Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қаратөбе ауылдық округі әкімінің есебі

 

Қаратөбе ауылдық округі әкімі Қ.Е.Джатқанбаевтың

округ тұрғындары алдындағы 2016 жылы атқарылған жұмыстарының есепті баяндамасы


Құрметті ауыл тұрғындары!

 Өздеріңізбен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жаңа жылдың жоспарларымен бөлісу жақсы дәстүрге айналды.

Жалпы, өткен жыл жаман болған жоқ. 

Баршаңызды ең ұлы мерекеміз, әрі елдігіміздің асқар асуы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығыммен шын жүректен құттықтаймын!

2016 жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болды. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспеймін. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атағанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.  Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.», - деп алдағы кезеңде кездесетін сын – қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы  Жолдаулары – еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын біріктіретін құжат.  Сөз басында айтарым Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы жолында баршамыз аянбай еңбек етуіміз қажет деп білемін.

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер 2017 жылдың бірінші тоқсанында халық алдында есептік кездесулерін өткізеді.

Аталған Жарлықты орындау мақсатында жыл басында өздеріңізбен кездесіп отырмыз.  Өткен 2016 жылы атқарылған істер және 2017 жылға жоспарланған шаралар жөнінде есебімді назарларыңызға ұсынамын.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Ауылдық округте үш елді мекен Бектөбе, Қызылшарық, Бәйтерек ауылдары бар.

Округ бойынша 837-аула, 5230-тұрғын тіркелген, соның ішінде 2800 еңбекке жарамды тұрғындар. Округте 235-зейнеткер,   138–көп балалы аналар, 71–мүгедектер оның ішінде 17 мүмкүндігі шектеулі балалар.

Ауылдық округі әкімінің аппараты 2016 жылы өз жұмысын Қазақстан Республикасының  «Жергілікті басқару  және өзін-өзі басқару» Заңының және қолданыстағы еліміздің басқа да Заңдарын басшылыққа алып жұмыс жүргізді.

Ауылдық округ әкімі аппаратының 2016 жылға арналған іс-жоспары толығымен орындалып, әкімдіктің жұмыс сапасын арттыру мақсатында іс-жоспарға тоқсан сайын толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырды. Әкім аппаратының ішкі жұмыстары 2016 жылға жасалған іс-номенклатурасы бойынша жүзеге  асырылды.

Ауылдық округ әкімінің аппаратына жыл басынан түскен құжаттар саны–688, ал  шыққан құжаттар саны–1349 Ауылдық округ әкіммен әзірленген шешімдерінің саны–106, өкімдері -114,

Ауыл тұрғындарынан әр түрлі мәселелер бойынша жазбаша–597 өтініш түсті, өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй салу және теңгерімдегі жер телімдерін заңдастыру болып отыр.

Қолданыстағы заңнамалық актілерге және кадрлық өзгерістерге сәйкес ауылдық округі әкімінің аппаратында 1-ауыл әкімінің орынбасары 3- бас маман іс-жүргізуші, 1-бас маман салық агенті, 1 - бас маман әскери есеп жүргізуші, 1- бас маман  есепші, 1– нұсқаушы, 1–статист, 1 спорт нұсқаушы штаттық бірліктері қызмет атқарады. Округ аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда 2–учаскелік полиция инспекторы, 1 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарады.

Округтегі жұмыстың жақсы жолға қойылуына округ әкімі жанындағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссиялар игі ықпалдарын тигізіп отыр.

Атап айтсақ, ақсақалдар алқасының төрағылығымен және қауымдастық мүшелері ауылда әртүрлі жұмыстар атқарылып, ретке келтірілуде. 3 елді мекеннен 5 адамнан ақсақалдар алқасына белсенді топ мүшелері сайланып, ауыл игілігі үшін жұмыстар атқарылып отыр.

Ақсақалдар алқасы мүшелеріне жиһаздалған жеке кабинет бөлініп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне арналған жәшік қойылған.

  

Салық  жинау барысы

 

2016 жылға:

Жер салығы:     783 аулаға – 550 мың теңге есептеліп, 600 мың жиналып  барлық қаражат төленді.

Мүлік салығы:  783 аулаға –150 мың теңге есептеліп, 200 мың жиналып барлық қаражат төленді.

Көлік салығы: 4 млн  есептеліп, жеке тұлғалардан 4 млн  жиналып барлық қаражат төленді.

Заңды тұлғалардан көлік салығы 1 млн  есептеліп, 1 млн  төленді.

Заңды тұлғалардан жер салығы 180 мың теңге төленді.

Жеке кәсіпкерлерден түскен жеке табыс салығына 2 млн есептеліп түскен жеке табыс салығы 3 млн 210 мың теңге төленді.

Жамбыл ауданы прокурорының хаты бойынша ауылдық округтегі борышкерлерден  280 000  мемлекет пайдасына өндірілді. 

 

 

Салықтан босатылғандар:

            Ұлы Отан соғысының ардагерлері  - жоқ

1.      Ұ.О.С. теңестірілгендер                    - 19 адам

2.      Батыр аналар                                    - 44 адам

3.      Ауған соғысына қатысқандар          - 5 адам

4.      I, II, III топтағы мүгедек кісілер       - 59 адам

 

 

Кәсіпкерлік

 

2016 жылда ауылдық округте орта, шағын бизнеспен айналысатын 9 сауда нүктелері бар, оның ішінде 9 патентпен жұмыс атқарады. Ауылдық округ аумағында 3 май құю бекеттері бар («ҚазМұнайГаз»-2, «ГазПромНефть»-1) Сонымен  қатар округте наубайхана – 1.

 «Шоқай-Жеміс» ШҚ 5,0 га жерге орналасқан 100 жылыжайының 75-сы жұмыс атқарып, 2016 жылы қызанақ 150т  – 29млн 500мың тенге, қияр 215т – 53млн 750мың тенге, басқа көкөністерден 84т – 12млн 500мың тенге көкөніс өнімдерін  өндірген.

«Орақбай» ШҚ 10,0 га жерге орналастырылған 100 жылыжайдың 100-ғы жұмыс істеп, қияр – 200т-80 млн теңге, басқа көкөністерден – 49т -  7млн 350 мың теңге  көкөніс өнімдерін өндіруде.

  2016  жылы «Шоқай – Жеміс» ШҚ жылыжайының өндірген өнімі 449 т -95 750 000 теңгені, ал «Орақбай » ШҚ жылыжайының өндірген өнімі  249 – 87 млн 350 мың теңгені құрайды.

Ауылдық округ аумағында құм-шағал қоспасын өндіретін 8 карьер, 1 асфальт шағын зауыты жұмыс істесе, 1 – «БиномСтройДеталь» ЖШС құрылыс материалдар комбинаты (102 адам жұмыспен қамтылған), «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС ет комбинатының құрылысы жүргізілуде.

 

Ауыл шаруашылығы

Қаратөбе ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 11328 га,

оның ішінде суармалы жер - 1236 га,

егістік жер - 3257га.

Ауылдық округ бойынша 171 шаруа қожалығы, «Аманкелді» ӨК, ірі 7 ЖШС-і және тіркелген.

Есепті кезеңде 2016 жылы егін шаруашылығы бойынша алынған субсидия көлемдері округте барлығы 19 млн 276 мың 870 теңгені құрайды. Оның ішінде 9 шаруашылық  басым бағыттағы дақылдарды еккені үшін  9 млн 421мың 975 теңге, жеміс жидектер дақылдарына 2 шаруашылық 2 млн 505 мың 373 тенге алынған. Жылыжай үшін 2 қожалық 7 млн 349 мың 522 теңге  алған.

 

Қант қызылшасы бойынша 2016 жылы 100 га қант қызылшасы егілген, оған бөлінген субсидия көлемі 1 га – 50,000 тенгеден, жалпы бөлінген теңге – 4 млн теңге. Жалпы түскен өнім – 1101 тонна. Таза есептелгені - 800 тонна, бағасы кг. 17 теңгеден. – 13 млн  600 мың теңге.

2016 жылы округ аумағында шаруа қожалықтары мына төменгі егістіктерді екті:

 

1.    Арпа – 250га – түскен өнім 300 тонна

2.    Бидай – 65  га – түскен өнім 100 тонна

3.    Жүгері – 133,5 га – түскен өнім 267 тонна

4.     Мақсары – 120 га – түскен өнім 6 тонна

5.    Бақша – 16 га – түскен өнім 100 тонна

6.    Күнбағыс – 60 га– түскен өнім 30 тонна

7.    Картоп – 11 га – түскен өнім 5,5 тонна

8.    Көкөніс – 713 га – түскен өнім 713 тонна

9.    Жоңышқа – 360 га– түскен өнім 600 тонна

10.Пияз – 496 га – түскен өнім 990 тонна

      «Амангелді» ӨК:

1. Күздік бидай – 280 га – түскен өнім 453 тонна

2. Арпа – 100 га – түскен өнім 119 тонна

3. Қант қызылшасы – 100 га – түскен өнім 1101 тонна

4.Пияз – 200 га  түскен өнім 1500 тонна

Шаруашылықтармен 2016 жылдың өніміне 2 шаруа қожалығы күздік бидайдың тұқымын лабораториялық сараптаудан өткізді.

Округ бойынша мал басы жыл санап өсіп келеді. Атап айтсақ ауыл тұрғындарында былтырғы жылмен салыстырғанда  жылқының саны – 870 бас, осы жылға 141 басқа көбейген, сондай-ақ барлық ірі қара сиыр, бұқа -1284 бас, оның ішінде сиыр – 490 бас, осы жылға 100 басқа көбейген,  қой мен ешкінің саны - 9163 бас, осы жылға 2429 басқа көбейген. үй құстары (тауық) – 3500 дана  бар.

Ал шаруа қожалықтарында 667 бас жылқы, 1544 бас мүйізді ірі қара, 9527 бас қойды құрады.

 

Эпизоотияға қарсы іс шаралар

 

Қаратөбе ауылдық округі бойынша ірі қара, уақ мал аусылға, сібір жарасына, липтостероз, қарасан, сарып, оба, күл ауруларына қарсы екпелер жасалынып, жылқыларға сібір жарасына қарсы екпе егіліп, маңқа ауруына тексерілу жүргізілді. Нәтижесінде, 6 бас қой, 12 бас ірі қара мал бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, ол Тараз қаласына шұжық цехына өткізіліп, олар арнайы комиссия қорытындысымен жойылды. Ірі қара мал иелеріне  76158  теңгеден берілді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінен ауылдағы қаңғыбас иттерді жоюға 4 рет жұмысшылар тобы шығып, 94 ит жойылды.

2016 жылы Қаратөбе ауылдық округі бойынша ірі қара, уақ мал аусылға, сібір жарасына, липтостероз, қарасан, сарып, оба, күл ауруларына қарсы екпелерге мемлекеттік бюджеттен 2 млн. 201 мың 083 теңге бөлініп, игерілді.

 

«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша 2013 жылдан бастап несие берілген»

 

«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша» 2013 – 2015жылы аралығында мал шаруашылығына несие алған азаматтардың көрсеткіші.

 

Жалпы саны – 21 адам

Сомасы – 54 млн 300 000 тг

 

«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы» бойынша 2016 жылы несие алған азаматтардың көрсеткіші

 

Жалпы саны – 4 адам

Сомасы – 22 млн 000 000

1.    Сатеков Танатар – 4 000 000 (млн) теңге – сүт фермасын құруға.

2.    Сұлтанбеков Құрманбек – 6 000 000 (млн) теңге – мал бордақылау алаңына үшін.

3.    Садибеков Абилхаир – 6 000 000 (млн) теңге – мал бордақылау алаңына үшін.

4.    Ускеленов Еркин - 6 000 000 (млн) теңге – мал бордақылау алаңына үшін.

Инфрақұрылым жүргізу шаралары

Елбасының бастамасымен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бектөбе ауылындағы Б.Момышұлы, Т.Омар, Т.Аубакиров және Қызылшарық ауылындағы Т.Тоқтаров көшелеріне 3 млн 926 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округте автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша республикалық бюджеттен 11 млн 800 мың теңгеге Қызылшарық ауылындағы Т.Тоқтаров көшесі орта жөндеуден (асфальт) және Бектөбе ауылындағы Жамбыл көшесі 18 млн теңгеге орта жөндеу (асфальт) жүргізілді.

Қызметкерлерге жалақы төлеу қорына 8 млн теңге, оның ішінде әлеуметтік салықтар мен аударымдарына 1 млн 500 000 (мың), коммуналдық төлемдерге 1 млн 400 000 (мың), жанар – жағармайға - 497 000 (мың)теңге.

Ауылдық округте көше жарықтандыру бойынша 1 млн 500 000 (мың)теңге.

Жергілікті өзін – өзі басқару шотынан 1 млн 200 000 теңге Жаңа Бәйтерек көшесі орта жөндеуден өткізілді.

Амнгелді орта мектебінің автобусы 504 000 теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді.

Ауылдық округті абаттандыру бойынша күл – қоқыс шығаруға 200 000 теңге және әр – турлі боялар сатып алуға 150 000 теңге, көрмелер орнатуға 100 000 теңге жұмсалынды.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға көзделген қаржы қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғын үй құрылысын салушыларға белгіленген учаскелердің инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бас жоспардағы 1 – кезекте құрылысы жоспарланған, халқы көп шоғырланған елді мекеннің Бектөбе ауылының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен дамыту, электрмен, газбен және көше жолдарымен қамтамасыз ету жұмыс жобасы жасалып, сараптама қорытындысы алынған.

     Аталған елді мекеннің инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2016 – 2017 жылдарға Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, ұсынылған нысанның бір нысаны «Бектөбе ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын алқабының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту. Газбен, электрмен қамтамасыз ету және көше жолдары» жұмыс жобасы бойынша 13.05.2016 жылы Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасында өткен конкурс №289895 қорытындысы негізінде, бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС болып анықталып, 2016 жылға игерілуі жоспарланған қаражат көлемі 222 млн 222 мың теңге (РБ- 200,0 млн теңге, ОБ – 22,222 млн теңге) қаражат қазіргі таңда толығымен игерілді.

Игерілген қаражат есебінен атқарылған жұмыстар:

-         Жобадағы көше жолдарға қатысты жұмыстар – 11,012 шақырым толығымен – 100% орындалды;

-                    Абдрайымов көшесі, Бәйтерек, Жайлау тұрғын алқаптарын газдандыру жұмыстары бойынша жалпы ұзындығы – 14,289 шақырымның 51% орындалды.

 

Тұрғын үй құрылысы

Демографиялық өсіммен бірге тұрғын үй салуға жер учаскесін алу кезегінде тұрғандардың саны көбеюде.

Округ көлемінде 1878 тұлға кезекке тіркелген.

 

Әлеуметтік сала

Қаратөбе ауылдық округі бойынша мемлекеттік балалар жәрдем ақысын алуға 2016 жылы 59 отбасынан өтініш түсіп, 221 балаға                     4 млн. 589 теңге төленген болса, атаулы әлеуметтік көмек 2016 жылы                  1 отбасындағы 8 балаға 75 000 төленді.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен - 4 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа – 10 адам, мерзімдік жұмысқа - 50 адам тартылған.

Білім

Округ бойынша 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп және                         1 балабақша білім береді. Амангелді атындағы орта мектебінде 761 оқушы 1-11 сыныпта, мектеп алды даярлық сыныбында 80 оқушы оқуда.

Оларға 78 ұстаз тәлім-тәрбие беруде. Оның жоғары білімдісі – 72, арнаулы орта білімдісі – 6, санаты бойынша жоғары санатты – 16, бірінші санатты – 21, екінші санатты – 26, санаты жоқ – 15 адам қызмет етуде.

 Мектепте 2015-2016 оқу жылында 27 оқушы мектепті бітіріп, оның 24 ҰБТ-ға қатысты. Бітірген оқушының 16-і грант жоғарғы оқу орнын, 8  ақылы жоғары оқу орнында оқуда.

2015-2016 оқу жылы тәрбие саласында түрлі іс-шаралар  атап айтсақ, байқаулар, ақындар мүшайрасы, әдеби кештер, дебат білім сайыстары, патриоттық ән байқаулар, КВН ойындарына оқушылар аудандық, облыстық көлемде байқауларға қатыстырылып, алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.

2015-2016 оқу жылында мектептің негізгі ғимараттағы спорт зал мен мәжіліс залының шатырын «Жалал құрылыс» ЖШС – 2 258 928 (екі миллион екі жүз елу сегіз мың тоғыз жүз жиырма сегіз) теңгеге ағымды жөндеуден өткізіліп толығымен қайта ауыстырылды және кіре берістегі пандыстың төбесі жабылды. Наурыз-сәуір айларында мектеп төңірегін қоқыстардан тазалап, көгеріштендіру, гүлдер егу, талдар егу, бұтау және оларды әктеу жұмыстары жүргізілді.

Маусым-шілде айларында 400 мың теңгеге мектепті ағымды жөндеуден өткізу сырлау, әктеу және басқа да жұмыстар жүргізілді.

Мектеп асханасында 40 оқушыға тегін тамақтанады.

Елбасы «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамту міндетін қойды. Бұл 2020 жылға дейін балабақша мәселесі толық шешімін табуы тиіс дегенді білдіреді.

 «Айгөлек» балалар бақшасының сиымдылығы 75 бала. Қазіргі уақытта 75 бала тәрбиеленуде, ал кезекте тұрғаны 107 бала. Аталған балабақшада балалар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топтарға бөлінеді, соның ішінде:

               ІІ сәбилер тобы (3 жастан 4 жасқа дейін)

               орта тобы  (4 жастан 5 жасқа дейін)

              мектепке дейінгі ересектер тобы (5 жастан 6 жасқа дейін)

Балабақшада түрлі мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Атап айтар болсақ:

Жаңа жыл, Аналар мерекесі, Наурыз, Достық мерекесі, Жеңіс күні, Президент күні, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Балаларды қорғау күні, Рәміздер, Конституция күні, Білім күні, Тіл мерекесі, күз мерекесі және сауықтыру кештері өткізілді.

Балабақша айналасы көгалдандырылған, түрлі гүлдер,  ағаш түрлері, шырша отырғызылған.  Балабақшаның бау-бақшасы бар. Онда жеміс ағаштары отырғызылған  және көкөністер егілген.

2016 ж балабақша ағымды жөндеуден өткізу үшін-146 000 т

Шаруа тауарларына – 60 000 т

Өзге да тауарларға –   400 000 т

 Дәрі-дәрмектерге- 130 000т барлық қаржы мекеме қажеттілігіне жұмсалды.

Кадрлар қызметінің жалпы саны- 26, оның ішінде педагогикалық құрамы-11 жай қызметкер- 16, жоғары білімді – 7, орта арнаулы – 4,  бірінші санатты – 4, екінші санатты – 4, санаты жоқтар – 3.

Мәдениет

Бектөбе ауылдық Мәдениет үйінде  30 іс-шара атқарылды. Оның ішінде 12-і жастарға арналған іс-шара болса, көпшілікке арналған 18 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілген.

Атап айтқанда:

Бектөбе ауылдық Мәдениет үйінің 2016 жылғы жылдық есебі

Жалпы өткізілгені – 30

Көрермен саны -  1100

1.    Көпшілікке арналғаны – 18

Көрермен саны –600

2.    Жастарға арналғаны –12

Көрермен саны –300

Бектөбе ауылдық кітапханасында кітап қоры 9476 дана, оның қазақ тіліндегісі – 4242, кітап берілімі – 10705, оның қазақ тіліндегісі – 10685. Келушілердің саны – 4147. Өткізілген іс-шара – 43, оқырман саны – 627.

Кітапхананы насихаттауға бағытталған көпшілік шаралары жұмысына келсек, бүгінгі күнде арнаулы мерекелер, қазақтың әр саладағы еңбек сіңірген қайраткерлерінің, қазақ жазушыларының кітаптарын насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырады. Кітап көрмелері, әдебиетті қарау бағыты,  кітаптарды талқылау жиыны,  оқырмандар конференциясы,  әдебиеттік және тақырыптық кештер,  дөңгелек үстел басындағы кездесулер,  әңгіме-сұхбат,  пікір таластар өткізіледі. 

 Кітапханаға жыл сайын 150-ге жуық жаңа кітап түсіп, кітап қоры жаңартылып отырады.

Денсаулық сақтау

Амангелді дәрігерлік амбулаториясында 2 дәрігер, 8 медбике,                    1 әлеуметтік қызметкер, 1 көлік жүргізушісі, 1 орта буын қызметкерлері жұмыс атқарады. Мекеме 2 пәтерлік тұрғын үйдің бір бөлігінде орналасқан. Амбулаторияға телефон орнатылған, 3 компьютер және 1 автотранспорт бөлінген. Мекеме қысқы маусымға дайын.

  Жергілікті халықтың денсаулығына қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Жанұялық амбулаторияға 2016 жылға жергілікті бюджеттен 1-5 жас аралығындағы балаларға   

7 млн 215 мың теңге, ересектерге 11 млн 197 мың теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмек қаралған.

Медицина қызметкерлері 1-18 жас аралығындағы 1174 жасөспірімді арнайы байқаудан (профосмотр) өткізді.

Жүрек қан тамырлары аурулары бойынша тексеруден 420 адам өтті. Әйелдерді маммография мен жатыр ісігіне қарсы тексеруден жоспар бойынша  тексеруден өткізілуде. Ана мен бала денсаулығы басты назарда.

 

 

 

Спорт

 

Бұқаралық спортты дамыту, халықтың ой-санасын саламатты өмір сүруге қалыптастыру, дені сау ұлтқа осының барлығы қазақтың келешегі үшін қажеттілік екенін Мемлекет басшысы үнемі айтуда.

Биылғы Жолдауда да Үкімет пен жергілікті органдарға дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы дене шынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау керектігін тапсырды.

Әскери есептілік жұмыстары

 

Ауылдық округтің әскери бас маман қызметін Бакирова Бақыт Уайділдақызы атқарады.

Қаратөбе  ауылдық округінде Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет» туралы Заңына сәйкес, 2000-2001 туылған  жас өспірімдер дәрігерлік сараптамадан өткізіліп, әскери есепке алынды. Сонымен қатар 1989-98 жылы туылған 111 бала шақырылды. Оның 85 ер азаматы  әскерге шақырушылар дәрігерлік сараптамадан өтті 55 ер азамат жоғарғы оқу орындарында оқиды. Олардың оқу орындарынан анықтама алынды. 12 азамат қазіргі таңда Отан алдында борышын өтеуде.

 

Тазалық жұмыстары бойынша

 

Ауылдық округтегі көше бойларына үнемі тазалық жұмыстары жүргізілуде.  Осы мәселе бойынша айтарым: әр аула,   әр үй осы кәсіпкер нысанымен жеке келісім шартқа отырып, ауыл тазалығы үшін бәріміз бір кісідей жұмылып жұмыс істеудеміз.

 Қаратөбе ауылдық округінің қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру және тазалық жұмыстары әрдайым назарымызда. Қаратөбе  ауылдық округіне қарасты көшелердің барлығы жауапты ауыл мекемелерінің қызметкерлері мен көше комитеті төрағалары бекітілген. Сол кісілер  бекітілген  көше тұрғындарына  көшелерде, үйлердің айналасына қоқыс жинамау, талдар мен бағандарды әктеу, көшеге құрылыс материалдарын  сақтамау, санитарлық тазалықты сақтау жөнінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауда.

Бектөбе ауылындағы Ұ.О.С ардагеріне арналған ескерткіш айналасы тазартылып, талдар бұталып, қоршамалары сырланып,  әктелінді. Әлі де күл-қоқыстарды үлкен жол бойына кез-келген жерлерге төгетін тұрғындар кездеседі «немқұрайлылық» танытады. «Тазалық-денсаулық кепілі» сондықтан да сіздерді ауыл азаматы ретінде осы іс-шараға түсіністікпен қарап, ауламызды таза ұстауға, тұрған үйімізді, қорамызды, дарбаза мен қоршауларымызды әктеп, сырлап тұруларыңызды сұранамын. Ауылымыз ауданымыздың ең бір көрікті де таза ауылы болуына ат салысуларыңыз қажет деп білемін.

2015 жылы «Бекзат» жеке кәсіпкерімен ауылдық округтегі мекемелер келісім-шартқа отырып, және  әр ауладан айына 400  теңгеден төлеу бойынша келісім-шарт жасалып, тұрмыстық қалдықтар жиналуда.

          

Ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау туралы

 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне үлкен талаптар қойылуда. Соған байланысты ауылдық округте қылмыстың алдын алу және «ҚР ІІМ-нің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға» арналған бағдарламасын халыққа жеткізу мақсатында полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрды.

2016 жылдың  ішінде 53 қылмыс тіркелді. Оның 19-і ашылды. Ашылған қылмыстың 8 дерегі мал ұрлығы. Қалған  қылмыстың ашылуы үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар қалған ұрлықтар пәтер ұрлығы, яғни жаңа құрылыс жүріп жатқан жерлер және азаматтар құрылыс орындарын қараусыз қалдырып кетуіне байланысты болып отыр. Яғни жылдың басынан осы күнге дейін әртүрлі әкімшілік хаттамалар толтырылды. 181 адамға Жамбыл аудандық сотына әкімшілік хаттама толтырылып жолданды.

Сонымен қатар, Жамбыл ауданы көлемінде көптеп орын алып жатқан қылмыс түрлерінің бірі бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы орын алуына байланысыты «ҚР ІІМ-нің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тұрғын үй-жайлар мен малдарды қараусыз қалдырмауды, қора жайларды жөндеп, темір қоршаумен қоршауды, мал ұстайтын қыстақтардағы малшылармен келісім шартқа отыруды, ірі обьектілерге, сауда-саттық жасайтын орындарға, яғни дүкендерге қарауыл немесе бейнекамералар орнатуды, сонымен қатар мал соятын ауыл тұрғындарымен оларға келетін адамдар жайлы учаскелік полиция қызметкерлеріне мәліметтерді хабарлау қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Ауылдық округте 1 мешіт жұмыс атқарады. «Бектөбеде» ауылдық мешітінің имамы Танатаров Ғани. Барлық мешіт намазхана тұрақты жұмыс істейді, халыққа  жастарға имандылық дәріс беруге көмегі бар.

 

Құрметті ауыл тұрғындары !

         Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімі мен аудандық әкімдік актілерінің жоспарлы және уақтылы орындалуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларын қабылдауды негізгі ұстаным ретінде қарастырудамыз.

         Біздің округке қарасты елді мекендерде келешекте атқарылатын жұмыстар жеткілікті.

      Округке қарасты елді мекендердегі көшелердің жөнделуіне, жарықтандырылуына бар күш-жігерімді жұмсаудамыз.

      Алдымызда тұрған жобалардың жүзеге асуы ауыл тұрғындарына тікелей қатысты. Олай болса адамдардың, кіші қоғамдық топтардың қоғамдық-саяси өмірге нақты араласуына, жергілікті өзін-өзі билеу үрдісінің қалыптасуына күш салу қажет осы деңгейдегі еңбек ұжымдары мен жеке бірлестіктердегі қоғамның саяси мәдениеті, оған деген сенім, пікір және сайып келгенде өмірлік позиция қалыптасады деп сенеміз.

        Өмірлік позиция қалыптасқан жағдайда елді мекендердің тазалығы артып, көгеріштендіру жұмыстары жанданып, құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу жеңілдейді деп санаймын.

Сонымен бірге жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, елді мекендерді аббаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуін қамтамасыз етуге күш саламын.

  Елді мекендерде орналасқан мәдениет мекемелерінің, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтерінің  қалтқысыз жұмыс істеулеріне жағдай жасауға тырысамыз.

     Ауылдық округі әкімі құзыреті шегінде шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесеміз.

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы жиналуын, әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыруды әр уақытта назарда ұстаймыз.

  Бүгінгі таңда қайсібір азамат үшін де ел экономикасы мен мәдениетін дамытуға, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға қолынан келгенше атсалысудан асқан парыз жоқ деп білемін. Өйткені, ата-анамыз осында туып өскені, кіндік қанымыздың тамғаны, білім алғанымыз, ауасын жұтып, суын ішкеніміз үшін де біз бүгінгі тәуелсіз Отанымызға қарыздармыз. Қолымызда тәуелсіздіктің көк туы. Сол тәуелсіздік туын қолда берік ұстау әр азаматтың асқаралы міндеті деп ойлаймын.

 

Қаратөбе ауылдық округі

2017 жылға жоспарланған шаралар:

040-Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша:

Бектөбе ауылындағы Жамбыл көшесінің тротуарын жөндеу жұмысы үшін 3 млн 866 мың теңге бөлінді.

Бектөбе ауылындағы Рысқұлбеков көшесіне 9 млн 820 мың теңге бөлінді.

Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылының Баялиев көшесін ағымды жөндеуге 3 млн 352 мың теңге, Бәйтерек ауылына шағын футбол алаңын орналастыру, ауылдық мәдениет үйіне трансформатор орнатуға 550 мың теңге бөлінді.

         Жергілікті өзін-өзі басқару (КСН) бойынша:

Қызметтік НИВА автокөлігін алуға 3 млн. теңге, Аманкелді орта мектебіне оқушыларды тасымалдауға ПАЗ– 32053 маркалы автобус алуға – 8  млн. 668 мың қаралды.

 

Қадірменді қауым!

Өткен жылы осындай біршама жұмыстар атқарылды. Енді, Елбасы белгілеп берген жаңа стратегиялық бағытпен осы шараларды іске асыруымыз қажет. Ауызбіршілігіміз айнымасын, ағайын. Еліміз аман болсын. Сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізетін боламыз деп есептік баяндамамды аяқтаймын.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент