Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің есебі

Қызылқайнар ауылдық округі әкімі З. Сматовтың

2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.


Құрметті ауыл тұрғындары!

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыстары жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде құрылған. 2016 жылы жалпы кіріс құжаттар саны –870. Шығыс құжаттары саны – 884 болды, олар бойынша тиісті жұмыстар мен жоспарлар жасалынып, жауаптар қайтарылды.

Жеке тұлғалардан 52 өтініш қабылданды, оның ішінде жер мәселесі бойынша өтініштер – 35, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: 7 жасқа дейінгі балаларды бала – бақшаға кезекке қою үшін – 124, шағын орталыққа және бала бақшаға жолдама беру үшін – 107 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштер бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақтысында жауаптары берілді. Жеке қабылдауға 208 азамат қабылданды. Заңды тұлғалардан барлығы – 2 сұраным түсіп, тиісті жауаптар талапқа сай мерзімінде берілді.

12 айда барлығы – 30 шешім және 105 өкім қабылданды.

2016 жылғы мүлік және жер салықтарының түсімі бойынша: мүлік салығы – 66,4 мың теңге, жер салығы –266,7 мың теңге, көлік салығы – 4 200 мың теңге, жеке табыс салығы – 360 мың теңге өндірілді.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында әкімшілікте бекітілген іс-шараға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

         Ауылымызға 8 дүкен мен дүңгіршіктер, 1 шаштараз, халыққа қызмет көрсетуде.

         Ауыл бойынша жеке тұлғалардың 11 үйі бітіп, пайдалануға берілді.

Қызылқайнар және Жасөркен ауылында бір шаңырақтың астында 23 ұлт өкілдері тұрады, есепті жылы 87 нәресте дүниеге келіп, қайтыс болғандардың саны – 24 адам болды. Ауылымыздағы халық саны 5303 адамға жетіп, былтырғыға салыстырғанда 129 адамға өсті.

Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен 188 отбасы мемлекеттен      10 599 630 теңге жәрдемақы алды.

Ауылдық округте 18 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жалпы 12 адам жұмысқа тартылды.

Ауылдық округ әкімінің жанында 29 жиналыс оның ішінде, ауылдық округіміз шекара аумағында орналасқандықтан шекарашылардың қатысуымен барлығы 6 жиналыс өткізілді. Жиналыстарда, қаралған мәселелер жан – жақты болды. Құқық бұзушылық пен нашақорлыққа, терроризмге жол бермеу, шекара қауіпсіздігі, шекарашылардың міндеттері мен құзырлары, осы аумақта тұратын азаматтардың жауапкершілігі және басқа заң талаптарын түсіндіру мәселелері көтерілді. Контрабандалық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында, жеке шаруашылықтардағы малдардың барлығына чип салынып, сырғаланып, есепке алынуы керектігі туралы ескертілді.

Ауылда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар іс – шаралар атқарылды. ТЖ бойынша жұмысшы тобы құрылып, 15 адамнан тұратын ерікті жасақтар тізімі жасалды. Өрт қауіпсіздігіне қарсы іс – шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша жұмыстар атқарылды. Дала өрттерін болдырмау және алдын алу үшін күн ыстық кездері әкімшілік қызметкерлері арасында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Көктем айында жаңбырдың толассыз жаууына байланысты Талас өзені арнасының тасуына алып келді. Табиғаттың алапат күштерінің салдарынан ауылға келетін газ құбыры істен шығып, жоғарғы деңгейдегі бағаналар құлап, ауыл тұрғындары 1 апта көгілдір отынсыз, жарты күн жарықсыз отырды. Әкімшілік тарапынан осы бағытта көптеген шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылды. Талас өзенінің жағалауын бекіту қолға алынды. Сонымен қатар тау бөктерінен ағатын қызыл суды тоқтату үшін 4 жерден ұңғыма жұмыстары жүргізілді. Бұл ұңғымалар кәдімгі су екпінін тоқтататын «каскад» қызметін атқаратын болады.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша: Ауылдық округте 16 жеке кәсіпкер және 51 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде.

«Эреке» фермерлік шаруа қожалығы 300 га күздік бидай егіп, 834 тонна, 200 га арпадан 556 тонна, су тапшылығынан егілген 100 га қант қызылшасынан нақты 50 гектарынан небары 84 тонна өнім алды.

 «Діңгек» шаруа қожалығы 2,5 га қант қызылшасынан 148 тонна яғни 1 гектарынан 592 центнерден өнім алды. Осы жылы 10 га бидай, 10 га қант қызылшасын егуді жоспарлап отыр.

Алынған субсидия бойынша. Басым бағыттағы дақылдарға 2015 жылы 3 шаруа қожалығы 6 908 мың теңге субсидия алса, 2016 жылы 3 шаруа қожалығы 4 360,6 мың теңге алды. Алынған минералды тыңайтқыштарға 2015 жылы 1 шаруа қожалығы 57,8 мың теңге субсидия алса, 2016 жылы «Эреке» шаруа қожалығы 680 гектар жерге 98 тонна селитра, 73 тонна амофос тыңайтқышын алып, оған 7 894,5 мың теңге, қант қызылшасы тұқымына 2 548,5 мың теңге субсидия алды.

Жеке кәсіпкер Жұмабек Қуатбеков асыл тұқымды 5 бас мал сатып алғаны үшін 770 000 теңге, селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізгені үшін 100 000 теңге, ал Ерлан Сегізбаев 49 басқа 882 000 теңге субсидия алды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан жер пайдаланушылардың, атап айтқанда тізім бойынша барлығы 619 гектар жерге 17.08.2016 жылы аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Б.Тоқтасыновтың, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы А.Құрбановтың және өзімнің қатысуыммен акт толтырылып, ол тиісті органдарға шара қолдану үшін жолданды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылқайнар ауылындағы «Жасөркен орта мектебін» орта жөндеуден өткізуге – 52 982 мың теңге, Ә.Жанболатов көшесін орта жөндеуден өткізуге – 4 095 мың теңге, Бәйдібек ата көшесінің бойындағы ауыз су құбырын пластик құбырларға ауыстыру жұмыстарына – 4 442 мың теңге, Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарын селден қорғау жұмыстарына – 6 237 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» арқылы 7 азамат 25 млн теңге несие алды. Атап айтқанда, Әметқұлов Әділбек 6 млн теңге, Жұманқұлова Айгерім 5,5 млн теңге, Байнабаев Жандос 2,5 млн теңге, Қараманов Әлібек 3 млн теңге, Мұсаханов Батыржан 2,5 млн теңге, Атақұлов Мадияр 3 млн теңге, Рысмұханов Дүйсеқұл 2,5 млн теңге алып, мал шаруашылығымен айналысуда.

Әкімшіліктің бюджеттік емес есеп шотынан 3 млн теңге қаражат бөлініп, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге, ауылдарды абаттандыруға, көгеріштендіруге, мәдениет және спорттық іс-шаралар өткізуге, селге қарсы жұмыстарға, «Ақжар» каналын тазалауға, «Бейсеу ата» мешітіне бейнебақылау камерасын, инво белгілерін, жол белгілерін орнатуға, кемтар балалар қамтылған басқа да іс-шаралар өткізуге, сметалық құжаттар дайындауға жаратылды.

Білім саласы бойынша «Жасөркен орта мектебінде» 619 бала оқиды, 75 мұғалім, 27 жұмысшы жұмыс істейді. «Балапан» шағын орталығында 10 адам жұмыс істеп, 70 бала тәрбиеленуде. Жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен барлығы 44 бала қамтылған. Олар, көп балалы отбасынан шыққан – 27 оқушы, аз қамтылған отбасынан – 10 оқушы, жартылай жетім – 4 оқушы, толық емес отбасынан – 3 оқушы.

«М.Әуезов атындағы орта мектепте» 346 бала оқиды, 43 мұғалім, 31 жұмысшы жұмысшы жұмыс істейді. «Ай Ару» шағын орталығында 18 адам жұмыс істеп, 72 бала тәрбиеленуде. Жалпыға міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен барлығы 40 бала қамтылған. Олар, көп балалы отбасынан шыққан – 9 оқушы, аз қамтылған отбасынан – 12 оқушы, жартылай жетім – 10 оқушы, толық емес отбасынан – 9 оқушы.

«Ертөстік» бөбекжайында 40 адам жұмыс істейді, 130 бала тәрбиеленуде.

Ауылымызда 2 кітапхана өз деңгейінде жұмысын жүргізуде. Ондағы кітап қоры –7 672 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі –5 259. Тұрақты оқырмандар саны –1 028, оның ішінде балалар саны – 688. Сонымен қатар кітапханада көпшілік іс – шара жұмыстары да жүргізіліп тұрады.

«Жасөркен» және «М.Әуезов атындағы  орта мектептерінде» жаңа жылдық шырша өткізіліп, 29-30 желтоқсан арасында ауылдағы  мүгедек, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына 40 сыйқалталар таратылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауылымызда 1 ауылдық емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде. Қызмет негізінен жыл басындағы бекітілген жоспар бойынша көрсетіледі. Ауылдық емханадағы жоғары білімді дәрігерлер саны – 2, мед. Бикелер саны – 11, әлеуметтік қызметкерлер – 1 адам еңбек етуде.

2016 жылдың 5 желтоқсанынан бастап «Жасөркен» дәрігерлік емханада жедел жәрдем бригадасы жұмысын бастап, 4 фельдшер, 4 диспечер, 4 жүргізушіге жұмыс орындары ашылды.

Ауылдық емханаға тіркелген тұрғындар саны – 4 940 адам.

Диспансерлік есепте тұратын аурулар саны – 327. Олардың көпшілігі – қан қысымы мен жүрегі ауыратындар – 253, қант диабетімен және ішкі ағза ауруларымен – 65 адам ауырады.

Мүгедектер саны – І топтағы – 26, ІІ топтағы – 37,  ІІІ топтағы – 29 адам. Мүгедек балалар саны – 20. Емханада физиокабинет жұмыс атқарады.

Ағымдағы жылы «Д» есепте тұратын ересек ауруларға тегін берілетін дәрі – дәрмекке сомасы 5 719 400 теңге, ауру балаларға 1 056 737 теңге құрады. Ауырудың алдын алу және ауру балаларды сауықтыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Алайда, ауылымыздың кейбір тұрмыс жағдайы төмен, жас аналар өз нәрестелерінің денсаулығына немқұрайлы қарап, оларға бекітілген медбикелерінің ұсыныстарын орындамай ауыртып алып жатқан жағдайлар да болып тұрады.

Мәдениет саласы бойынша ауылдық округте мәдени іс – шаралар да жоғары деңгейде өткізіледі. 8 –наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күнінде көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін құттықтап, сыйлықтар берілді. Ауған соғысы ардагерлері күні, Наурыз мерекесі, 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, ҰОС жеңіс күні, Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні, Қазақстан Республикасының «Конституция күні», Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ойдағыдай аталып өтті. Осы іс-шара бойынша ауданның үздік көрнекі ақпарат номинациясының 3-ші орыны, «Ауылым алтын бесігім» номинациясының 1-ші орнына біздің округ ие болды.

Осы мерекелік күндер қарсаңында «Ауғанның отты жалыны», «Ерлік - елдіктің қасиеті», «Мамандық таңдау оңай ма?», «Аман бол - асыл қарттарым», «Ұстаздың ұлы келбеті» тақырыптарында кездесу отырыстары, «Мемлекеттік  - тіл мерейім», «Дін тәрбие бастауы», «Діни экстремизм және терроризм», «Жастар арасында қылмыстың алдын алу», «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі», «Конституция – адам құқықтарының кепілі», «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. 100 мейірімді іс акциясына орай «Қарттарға көмек», «Ардагерлерді ардақтайық» атты акциялар аясында қарттарға көмек көрсетілді.  Рәміздер және Жастар күніне орай флеш-моб, «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» атты спорттық ойындар, «Мәңгілік ел – жасыл ел», «Таза ауыл», «Туған өлкемізді көркейтейік» атты жастар сенбілігі өткізілді.

Ауылды абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық бойынша, көктемгі – күзгі айлықтарында жоспарға сәйкес біраз жұмыстар атқарылды. Орталық көшелердің бойындағы орналасқан арықтар тазаланып, кездейсоқ күл – қоқыс төгілген орындар тазартылып, шығарылды, көше бойындағы талдар бұталып, әктеліп, бағаналары сырланды, ауылдың кіре беріс жеріне және орталық ескерткіштің маңына 300 дана әр түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылды, көп қабатты 16 үйдің барлығы ақталып, іргетастары қара сырмен сырланды, автобус аялдамаларына орындықтар орнатылды. Әр апта сайын мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер және тұрғындардың қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылды. Бейсеу молда көшесіндегі екі қабатты үйлер арасына 10 дана тұрмыстық қалдықтар тастайтын темір жәшік орнатылды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтарды шығаруымен ЖК «Махмудов» айналысады. Ол аптасына екі рет көше бойымен жүріп, тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға алып кетеді. Алайда, үйлерінен шығатын тұрмыстық қалдықтарын  және мал қилары мен жарамсыз құрылыс материалдарын жасырын әр жерге тастайтын ауыл тұрғындары кедеседі. Сол себепті, ауыл тазалығы мәселесінде тұрғындардың белсенділігін арттыруды мен сіздерден сұранар едім.

Ауылдық округте 01.01.2016 ж. есеп бойынша: мүйізді ірі қара – 2 107,  уақ мал – 11 857, жылқы – 1 100, құс – 4 400 басты құрады.

Ветеринариялық эпизоотиялық ауруларға қарсы мүйізді ірі қара малдарға аусылға, ревакцинация, сібір жарасына, туберкулезге, лептоспериозға, қарасанға, құтырма ауруына екпе жұмысы жүргізілді. Барлығы 436 251 теңгені құрады.

Уақ малға: бродзотқа, топалаңға, аусылға, ревакцинация, күлге, обаға, эктемаға, листориозға, постерелиозға барлығы 1 633 392 теңгеге екпе жұмыстары жүргізілді

Жылқы малына: сібір жарасына, моллеинге, постерелиозға, лептосперозға, солманиозға барлығы 223 316 теңгеге екпе жұмыстары жүргізілді.

4 176 бас мүйізді ірі қара малдардан, 7 560 бас қой мен қошқарлардан 2 реттен, 4 000 бас қозыдан 1 рет қан алынып тексерілді.

Осы тексерулер нәтижесінде 8 бас уақ малдың брюцеллез екені анықталып, олар жойылды. Мал иелері жойылған малдарының өтемін аудандық бюджеттен Халық банкі арқылы алды. 83 бас қаңғыбас ит ауланып, жойылды.

Учаскелік полиция инспекторының жұмысына келетін болсақ, құқық бұзған 13 азамат есепте тұр, оның ішінде бұрын сотты болғаны 3, маскүнем 3, нашақорлар 1, шартты түрде сотталғандар 4, формалдық әкімшілік қадағалауға жататыны 2 азамат. Ағымдағы жылы қылмыстың алдын алу мақсатында 176 әкімшілік құқық бұзушылықпен хаттама толтырылды. Атап айтсақ, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкені, мас күйінде болғаны үшін,  темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Ауылдық округ аумағында орын алып тіркелген қылмыстар саны – 28, 18 – қылмыс ашылған, 10 – қылмыс ашылмаған себебі, қылмыстың басты бөлігін мал ұрлығы құрайды, көптеген мал жайылымнан жоғалуда, осы себепті мал иелері жайылымда жүрген малын көзден таса қылмай, үнемі бақылауда ұстап, кешкі мезгілде уақытылы қораларына қамап, мал ұстайтын қораларының қауіпсіздігін ұлғайтуды назарда ұстауды сұранамын.

Ауылдық округ әкімдігінде әскери есеп қызметі бойынша запастағы солдат-сержанттар саны – 630 азамат, запастағы офицерлер саны – 19. Қазіргі уақытта 11 жасөспірім азамат әскер қатарына алынып, азаматтық борышын өтеуде. 1999 жылы туылған 29 жасөспірім әскери есепке тіркеуге алынды. Шақыру пунктіне дәрігерлік тексеруге келмеген 28 шақырылушының тізімі учаскелік полиция инспекторына  шара қолдану үшін берілді.

 

 

Есебімнің соңында ағымды жылы істелетін жұмыс жоспарына тоқталып өтейін:

-         Жамбыл көшесін орта жөндеуден өткізу;

-         «Ертөстік» бөбекжайына пластиктен кіре беріс орнату және балалар ойнайтын алаңын жөндеу;

-         Бекітілген бас жоспардың нақтылау проектісін жасау;

-         Бейсеу молда көшесіндегі екі қабатты үйлерге арналған табиғи газ жүйесінің сметалық құжатын дайындау;

-         Ауыл ішіндегі арықтарды тазалап, кейбір жерлерге су құбырын орнату;

-         Су басу қауіпін бәсеңдету үшін Талас өзені бойын бекітуді жалғастыра беру болып табылады.

 

 

Осымен менің баяндамам аяқталды.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға  рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент