 шаруа қожалықтары  жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде қырманы дәнге толған, материалдық-техникалық базасы мықты агробірлестіктер, мал шаруашылығын дамытып, сүт, ет өңдеумен айналысатын ірі фермалар, үй құстарын өсіретін фабрикалар жоқ екендігін  бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда ауылдық округ аумағында 2016 жылдың өніміне арналып 40 га жерге күздік бидай, 449 га арпа, 145 га мақсары, 50га картоп, 1561 га мал азықтық дақылдар, 323 га қант қызылшасы, 382,2 га көкөніс, жүгері 180 га себілген.

Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша 2016 жылға несие алған азаматтардың тізімі:

6 000 000

1.     Байдосов Ержан Мейрамбекович 6 млн теңге 24 бас жылқы

2.     Куандықов Бейсенбек Джунусбаевич 6 млн теңге 27 бас сауынды сиыр

3.     Кожахметов Медерхан Жұмашевич 6 млн теңге 30 бас  сауынды сиыр

4.     Шыныбаев Жуман Калабаевич 5 600 000 теңге 18 бас жылқы

5.     Омбаев Даулетбек Ережепбаевич 6 млн теңге 25 бас сауынды сиыр

6.     Қазыбаев Елтай Елемесович 6 млн теңге 20 бас жылқы

7.     Шыныбаев Жакып Бахытович 6 млн теңге 27 бас сауынды сиыр

6 млн бойынша барлығы :41 600 000

 

3000 000

1.Бабакулова Шырынкуль Турсынбаевна 3 млн теңге 10 бас жылқы (бие)

2. Байгелдиев Уалихан Абдибекович 3 млн теңге 12 бас жылқы

3. Абитаев Канат Сабитович 2 500 000 теңге 11 бас сиыр 1 бұқа

4. Алежанов Бақберген Шаймерденович 2 700 000 теңге 18 бұқа

5. Маханов Канат Мадиярович 1 500 000  теңге 75 бас қой

6. Созакбаев Самат Сапарбаевич 2 000 000 теңге 8 бас жылқы

7. Исаков Абдунасир Джумашевич 3 млн теңге 9 бас жылқы

8. Усенбаев Сакен Джарылкасынович «Дархан» ШҚ 3 млн теңге 10 бас жылқы

9. Асанкулов Амантай Сарсеналиевич «Береке» ШҚ 3 млн теңге 18 бас бұқа

10. Таласбаев Азимбек Бактыбекович «Нұрсейт» ШҚ 3 млн теңге 125 бас қой

11.Келимбеитов Арыстан Жумадилович 1 500 000 теңге 10 бас бұқа

12 Раймжанов Бакытжан Джамбылулы 3 млн теңге

13. Оразбаев Сакен Шарипбаевич «Дархан» ШҚ 3 млн теңге

             3 млн теңге бойынша барлығы : 34 200 000

             Барлығы 75 800 000

 Бүгінгі  экономикалық  дағдарыс кезінде елді  азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда.

Мемлекеттің көмегінсіз экономиканың салаларын аз уақытта толығымен өзгерту және оны жоспарлы түрде дамыту мүмкін емес деп есептеймін.

Ауыл өндірісін дамытуға қабылданған мемлекеттік шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының өсуіне оңды ықпал етті.

Шаруа қожалықтары арасында бірігу мәселесі қарастырылуда,бұл көбіне кішігірім шаруа қожалықтарына тиімді.

Тараз қаласының Жамбыл даңғылының бойында ашылған   коммуналдық  базарда апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылған,оған біздің округ аумағына қарасты шаруа қожалықтары  қатысуда атап айтқанда «Бекжан» шаруа қожалығы басшысы С.Усенбаев және «Берекет» шаруа қожалығы  басшысы М.Искандеров

        

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

2016 жылдың 12 айында біздің шаруа қожалықтар мемлекет тарапынан қомақты қолдау көріп, Сыбаға бағдарламасы бойынша:

1. Базарбаев С. «Ғалым» ШҚ – 57 млн. – 334 сиыр, 12 бұқа;

2. «Данияр» ШҚ – 14 млн.250 мың – 87 сиыр, 4 бұқа;

3. «Мұрат» ШҚ – 13 млн. 860 мың – 81 сиыр, 3 бұқа;

4. «Айша» ШҚ – 12 млн.440 мың – 69 сиыр, 4 бұқа

Құлан бағдарламасы бойынша:

1.     «Нарбаева Т» ШҚ – 4 млн 200 мың – 12 бас айғыр.

Шаруа қожалықтары бойынша мал саны:

Ірі қара-1828,Қой-ешкі-7885, жылқы-630, құс-1202 тауық.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-ол тұрғындардың жеке меншігіндегі мал басының санын өсіру, оның сапасын жақсарту, жұқпалы індет ауруларынан сақтау осы мақсатпен ауылдық округтің ветеринария бөлімі жұмыс атқаруда.

        Округ бойынша жеке азаматтардың мал басы төмендегіше:

Елді мекен атаулары

М:І .Қ

Уақ мал

жылқы

Үй құсы

ит

1

Шайқорық

180

311

71

511

186

2

Бесжылдық

210

673

26

370

87

3

Қапал

82

410

23

187

43

4

Қоңыртөбе

23

21

2

70

25

5

Танта

53

63

22

210

37

6

Шайқорық ст

28

33

47

356

45

 

Барлығы

576

1511

191

1704

423

 

Жалпы ауылдық округ бойынша

 

Елді мекен атаулары

М:І .Қ

Уақ мал

жылқы

Үй құсы

ит

1

Жамбыл а/о

2404

120366

821

3089

469

 

2016 жылы Жамбыл ауылдық округінде тұратын азаматтардың жұқпалы індет  ауруларына қарсы  малдары төмендегідей  емделді.   

Вакцина атаулары

М:І .Қ

Уақ мал

жылқы

Үй құсы

ит

1

Аусыл (Яшур)

5490

23550

 

 

 

2

Сібір жарасы

2690

12520

1050

 

 

3

Лепроспироз

1400

1800

200

 

 

4

Қарасан (эмкар)

1650

 

 

 

 

5

Құтырма (бешенство)

480

1000

 

 

 

6

Тубереулин

4352

 

 

 

 

7

Пастереллез

 

2000

200

 

 

8

Күл (Оспа)

 

11600

 

 

 

9

Оба (чума)

 

4552

 

 

 

10

Брадзот

 

2000

 

 

 

11

Эктима (сүйел)

 

4500

 

 

 

12

Тистериоз

 

2200

 

 

 

13

Мален (Маңқа)

 

 

150

 

 

14

Иттер ішек құртқа

 

 

 

1620

 

15

Құс тұмау

 

 

 

 

6000

 

Барлығы

2 266 586,49

                         

Округ бойынша -160 Қанғыбас иттер атылып, биотермиялық шұқырға тасталды.

Округ бойынша конго-қырым қызбасы шығуына байланысты

14.04.2016 ж 120  аулаға немесе 84000м2 

25.05.2016 ж 120 аулаға 84000

05.09.2016 ж 120 аулаға 84000м2

Барлығы        360 аулаға 252 000м2 алаңға дизенцексия жасалды..

 

 

Сарып ауруына тексеру,қан алынып өткізілгені:

 

аналық

бұқа

қошқар

ересек

4-6 айлық бұзау ИФА

3-4 айлық қозы

1

М.І.Қ

1488

158

-

913

410

-

2

Уақ мал

6238

-

520

3500

-

3500

3

Бруцеллез

Аналық қой 25 бас

 

 

 

 

3-4 айлық қозы 5 бас

 

         Осы жоғарыда көрсетілген жұмыстардың барлығын аға мал дәрігер-ҚҚадырбаев  вет. Техник  Қ.Құрманбеков атқарады.

Қазіргі уақытта бұл мамандарға жеңіл автокөлік бекітілген.

 

АУЫЛ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Ауылдық округте қылмыстық алдын алу шараларын жүргізу үшін халық жасақшылар тобы құрылған. Оған негізінен мектеп мұғалімдері (ер жігіттер)  малы бар отбасының мүшелері, көше комитеті, әкімшілік апарат қызметкерлері. Ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторлары Тазабеков Ернар және Сансызбаев Ерлік, балалар инспекторы Байдешев Берік әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жұмыстар және мектепке тартылмай қалған оқушы жасындағы, қараусыз, панасыз қалған балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Ауылдық округке қарасты мектептерде  полиция инспекторлары мен  кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс жүргізу инспекторының қатысуымен ұлдар арасында жиналыс өткізілді.

2016 жылы әр түрлі құқық бұзушылықпен 300 азаматқа хаттама толтырылды. 80 азамат пен азаматшалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 70 азамат әкімшілік қамаққа алынды. 2016 жылы 12 қылмыс тіркелді оның ішінде бір аса ауыр қылмыс тіркелді. Сонымен бірге басқа да 8 әр түрлі қылмыстар ашылды. Қазіргі уақытта орын алып жатқан қылмыс түрлерінің көбісі бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде әсіресе мал ұрлығы. Осыған байланысты ауыл тұрғындары араснда «ҚР ІІМ бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тұрғын үй-жайлар мен малдарды қараусыз қалдырмау, қора-жайларды жөндеу, мал бағатын малшылармен келісім-шартқа отыру, сауда орындарында қарауыл ұстау және бейнекамералар орнату туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ауылда жасалған әр түрлі қылмыстардын ашылуы – 67% құрайды, оның көпшілігі ұсақ бұзақылықтар. Сонымен бірге жас өспірімдер арасында діни экстермистік әдебиет тарату қимылдарын байқаған жағдайда учаскелік полиция бөлімшесіне немесе ауылдық округ әкімдігіне хабарлау қажет және әрдайым сақ болғанымыз абзал.

Полиция қызметкерлерінің жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік бар 2 бөлме 1 компьютер ксерокөшірмесімен, телефон, стол орындыќ т.б. қажетті жиһаздар бар.

Ауылдық округте қоғамдық транспорт қозғалысы дұрыс жолға қойылған. «Керуен» ЖШС-мен келісе отырып жолаушыларды қалаға тасымалдау үшін Тараз қаласы мен Шайқорық ауылы аралығында № 6 автобусы әр 20 минут сайын қатынайды. Қоныртөбе аулы маныңда аялдама жасауға қол жеткізілді.Бесжылдық ауылына да кесте бойынша "Бесжылдық" автобусы қатынайды.

 

Алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар

 

Шайқорық ауылы Полевая көшесінде 1 596 000 теңгеге каналды тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бесжылдық ауылы Ж. Жантеліұлы көшесінде 1 277 000 теңгеге каналды тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қоңыртөбе ауылы Садовая көшесінде 5 322 000 теңгеге каналды тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қапал ауылы Несіпбай көшесін 4 974 000 теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Шайқорық ауылы Момбаев көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 8 059 000 теңгеге қаражат қарастырылды.

Шайқорық ауылы Танта ауылы Танта көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 2 226 000 теңгеге қаражат қарастырылды.

Бесжылдық ауылы Керімбекұлы көшесіне орта жөндеуге 3 470 000 теңге қаражат қарастырылды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру мақсатында Шайқорық ауылындағы саябақты абаттандыру жұмысы үшін – 3 866 мың теңге, Бесжылдық, Қапал, Шайқорық ауылдарындағы автобус аялдамасын орнату жұмысы үшін – 1 009 000теңге қаражат қарастырылды.

Көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстарына 550 000 теңге қарастырылды.

Жергілікті қоғамдастық шешімі бойынша 1 075 000 теңге қарастырылды.

Аудандық бюджеттен ауылдық елді-мекендерді (Шайқорық, Қапал, Танта, Қоңыртөбе және Шайқорық стансасы) ауыз сумен қамту үшін 2013 жылғы жоспарға қайта түзетуге 19,5 млн. теңге қаражат бөлініп, жоспарға түзету жұмыстары жүргізілуде.

         Қоңыртөбе мектебіне газдандыру жұмыстарын жүргізуге 14 млн.335 мың теңге қаражат қарастырылуда.

         Ақбота бөбекжайына газдандыру жұмыстарын жүргізуге 16 млн.816 мың теңге қаражат қарастырылуда.

Бесжылдық ауылы Ә. Ысмайлов атындағы орта мекмепті ағымдағы жөндеуге 7 млн.800 мың теңге қаражат қарастырылды.

         Шайқорық ауылы Шайқорық орта мекмептің алаңын (асфальттау) ағымдағы жөндеуге 8 млн.700 мың теңге қаражат қарастырылды.

 

        

Құрметті ауыл тұрғындары !

 

Қазақстан Республикасынын Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімі мен аудандық әкімият актілерінің жоспарлы және уақтылы орындалуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларын қабылдауды негізгі ұстаным ретінде қарастырудамыз.

Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, елді мекендерді аббаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуін қамтамасыз етуге күш саламыз.

Елді мекендерде орналасқан мәдениет мекемелерінің, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтерінің  қалтқысыз жұмыс істеулеріне жағдай жасауға тырысамыз.

Ауылдық округі әкімі құзыреті шегінде шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесеміз.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы жиналуын, әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыруды әр уақытта назарда ұстаймыз.

Біздің округке қарасты елді мекендерде келешекте атқарылытын жұмыстар жеткілікті.

Округке қарасты елді мекендердегі көшелердің жөнделуіне, жарықтандырылуына бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз.

Алдымызда тұрған жобалардың жүзеге асуы ауыл тұрғындарына тікелей қатысты. Олай болса адамдардың, кіші қоғамдық топтардың қоғамдық-саяси өмірге нақты араласуына,жергілікті өзін-өзі билеу үрдісінің қалыптасуына күш салу қажет, осы деңгейдегі еңбек ұжымдары мен жеке бірлестіктердегі қоғамның саяси мәдениеті, оған деген сенім, пікір және сайып келгенде өзіндік өмірлік салт-дәстүр қалыптасады деп сенеміз. Өмірлік салт-дәстүр қалыптасқан жағдайда елді мекендердің тазалығы артып,көгеріштендіру жұмыстары жанданып, құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу жұмыстары алға басады деп санаймын.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент