Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қарой ауылдық округі әкімінің есебі

Қарой ауылдық округі әкімінің 2016 жылы

атқарған жұмыстары туралы халық алдындағы есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!

Бүгін біз өткен жылдың қорытындысын шығарып, алда тұрған міндеттерді саралайтын  дәстүрлі есеп беру жиналысында бас қосыпо тырмыз.   2016жыл- жергілікті мемлекеттік және өзін- өзі басқару жөніндегі реформаның үш жылдық мерзімі болды. Сондықтан ауылдық округ әкімі мен оның аппаратының жұмыс жоспарлары жаңа талаптар деңгейіне шығуға бағытталған шараларға негізделді.

Республика  Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын іске асыруда өз құзіреті шегінде бір қатар жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округте екі елді мекен  бар. Пригородное ауылында -1185 аула, халық саны-5508, Октябрь ауылында -48 аула, халық саны-264. Барлығы    1233 отбасы, 5772 адам тұрады.

Оның ішінде зейнеткерлер-269, 1,2,3 топтағы мүгедектер – 92, көп балалы аналар саны -94

 Азаматтардың өтініш-талаптарымен, хаттармен жұмыс

Жыл ішінде заңды тұлғалардан 13 өтініш түсіп, бұл өтініштердің барлығы заң аясында жауаптарын алды.

       Жеке азаматтардың 144  өтініш-хаты тіркелді. 40 азамат өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін алуға өтініш берген, 29-ы әр түрлі мәселелер бойынша, оның 22 тұрғын үй  салу үшін уақытша жер телімін алған азаматтар пайдалану мерзімін ұзартуды сұраса, 7 азамат үйді салып бітіруіне байланысты жер телімін жекеменшікке беруді сұраған. 3 азамат нысаналы мақсатын өзгертіп беруді сұраса, 1 азамат өз жерін 2-ге бөліп беруді, 6 азамат қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру, бір азамат ортақ бірлескен меншік құқығын беруге және ішінара өзгерістер енгізуге 35 азамат өтініш ұсынған. Бұл өтініштердің барлығы заң аясында шешімін тауып, нәтижесінде жыл ішінде Қарой ауылдық округінің тұрғын үй саны7 үйге өсті. Барлығы жыл ішінде жерге қатысты 75 шешім қабылданды.

          Өкінішке орай, тұрғын үй салу үшін екі жыл мерзімге берілген жер телімін еңсере алмаған 2 азаматтың тізімі құзырлы органдарға жіберілді яғни, 2 азамат ешбір әрекет жасамаған.

           Заң бойынша ауыл  әкімінің шешімінің мерзімі өткен соң ол жерге үй салып рәсімдеп, тіркеу мүмкін болмайды. Сондықтан бұл азаматтарға заңдылық жөнінде бірнеше рет ескертілген.

            Ауыл әкімінің жеке қабылдауына әртүрлі әлеуметтік мәселелермен 51 азамат келген, олардың өтініш-тілектері негізінен материалдық көмек көрсету, жұмысқа орналасу болды. Олардың сұраныстары негізінен қанағаттандырылса, қалғандарына мән-жайға байланысты түсіндірілді.

         Мекемелер арасындағы хат алмасуға келер болсақ, жыл ішінде 624 хат кіріс болса, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелермен ұйымдар атына 1264 хат жолданды. Онда берілген жоғарыдан келген тапсырмалардың орындалуына жауап берумен бірге, ауылдың әлеуметтік- коммуналдық жағдайын жақсартуға қатысты мәселелер қамтылған.

         Сын-ескертпелер мен жоғарыдан келген тапсырмалар дер кезінде орындалып жауап берілді және бұл жөнінде ескертпе алған жоқпыз.

                  «Электрондық үкімет» деген ұғым қазір бәріміздің санамызға сіңіп болды. Қазір барлық мәліметтермен  анықтамаларды интернет арқылы ала беруге болады. Осы шараға бізде өз үлесімізді қосып отырмыз. Ол үшін 3036. отбасын қамтыған 62 ауылшаруашылығы кітаптары толық электрондық жүйеге өтті. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Өйткені онда әрбір отбасының, ондағы әрбір адамның мәліметтері, жері, малы туралы деректер, ЖСН, кадастр сияқты аса мұқияттықты қажет ететін күрделі цифрлар бар. Осы мәліметтерді жинақтау үшін біздің қызметкерлер әрбір ауланы 2-3 реттен аралап өтті. Ол үшін арнайы таблица дайындалып, оған сол мәліметтер енгізіліп,  қол қойдыңыздар. Сол мәліметтер электрондық ауылшаруашылық кітабынан орын алды.  

         Салық түсімдері

жер салығы  2015 жылы 359615  теңге  болса, 2016 жылы жоспар 359474 теңге болып белгіленіп, ол 392400 теңгеге, яғни 109,2  пайызға артығымен орындалды.

-  мүлік салығы  2015 жылы 130447 теңге болса, 2016 жылы жоспар 149158  теңге болып белгіленіп, ол 166600 теңгеге, немесе 111,7 пайыз болып орындалды.

- көлік салығы бойынша  2016  жылы 2 472 мың теңге жоспарланған болса, 11 айға 3456300   теңгеге, немесе 139,8 пайыз болып   артығымен орындалды.

         Салыққа байланысты қиындықтар болмай қалған жоқ. Кейбір салық төлеушілер мамандар тарапынан бірнеше рет ескертіп, сұрау салуына қарамастан салықты мерзімінде төлемей, салғырттық танытты.  Ескерте кететін тағы маңызды мәселе салық төлеуден босатылғандар  туралы. 1567 салық төлеушінің 117 Салық кодексінде көрсетілген жеңілдіктерді пайдаланып, нақты салық салық төлеуші 1450 болды.

        Сондықтан әрбір салық төлеуші салық мамандарына  хабарласып, өз жағдайын біліп отырса және салығын уақтылы төлеп отырса жаман болмайды.

Кәсіпкерлік саласы                                             

Ауылдық округі  бойынша жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 310 нысан болып отыр, алайда оның көпшілігі жұмыс істеуін тоқтатып отыр. Ондағы жұмыспен қамтылған халық саны- 175адам.  Оның ішінде: 122- шаруа қожалығында 128 адам, 15- сауда орнында 15 адам, 2- автакөлікке қызмет көрсету орталықтарында 5 адам, 7- өзгеде қызмет көрсету орталықтарында (нан пісіру, кондитерлік, киім тігу т,б)-15  Сауле және Жансая моншаларында  4- адам, 2-дәріханада 2 адамнан, тісемханасында -3 адам,инкубаторда-2 адам, кәсіпкерлік салада жұмыспен қамтылған.

 «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша 2013 жылы Исманова Хакима, Ержигитова Айгул Конырбаевналар 1 млн.700 мың  теңгеден, Усипбекова Каламкас 2 мил.400 мың теңгеден несие алса, 2014 жылы  Махатова  Сауле Койкалиевна 1 мил.800 мың теңге, Дуйсебаева Акмарал Болатқызы 2 мил.500 мың теңгеден  мал шаруашылығы үшін  несие алған. Биылғы 2016 жылы Мадалиев Нұрлан 3 млн. теңге алып отыр.

Сондай-ақ 2016 жылы  шаруашылықтарға егіс егуге жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға мемлекет тарапынан 8-шаруашылыққа 1 млн 306 мың 900 теңге  субсидиялар берілді.

Салық органына тіркелу жөнінде ескерту айтқанда көп азаматтар «салық алады » деп қашқақтайды. Біле білсеңіз тіркелу өз пайдаңыз. Біріншіден, азда болса зейнетақы қорын қалыптастырасыз, екіншіден, еңбек өтілін көбейтесіз. Ал бұл екі көрсеткіш  алдағы өмірде зейнетақы есептеудің бірден-бір негізі болып табылыды. 

Кәсіпкерлікті қолдаудың бірі - шағын несиелендіру. Ауылдық округі бойынша несие алуға кезекке тіркелгендер саны-5 адам.

Шаруа қожалықтары мен жеке үй іргелік жер телімдерінде егілген егіс туралы.

Ауылдық округі бойынша  2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан барлығы 1645 га жердің 100 га  жаздық арпа, жүгері 80 га, мақсары 50 га, қант қызылшасы 10 га, картоп 80 га, пияз 187 га, сәбіз 115 га, тағы да басқа көк-өніс пен бақша дақылдары 108 га жерге егілдген. Көп жылдық мал азықтық дақылдар 915 га.

         Мал  шаруашылығы

        Округтегі мал шаруашылығын өркендетудегі де табыстарымыз жаман емес. Бұл жерде әр үйдің жекеше малы туралы айтып отырмыз. Жасыратыны жоқ, округ төңірегі негізінен егістік жер болғандықтан мал ұстауға қолайлы емес, жайылым аз. Соған қарамастан, ел иелігіндегі мал басы жылдан жылға өсе түсуде.

Ауылдық округ бойынша -1830 бас мүйізді ірі қара, 3496 бас қой, 210 бас жылқы, 26 шошқа және 3256 құс бар. Барлық ауыл шаруашылық малдары құжаттандырылып, компьютерлік базаға енгізілді.

Осы жұмыстарды орындау, атқару  мал дәрігерлерінің еңбегі. Бұл салада басты бағыт халыққа мал аурулары туралы үнемі түсінік беріп, аурудың алдын алу жолдарын насихаттау болып саналады.   2016 жылға төмендегіше ветеринариялық іс-шара жүргізілді.

 Жыл бойына вакцина жасау  өз ретімен жоспарлы 2-3 реттен жасалып отырды. Мысалға м үйізді ірі қараға тубергулез-3600 бас, аусыл-4300 бас, сібір жарасы-2060 бас, лептеспероз-1100 бас, қарасан-850 бас, құтырық-120 басқа вакцина жасалды

Жылқыға сібір жарасына-270 бас, маңқаға-120 бас жасалды.

Мүйізді уақ малға сібір жарасы-5420 бас, аусыл-8550 бас, брадзот-1500 бас, эктима-1520 басқа, оба-1200 басқа, күл-3600 басқа, құтырық-500 басқа жасалды.

Итке іш құрт-1605 бас, құтырық-260 бас, мысыққа құтырық-50 бас.

Құстарға құс тұмауы-6600 бас жасалды.

Сарыпқа қан алу  МІҚ анылық-1624 бас, бұқа-184 бас, 3-4 айлықтан-702 бас, ересек малдан-625 басқа жүргізілді.

Сарып МҰМ анылық-1800 бас, қошқар-126 бас, 3-4 айлық қозылар-1200 бас, ересек мал – 1500 басқа жүргізілді.

2 шаруа қожалықтан Мүйізді ірі қара малдарынан 6 бас сарып ауруы шықты. Оларға жою жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ауылдық округ аумағында түрлі індеттерді болдырмау, тосқауыл қою мақсатында  базардан келген- кеткен малдар  мал дәрігерлік бақылауда болады.

Қаңғыбасит-мысықтардыаулапжоюшараларытуралы 

Жыл бойы 134 қаңғыбас ит атылды.

         Ит –мысықтарды аулап жою ауылдық округінің үнемі назарында, Сіздерден иттеріңізді байлап, қадағалап отыруларыңызды сұранамыз.

Құрылыс, коммуналдық шаруашылық саласы 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабынының негізінде Пригородное ауылының Клубная және Кожамкулов көшесіне жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысын «Ак Строй Гарант» ЖШС жүргізді. Клубная көшесіне бөлінген қаржы көлемі 5 млн. 700 мың теңге, Кожамкулов көшесіне 1 млн. 300 мың теңге,

Ә.Айтиев орта мектебінің терезелері мен жылу жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын «Ак Строй Гарант» ЖШС жүргізді, оған 4 млн100 мың теңге, Ә.Айтиев орта мектебінің терезелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын ЖК «Елібай Е.Е.» жүргізді. 400 мың теңге, Қ.Пірімқұлов көшесін жөндеуге 1 млн.600 мың теңге жұмсалды оны «Ак Строй Гарант» ЖШС жүргізді.

Седовка көшесінің 0,500 шақырым автомобиль жолын ағымды жөндеуге ЖК «Орынбекова Жұлдыз Болатхановна» жүргізді, оған 800 мың теңге, Б.Бекназаров көшесінің 0,430 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына 4 млн.400 мың теңге жұмсалды, оны  ЖШС «РПТ Тараз» жүргізді.

Келдіғұлұлы Есмырза көшесінің 11530 шаршы метр автомобиль жолына қиыршық тас төсеу жұмысына 1 млн.300 мың теңге, Д.Баянбаев көшесінің 3450 шаршы метр автомобиль жолдарының қиыршық тас төсеу жұмысына 890 мың теңге, Т.Жайымбаев көшесінің 3400 шаршы метр автомобиль жолдарының қиыршық тас төсеу жұмыстарына 890 мың теңге жұмсалды. Оны ЖШС «РПТ Тараз» жүргізді.

Пригородное ауылы Б.Бекназаров көшесінің бойындағы канал арқылы өтетін автомобиль жолының көпіріне ағымды жөндеу жұмысын ЖШС «АБДИ-СТРОЙ» жүргізді, оған 343 мың теңге жұмсалды.

Абай көшесіне 8 млн 702 мың теңгеге  және орталық алаңды жөндеуге 1млн. 462 мың теңге жұмсалды. Бұл жұмыстарды ЖШС «РПТ Тараз» жүргізді.

«Мекен жай» тіркелімі  бойынша

         Көшелерге ат қою мәселесі де күрделі болып отырғанын айтуымыз керек. Бізде 70 көше мен көше бұрылыстары тіркелген. Оны ауыстыру қандай күрделі болса, жаңадан көшелерге атау беру сондай қиындықта. Бұл мәселе құзырлы органға ұсынылған, қазір қаралу үстінде

 «Жасыл-аймақ» көркейту көгалдандыру іс-шарасының орындалуы 

Ауылдық округі бойынша 2016 жылы 14 сенбілік өткізіліп 700 адам қатысты, Ауылдың ішкі көшелерінде тазалықты қамтамасыз ету мақсатында  «Сұлтанғазы» ЖШС-мен келісім шартқа тұрып, аптасына 1 рет үй-үйден көшеге шығарылған қоқыстарды шығару ұйымдастырылған болатын.

Ауылдық округ әкімінің қоқысқа қарсы жариялаған табанды жұмысының арқасында қисапсыз жұмыстар атқарылды. Бұл тақырып әрбір жиын сайын айтылуда.  Бірақ біздің кейбір азаматтарға үгіт дарымай келеді.

Тазалық жұмысын жүргізу тек әкімшілік аппаратының қызметкерлері немесе мекеме қызметкерлері атқаратын жұмыс емес. Осы мекеме басшыларының ұйымдастыруымен барлық аул тұрғындарымен жүргізілетін жұмыс екенін барша халық түсінсе деймін.

Айталық көзді ала бере ауылдың шыға беріс жол бойына қап-қап қоқыс тастау тоқтар емес!

Осы бағытта адамдардың мәдениетін қалыптастыра алмай отырғанымыз өкінішті!

Ойланғанымыз жөн, ағайын!

 

Ауыл бәрімізге ортақ, тазалық-денсаулық кепілі деп, ауылды таза ұстауға тырысайық. Сіздер ауыл тұрғындары осыған бірауыздан атсалысыңыздар.

         Қоғамдық көлік қозғалысы туралы

Ауыл мен Тараз қаласына  № 16, 20  маршрутты автобус қатынайды. № 16 маршрутты автобусы 2016 жылдың аяғында Абай көшесінің бойындағы темір жолға дейін ұзартылған болатын. № 16 маршрутты автобустың жүру интервалы 7-8 минут, № 20 автобустың жүру интервалы 20 минуттан.

Әлеуметтік  сала

Ауылдық округтегі мәдениет қызметкері, ауыл кітапханашысы және Жастар ісі жөніндегі кеңесші маман ауыл жастарымен әртүрлі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Есепті жыл ішінде  ұйымдастырылған іс-шаралар төмендегідей болды.

1.                11 қаңтар күні Ә.Әйтиев орта мектебінің акт залында «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ауыл өнерпаздарының байқауы,

2.                22 қаңтар күні М.Сәрсекеевтің 80 жасқа толуына орай «Тамаша адамдар өмірі» атты әдеби кеш,

3.                11 ақпан күні белгілі қазақтың ақиық ақыны, поэзия дүлдүлі М.Мақатаевтың туған күніне орай «Ғұмырдария» атты поэзия кеші,

4.                19 ақпан күні 21 ақпан «Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі-арың бұл» атты дөңгелек үстел,

5.                26 ақпан күні ұлы ақын, жырау, Ж.Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай» Жыр алыбы-Жамбылым» атты әдеби сазды кеш,

6.                7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар мәңгі жасасын» атты мерекелік кеш,

7.                22 наурыз күні наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрі тұсау кесу рәсімі көрсетілді. Ауыл тұрғындарына мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды,

8.                1 сәуіркүлкі күніне орай Ә. Әйтиев орта мектебінің акт залында "Күліп  жүрейік" атты әзіл фестивалі,

9.     7 сәуір Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау күніне орай «Менің денсаулығым -менің болашағым» атты дөңгелек үстел,

10.            15 сәуір Ә.Әйтиев орта мектебінің акт залында ауылдық "Жігіт сұлтаны"  байқауы,

11.           1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ауыл кітапханасы мен клубының ұйымдастыруымен Ә.Әйтиев орта мектебінің акт залында «Бірлік түбі береке»- атты фестиваль,

12.           9 мамыр күні «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты болған кездесу кеші,

13.            31 мамыр күні Қарой ауылдық округінде солақай саясаттың құрбандары болған асыл адамдарды еске алуға арналған  «Зұлматқа толы тарих парақтары»  атты дөңгелек үстел,

14.            1 маусымкүні Ә.Әйтиев орта мектебінің жанынан құрылған шағын орталықта Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Бала - өмір жалғасы» тақырыбында мерекелік ертеңгілік,

15.            4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу құрметіне, тәуелсіздік идеясын насихаттау, еліміздің рәміздеріне саналы патриоттық көзқарасты қалыптастыру мақсатында Әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым» атты салтанатты жиын,

16.           22 маусым  Ораза айының келуіне орай  "Иманды болу парызың" - атты әкімшілік ғимаратында дөңгелек үстел,

17.           8 қыркүйекте Қарой ауылдық округінің кітапханасында  Мәдени ұйымдастырушы Сейілғазы Тәңірберген және кітапханашы  Эльмира Қосалиеваның ұйымдастырумен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты пікір-сайыс,

18.             13 қыркүйек күні жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген болатын, осы мерекені атап өту мақсатында Пригородное ауылдық кітапханасы, мәдени ұйымдастырушы, жастар ісі жөңіндегі маман және мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы-қоғамның бастапқы ұясы» атты дөңгелек үстел,         

19.            1 қазан қарттар күніне орай «Қарты бар ел – қазыналы ел» - атты кездесу кеші,       

20.           2 қазан күні Пригородное ауылы және Бесағаш ауылдары бірігіп өткізген «Ауылым алтын бесігім» өнер фестивалі болды.Онда аудан бойынша 2-ші орынды иелендік. Ұйымдастыру жұмысында мәдени қызметкер Сейілғазы Тәңірбергенге рахмет айтамыз. Фестивалде округтегі этномәдени бірлестіктерін және өзге ұлт өкілдерін белсенді тарту мақсатында да түрік халқының өкілдері қатысып, ән-билері орындалды. Ұлттық тағамдары жасалып көпшілікке ұсынылды

21.         16 қарашада «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»  атты кітап көрмесініне библиографиалық шолу жасалды. Пригородное ауылдық кітапханасында «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» – атты көркем безендірілген көрме ашылды.  Қазақстан туралы білімдерін толықтырып, елдің жағымды бейнесін қалыптастыруды мақсат еткен көрмеге соңғы кездері жарық көрген әдебиеттер мен басылымдар қойылды.

22.         14 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытың тербеткен - Тәуелсіздік» атты мерекелік сазды іс-шара өтті. Ауыл кітапханашысы, мәдени ұйымдастырушысы және мектеп ұжымы ұйымдастырған кеш барысында сөз алған Қарой ауылдық округінің әкімі Жақсыбек Исақов, мектеп директоры Күлзахира Ратбекова ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Егемен еліміздің азаттығын айқындайтын айшықты мереке мектеп оқушыларының әні мен биімен жалғасын тапты. 25 жыл тәуелсіздік жылдардағы басты оқиғалар жылнамасы айтылып, арнау өлендер оқылды.

23.          20 желтоқсан күні «Әлемдік дін» тақырыбында брифинг болып өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты: Ауыл жастарының  діни наным бостандықтарына байланысты құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамда рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру  мәселелерін ұғыну. Ал, діни кеңестің негізгі міндеттеріне: ауылдағы дін жағдайы, оның даму тенденциясын жан-жақты және обьективті түрде зерделеу, тарату және талдау.

Ауылдық мәдени қызметкер Тәңірберген Сейілғазы бірқатар аудандық және облыстық іс-шараларға қатысып жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Халықаралық Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән жырым-саған туған ел» ән байқауының финалисті, Жамбыл облыстық «Жаңа есім-2016» ән байқауының бас жүлдегері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген аудандық жастар арасындағы жазбаша жыр мүшайрасының 3-ші орын иегері атанды.

Жалпы ауылдық кітапхананың кітап қоры  8123 болса ол биылғы жылға 318 жаңа кітаппен толықтырылды. Ауылдық кітапхананың оқырмандар саны -610 адам

Ауылдық округ бойынша 2016 жылы  164 отбасына тағайындалып 18 жасқа дейінгі балаларға төленген жәрдемақы 9 млн. 528 мың  теңге, атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалып 115300 теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы 6 отбасыға 36255 теңге, үйде оқитын 4 балаға 163 000 теңге төленді.

        Шаруа қожалықтарының басшылары қайырымдылық жұмыстардан да тыс қалмауда. Жаңа жыл мерекесінің өтуі, оның сыйлықтары, Жаңа жыл мерекесінде жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетуі, 7-9- мамыр Жеңіс күніне ардагерлерге дастархан жайып, сыйлық беру, спорттық іс-шараларға, Наурыз мерекесіне ауыл тұрғындарына дастархан жасап, наурыз көже тарату және т.б. шараларға белсене атсалысуда. 

1 қыркүйекте балаларды мектепке дайындау барысында  тұрмысы төмен отбастарына 50 мың теңге көмек көрсетілді. Осы орайда мешіт имамы А.Абилов пен Найм Даврушевке рахмет айтамыз.

Жыл аяғында 6 отбасына / ұн, май, шай, құмшекер, күріш және макорондар/ азық-түлікпен, 7 отбасының 7 баласы аяқ киіммен, 9 отбасы 2 қап пияз және ас қызылшасымен көмек алды. Сонымен бірге «Жансая» балалар үйіне,  қаппен пияз, ас қызылшасы және картоппен көмек көрсетілді. Осы орайда Найм Даврушев пен А.Мадалиевке алғыс айтамыз

Мектеп және мектепке дейінгі тәрбие 

Ауылдық округте 1 орта мектеп бар. Ондағы оқушылар саны-941. Оқытушылар саны-107 және тех жұмысшылар -28. Мектепте тұрмысы төмен және көпбалалы от бастарының балаларына бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін балалар саны - 60. Оларға шамамен 10 айда жұмсалатын қаражат көлемі 4 мл. 800 мың теңгені құрайды.

 Сондай-ақ, мектеп басшыларының назарын оқушыларға тиянақты жалпы орта білім берумен бірге, жастарға оқыған мектебімен туған, өскен ауылына деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған идеологиялық-тәрбие жұмыстарымен тиянақтап  айналысуын сұранғым келеді! «Ауылым- алтын бесігім»,  «Туған жерім- тұғырым» деген патриоттық бастамалар кейінгі жастардың бойында салқындап бара жатқан секілді. Алайда, жарты ғасырға жуық тарихы бар мектеп бітірушілердің юбилейлік кездесуін өткізудің мақсатымен идеясын ұмытпағанымыз жөн! Кезінде аға буындар осы кездесу арқылы бауырмалдылықты, аға буын ұстаздарға сәлем беріп, кейінгі буынға үлгі тәрбие беруді, мектебімен ауылын мәдени- әлеуметтік құрылымына  азда болса үлес қосуды мақсат еткен.

   Қазіргі қым-қуыт заманда ауылдың тұтастығына, адамдар арасындағы ынтымақпен бірлікке, достыққа дәнекер болатын әртүрлі шаралардың маңызын сетінетіп алсақ, оны қайта құрастыру қиын болмақ! Сондықтан осында қатысып отырған белсенді халық өкілдерін  жастардың бойында патриотизмді одан әрі қалыптастыруға шақырамын жастардың ауылмен байланысын нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруда алдыңғы шепте жүріп, көшбасшылық танытса демекпін!

«Балапан» бағдарламасы аясында «А.Әйтиев» орта мектебінің жанынан ашылған шағын орталықта 75 бала, сондай-ақ  2016 жылы ашылған «Нұр Әлім» жекеменшік бала бақшасында 200 бүлдіршін қабылданған.

Денсаулық саласы 

Округтегі халыққа қызмет көрсететін емдеу амбулаториясы бар.  Онда 2-жалпы тәжірибелі дәрігер, 6- медбике, 1-жалпы практикалық акушерка, 1- лаборантка, 1- психолог, 1-мед.тіркеуші және 1- емдеу медбикесі қызмет көрсетеді. Сонымен бірге емдеу амбулаториясының 3-санитарка /тазалықшысы және 3 қарауылы жұмыс істейді. Биылғы жылға жылжымалы флюрография 2 рет қабылдау жүргізіп, одан 293 адам тегін өткізілді. Оларға  Әкімдік тарапынан олардың қалыпты жұмыс істеуіне, тиісті мәселелерін шешуге қамқорлық жасалынып тұрады.

Тәртіп пен реттілік

Ауыл әкімдеріне жаңадан берілген құзірет бойынша  қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұратын адамдары жүмысқа орналастыру, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, кәсіпқой емес медиаторлар тізімін жүргізу жүктелген. Алдағы уақытта бұл іспен жүйелі айналысатын  боламыз.

Атап айтар болсақ 2016 жылы жалпы тіркелген қылмыс саны 48,ашылмаған қылмыс – 29. Бөтеннің мүлкін ұрлау-33, оның ішінде ашылғаны -17. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 282 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.        

Қадірлі халайық! 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылдың жақында ғана үкімет мүшелерімен кеңес өткізіп, әлемдегі дағдарысқа байланысты туындайтын қиындықтар жөнінде айтып өтті. Көптеген әлеуметтік құрлыстар салуға бөлінген қаржыларды үнемдеп, керісінше әлеуметтік төлемдердің қандай жағдай болмасада кідіріссіз төлену қажет екендігін ескертті. Сондықтан алдын-ала жоспарланған аудандағы әлеуметтік құрлыстарға да өзгерістер болары анық.

Өткен жылға атқарылған жұмыстар шашаман осындай. Бірақ әлі де атқарылыр істер көп.

Алдағы 2017 жылға жоспарланып отырған жұмыстар:

1. Пригородное ауылындағы К.Прімқұлов көшесінің бойында сквер жасауға 4 млн. қаражат  қаралып отыр.

2. Келдіғұлұлы Есмырза көшесі мен бұрылыстарына, О.Таттибаев көшесі мен бұрылыстарына және Б.Бекназаров көшесінің 1-ші,2-ші,3-ші бұрылыстарына электр трансформаторын орнату жоспарлануда қойылады.

Осы жылы  ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге 2 млр. 207 мил.520 мың теңге Республикалық бюджеттен қаржы қаралып ақпан айынан ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  мердігерлер өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта ауылға ауыз су жүргізуші мердігерлермен жұмыс істеу басты макқсат болып отыр.

Зейін қойын тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

  


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент