Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Көлқайнар ауылдық округі әкімінің есебі

Жамбыл ауданы Көлқайнар   ауылдық  округінің  әкімі Шайдаев Мұхтар    Бекзатұлының 2016  жылы   атқарған   жұмыстары  туралы

Б А Я Н Д А М А С Ы

 

          Құрметті ауыл тұрғындары жиналысқа шақырылған қонақтар!

         Бекітілген тәртіп негізінде, Көлқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының барысы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ақуалда өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында стратегиялық маңыздылығымен белгілі мерзімде нақты міндеттермен алға қойған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Бұл стратегиялық құжат бүгінде - Ұлт жоспары. Бес институттық реформамен және жүз қадаммен толықтырылды.Еліміз бұл күнде өзге мемлекеттерге, оның ішінде Орталық Азия аймағына ықпал жасай алатын әрі дағдарыстармен қауіп қатерлерден оңтайлы жол тауып шыға алатын біріктіруші елге айналды. Жаhандық маңызы бар осынау міндеттер еліміз үшін дамудың жаңа жолына түсу заңды құбылыс екендігін байқатады. Сонымен қатар осындай ілкімді істермен Елбасы бастаған «Нұр Отан» партиясының орыны айрықша екендігі даусыз. Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын құрметпен қарап, ұлт жоспарын іске асыруда, Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппараты мен ауыл тұрғындары бірлесе отырып ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып, жұмыстар атқаруда.

Ауылдық округі  әкімі  аппаратының  іс  әрекеттері  мен  жасаған  жұмыстары,  Қазақстан  Республикасының  Заңдарын, Республика  Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған Қаулылары негізінде елімізді дамытудың кешенді бағдарламалары аясында жұмыстар жүргізуде.

Үкіметтің нормативтік  құқықтық актілері  және  облыс, аудан әкімдерінің қаулыларын басшылыққа  алып және олардың  осы  округ  көлемінде  орындалу барысын  қадағалауға  негізделді және бұдан да басқа  ауылдық округ  әкімі  аппаратының  жыл басынан  бекітілген  жұмыс  жоспарына  сәйкес,  23  өкілдер жиналысы  және  әкім  жанынан  құрылған  комиссиялардың  11  отырысы  болып, тиісті  қаулы, шешімдер  қабылданып  және  оларды  орындау  мақсатында  тиісті  жұмыстар  атқарылды. Ауылдық округ  аумағындағы  мал  дәрігерлері  қызметкерлерінің  жұмыстарын бақылау, жергілікті  салық  түсімдерін  қамтамасыз  ету,  ақсақалдар  алқасында, әйелдер кеңесі және төтенше  жағдайлар  жөніндегі  комиссия отырыстарында  қаралып, тағыда басқа  көптеген  істер атқарылуда.

2016 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына келген кіріс хаттары – 576, шығыс хаттары – 387, ауыл әкімінің қабылдаған өкімдері – 125, шығарған шешімдері – 34, округке қарасты тұрғындардан ауызша келіп түскен өтініштер – 634, жеке тұлғалардан жазбаша өтініштер – 214, заңды тұлғалардан  өтініш – 10. Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 25 адам өз ұсыныс- пікірлерін ұсынып барлығы толығымен қанағаттандырылды.

Округіміздегі   бес   елді  мекенде  - 3040  тұрғындар тұрады.  Тұрғындардың  99%  жергілікті ұлт өкілдері құрайды. Барлық  халық  санының 47%  немесе  1486 адам экономикалық  белсенділер  қатарында. Зейнеткерлер  саны - 227,  мектеп  жасындағылар - 535 бала, Жамбыл ауылынан -71, Қостөбе ауылынан- 50,барлығы -125 бала Б.Момышұлы атындағы орта мектебіне тасымалданып оқытылады. 0 – 7 жасқа дейін 504 бала.  Төрт  баладан жоғары балалары  бар аналар – 105, мүгедектер  саны – 65, студенттер – 245.

Былтырғы  жылдың  басынан аяғына  дейін  халықтың  өсу – кемуіне  келсек,  туылғандар: 2015 жылы – 78, 2016 жылы – 61, 17 – балаға кеміп отыр.Қайтыс болғандар: 2015 ж – 12,  2016 ж-14.

Округ аумағында 6 елді мекенде жалпы халық саны – 3040 адам.

 

қ/с

Елді  мекендер

Халық  саны

Аула  саны

Округ  орталығынан  ара  қашықтығы (шақырым)

2015ж

2016ж

1.

Тастөбе

1421

1417

240

0

2.

Көлқайнар

82

78

18

12

3.

Еңбек

580

575

97

5

4.

Жамбыл

502

499

80

13

5.

Қөстөбе

422

418

78

20

6.

27-рзъезд

54

53

10

14

 Б а р л ы ғ ы:

3061

3040

523

-

Өсім

 

 

 

 

 

Округтегі  басты  шаралардың  бірі тұрғындардың  денсаулығын  қорғау  және  оны  қадағалауды  ұстау үшін ауылдық  округте: 1 – Фельдшерлік-акушерлік пункті, 3 - Фельдшерлік  пункт  халыққа  қызмет  етеді. 2016 жылдың 5-желтоқсанында Тастөбе ауылынан «№8 Жедел жәрдем» бригадасы ашылды.Кешкі 18.00-ден таңертенгі 09.00-ге дейін жұмыс жасайды.Ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдіруде.

 Барлық медициналық қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне берілген тапсырмалар мен жұмыс жоспарына сәйкес ауыл тұрғындарына уақытылы және дер кезінде емдеу, түрлі вакцина егу  жұмыстары жүргізіліп отырады. «Ана мен баланың» өлімін азайту мақсатында да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жеке  бастың гигиенасын  адамдардың денсаулығы мен санитарлық  тазалық  деңгейлерін бақылауда  ұстау  ауылдардағы  медициналық  қызметкерлерге  міндеттелген.

          Ауылдық  округ  аумағында  2 ауылдық  клуб   және  2 кітапхана жұмыс істеп тұр.

         Тастөбе ауылдық кітапханадағы кітап қоры  4682, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 3859. Рабис бағдарламасына енгізілгені 3215 кітап. Еңбек ауылдық кітапханадағы кітап қоры  4145, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 3342. Рабис бағдарламасына енгізілгені 2996 кітап. 

Индустриялды инновациялық даму мемлекеттік бағдарлама аясында округ аумағында «АСА DAMU» ЖШС-гі құс фабрикасы  инвестициялық жобасы іске асырылуда, өнеркәсіп өнімі көлемінің артуына өз септігін тигізетін болады. Құны (1 млрд 809 млн теңге құрайтын, өндіретін өнім түрлері жылына -  280 тонна құс еті, 84-90 млн дана жұмыртқа.)

2016 жылы 22-23 желтоқсанда көршілес Ресей Федерациясы Кемерова облысынан 90 мың дана «Ломен классик» құс балапаны әкелініп,қазіргі кезде күтіліп бағылуда.Осы құс фабрикасының инфрақұрылымдарының дамыту мақсатында 26 тамызда су жүйесі орнатылса, 10 желтоқсанда газ құбыры іске қосылды.Құс фабрикасын тәулік бойы электр желісімен қамтамасыз ету үшін жаңа электр  бағандар орнатылды. Жарық сөнген жағдайда қуаты 75 квт баламалы дизельді электр генераторы іске қосылады.Бұл жобаны іске асыру үшін банктен 185 млн.тенге несие алынып  осы несиенің 10% «Даму қоры» арқылы субсидияланды.Қазіргі таңда 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылып,15 адам уақытша түрлі жұмыстар жасауда.

Қазақстан Республикасында қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 1,2,3-ші бағыты аясында, Жамбыл ауданы жұмыспен қамту орталығы мекемесі арқылы 2015 жылы 5-азамат 11 млн 200 мың теңге ал 2016 жылы 12 адам 31млн 300 мың несие алды. Атап айтқанда Тастөбе ауылынан  А.Досымов 1млн.200мың тенге несие алып,5-бас жылқы,Ж.Қонарова 2млн.400 мың тенгеге 8- бас жылқы,Р.Калыкулов 2млн.700мын тенгеге 9-бас жылқы, Д.Еспергенов 2млн.200мын тенгеге 8-бас жылқы,Г.Алсейтова 3млн.тенгеге 4-бас жылқы,10-бас сиыр, М.Нұрымбетова 3млн.тенгеге 16-бас сиыр, Еңбек ауылынан 3-ші топтағы мүгедек Б.Пірімжанов 2млн.800мын тенгеге 112-бас саулық қой,Қостөбе ауылынан Д.Абдуллаева 2млн.тенгеге 11-бас сиыр,Жамбыл ауылынан Е.Туганбаев 3млн.тенгеге  14-бас сиыр,Д.Нұрмағанбетов 3млн.тенгеге 148-бас қой,Е.Аманжолова 3млн тенгеге 14-бас сиыр малдарын  алып,өз отбастарының тұрмыстық деңгейін жақсартып қосымша әр несие алушы 2-адамнан жұмысқа тартты.Б.Омаров 3млн тенге несие алып,құс шаруашылығын дамытуға жұмыстар жасауда. Сонымен қатар округімізге қарасты шаруа қожалықтар 41-азаматты маусымдық уақытша және ауылдық округімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысына жергілікті тұрғындарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында 17-адам жұмыспен қамтылды.  Көлқайнар ауылдық округі бойынша 2015жылы  16 , 2016 жылы 10-отбасына «Өрлеу» бағдарламасының шартты ақшалай көмектері берілсе, 1-азамат қайта даярлау курсына жіберілді. Қоғамдық  жұмысқа 9-адам және «Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес» програмист 1-жас маман 6-ай мерзімге жұмыспен қамтылды.     

Аз қамтамтылған және  18  жасқа  дейінгі  балалар жәрдемақысына 2015 жылы 131, нақты қанағаттандырылған жәрдем ақы алушылар саны-113. 2016 жылы 132–отбасының  құжаттары  қабылданып, нақты қанағаттандырылған жәрдем ақы алушылар саны-114,олардын барлығына  қосалқы шаруашылық жөніндегі анықтама берілді.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиялының бастамасымен  Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл, Қостөбе, Еңбек, Көлқайнар, Тастөбе ауылдарының көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына «Қызыл Дихан» ӨК-ві,  «Құтжан», «Нариман» «Бахтияр», «ASA-DAMU» ЖШС-гі т.б. шаруа қожалықтары, мектеп әкімшілігі, кәсіпкерлер демеушілігімен 23 балаға «Мектепке барар жол» акциясы аясында  қажетті оқу құралдары, бірыңғай мектеп формасы және спорттық киімдер табыс етілді.

         Жамбыл ауданы бойынша 2015-2016 оқу жылдарына арналған білім беру мекемелерін материялдық техникалық базасын жабдықтау, білім беру сапасын дамыту үшін тиісті жағдайлар жасалынды.

Округте  2 орта  мектеп, 3 бастауыш  мектеп бар. Оларда  535  оқушы  дәріс  алып, 96 мұғалім  жұмыс  істейді.

         Ә.Тарази орта мектебінен ұлттық бірыңғай тестілеуге 2014-2015 оқу жылында 7 оқушы қатысып орташа 98,14 балмен қорытындыласа, ал  2015-2016 оқу жылында 8 оқушы қатысып орташа 84,25 бал көрсетті. Осы мектептің оқушысы Әбдіраманова Элмира 112 бал алып,алтын белгі иегері атанды.Еңбек орта мектебінен ұлттық бірыңғай тестілеуге 2014-2015 оқу жылында  7- оқушы қатысып орташа 91,4 балмен қорытындыласа ,ал 2015-2016 оқу жылында ҰБТ-ге оқушылар қатысқан жоқ.

         2010 жылдан бастап «Ә.Тарази» атындағы орта мектебінің жанынан ашылған «Балапан шағын» орталығы жұмыс істеуде, екі топта 50-бала тәрбиеленуде. 

         2016 жылы 15 желтоқсанда Еңбек ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерекесі қарсаңында Еңбек орта мектебі жанынан 25-балаға арналған «Талшын» шағын орталығы пайдалануға берілді.  Аудан басшыларына Еңбек ауылының тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.

Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылы жылдық жоспарында бекітілген 72млн.966мың  теңге қаражат қаралып, 100% игерілді. 

«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес  қолма-қол ақшаны бақылау шотына 2016 жылы 1-қаңтарына 233 мың тенге осы жылғы кірістері – 2млн 893 мың теңге,оның ішінде облыстық трансферттерден 464 мын тенге,аудандық трансферттерден 2млн.423 мын теңге,мемлекеттік мүлікті жалға бергеннен 5мың тенге түссе,осы жылғы шығыстар 1млн.370 мын тенге.2017 жылдын 1-ші қаңтарына қолма-қол ақша бақылау  шотында 1млн.755 мын тенге қалды.     

Бүгінгі  күні барлық  бюджет  қорлары,  тек  салық  түсімдері  мен  басқа да  мемлекеттік  төлемдерден  тұратындығын  ескерсек, бұл  орайда  округтегі  жергілікті  салық  түрлерін  жер  салығы мен  мүлік  салығының  түсімін, толығымен  орындап  біттік.  Жалпы жергілікті салықтар бойынша жоспарланған 424808 теңге толығымен орындалды. Салық төлеушілерден 268865 теңге түсіп, жыл жоспары 100 пайызға қамтамасыз етілді. 2016 жылға орындалғаны 100 %.

Міндетті салықтан босатылғандар 170 оның ішінде 80 «Алтын алқа», 65 «1,2,3, топ мүгедектері», 43 «Тылдағылар ардагерлері», 2 «Ауған соғысында болғандар» жалпы соммасы 155943 тг.

Көлқайнар ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі; 11603 га, оның ішінде ауылдық округі әкімшілігіне қарасты жер көлемі 3617 га, (оның ішінде тұрғындардың жеке үй маңындағы барлық жер көлемі 400-га, жайылымдылық жер көлемі -3217 га.)

Су қоймалары, жолдар және  басқада объектілерге тиесілі жер -382 га.

Округте 1-ӨК «Қызыл Дихан қожалығы»,  175 ш/қ, барлығының  жер көлемі 7604 га, оның ішінде егістік жер көлемі 4862 га (суармалы -3562 га, тәлімі 1300 га), шабындық жер көлемі -474,2 га, жайлым жер көлемі 2137 га, 

2016 жылы округіміз бойынша себілген дақылдар көлемі; Күздік бидай 600 га x 18.5 = 1100 тонна, жаздық арпа 433 га x 15 = 645 тонна, жүгері 250 га x 45 = 1120 тонна, мақсары 200 га x  7 = 140 тонна, қант қызылшасы 55 га х250ц=1125тонна,   жоңышқа 1632 га x 390 = 7996,6 тонна. «Қызыл Дихан»ӨК-ві «КАЗНИ» ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жұмыс істей отырып,бидайдың жаңа элиталы Алмалы,Қарасай сортты тұқымдарын әкеліп 2014 жылы 10 га-ға,2015 жылы 70 га көбейтіліп егіліп, 2016 жылы орақ науқанында осы алқаптардан орта есеппен 25-30 цн өнім жинады. Осы супер элиталы бидай тұқымын көбейту үшін биылғы жылы 400 га егіс алқаптарына көбейтіліп себілді.

2017 жылдын есебіне егілетін қант қызылшасымен жаздық дақылдарға арналған сүдігер көтеру жұмыстары жүргізілуде 420 га жер қазіргі таңда дайын.

 Осы жұмыстарды атқаруға жаңа ауыл шаруашылық техникаларды алу жолға қойылған.2015 жылы «Қызыл Дихан»ӨК-і және «Көпбосынов» ш/қ-ғы «Казагрофинанс» қолдау қоры арқылы 2-дана МТЗ-80 тракторлары алынса,2016 жылы «Қызыл Дихан»ӨК-і «Казагрофинанс»қолдау қоры арқылы 57 млн.тенгеге 1 дана «Лида» астық ору комбайны мен 1 дана МТЗ 89,1тракторын  және культиватор, дәрі шашқыш (Опрыскиватель),РУМ-тыңайтқыш сепкіш агротіркемелері алынды.Округ аумағындағы егіс түрлерін еккен «Қызыл Дихан» ӨК-ві және шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан берілген субсидия қаражатын уақытылы алды.Сонымен қатар жеңілдетілген бағамен жалпы құны 6млн.860 тенгеге 115тонна селитра,36 тонна аммафос минералды тыңайтқыштар,түрлі гербицидтер алып егіс алқаптарына пайдаланды. Жекелеген шаруалар «Таң» ЖШС-гі арқылы арзандатылған бағамен 57 тонна дизель отынын алды.

Мемлекет тарапынан қабылданған түрлі ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы арқылы, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артып келе жатқандығының көрінісі, бұл өз иеліктеріндегі мал  бастарының артуы.

2016 жылдың 1-ші қаңтарына мал есебі: 2015 жылы МІҚ-2665 бас, 2016 жылы -2870  өсім 205 бас, жылқы 2015 жылы 1350 бас – 2016 жылы 1367 өсім 17 бас, уақ мал басы 2015 жылы 6382 бас 2016 жылы 6520  өсім 138 бас, құс 2015 жылы 2737 бас, 2016 жылы 2990 өсім 255 басқа мал,құс сандары көбейді.

2016 жылы Көлқайнар ауылдық округі аумағында «Эпизоотияға»қарсы іс-шаралар жүргізіліп,аурудың 23-түріне қарсы ауыл шаруашылық малдарына тегін вакциналар егілді.Жалпы эпизоотиялық ахуал тұрақты.Қырым-Конго кенесіне қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп  Еңбек,Жамбыл,Көлқайнар елдімекен тұрғындарынын аула-мал қоралары және ауыл іргесіндегі мал жайылымдар дәрленді.

Ауыл  жастарының  уақыттарын  бос  өткізбеу  үшін салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жастар іс жөніндегі кеңесші мен спорт нұсқаушысы маманның және  ауылдық  клуб меңгерушілері құрған жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес, дөңгелек стөлдер ұйымдастырылып футбол, волейбол спорттық ойындар өткізілуде. Ауыл ішіндегі жастар ішінен түрлі аудан, облыс көлемінде жарыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленді.

Сонымен  қатар  округ  көлемінде  соңғы  жылдары   ұйымдастырылып  жүрген  Қырықбаев  Қынуарбек  атындағы  футбол  турнирі,   жауынгер  интернационалист  ауған  соғысының  құрбаны  Нұрлан  Омаровтың   атынан  дос жарандары  ұйымдастырып  жүрген  футбол  турнирі және жерлесіміз,  көбімізге  үлгілі  ұстаз болған  Бақыт  Манкентбаев  атындағы  волейбол  турнирлері  дәстүрге  айналған.

 Тәуелсіздігіміздің  мерейтойлары  және  даталы  мерекелері күндеріне Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, ұжым, шаруа қожалық  басшылары  және  кәсіпкерлердің  қолдауымен  жоғары  денгейде   аталып  өтіп келеді. Сонымен қатар бұл іс-шараларға округіміздегі 2 - орта және 3 - бастауыш мектептердегі ұстаздармен, оқушылар өз өнерлерін ортаға салып үлестерін қосуда.

 

Округ аумағын таза ұстау мақсатында және денсаулық кепілі ретінде ауыл, көше, есіктің алды  тазалығы, өзіміздің  көрік  ажарымыз  екендігін  ескеріп, аудан әкімінің 23 ақпан 2016 жылы №61 және 2016 жылдың 26 тамызында №398 Қаулыларын негізге ала отырып «Көктемгі, күзгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары» бойынша жұмыс жоспары бекітіліп, осы бағытта біршама іс –шаралар атқарылды. Атап айтсақ елді мекен тұрғындарымен ауыл маңын көріктендіріп көгеріштендіру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, тазалықта ұстауға көше комитеті сайланған. Көше бойына және қоғамдық орындарды ластамауға барлық елдімекен тұрғындарына ескерту қағаздары таратылды. 

Округ аумағында  Тараз-Аса тас жолы бойындағы қураған тал тарақтарды кесуге және табиғи өрттердің алдын-алу мақсатында,өртерді өшіру үшін ерікті жасақшылар тобы құрылып, өз уақытында тиісті жұмыстар жасалуда. Ауыл тұрғындарына бұл іс-шараларға қолдау көрсеткеніне өз атымнан рахмет айтқым келеді.

Ауылдық округі  әкімі  аппаратының  жылдық  жұмыстарына  енетін  тағы бір үлкен  мәселе  бұл 18 - 27 жас  аралығындағы  ер  азаматтарды  көктемгі  және  күзгі Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына – 45 жас азамат шақырылып, 17 жастағы жасөспірімдерді  ақпан  айында  диспанцеризациялау  немесе  дәрігерлік  байқаудан өткізіп арнайы есепке  тіркелді. 2015 жылы 3 бала 2016 жылы 4 бала әскер қатарына алынды.

         Көлқайнар ауылдық округке қарасты елді мекендердегі 4-ауылдық мешіттердің құжаттары рәсімделіп жұмыс жасауда.  Тастөбе ауылы «Тастөбе» мешітінің имамы Абитов Мүзафар, Жамбыл ауылы «Ақтөбе» мешітінің имамы Сұраншиев Рүстембек, Қостөбе ауылы «Үшкемпір қажы» мешітінің имамы Пернебаев Нұрмахамбет,  Еңбек ауылы «Әлқадыр» мешітінің имамы Баетов Болат.Көлқайнар ауылдық округі аумағында дін саласы бойынша құрылған   ақпараттық – насихаттау топтың іс-шара жоспарлары бекітілген. 2015 жылы дін саласы төңіргінде,   елдімекен  тұрғындарымен 7 ал 2016 жылы  11 – түсіндірме   жиналыстары өткізілді.Округімізге қарасты 4 мешітке келуші жамағатты бақылау жүргізу үшін бейне бақылау қондырғылары орнатылған.

Жамбыл  ауданы Әкімінің  аппаратының Нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы күресті  жүзеге  асыру және сыбайлас  жемқорлықты болдырмау, қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында «Көлқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметкерлері мен басқада үйым мекемелер және ауыл тұрғындары арасында жоғарыда көрсетілген іс-шараларды атқару үшін,  бас қосу жиындары сонымен қатар мектеп жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек столдар өткізіліп хаттамалар толтырылып тоқсан сайын жоғарғы органдарға мәліметтер берілді, жыл басынан округіміздің ауыл тұрғындарымен қоғамдық қабылдау    өткізуге жоғары құқық қорғау органдары мамандары келіп түсіндіру жұмыстарын өткізді. 2015 жылы Көлқайнар ауылдық округі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалған, ашылғаны – 12 қылмыстық іс қозғалған, ашылғаны – 7 қылмыстық іс ал  2016 жылы 18 - қылмыстық іс қозғалған, ашылғаны – 7 қылмыстық іс атап оның ішінде 6-қылмыс мал ұрлығы, 5- кабель және велосипед қалған 7-қылмыс өзге орын  алған қылмыстарға жатады.

 

 

 

Көлқайнар ауылдық округі аумағында 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсем

Тастөбе ауылы

1.Т.Рысқұлов көшесіне 19 млн 950 мың теңге қаралып орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

2.Ә.Тарази орта мектебіне (шатыр ауыстыруға) 17млн 035 мын теңге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3.Ә.Тарази орта мектебіне  ағымды жөндеу (жылу қазандығын)ауыстыруға 1млн 200 мың теңге қарастырылды.

4. Ә.Тарази орта мектебіне  ағымды жөндеу (су құбыры) 1млн 500 мың теңге қарастырылды.

5.Тастөбе ауылына билборд орнатуға – 500 мың теңге Өңірлерді дамыту.

6.Тастөбе ауылынын « Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген бюджет есебінен төмендегі көшелерге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тастөбе көшесіне шағал төсеуге – 2,5 млн.

Омаров көшесіне шағал төсеуге – 2 млн.166 мың теңге.

          Қ.Қырықбаев көшесіне шағал төсеуге – 3 млн.842 мың теңге.

Қ.Мыхаев көшесіне шағал төсеуге – 1 млн.401 теңге.

А.Жақсыбаев көшесіне асфальт-шағал төсеуге – 4 млн.163 мың теңге.

Қостөбе ауылы

Завод көшесіне шағал төсеуге – 1млн.650 мың теңге.

          Еңбек ауылы

          Қараөзек көшесіне шағал төсеуге – 1 млн.650 мың теңге.

Еңбек ауылдық клубын ағымды жөндеу 1млн 961 мың теңге, ЖҚЖК-   2020-облыстық бюджет есебінен жасалды.

Еңбек ауылдық клубын ағымды жөндеу 1млн 173 мың теңге Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы қаралған қаражат толығымен игерілді.

 

Тастөбе №1,2, Жамбыл, Еңбек ауылдарының су құбырлары мен су ұңғымаларына рұқсат құжаттар алуға 1млн 910 мың теңге, қолма –қол есеп шотынан (КСН) қарастырылды.

Таза ауыз сумен  жабдықтауды ұйымдастыру (су жүйесін жөндеу, ЭЦВ-8 ауыстыру, трансформатор қызметі) 2млн 413мың теңге жұмыстар толығымен атқарылды. 

 Көлқайнар ауылдық округі аумағында 2017 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқтала кетсем

 

                                     Қадірменді ағайын!

       Елбасымыз қойған ұлы мақсаттарды жүзеге асыру мына бізбен сіздерге жүктеліп отыр.  Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп «бір жағадан бас-бір жеңнен қол» шығарып қызмет етейік.  

 

                 Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент